Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Тақырыбы: Әлеуметтік педагог және педагог - психолог қызметінің ғылыми негіздемесі



жүктеу 196,92 Kb.
бет2/83
Дата05.01.2022
өлшемі196,92 Kb.
#36465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Тақырыбы: Әлеуметтік педагог және педагог - психолог қызметінің ғылыми негіздемесі

Дәріс мазмұны:

1.Мектепте әлеуметтік педагог және педагог-психологтың қызметін жасаудың алғышарттары.

2.Мектептегі әлеуметтік педагог және педагог-психологтың қызметінің қазіргі жағдайы.

3.Әлеуметтік педагог және педагог психолог қызметінің мәні, бағыттары.

1. Мектепте әлеуметтік педагог және педагог-психологтың қызметін жасаудың алғышарттары.

Психологтардың көрсеткеніндей, тұлға бұл қоғамдық сана мен мінез-құлық нормаларын игеру нәтижесінде өмір процесінде қалыптасатын біртұтас психологиялық құрылым. Тұлғаның онтогенез процесінде қалыптасу және даму мәселесіне көптеген еңбектер арналған, бірақ соңғы кездерде тұлға ұғымымен байланысты көптеген басылымдар шығарылып, белгілі бір позициялар көрсетілгенімен осы ұғымды анықтайтын бірегей тұрғы әлі күнге дейін қалыптаса қойған жоқ.

Б.Ф.Ломов тұлғаға қатысты бірегей түсінік қалыптастыруға тырысты. «Тұлғаны зерттеудің, талдаудың алуан түрлілігіне қарамастан, тұлғаның басты ерекшеліктерінің бірі ретінде оның бағыттылығын көрсетеді. Алуан түрлі концепцияда бұл ерекшелік әртүрліше қарастырылады: «динамикалық тенденция» (С.Л.Рубинштеин), «мән туғызатын мотив», «басымдық көрсететін қарым-қатынас» (А.Н.Леонтьев), «негізгі өмірлік бағыттылық» (Б.Г.Ананьев), «адам күші мәнінің динамикалық ұйымдастырылуы» (А.С.Прангишвили) және т.б.».

А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн еңбектерінде баланың іс-әрекеті –оның психологиялық дамуының негішгі шарты ретінде қарастырылады. Леонтьев көрсеткендей, «баланың психологиялық дамуын көрсететін негізгі процесс бұл өткен ұрпаққа тән жетістіктерді арнайы игеруі және меңгеруі болып табылады. Бұл процесс балаың қоршаған ортаға, заттарға және құбылыстарға деген қатынасы барысындағы іс-әрекетінде жүзеге асып отырады». Баланың өзінің белсенді мотивтелген іс-әрекетінің нәтижесінде тұлға болып қалыптасуы жүзеге асып отырады. Баланың кез-келген іс-әрекетті меңгеруі ересектердің әрдайым бақылауында болады. Ересектермен қарым-қатынасы кезінде балада өзгелермен қарым-қатынасқа түсуге деген қажеттіліктері оянады. Олармен эмоциоанлды қарым-қатынас барысында психикалық процестері дамиды..

Мектеп кезінде бала дамуының барлық кезеңдеріндегі психикалық дамуына ықпалын тигізетін оқытудың рөліның басымдығы туралы педагогика және психологияның негізгі принципі өз көрінісін табады.

Осылайша, психологтардың теориялық және эксперименталды зерттеулері тұлғаның онтегенезде психикалық дамуы және қалыптасуына қажетті маңызды шарттар мен заңдылықтарды табуына мүмкіндік берді. Қазіргі кездегі мектептердегі оқу-тәрбие ситуацияларына психологиялық талдау көрсеткендей, көп жағдайда заңдылықтар ескерілмейді және жағдайлар мен шарттар қамтамасыз етілмейді: осы жерде баланың жан-жақты әрі гармониялы түрде дамуына қатысты міндеттерді шешудің қиындықтарының негізгі сеьеьі жатырғаны байқалды.

2.Біздің еліміздегі және шет ел мектептеріндегі психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы. Мектептегі психологиялық қызмет көптеген елдерде ерте кезден пайда болып, қазірге дейін өз қызметін жалғастырып келе жатыр. Бұл қызмет АҚШ та 1800 жылдан бастау алып, қазіргі кезде даму шыңына жетіп, психология қызметінің маңызды жән әрекет үстіндегі пәні ретінде қызмет атқарып келеді.

Мектептегі психологиялық қызмет мемлекеттік білім беру департаментінде заңды түрде тіркелген міндетті қызмет болып табылады. Бул департамент мектеп психологтарына сертификат беруді санкциялайды.

Мектеп психологының ерекше күш салатын аймағы стандартталған тестілеуді қолдану арқылы өлшеу болып табылады. 1960 ж. Мектеп психологтарының кәсіби ұйымы құрылған болаты. Бірақ, білім беру саясатындағы өзгерістердің нәтижесінде қызметтің әрекеті тоқтатылды да, мектеп психологтары бастауыш сынып мұғалімдері қызметіне ауыстырылды.

Мектеп психологына деген қажеттілік 50-60 жылдары артып, оның бірден бір себебі ақыл-есі кем, ауытқушылықтары бар балалардың артуымен байланысты болды, нәтижесінде білім беру министрлігі психология ғылымына қайта назар аударып, жаппай оқытылатын мектептерге қабілетсіз балаларды іріктеу мақсатында психологиялық қызметтің көмегіне сүйенуіне тура келді. Қызметтің көрсетілген міндеттері негізінен оның бастауыш мектепке шоғырланғанын көрсетеді, өйткені бастауыш сыныпқа жиналған балаларды әртүрлі типтегі мектептерде оқыту өзекті болғандықтан. Осы міндеттерді шешу үшін 1960 ж. Париж, Бордо, Гренобл, Безансонда 4 психологиялық орталық ашылды.

80 ж. ортасында Францияда мектеп психологиясының дамуының жаңа этапы басталды. 1985 ж. Ұлттық психологтар ассоциациясының мүшелерінен және әртүрлі 5 ұйымның өкілдерінен құралған жұмыс тобы дүниеге келді.

Батыс еуропаның көптеген елдердерінде мектептегі психологиялық қызмет аудандық және облыстық психологиялық педагогикалық орталықтар немесе кеңес беру орталықтары формасында қызмет етеді.

Психологиялық қызметтің негізгі мазмұны- дені сау тұлғаның дамуын қамтамасыз етуге көмектесу, тұлға дамуындағы әртүрлі қиыншылықтарды түзету, кәсіби бағдар мәселесі.

3.Мектептегі психологиялық қызметтің пәні.

Мектептегі психологиялық қызметтің ғылыми негіздемесі және практикалық ұйымдастырылу тәсіліне қатысты мәселелерді зерттеу әрбір елде ол әртүрліше шешімін тауып отыратындығы анықталды. Ең алдымен мектептегі психологиялық қызметтің пәнін анықтап алу керек. Мектептегі психологиялық қызметті үш аспектіде қарастыру керек.

1. Ғылыми аспект мектептегі психологиялық ықзметтің әдіснамалық мәселелерін жасауды болжайды.

2. Қолданбалы аспект халыққа білім беру қызметкерлерінің психологиялық білімдерін қолдана білуін болжайды.

3. Қызметтің практикалық аспектісін мектеп психологтары қамтамасыз етеді, олар балалармен, сынып ұжымымен, мұғалімдермен, ата-аналармен белгілі-бір міндеттерді шешу барысында жұмыстануға міндетті болады.

Осы үш аспектінің бірлесуі арқылы мектептің психологиялық іс-әрекетінің пәнін анықтауға болады.

1.Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі бағыттарын және мақсатын анықтаудың бірнеше көзқарастары бар. Ең кең танымалы, әлеуметтік педагог- балалардың өздерінде оқуда, мінез-құлқында, қарым-қатынасында туындаған қиындықтарына көмек қажеттілігінен, ата-аналардың, мұғалімдердің, оқушылардың сұрауымен немесе әртүрлі қиындық жағдайындағы балалармен жұмыстануы керек деген пікір.

Бұл бағыт маңызды болғанымен мұнымен шектелуге болмайды. Тұлғаның психикалық дамуы мен қалыптасуына қатысты теориялық талдаулар Л.И. Божович, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин сияқты ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген.

Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаты - өзекті және перспективті деп бөліп көрсетуге болады.

Өзекті – бағыт күнделікті маңызды мәселені шешуге бағытталған, балалардың мектептегі мінез-құлқының ауытқушылықары, қарым-қатынасы мен тұлғалық қалыптасуындағы қиыншылықтарына байланысты мәселелерді қарастырады.

Перспективті- бағыт дамуыға бағытталған. Әрбір баланың жекелік қалыптасуы, қоғамда толыққанды өмірге деген психологиялық даярлығын қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтік педагог педагогикалық ұжымға негізгі психологиялық идеяны- әрбір мектеп оқушысының үйлесімді дамуына деген мүмкіндігін ендіріп, оның практикалық жұмыс барысында жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі мақсаты- әрбір оқушының психикалық және тұлғалық дамуын оңтайландыруға перспективті бағдарланған іс-әрекетпен байланысты. Бұл мақсат балаға қатысты бастапқы және ақырғы іс-әрекет мақсатын жүзеге асыру жағдайында ғана мүмкін болады.

Әлеуметтік педагогтың оқушымен өзара әрекетінің бастапқы мақсаты – баланың мектепке деген интеллектуалды, эмоционалды, мотивациялық, мінез-құлықтық ерекшеліктері, оның жекелігін нақтылау арқылы анықтау болып табылады.




жүктеу 196,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау