Дәрістер тезисі



жүктеу 0,49 Mb.
бет38/41
Дата02.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39972
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Лекциялар Әлеуметтану-3

Көші-қон дегеніміз адамдардың тұрғылықты жерінен түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі-бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады.
Көші-қон көшіп келушілерді қабылдайтын жергілікті халықтың да, көшіп кетушілердің де мәдени-тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, мемлекеттің этнографиялық құрамының өзгеруіне айтарлықтай ықпал етеді.
Көші-қон түрлері:

  • қайтымсыз көші-қон;

  • ұзақ мерзімді уақытша көші-қон;

  • маусымдық көші-қон;

  • қатынамалы көші-қон (басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы барып-келу);

  • сыртқы көші-қон (елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі);

  • ішкі көші-қон (мемлекет тұрғындарының ел ішінде қоныс аударуы).

Ішкі көші-қон дегеніміз мемлекет тұрғындарының ел ішінде көшіп қонуы. Бұл үдеріс негізінен ауылдан қалаға, қаладан қалаға қарай бағытталады.
Елімізде ішкі көші-қонның негізгі түрлері:

  • аймақтық (бір аймақ ішінде);

  • аймақаралық (бір аймақтан екінші аймаққа кету)

  • тұрақты;

  • уақытша;

  • ұйымдасқан (мемлекеттік және басқа да қоғамдық орындардың араласуымен);

  • ұйымдаспаған (көшіп келушілердің өз қалауымен, өз күшімен).

Қазіргі кезде Қазақстанда тұрғындардың бір жерден екінші жерге көшіп-қонуының негізгі себептері:

  • әлеуметтік;

  • экономикалық;

  • экологиялық;

  • саяси.

Отандық ғалымдар көші-қон тақырыбы аясында тыңғылықты зерттеулер жүргізуде. Оның ішінде сыртқы көші-қон мен ішкі көші-қон тақырыптары жан-жақты зерделенген. Алайда, елімізде ішкі көші-қонның көп таралған түрі - ауылдан қалаға қарай бағытталған ішкі көші-қон мәселелеріне қалам тартқан ғалымдар кемде-кем.
Өкінішке орай елімізде аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен дамудың біртекті болмауы тұрғындар арасында ішкі көші-қонның артуына әсер етіп отыр. Еліміздегі ішкі көші-қонның негізгі бағыты – халықтың ауылдан қалаларға қарай көшіп қону үдерісі. Қала мен ауылдағы халықтың табысы мен әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерінің әр алуан екендігі белгілі. Бұған қоса ауылдағы жұмыссыздық мәселесі, әлеуметтік инфрақұрылымның сапасының төмендігі тұрғындардың, оның ішінде жастардың ауылдан қалаларға кетуіне басты себеп болып отыр. Бұл көшіп қонудың әлеуметтік, экономикалық, демографиялық салдарлары ауыл мен қалаға қатысты әр түрлі болып келеді.
Ауылдан қалаға қарай көшіп-қонушылардың негізгі бағыты – Алматы қаласы. Алматы – экономикалық мүмкіндіктері жоғары, еліміздегі ең ірі қала. Бірқатар зерттеушілер еңбектерінде Алматы қаласына жұмыс іздеп келгендердің заңды түрде жұмысқа орналасуына және баспана алуға мүмкіндіктері шектеулі екендіктерін және осы жағдайдың салдарын көрсеткен. Алматыға іргелес аудандарда заңсыз салынған тұрғын үйлердің пайда болып, нәтижесінде өз жері мен тұрғын үйіне меншік құқығы жоқ тұрғындар мекендейтін шағын аудандардың пайда болғанын және мұндағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мемлекет тарапынан жан-жақты зерделенген, тыңғылықты саясатты қажет ететіндігін жазады.
Зерттеушілердің барлығы да ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеу саясатының қажеттігіне және ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеу саласындағы жеткен жетістіктерге тоқталады. Аймақтық еңбек нарығының жағдайы және елдегі жалпы демографиялық ахуал еліміздегі ішкі көші-қон бойынша мемлекеттік саясаттың іске асу тиімділігімен тығыз байланысты. Ішкі көші-қон бойынша мемлекеттік саясат, сонымен қатар, ел ішіндегі қоғамдық-саяси, этносаралық, діни жағдайларды реттеу құралы. Ішкі көші-қон үдерісі мемлекет тарапынан арнайы мамандандырылған нормативті-құқықтық институтты қажет етеді. Институционалды деңгейде ішкі саясат жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын орган – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті. Сондай-ақ ішкі саясатты реттеу мәселелерімен Ішкі істер Министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті және ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті айналысады.
Қоғамдық қозғалыс әлеуметтік өзгеріске алып келеді. Қоғамдық қозғалыс дегеніміз әлеуметтік институттарды, қарым қатынасты және өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдардың, ұйымдардың, топтар. Реформалық қозғалыс – белгілі бір әлеуметтік топтың жағдайын өзгерту арқылы қоғамды өзгерту (феминистер қозғалысы, жануарларды қорғаушылар, грин-пис, желтые жилеты, т.б.). Қоғамдық қозғалыстар теңсіздіктен, қоғамның ыдырауынан пайда болады деген дейді кейбір зерттеушілер. Әлеуметтік қозғалыстар арқылы адамдар қоғамды өзгертуге тырысады.
Тексеру сұрақтары:

  1. Көші-қон әлеуметтануы нені зерттейді?

  2. Көші-қон ұғымының анықтамысы, көші-қонның түрлері, көші-қонға әсер ететін факторлар.

  3. Жаһандық урбанизация.

  4. Қоғамдық қозғалыс түсінігі. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері.

  5. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар.

  6. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.

Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл

  2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл

  3. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы «Қарасай» баспасы, 2013 жыл

  4. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл

  5. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл

  6. http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау