Қостанай облысының ҮЕҰ
әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі – 2018
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
«Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» ҚҚ Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Облыстық ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде ҮЕҰ, бастамашыл топтар, мемлекеттік органдар, бизнес-құрылым өкілдерін Қостанай облысының ҮЕҰ әлеуметтік идеялар және жобалар Жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.
ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – бұл Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарының мүмкіндіктерін көрсету, азаматтық бастамаларға қолдау көрсету және дамыту, «Мемлекет-ҮЕҰ-Бизнес» үш жақты әріптестікті дамытуға және өңірдегі әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешуде барлық азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру.
Жәрмеңке қатысушыларға аса табысты деген әзірлемелерді таныстыруға, оларды шешу жолдары мен проблемаларын талдауға, әріптестер табуға, тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді қызықтыруға мүмкіндік береді.
2. Жәрмеңкенің мақсаты
үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын таныстыру үшін ашық облыстық конкурсты өткізу;
әлеуметтік мәселелер бойынша сектораралық және ведомствоаралық қарым-қатынасты дамыту;
тәжірибе алмасу және кәсіптік байланысты дамыту үшін жағдайлар жасау;
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарының PR-кампаниясын өткізу, әлеуметтік сала ұйымдарының оң бейнесін қалыптастыру, үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін көтеру.
3. Жәрмеңкені өткізу форматы
Жәрмеңке шеңберінде өткізілетін болады:
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі:
Шағын жобаларды 200 000 теңгеге дейін қаржыландыру арқылы жобалар конкурсы;
Бизнес-қоғамдастықты қаржыландыру арқылы жобалар конкурсы (2-ден кем емес);
Бір номинацияға конкурстық комиссияның шешімі бойынша бірнеше жеңімпаздао жіберіледі.
Жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ, бастамашыл топтар мен олардың жұмыстарын таныстыру көрмесі;
Секцияларда жұмыс, кеңес беру.
Әлеуметтік жобалар идеялары мен жобалар Жәрмеңкесінің жеңімпаздарын марапаттау.
4. Басымды бағыттар
Жобалар жәрмеңкесі «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары контекстінде, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жергілікті қоғамдастықтың мүддесін және Қостанай облысында жұмыс істейтін ҮЕҰ, бастамашыл топтар әлеуетінің мүмкіндіктерін ескере отырып Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарын іске асыру аясында өткізіледі.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1 номинация: «Еңбек қоғамды дамыту негізі ретінде»
Номинация шеңберінде:
азаматтарды еңбек және экономикалық қызметке тартудың түрлері мен тәсілдерін іске асыруға;
азаматтарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуге;
жұмысшы мамандықтар мәртебесін көтеру және жұмысшылар әулетін дәріптеуге;
кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға;
халықты өнімді жұмыспен қамтуға тартуға;
отандық тауар өндірушілерді қолдауға;
әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаларға қолдау көрсетіледі.
2 номинация: «Жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті қоғамдастық»
Номинация шеңберінде:
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасын кең көлемді жылжытуға;
балалар мен жасөспірімдердің жергілікті қоғамдастықтың нақты проблемаларын шешуге арналған қоғамдық маңызды қызметтеріне тартуға;
азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге;
инновациялық жұмыстарды дамыту және қолдау көрсетуге;
қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға;
қоғамдық ұйымдар, тұрғындар мен жергілікті қоғамдастық жиналысын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тартуға;
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың оң тәжірибесін тарату және жергілікті өзін-өзі басқару тетігін түсіндіруге бағытталған қоғамдық бастамаларға қолдау көрсетіледі.
3 номинация: «Шексіз әлем»
Номинация шеңберінде:
халықтың әлеуметтік жағынан осал жіктерінің проблемаларын шешуге;
қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды ықпаластыру бойынша тиімді механизмдер мен жұмыс тәсілдерін құруға;
тұрғындардың өздігінен өмір сапасын жақсарту дағдыларына оқыту механизмін құру, еңбек және шығармашылық және қоғамдық белсенділіктеріне түрткі болуға;
халықтың әлеуметтік жағынан осал жіктерін оңалту бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге бағытталған қоғамдық бастамаларға қолдау көрсетіледі.
