Дәрістер тезисі



жүктеу 0,49 Mb.
бет35/41
Дата02.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39972
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-3

Адам Смит (ағылшын экономисті, экономика ғылымының негізін қалаушы) Р.Кантильонның теориясын жалғастырған. «Халықтар байлығы» еңбегінде кәсіпкерліктің дамуы қызмет көрсету нарығының дамуына алып келетінін, ал оның қоғамға дамуына, адам өмірінің сапалы болуына қосатын үлесінің мол екекндігін айтқан.
Израель Кирцнер (америкалық және австриялық экономист, (20-ғасыр)) кәсіпкерліктің неоавстриялық теориясының өкілі (активті теория). И.Кирцнер: кәсіпкерліктің экономикалық өсім үшін маңызы зор. Бәсеке – динамикалық процесс. Бәсеке - кәсіпкерліктің дамуына, сонымен бірге қоғамның дамуына әсер ететін құбылыс. Қызмет көрсету саласындағы бәсеке – қоғамды алға жетелейді. Кәсіпкерлік – экономикалық рационалды іс-әрекет. Қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік қоғамдық тепе-теңдікті ұстап тұрушы, қоғамда орта таптың көбеюіне әсер етеді.
Йозеф Шумпетер (америкалық және австриялық экономист, әлеуметтанушы (20-ғасыр)), кәсіпкерліктің инновациялар теориясының негізін қалаушы (активті теория). Й.Шумпетер: кәсіпкер – инновациялық саясатты іске асырушы. Кәсіпкер – новатор. Егер ол пайда табу мүмкіндігін көріп тұрса, жаңа өнімдерді шығарады. Кәсіпкер – жаңа өнім, жаңа қызмет түрін шығарушы.
Инновация – қоғам дамуының қайнар көзі. Й.Шумпетер инновацияның 5 түрін көрсеткен:

  1. Жаңа өнім, ол жаңа бір қызмет түрі болуы да мүмкін. Ғылыми жаңалық болуы да мүмкін

  2. Өндірісті басқарудың жаңа бір әдісін енгізу

  3. Нарықтың жаңа түрін енгізу

  4. Жаңа шикізат көзін ашу

  5. Адамдарды басқарудың жаңа әдісін енгізу.

Инновациялық іс-әрекет – кәсіпкердің еңбегінің жемісі, кәсіпкердің атқаратын қызметі.
Әлеуметтану ғылымында М.Вебердің (неміс экономисті, әлеуметтанушы, әлеуметтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі) кәсіпкерлік туралы ойлары құнды.
«Протестант этикасы және капитализм рухы» еңбегінде маңызды деген діндерге салыстырмалы талдау жасап, діни наным-сенімнің экономикалық жағдай мен әлеуметтік факторларға әсерін сипаттаған. Сондай-ақ бұл еңбекте капитализмнің пайда болу себептері талданған. Стаистикалық деректерге сүйене отырып протестантизм мен католикті ұстанатындарды салыстырған: ірі капитал иелері, кәсіпкерлер, жоғары білікті жұмысшылар көбінесе протестантизмді ұстанушылар. Бұл екі дінді ұстанушылардың алған білімінде де айырмашылықтар бар. Католиктер көбінесе гуманитарийлер болса, протестанттар – техникалық ғылымды меңгерген. Бұл жағдайды бала кезде алған тәрбиемен байланыстырады. Адамның өскен ортасы оның бойында белгілі-бір мінезді, ойлау жүйесін қалыптастырады. М.Вебердің осы ойларынан келіп рационалды таңдау теориясы пайда болған. Капитализмде ақша жинау, пайда табу басты құндылық.
Кәсіпкер – М.Вебердің түсінігінде рационалды, қажеттіліктері қарапайым, бастамашыл, еңбекқор адам. «Кәсіпкер – біріншіден, кәсіби борышын тыңғылықты атқаратын, екіншіден, өмірдің қызығына бой алдырмайтын адам. Осы екі қасиет – байлықтың қайнар көзі. Кәсіпкер – батыс европалық мәдениет пен менталитетті бойына сіңірген адам. Кәсіпкер – өз уақытын үнемдей білетін адам (рационалды тип)» деп сипаттайды М.Вебер кәсіпкерді. Қазіргі заманғытайм-менеджмент теориясының біраз постулаттары М.Вебердің еңбектерінен алынған.
Әлеуметтік кәсіпкерлік – қоғамда қа­лып­­тасқан әлеуметтік, экологиялық мә­се­ле­лерді шешуге бағытталған бизнес түрі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл экономикалық тиімділікке қол жеткізу мен кәсіпкерлік жаңашылдықты әлеуметтік миссиямен біріктіретін әлеуметтік қызметті жүзеге асыру тәсілі.
Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жаңа өркениетке «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымын ала келді.
Классикалық коммерциямен салыстырғанда әлеуметтік кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктері бар.
Әлеуметтік кәсіпкерлік жаңа заманда бұрыннан келе жатқан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің бір жолы.
«Әлеуметтік инфрақұрылым, кедейлікпен күрес және білім беру саласын дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаға қарап отыра беруге болмайды. Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз – бизнестен тек пайда табу ғана емес, сонымен қатар адамзаттың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін жұмыс істеу», — дейді Клаус Шваб.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізін қалаушы XX ғасыр басында өмір күрген өнертапқыш, инноватор, әрі кәсіпкер Генри Форд. Фордтың ХХ ғасырдың басында шығарған көліктері елдегі ірі бизнестің үлгісіне айналып қана қоймай, елдің сол кездегі әлеуметтік проблемаларына шешім тапты.
Төртінші өнеркәсіптік төңкерісте үкіметтің кейбір функциялары бизнестің қолына өтеді. Ол екі түрлі жолмен жүзеге аспақ: біріншісі, әлеуметтік проблемалардың коммерциялануы. Қоғамдағы кез келген мәселе, шешу жолын таба білген адамға бизнестің көзіне айналмақ. Ол үшін ең бастысы қажетті технологияның болуы. Ауыз су проблемасы, таза ауа мәселесі, білім беру саласы да ебін таба алған адамға тек қоғамдағы әлеуметтік мәселе емес, сонымен қатар бизнес жасайтын мүмкіндік.
Екінші жол – заңмен мәжбүрлеу. Бұл әсіресе, ірі трансұлттық компанияларға қатысты (мысалы, салық саясатын қолдану).


Тексеру сұрақтары:

  1. Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы

  2. Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары

  3. Еңбек түсінігі, түрлері, қоғам өмірінде алатын орны

  4. Экономикалық мәдениет ұғымының мәні.



Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл

  2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл

  3. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы «Қарасай» баспасы, 2013 жыл

  4. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл

  5. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл

  6. http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау