Әдебиет:
Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018
Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
Төртінші индустриялық революция. Клаус Шваб. – ULTTYQ AY’DARMA BIY’ROSY QOGAMDYQ QORY. Астана, 2018. https://openu.kz
12-дәріс. Экономика, жаһандану және еңбек
Дәрістің жоспары:
Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу аясы
Экономика және қызмет көрсету саласының дамуы
Кәсіпкерлік: негізгі ұғымдар, әлеуметтанудығы теориялық қарастырылуы
Дәрістің мақсаты экономикалық әлеуметтанудың зерттеу аясын, негізгі категорияларын және кәсіпкерлік ұғымын қарастыру.
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық саланы зерттеу әлеуметтанудың маңызды объектісінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде 20-ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды, өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін қарастырады. Экономикалық теория көп жағдайда материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметке айналу қатынастарын зерттейді. Әлеуметтану өз кезегінде тікелей адамның іс-әрекетіне және әлеуметтік байланыстарға көбірек көңіл бөледі. Экономика екі ғылымның да зерттеу объектісі болып табылады, алайда әрбір пән экономикалық құбылыстарды зерттеп-білуде өз көзқарастарын ұсынып, әр түрлі міндеттер қояды, мәліметтерді жинау мен талдауда өз әдістерін қолданады.
Экономика саласындағы әлеуметтанудың зерттеу аясы төмендегідей:
- экономикалық институттардың (жеке меншіктің, айырбастың, келісім-шарт қатынастарының, ақшаның, қаржы нарығының) эволюциясы
- Қоғамның экономикалық және кәсіби стратификация мен икемділік, экономикалық теңсіздік, кедейшілік және байлық проблемалары
- Әлеуметтік қатынастар мен адамдардың экономикалық қимыл-әрекеттерінің әр түрлі типтерінің қалыптасуы
- Адамдардың еңбек нарығындағы әрекеті, өндіріс және формальді емес экономика саласындағы еңбек әрекеті
- Экономикалық сана мен ойдың дамуы (құндылықтар, таптаурындар, мінез-құлық үлгілері)
- Экономикалық ұйымдардың құрылымы
- Кәсіпкерлік және бизнес нысанының әлеуметтануы
- Өндірістің, бөлудің, айырбас пен тұтынудың т.б. әлеуметтік-экономикалық механизмдері.
Экономикалық әлеуметтану экономиканың әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық және әлеуметтік ұғымдарды анықтап алу қажет. «Әлеуметтік» дегенде, сол қоғамдағы жеке адамдар мен топтардың нақты орны мен уақыты жағдайында ортақ іс-әрекет процесінде топтасқан қоғамдық қатынастардың жиынтығы түсіндіріледі. «Экономикалық» деген ұғым адамдар арасындағы өндірісті ұйымдастыру мен материалдық игіліктерді тұтынумен байланысты қандай да бір қоғамдық қатынастарды білдіреді. Экономика өндірісті, еңбек нәтижелерін алмастыруды, өндірілген нәрсені таратуды, тұтынуды қамтиды.
Экономикалық әлеуметтану сонымен қатар кәсіпкерлік пен қызмет көрсету саласын зерттейді. Біз дәріс барысында кәсіпкерлік пен қызмет көрсетуге кеңінен тоқталамыз.
Қызмет көрсету саласы - бұл кәсiпорындардың жиынтығы, ұйым жене өндiрiс орындайтын басқару органдарының үлестiрiлу, сақтау және тауардың өтуін және әлеуметтік - мәдени ақпараттық тағайындау қызметтерiнiң тұтынуын қамтамасыз ету арқылы материалдық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, рухани (мәдени) және ақпараттық қажеттіліктер арқылы тұрғынның тiршiлiк әрекетiнiң қолайлы жағдайларын жасау болып табылады.
Қызмет көрсету саласының мақсаты - адамдардың рухани өмiрiн байыту және әлеуметтік-мәдени жағдайлар жасау.
Қызмет көрсету дегеніміз алуан түрлі қызмет түрлерін өндіру, өндірістік емес сала. Қызмет – өнімнің бір түрі.
Қызмет көрсетудің субъектісі – ұйымдар, кәсіпорындар және жеке тұлғалар
Қызмет көрсету саласының мақсаты - адамдардың рухани өмiрiн байыту және әлеуметтік-мәдени жағдайлар жасау
Қызмет көрсету саласы – қоғам дамуының көрсеткіші
Ғылымда қызмет көрсету саласы постиндустриалды қоғамның бір көрінісі ретінде қарастырылады
Дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан түскен табыс ІЖӨ-нің 80-85% құрайды
Қызмет көрсету саласы экономиканың негізгі тармағы, тегін және ақылы қызметтердің барлық түрін қамтиды
Қызмет көрсету саласы экономикада маңызды орынға ие. Қызмет көрсету саласын экономикада үшінші сектор деп атайды
Қызмет көрсету саласының дамуы:
Мемлекеттің экономикалық даму деңгейіне
Халықтың тұтыну көрсеткіштеріне
Азаматтардың жеке кірістеріне байланысты
Кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік іс-әрекет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан, көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет.
Кәсіпкер – кәсіпкерлік іс-әрекетпен, бизнеспен айналысушы адам.
Кәсіпкерлік теорияларын активті және пассивті теориялар деп екі топқа жіктейміз. Пассивті топқа Р.Кантильонның тәуекелдік теориясын жатқызамыз.
Кәсіпкер, кәсіпкерлік ұғымдары 18-ғасырда пайда болды. Ұғымдарды ғылымға енгізген ағылшын экономисті, демограф Ричард Кантильон. «Сауда табиғаты туралы эссе» атты еңбегінде байлық пен оның бөлінуі, халықтың өсімі, ақша айналымы және қызмет көрсету мен кәсіпкерлік ұғымдарын қарастырған. Р.Кантильон: «Кәсіпкер – тәуекелге баратын адам», «Кәсіпкерлік – тәуекел іс, тәуекелге бару». Р.Кантильон экономикадағы тәуекелдік теориясының негізгі өкілі.
Достарыңызбен бөлісу: |