4 номинация: «Бүгінгі бақытты балалық шақ – ертеңгі қуатты Қазақстан»
Номинация шеңберінде:
девинатты мінез-құлықты, «тәуекел тобындағы» балаларды қоғамға қайтарудың тиімді тәсілдеріне;
көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарға;
балалардың қадағалаусыздығы, нашақорлық пен маскүнемдік, балалар мен жасөспірімдер қылмыстылығы, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектелген балалар проблемаларын шешуге бағытталған инновациялық үлгілерді әзірлеу және тиімді жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды таратуға;
отбасылық тәрбиелеудің баламалық түрлерін түсіндіріп таратуға;
балалар бастамаларын қолдау,
балалар шығармашылығын дамытуға;
қайырымдылық жұмыстарын, оның ішінде мүгедек-балалардың толыққанды өмір сүруге арналған құқықтарын, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын жүзеге асыруға, тәрбиелеу, оқыту, жан-жақты дамытуды жүзеге асыру және дамытуға;
5 номинация: «Адами капитал – жаңғырту негізі»
Номинация шеңберінде:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының базалық құндылықтарын: тәуелсіздік, ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен жоғары руханият, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтастығы, ұлттық қауіпсіздікті насихаттауға;
үштілділікті дамытуға;
білім беру және медицина саласында қызмет сапасын жақсартуға;
мәдениетті және мәдени құндылықтарды, «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірлік ішкі туризмді дамытуға;
салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту;
тұрғындардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сауаттылығын арттыруға;
қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидаттарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықты профилактикалауға арналған жобаларға қолдау көрсетілетін болады.
6 номинация: «Ақылды технологиялар»
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде озық білім мен үздік тәжірибелерді тарату;
«ақылды» қалалар/селолар/ кенттерді өңірлік дамыту;
білім беру, мәдениет, тарих және медицина салаларында IT технологияларды дамытуға қолдау көрсету;
тұрғындардың IT саладағы құзыреттілігін көтеру;
экологиялық мәдениетті, эко-инновацияны, «жасыл» ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени технологияларды насихаттау және түсіндіріп тарату;
білім беруде эко-инновация мен «жасыл» технологияларды және практикалық жұмыстарын енгізу, балалар мен жастарды эко жүйелілік қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік дағдыларына оқыту.
7 номинация: «Берік отбасы – қуатты ел»
Номинация шеңберінде:
рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды қайта жаңғырту және сақтауға;
аналық және әкелік жауаптылықты насихаттауға;
отбасыны қолдау механизмін қалыптастыруға;
тұрмысы жайсыз отбасы мен әлеуметтік жетімділік санын қысқартуға;
салауатты отбасына деген құрметтеуді қалыптастыруға;
өмірлік қиын жағдай туындаған отбасыларға көмек көрсетуге;
түрлі қызмет саласында ұрпақ сабақтастығын дамытуға қолдау көрсетуге;
жас ұрпаққа тәжірибесін үйрету мақсатында тәлімгерлік интитутты дамытуға;
соғыс және еңбек, оларға теңестірілген тұлғаларға қолдау көрсетуге арналған жобаларға қолдау көрсетілетін болады.
5. Конкурсқа қатысу шарты
Конкурсқа үкіметтік емес ұйымдар, азаматтардың бастамашыл топтары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін Қосымшаға сәйкес өтінімді ұсыну қажет.
Өтінім Конкурстың белгіленген тақырыптық бағыттарына сәйкес келуі тиіс.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне ұсынылған жобалар үкіметтік емес ұйымдармен Қостанай облысының аумағында 2018 жылдың 1 қазанына дейін мерзімде іске асырылуы тиіс;
Жобалар қорытындысының тұсаукесері ҮЕҰ Конкурсы шеңберінде 2018 жылдың қараша айында өтеді.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім 2018 жылдың 15 мамырынан (қоса санағанда) кешіктірілмей электронды түрде («Жәрмеңке 2018» белгісімен) жіберілуі тиіс.
Электрондық поштаның мекенжайы: office@rc-npo.kz Пошталық мекенжайы: 110000 Қостанай қ., 1 май көш.151.
6. Жобаларды бағалау критерийлері
Жеңімпаз жобаны таңдау үшін маңызды критерийлер:
жобаның конкурс шарттарына сәйкес келуі;
жобаның әлеуметтік маңыздылығы: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, азаматтылық белсенділік деңгейін көтеру;
әлеуметтік мәселелерді шешуде өзекті, жаңашыл тәсілдерді, заманауи инновациялық технологияларды, әдістер мен түрлерін қолдану;
жобаны іске асыруда ресурстық және кадрлық мүмкіндіктер;
жоба іс-шарасының қойылған міндеттерге сәйкес келуі;
болжамды нәтижелердің шынайылығы, жобаның ары қарай даму болашағы болған жағдайда ұзақ мерзімді кезеңдегі жобаның тұрақтылығы мен табыстылығы;
жоба бюджетінің ұтымдылығы.
7. Жәрмеңкені өткізу тәртібі
Жәрмеңке үш кезеңмен өткізіледі:
I кезең 2018 жылғы 05 сәуір - 10 мамыр – конкурстық өтінімдерді қабылдау және белгіленген талаптарға сәйкес келуіне мәніне қарай өңдеу;
II кезең 2018 жылғы 15 мамыр – 25 мамыр – конкурстық комиссия мүшелерінің ұсынылған өтінімдерді алдын ала бағалауы;
III кезең 2018 жылғы 25 мамыр - 10 маусым – стендтік материалдарды дайындау, жобалардың көрмелерімен таныстыру және Жәрмеңке жеңімпаздарын анықтау.
Жәрмеңке жеңімпаздарына шағын жобаларды іске асыруға арналған сертификаттар мен дипломдар табыстау.
Шағын жобалар мөлшері мен саны: 7 жоба 200 000 теңгеден.
Бизнес-қоғамдастықпен қосымша қаржыландыру екі жобадан кем емес мөлшері 100 000 теңге.
8. Жобалардың көрме-тұсаукесерлерін өткізу тәртібі
Көрме-тұсаукесерге конкурстық өтінім берген барлық үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар шақырылады.
Көрме-тұсаукесер қатысушылары келесі ақпараттармен стендттерді ресімдейді:
жобаның атауы;
жоба авторларының/басшыларының Т.А.Ә.;
ұйымдардың/бастамашыл топтардың толық атауы;
жобаның мақсаттары мен міндеттері;
жобаның жоспарланған нәтижелері;
Тарату материалдары болуы мақұлданады.
Конкурстық комиссия жобаларды бағалау және жеңімпаздарды анықтау мақсатында құрылады. Оның құрамына азаматтық қоғам институттарының көшбасшылары, мемлекеттік орган, бизнес-құрылым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес өкілдері кіреді. Конкурстық комиссия құрамы Тапсырыс берушімен келісіледі.
Жобаны қорғауға 3 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Конкурстық комиссияның жобаны таныстыру және қорғау нысанын өзгертуге құқығы бар (өтінімдер санына байланысты).
Конкурстың қорытындысы туралы ақпарат Қостанай облысының ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығының rc-npo.kz, «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық альянсы www.gakogrin.kz және Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының www.sayasat.kostanay.gov.kz. сайттарында жарияланатын болады
Анықтама: 8 7142 54 14 69 телефоны бойынша
1 қосымша
Қостанай облысының әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесіне – 2018 қатысуға арналған өтінім
Жалпы ақпарат
|
|
Үкіметтік емес ұйымның немесе бастамашыл топтың атауы
|
|
|
Үкіметтік емес ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
|
|
|
Ұйымның логотипі (жақсы сапада) бар болған жағдайда
|
|
|
Байланыс ақпараты (пошталық мекенжайы, телефондары, e-mail)
|
|
|
Үкіметтік емес ұйым немесе бастамашыл топ туралы қысқаша ақпарат (жұмыс бағыты, жұмыс тәжірибесі, бұрын идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің жеңімпазы болды ма, жеткен жетістіктері)
|
|
Жоба туралы мәлімет
|
|
Өтінім берілген жоба бағыты
|
|
|
Ұсынылған әлеуметтік жоба атауы
|
|
|
Жобаның мақсаты мен міндеттері. Жобаның қысқаша сипаттамасы.
|
|
|
Проблемаларды сипаттау.
Жобаның халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етуі және азаматтық белсенділікті арттыру
|
|
|
Жобаны іске асырудың ресурстық және кадрлық мүмкіндіктері
|
|
|
Мақсатты топтар, жобаны іске асыру аумағы
|
|
|
Жобаның тұрақтылығы
|
|
|
Жобаның жалпы бюджеті туралы ақпарат
|
|
|
Қосымша қаражат жұмсау мүмкіндігі
|
|
*жобаны іске асыру мерзімі – 2018 жылдың 1 қазанына дейін
Өтінім көлемі 4-5 парақтан аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |