Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



жүктеу 196,92 Kb.
бет81/83
Дата05.01.2022
өлшемі196,92 Kb.
#36465
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Қамқорлық көрсету – өзі ойлай алмайтын ( мүгедек, т.б.) тұлғалардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғаудың түрі, сондай-ақ ондай қызмет жүктелген тұлғалар немесе кәсіпорын.

Өз қарамағына алу – ол арнайы ұйымдастырылған жағдайда кәмелетке толмағандардың жас және жеке құқықтарын қорғаудың бір формасы.

Қамқорлық көрсету балаларды арнайы орындарға беруге қарағанда, бірқатар артықшылыққа ие. Оның басты мақсаты – әлеуметтік қорғаныс. Сондықтан қамқорлық пен өз қарамағына алу бойынша іске асырады. Ол өз қарамағына алуышыларды бекітеді, асырап алу жайлы шешім қабылдайды, баласы алдында өз міндетін атқармайтын ата –аналарды құқықтарынан айырады. Ол бойынша жұмыс, сондай-ақ:



  • Жетім балаларды анықтау ата – анасының қорғауынсыз қалған және кәмелетке толмаған балаларды анықтау, қарау құжатын құру;

  • Жетім балаларды, кәмелетке толмағандарды, отбасы жағдайы нашар балаларды интернатқа беру, асырап алуға беру;

  • Кәмелетке толмағандардың білім алуына мемлекеттік бақылау орнату;

  • Кәмелетке толмағандардың мемлекет көмегін талап еткендердің жеке және мүліктік құқығын қоғау;

  • Құқық қорғау органдары мен блім беру орындарынан ақпарат жинау;

  • Қамқоршыға баланы тәрбилеуде көмек көрсету.

Бүгінгі күні жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың (балалар үйі, мектеп-интернат, т.б.) жүйесі өзгерген қоғамды қамтамасыз ете алмайды. Толық материалды қамтамасыз ету, білім алу, дамуға бар жағдай жасау нәтижесінде бұл ұйымдардан шыққандар өмірге және қоғамға бейімделе алмай қалады. Мұның бәрі балаларға көмек көрсетудің қалыптасқан жүйесінде сапалық өзгеріс енгізу қажеттілігін дәлелдейді.

Бүгінгі күні, Қазақстанда әлеуметтік жетім бала мен оларға қолғабыс көрсететін отбасы арасында қарым- қатынас механизмдерін іздеу жүргізілуде. Ондай форманың бірі – патронат. Бұл келісім-шарт негізінде баланы отбасына уақытша беру, келісім шарттардың құқықтары мен міндеттері бекітіледі. Ең біріншіден, бала мүдделері мен тәрбиеге алушы мүдделері ескеріледі. Келісім белгілі бір мерзімге қабылданады.

Патронаттық – ата – анасының қарамағынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға бекітіледі.

Патронаттық тәрбиелеушілер өз қарамағындағы баланың мүдделерін қорғайды. Патронатты бекіткенде де тілі, шығу тегі, мәдениеті, діні ескеріледі.

Патронаттық тәрбиеші еңбегі тәрбиелеуге алған бала санына байланысты ҚР Үкіметі белгілеген көлемде қаржы төлейді, еңбек стажы да бекітіледі. Қамқорлық пен өз қарамағына алу органы бала өмірінің жағдайына оның білім алуына бақылау орнатады, ең қажетті көмек көрсетеді.

Сонымен, қамқорлық пен өз қарамағына алу жетім бала мен басқа да категориялы балалардың өмірін жақсартуға көмектеседі, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың әлеуметтік – құқықтық формасы болып табылады.

Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс – әрекетіндегі бағыттардың ең күрделісі – ерекше категорияларға жатқызылатын балалар тобымен жұмыс істеу. Бұл топтағы балаларды: қиын, қиын тәрбиеленетін, күрделі, дезадаптацияланған, девиантты мінез – құлқы бар балалар, «тәуекел топтағы» балалар және т.б. деп түрліше атайды. Бұл категориядағы балаларды әртүрліше атауының себебі, балалар мен әртүрлі тұрғыдан ыңғай тауып жұмыс істеуіне және әртүрлі көқарастардың пайда болуына байланысты. «Қиын» , «қиын тәрбиеленетін», «проблемалы», аттары көбінесе педагогтың позициясына қарағанда, «қарапайым» балалардан ерекшеленетін, жұмыста қиыншылық, қалыпсыз жағдай туғызатын балаларға арналған. Көп жағдайда бұндай қиын тәрбиеленетін балаларды мектептен шығарады.

