ЖОБА Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2016 жылғы «___» желтоқсандағы
№_____ шешіміне
қосымша
ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫН
ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Жаңаөзен, 2016 жыл
МАЗМҰНЫ
2.1.1. бағыт. Экономика. 10
Сауда саласын дамыту бойынша SWOT –талдау: 24
2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала 29
..125-126
3.4. бағыт. Инфрақұрылым.................................................................................127
3.4.1. Байланыс және коммуникациялар…………..........…..……………………..…..127
3.4.2. Құрылыс…………………………………...….........................................….127-128
3.4.3. Жолдар және көлік………………………................................…………….128-129
3.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық……..…….........................…..…..129-130
3.5. бағыт. Экология және жер ресурстары...........................................................130
3.5.1. Қоршаған ортаны қорғау................................................................................130
3.5.2. Жер ресурстары…………....………………....................................………..130-132
3.5.3. Ауылдық аумақтар ……….....................….…......…........................................133
3.6. бағыт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер..................................................133
4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР........................................................................................135
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы
|
Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеуге негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтары
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары
|
Облыс қарауындағы Жаңаөзен қаласы 1968 жылы құрылған. Жалпы қаланың аумағы 0,515 мың шаршы км. 2015 жылдың 1 қаңтарына барлық халқының саны 139,4 мың адамды құрады немесе облыс халқының 22,5% құрайды. Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі ара қашықтық – 150 шақырымды. Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне кіретін ауылдар: Теңге (тұрғындарының саны 19,4 мың адам), Қызылсай ауылы (6 мың адам) және Рахат ауылы (30,6 мың адам). Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2014 жылы 145,8 млрд.теңгені құрады. 2014 жылы 457,5 мың тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша шығарылған көлемінің 2,5%; 385,0 млн.текше метр табиғи газ шығарған; 1593 тонна басқа сүт өнімдері, 61,5 мың дана жұмыс киім өнімдері шығарылды.
|
Бағыттар
|
Экономика
Әлеуметтік сала
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Инфрақұрылым
Экология және жер ресурстары
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
|
Мақсаттар
|
Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру.
Өнеркәсіп өнім көлемін ұлғайту, қала экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету.
Мұнай-газ саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету
Өңдеу салаларындағы еңбек өнімділігін арттыру
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыру үшін жағдай құру
Шағын және орта бизнесті дамыту, бөлшек сауда көлемін арттыру
Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, инновацияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар құру
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, жастар саясатының тиімділігін арттыру
Қала халқының денсаулығын нығайту
Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тиімділігін көтеру
Халық үшін мәдениет саласы қызметтерінің жалпыға бiрдей қолжетімділігін қамтамасыз ету
Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту
Мемлекеттікті және ұлттың бірлігін нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Туристік кластерді және туризм инфрақұрылымын дамыту
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау
Құқықтық тәртіпті және өңірдің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою жүйесін көтеру
Инфокоммуникацияларды дамытуды, ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ету
Құрылыс саласының, оның ішінде тұрғын үй құрылысының дамуына жәрдемдесу
Өңірдің көлiктiк инфрақұрылымын дамыту
Тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуді көтеру
Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны жақсарту
Жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету
Ауылдық елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін көтеру
|
Нысаналы индикаторлар
|
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны мен көлемі;
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі;
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі;
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі;
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі;
Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі;
Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі;
Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі;
Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны;
Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі;
Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда);
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі;
Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны;
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі;
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы;
Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен;
15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training);
Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі;
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі;
Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі;
Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар
өлім-жітімін төмендету;
1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар
өлім-жітімін төмендету;
100 мың тұрғынға шаққандағы қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету;
15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде;
Жұмыссыздық деңгейі;
Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас);
Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;
Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі;
Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны;
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі;
Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүретін жалпы халық санындағы АӘК алушылардың үлесі;
Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде);
Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі;
Кітапханаға келушілер санын ұлғайту;
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту;
Балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту;
Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер);
Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес);
Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі;
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;
Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;
Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;
Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;
100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету;
Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы;
Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлесі;
Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі;
100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы;
Интернетті пайдаланушылардың үлесі;
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі;
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы;
Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі аудандық және қалаішілік маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі;
Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі;
Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету;
Қаладағы орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұрумен жабдықтауға қолжетімділік;
Ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұрумен жабдықтауға қолжетімділік;
Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау;
Пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі
Экологиялық және санитарлық қағидалар талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан);
Ластаушы заттардың: атмосфераға шығарындылардың, су объектілеріне төгінділердің нормативті көлемі;
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.
|
Қажетті ресурстар
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты.
Қаржыландыру көлемі:
2016 жыл – 5 800 461,2 мың теңге;
2017 жыл – 13 879 444,9 мың теңге;
2018 жыл – 12 753 385,1 мың теңге;
2019 жыл – 6 534 155,7 мың теңге;
2020 жыл – 4 113 698,4 мың теңге;
Барлығы: 43 081 145,3 мың теңге.
|
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Өңірдің жалпы сипаттамасы.
Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.
1968 жылы 21 қазанда Қазақ ССР Жоғары Совет Президиумының Қаулысымен Гурьев облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.
1968 жылдан 1992 жылға дейін қаланың атауы Новый Узень болған, 1992 жылдан бастап – Жаңаөзен.
Жаңаөзен қаласы Маңғыстау түбегінің континенталды бөлігінде Маңғышлақ үстіртінде орналасқан. Халық саны бойынша облыс орталығы Ақтау қаласынан кейінгі екінші қала болып келеді. Облыс орталығынан Жаңаөзен қаласына дейінгі ара қашықтық – 150 шақырым. Теңіз жағасынан 60 шақырым қашықтықта. Жері тастақ, төңірегі кеңістік, жазық дала.
Облыстық бағыныстағы Жаңаөзен қаласының аумағы 0,515 мың шаршы километрді құрайды, облыс аумағының 0,3%-ын құрайды. Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің халқының саны 2014 жылдың аяғында 136,4 мың адамды (2013 жылы – 130,6 мың адам) құрады немесе облыс бойынша халық санының 22,5% құрады, 2012 жылмен салыстырғанда табиғи өсімнің (7839 адам) және ішкі көші-қонның (2999 адам) есебінен 10,8 мың адамға немесе 8,7 пайызға өсті. Жаңаөзен қаласының әкімшілік-аумақтық құрамына Теңге (19,4 мың адам), Қызылсай (6,0 мың адам), Рахат ауылдары (30,6 мың адам) кіреді.
Жер қабатының және өсімдік сипаты бойынша барлық аумақ шөлейтті-дала аймағына жатады. Тұщы судың су үсті көздері және суасты қойнаулары қала аумағында жоқ. Тұщы су үш көзден келеді – ұзындығы 1050 шақырым. Қиғаш-Маңғыстау су құбыры бойынша Волга суы және Түйесу мен Сауысқан кен орындары.
Транспорттық орналасуы бойынша Жаңаөзен қаласын темір жол желісі бойында, халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қалалар тобына қосуға болады. Теміржол қатынасына қызмет көрсету бойынша жаңа өндіріс орындарын құруға және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал ететін «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жаңаөзен моноқаласы экономикасының перспективалы экономикалық мамандануының негізгі бағыты мұнай мен газ өндіру болып қала береді. Мұнай мен газды қайта өңдеу дами бермек.
Жаңаөзен қаласын дамытудың басты мақсаты онымен Маңғыстау облысының және болашақта республикалық деңгейдегі индустриалдық желінің стратегиялық мұнай-газ өндіру аймақтарының өнеркәсіптік және сервистік орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып келеді.
Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуын әрі қарай дамытуға кедергі жасайтын маңызды проблемалардың бірі ауыз суының және суаруға арналған судың санының жеткіліксіздігі болып келеді. Егер қалаға қызметтің жаңа бағыттарын дамыту және өңірдің нақты «тірек нүктесін» түбегейлі өзгерту тағайындалған болса, онда таяудағы жылдарда стратегиялық басымдылық қаланың сумен жабдықтау және канализация, демалысты басқару, ірі мегаинфрақұрылымдылық көліктік жобалар, қаланың бар экологиялық проблемаларын шешу, жаңа өндірістер үшін кадрлар дайындау, қала брендін жақсарту және қызмет көрсету мәдениетін арттыру сияқты өмірлік маңызы бар жүйелерін модернизациялау болады.
Халық санының ықшамдауын есепке алумен, мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатырған құрылыс саласындағы өзгерістерді іске асыру мақсатында Жаңаөзен қаласын салудың 2025 жылға дейінгі Бас жоспары қайта жасақталып, Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 26.09.2012 жылғы №9/78 шешімімен мақұлданып, облыстық мәслихаттың шешімімен 07.12.2012 жылғы №7/91 шешімімен бекітілді. Бас жоспар бойынша халық саны 2035 жылға дейін – 200,0 мың адамға, 2025 жылға дейін – 150,0 мың адамға дейін өсім көрсетілген.
Жаңа Бас жоспардың мақсаты: халық санының өсуін ескеру, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, қаланы көгалдандыру, жасыл-желектерді көбейту.
Қаланың Бас жоспарына сәйкес, қаралған жер ресурстары таусылды деуге болады және бүгінгі күні жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа жерді бөліп беру мүмкіндігі жоқ екендігі айқын.
Демографиялық әлеуеті. Халық санының динамикасы: 1991 жылы 54,3 мың адам, 2000 жылы 63,3 мың адам, 2005 жылы 79,4 мың адам, 2010 жылы 118,7 мың адам, 2011 жылы 122,2 мың адам, 2012 жылы 125,5 мың адам, 2013 жылы 130,6 мың адам, 2014 жылы – 136,4 мың адамды құрады. Халық санының негізгі өсімі ТМД елдерінен келген оралмандардың санынан болған. Бұдан да басқа, қалада бала туу жоғарлығы байқалады – жылына 3500 жуық бала дүниеге келеді. Соңғы жылдары халық саны табиғи өсім негізінде қарқындап өсуде.
Жаңаөзен халқының жекелеген этностары бойынша саны 2015 жылдың басына 136385 тұрғынның: 134367 қазақтар (98,5%), 1099 орыстар, 29 әзербайжандар, 17 украиндар, 89 лезгиндер, 68 татарлар, 2 армяндар, 13 чечендер, 56 корейлер, 201 қарақалпақтар, 1 белорус, 214 өзбектер, 2 немістер, 47 қырғыздар, 13 осетиндер, 7 удиндер, 1 грузин, 159 басқа да ұлттар.
Көрсеткіштер
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Жаңаөзен қаласы бойынша барлық халық саны
|
118,7
|
122,2
|
125,5
|
130,6
|
136,4
|
- қала тұрғындары
|
96,0
|
99,1
|
101,8
|
106,2
|
111,0
|
- ауыл тұрғындары
|
22,7
|
23,1
|
23,7
|
24,4
|
25,4
|
Туылғандар саны
|
3543
|
3730
|
3957
|
4429
|
4516
|
Туу коэффиценті
|
30,20
|
30,97
|
31,94
|
34,55
|
34,05
|
Өлгендер саны
|
574
|
590
|
537
|
599
|
525
|
Өлу коэффиценті
|
4,89
|
4,90
|
4,33
|
4,69
|
4,02
|
Халықтың табиғи өсімі
|
2969
|
3140
|
3420
|
3830
|
3991
|
Табиғи өсім коэффиценті
|
25,31
|
26,07
|
27,61
|
29,86
|
30,03
|
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Достарыңызбен бөлісу: |