«Дезадаптацияланған балалар» және «мінез – құлқында ауытқушылықтары бар балалар» түсінігі көбіне әлеуметтік, әлеуметтік психологиямен және психологиялық – педагогикалық дезодаптациясы олардың агрессивті мінез – құлқына, мұғалімдермен конфликтілік жағдайларға, ішімдік пен есірткіні қолдануға, құқық бұзушылықты жасауға, мектепке бармау, қаңғыбастыққа, суицидқа және т.б. байланысты. Сондықтан да олар әлеуметтік қызметтің және мінез – құлқына коррекциялық жұмыстарға мұқтаж келеді.

Бұл тұрғыдан келудің негізгі мақсаты – олардың мінез-құлқы әлеуметтік нормалардан алшақтамау үшін, қоғамға бейімделу.

Бұл тұрғыдан келудің негізгі мақсаты олардың мінез – құлқы әлеуметтік нормалардан алшақтамау үшін қоғамға бейімделу.

Аталған балалар категориясындағы барынша кең таралған және толық анықталмаған «тәуекел топтағы балалар» категориясы.

«Тәуекел тобына» - педагогтар, тәрбиешілер және басқа да мамандар тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін балалар мүмкіндігін, көбіне негативті, қаламайтын нәрсенің болуы не болмауын білдіреді. Сондықтан біз де тәуекел топтағы балалар жайында сөз қозғаған кезде, көбіне жүзеге асатын не аспайтын, қаламайтын факторларға тәуелді балаларды қарастырамыз.

Оларға психопотологиялық мінез – құлықты, дамуы тежелген (олигофрендер), психикалық дамуы тежелген, аффективті сферасында бұзылушылықтары бар балаларды, сонымен қатар психология және дефектология әдебиеттерін зерттей отырып, бұл категорияға тіпті солақай баланы да, эмоциялық кемістіктері бар балаларды да жатқызуға болады.

Төменгі мектеп жасында гиперактивті немесе зейіннің дефицит синдромы жиі байқалуға болады. Оларға шектен тыс белсенділік, артық қимыл – қозғалыс, өзінің зейінін әлде бір нәрсеге көп уақытқа дейін нақтылай алмауы сияқты белгілер тән.

Төменгі үлгерім – гиперактивті балаларға тән құбылыс болып табылады. Сабақ барысында олар берілген тапсырманы орындай алмайды, өйткені олар тапсырманың аяғына дейін орындауға шыдамай, процестен тез шеттеледі. Оқу және жазу дағдылары қатардағыларға қарағанда төмен келеді.

Гиперактивтілік мектептегі үлгерімге ғана емес сонымен қатар, ортамен өзара қарым-қатынаста да өз әсерін тигізеді. Бұндай балалар қатардағы құрдастарымен ұзақ уақыт ойнай алмайды, конфликтілердің қайнар көзіне айналып ортадан шеттетіледі. Сөйтіп оларда өзін-өзі қорсыну, төмен бағалау байқалады.

Осылардың барлығын ескере отырып, гиперактивті балалармен жұмыс әртүрлі бағыттағы мамандармен және міндетті түрде ата – аналардың қатысуымен кешенді түрде жүзеге асуы тиіс.

Гиперактивті балалармен сабақты ұйымдастыру барысында маман зейіннің көлемін ұлғайтуға, зейіннің консентрациясын және тұрақтылығын күшейтуге, зейіннің бір нәрседен екінші нәрсеге аударуға көмектесетін арнайы құрастырылған коррекциялық – дамытушы бағдарламаларды қолданылады.

Көп жағдайда педагогтар мұндай балалармен жұмыс істей алмай, олардың басқа мектепке ауысуын талап етеді. Бірақ бұл шара баланың проблемасын шеше алмайды.

Баланың эмоционалды – еріктік сферасының дамуы - мектепке дайындықтың маңызды компоненті. Педагогтар жылауық, тез ренжігіш, қырсық, ұйымшыл балалармен өздерін қарым – қатынаста қалай ұстау керектігін біле бермейді.

Шартты түрде эмоционалдық сферасында проблемасы қиын балалардың анық көрінетін үш тобын бөліп көрсетуге болады.


жүктеу 196,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау