ПОӘК 042-14-3-01.1.20.20/03-2009
|
Басылым № 1 « » __________
|
беттің -сі
|
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 4-деңгейдегі құжаты
|
ОӘК
|
П 042-18-01.1.20.20/03-2009
|
«Шоғырландырылған қаржылық есептілік» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1- басылым
|
«Шоғырландырылған қаржылық есептілік»
ПӘНІНІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6М050800 «Есеп және аудит» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2014
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
|
2
|
Дәріс
|
|
3
|
Тәжірибелік сағаттар
|
|
4
|
Студенттің өздік жұмысы
|
|
Глоссарий
1.1. Қаржылық есеп – жоғарғы оқу орындарында оқытылатын ғылыми пән, кәсіби білім беру саласы.
1.2. Қаржылық іс әрекет – заңды тұлғаның табыс табудағы қорытындыларға негізделген іс әрекеті.
1.3. Қаржылық қорытынды – есеп беру кезеңіндегі кәсіпорынның таза табысының өсуі.
1.4. Қаражат – барлық бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және жекелеген қызметкерлер үшін міндетті түрдегі ақшалай құралдарды пайдаланумен байланысты іс – әрекет тәртібі.
1.5. Қаражат тәртібі – ақша қаражатын қолдануға байланысты, барлық заңдық құқығы бар адам және қызмет адамының міндетті атқаратын істері.
1.6. Қаражат нарығы – нарық экономикасының дәстүрлі элементі; акционерлік қоғамдардың және кәсіпорындардың, мемлекеттің қаражатпен қамтамасыз етілуі үшін бүкіл қаражат ресурстарын жинақтау.
1.7. Қаражат ресурстары – мемлекеттің қарамағындағы, кәсіпорындарының, мекеменің, ұйымдардың ақша қаражаты.
1.8. Кәсіпкер – егер, күшіндегі заңға қайшы келмесе және белгіленген мүліктің немесе басқа да жауапкершілікті сақтайтын болса, заңның негіздегі қарамағына алынған мүлікті пайдалану бойынша өз бастауымен кез – келген әрекетті жүзеге асыруға ерікті адам.
1.9. Кәсіпкерлік, Кәсіп иесі, Іскерлік - өз дүние мүлкін және басын тәуекел етіп, пайда табу үшін жекелеген азаматтар және олардың бірлесіп істеген ынталы, дербестік, шаруашылық қызметтері.
1.10. Шетел инвестициялары жұмсалған кәсіпорын – шетел капиталы толық немесе жартылай қолданылатын, кәсіпорын.
1.11. Бірлескен кәсіпорын – шетел серіктерімен бірлесіп істеудің шаруашылық – құқықтық түрі. Осы негізде жалпы ортақ өндірістік база құрылып, екі ел серіктестерінің жалпы меншігіне қарайтын өнім өндіріледі.
1.12. Кәсіпорындардың негізгі басты мақсаты – пайда табу.
2. Дәрістік материал
Тақырып 1. Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.
Дәріс жоспары: (2 сағат)
Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік есеп обьектілері
Салыстырушы ақпараттар.
Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытында есепті жүргізудің қағидалары мен ережелерін белгілеуші бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорынға оперативті басшылық жасау мен оны басқару үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып – алушылардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті кәсіпорынның шаруашылық процесстері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің ең маңызды негізгі міндеті болып табылады.
Шарушылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, кәсіпорын:
шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысандарын өкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз бетінше жасап бекітеді;
Өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;
Есеп саясатын құрады;
Бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларында функционалдық бөлінуін жүзеге асырады;
Шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді қарастырады.
Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар “Бухгалтерлік есепке алу туралы” жарлығына сәйкес субьектінің талаптарын сай есеп жүйесін құруды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды кәсіпорын басшысы қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшысы есеп жұмысының көлеміне қарай:
бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлім ретінде бухгалтерлік қызметті құра алады.
штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізе алады.
бухгалтерлік есеп жүргізуді келісім – шарт негізінде мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға немесе маман бухгалтерге бере алады.
бухгалтерлік септі тікелей өзі жүргізе алады
Бухгалтерлік есеп методологиясын және техникасын меңгерген шағын кәсіпорындардың басшылары бухгалтерлік есепті өздері жүргізіп, қаржылық қорытында есепті дайындай алады.
Қаржылық есепті ұйымдастырушы көздерге мыналар жатады:
Бухгалтерлік баланс;
Шығыстар мен табыстар есебі;
Ақша қозѓалыстарының есебі;
Меншікті капиталдағы өзгеріс есебі;
Түсініктеме хат пен есеп саясаты жөніндегі ақпарат.
ҚЕ – басқа да мәліметтермен (ҚР заңдылықтары мен талаптарына сәйкес) толықтырылуы мүмкін.
БЕ және ҚЕ беру және БЕС (байланысты).
ҚЕ ҚР-ң валютасымен есептеліп құрылады, бірлік мөлшері 1000 теңге.
ҚЕБ ұйымдағы басшылықтың қолымен немесе бас бухгалтердің қолымен бекітіледі. ҚЕ берудей есеп беру мерзімі – календарлық жылға негізделеді. 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін жаңадан құрылған ұйымдарды 31 желтоқсанға дейін заңды тұлғаның статусына сай өткізіледі.
Тіркеу орындарынан тіркелу немесе заңды тұлғаның статусын алу үшін ҚЕ бірінші жылдың есеп беру операциясы тіркелді.
ҚЕ құру жылдық есеп берудің соңғы календарлық күнге есептеледі.
жылдық есеп берудің бекітілуі аудиторлық қорытындымен қорытындылады.
ҚЕ берудің немесе толтыру тәртібіне мыналар көрсетіледі: (ұйымның атауы, көрсетілетін немесе ұсынылатын қосса есеп беруге қатысты басқа да құжаттар – тіркелген немесе жарғыда көрсетілетін тәртіппен тұрғылықты жері - ұйымның заңды көрсетілетін орны, мекен жайы). Салалар – әрекет түрі - ұйымның әрекетінің түрі.
Мемлекеттік басқарма органдарының мүлкі – органның атауы көрсетіледі.
Ұйымдастырушылық – құқықтық формасы.
Бухгалтерлік баланс мазмұны. ББ ұйымның активтері мен меншікті капиталы, міндеттемелері. ББ активтері мен міндеттемелері ұзақ мерзімді және ағымдағы болып классификацияланады.
2. Қазақстан Республикасының заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» жарлығына сәйкес активтер, меншікті капитал, міндеттемелер және кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік есеп обьектілері болып табылады.
Активтер дегеніміз - өткен кезеңдегі шаруашылық процестері нәтижесінде алынып, келешекте кәсіпорын одан экономикалық пайда табады деп күтілетін, кәсіпорын бақылауындағы ресурстар. Активтердің ең басты үш нысаны бар:
өздерінде келешек экономикалық пайданы, яғни ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің кірісіне тікелей немесе жанама салынған потенциялды сақтайды;
кәсіпорынның бұл келешек экономикалық пайданы бақылауына қабілеті бар;
олар өткен келісімнің немесе басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Активтер екі категорияға жіктеледі: Ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне бір жылдан артық мерзімде пайдаланатын активтер ұзақ мерзімді активтер деп аталады. Ұзақ мерзімді активтерге: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, ұзақ мерзімді инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, алдағы кезеңнің есебіне жататын ұзақ мерзімді шығыстар жатады.
Халықаралық бухгалтерлік есептің 1 «Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру» деп аталатын стандартына сәйкес актив төмендегі жағдайларда ғана ағымдағы активтер деп аталады.
ББ мынандай көрсеткіштерді көрсетеді:
Ұзақ мерзімді активтер.
Айналымдағы активтер.
Меншікті капитал
Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
3.Есеп беруді ұйымдастыруда:
- Алдындағы орындалған операциялар мен кезеңдердің ақпараттарын көрсету үшін.
- Бухгалтерлік есеп стандарттарының талабы бойынша орындалған ақпараттарды көрсету үшін.
- ҚЕ беруде көрсетілмеген қосымша ақпараттармен қамтымасыз ету үшін аса қажетті құжаттама.
- Түсініктеме хат бухгалтерлік баптардың шығыстар мен кірістердің есебінің, ақша қозғалысының есебінің барлық көрсетілген ақпараттарын қамтиды.
Түсініктеме хат қаржылық есепті құрастырушы ұйымдарда мынандай тәртіппен толтырылады:
- БЕС байланысты өтініш.
- Есеп саясатындағы негізгі бағаланған ақпараттар.
- ҚЕ әрбір формасымен әрбір құрылымына байланысты көрсетілген көмекші ақпараттар.
- Басқада келісілген келісім шарт міндеттемелері.
Кейбір жағдайларда түсініктеме хатты өзгерту немесе толықтыру кезеңдері туындайды. Бұның нәтижесі бухгалтерлік балансқа байланысты қарастырылады.
Салыстырушы ақпараттар, қаржылық есептегі барлық этаптар бойынша
есептелген салада қарастырылады.
Салыстырушы ақпараттар түсініктеме хатында толықтай талданып есеп беру кезіндегі ќаржымыз есептің ақпараттары ашылады. Ақпараттар кейбір жағдайда түсініктеме хаттың есеп беру кезеңіндегі ақпараттармен салыстырылады.
Мысалға: құқықтық талас салдарынан, есеп беру кезеңінде ашылған соңғы есеп берудегі қаржылық есепің кәсіпорын үшін тиімді екендігін анықтау үшін қажет. ҚЕ берудегі ең басты ақпарат көзі бухгалтерлік баланс болып табылады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.
Бухгалтерлік есеп берудің маңызы неде?
Түсінік хат дегеніміз не?
Түсінік хаттың формасы қандай?
Салыстырушы ақпараттар дегеніміз не?
Ақпараттар жүйесі деп нені айтамыз?
Бухгалтерлік есеп обьектілерін атаңыз.
Есеп саясаты кімдер үшін керек?
Тақырып 2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі.
Дәріс жоспары: (2 сағат)
Кәсіпорындағы шаруашылық процесстері.
Қаржылық қорытынды есеп элементтері.
Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау.
1.Бухгалтерлік есеп обьектілерінің бірі кез – келген кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізін құрайтын шаруашылық процесстері. Шаруашылық процессі жекелеген шаруашылық операцияларының жиынтығы болып табылады. Ал, шаруашылық операциялары дегеніміз – кәсіпорынның экономикалық ресурстары мен олардың құралу көздерінің қозғалысы мен өзгерісінің қарапайым элементі. Мысалы, жабдықтаушылардан материалдар алу, оларды өндіріске пайдалану, еңбек ақы есептеу, дайын өнімді сатып - өткізу. Кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі бір – бірімен тығыз байланысты жабдықтау, өнім өндіру, өндірілген өнімдерді, тауарларды сатып - өткізу сияқты шаруашылық процесстерінен тұрады.
Жабдықтау процессінде кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қажетті әр түрлі тауарлы – материалдық құндылықтар сатып алынады. Бұл процесстің есебінен негізгі міндеттері дайындалған тауарлы материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнын анықтау; барлық жабдықтаушылардың келісім – шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасау.
Өндіріс процессінің нәтижесінде өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау сияқты кәсіпорынның негізгі міндеті орындалады. Өнім өндірумен байланысты барлық шығындар оның өзіндік құнын құрайды.
Сатып - өткізу процессінің мәні мынады: кәсіпорында дайындалған өнімді, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді басқа кәсіпорындарға өндіріс және сатып - өткізу шығындарының орнын толтыра отырып және бұл кезде белгілі бір мөлшерде табыс ала отырып сатып өткізеді.
Жабдықтау және өндіру процесстерінің кезеңінде есеп және қорытынды есеп беру көрсеткіштерін салыстыру арқылы үнемдеу не болмаса көп жұмсау анықталады, ал сатып - өткізу процессінде кәсіпорын қызметінің нәтижесі табыс немесе зиян анықталады.
2. Кәсіпорынның қорытынды есебін басқа да нәтижелерді кең көлемде категорияларға бөле отырып көрсетеді. Бұл кең көлемді категориялар қаржылық қорытынды есеп элементтері деп аталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының баланстағы өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып активтер, міндеттемелер, меншікті капитал танылады. Ал, кәсіпорын қызметінің нәтижесін қаржы шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте өлшеумен тікелей байланысты элементтер болып табыстар мен шығыстар танылады. Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар “Бухгалтерлік есепке алу туралы” жарлығына сәйкес активтер, меншікті капитал және иіндеттемелр және кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің жүзеге асырылуы барысында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік есеп обектілері деп танылады.
Қаржылардың жұмсалу элементтері кәсіпорын тауарларды сатып алған кезде және қызметтерді пайдаланғанда туындайды. Қаржылардың жұмсалуы ақша қаржыларының төленуі, борыштардың пайда болуы, басқа да активтерге айырбастау жолдарымен жүзеге асырылады.
3.Бағалау дегеніміз – қаржылық қорытынды есеп элементтері танылуға және бухгалтерлік баланс пен қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте көрсетілуге тиісті ақша сомасын анықтау.
Қаржылық қорытынды есепте әр түрлі деңгейде және әр түрлі үйлесімдерде бірқатар бағалау әдістері пайдаланылады. Оларға төмендегі әдістер жатады:
Бастапқы құн.
Жаңғырту құны.
Сатып - өткізу бағасы.
Дисконттық құн.
Баланстық құн.
Бастапқы құн – активтер олар үшін төленген ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің сомасы не болмаса оларды сатып алу сәтінде ұсынылған әділетті құны бойынша есепке алынады.
Жаңғырту құны – Активтер төленуге тиісті ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің сомасы бойынша көрсетіледі.
Сатып- өткізу бағасы - әдеттегі жағдайда сатудан алынуы мүмкін ақша қаражаттарының немесе олардың эквиваленттерінің сомасы бойынша көрсетіледі.
Дисконттық құн – активтер әдеттегі іс – жүргізу барысында осы актив арқылы жасалынады деп болжанатын ақша қаражаттарының болашақ таза кірісінің дисконтталған сомасы бойынша көрсетіледі.
Баланстық құн – активтер мен міндеттемелер есеп беру мерзімінде бухгалтерлік баланста көрсетілетін құн.
Қаржылық қорытынды есепті дайындауда кәсіпорындар бағалау үшін негіз ретінде бастапқы құнды кеңірек пайдаланады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Қаржылық есеп берудің қандай элементтері қарастырылған?
Сапалық сипаттамалардың көрсеткіштерін атаңыз?
Баланстық өлшеммен тікелей байланысты элементтерді атаңыз ?
Шаруашылық процесстері деген не?
Шаруашылық операциялары деген не?
Элементтерді бағалау әдістері қандай?
Тақырып 3. Бухгалтерлік құжаттардың толтырылу тәртібі.
Дәріс жоспары: (2 сағат)
Бухгалтерлік құжаттар және құжаттау.
Есеп регистрлері
Бухгалтерлік есеп формалары.
1. Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.
Есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар есеп регистрлері деп аталады.
Бухгалтерлік есептің даму тарихы осы есеп регисгрлерінің эволюциясымен тығыз байланысты. Бух.есептің дамуымен қатар есеп регистрлері де жетіліп, ықшамдалып, ақпаратты көп сыйдыратынымен ерекшеленіп келеді.
Шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне байланысты, есеп регистрлерінің формалары да әртүрлі. Есеп регистрлары мына белгілері бойынша: сыртқы түрі, жазба түрлері және ақпарат көлеміне қарай жіктеледі.
Сыртқы түрі бойынша регистрлар бухгалтерлік кітапқа, карточкаларға және жеке беттерге бөлінеді.
Бухгалтерлік кітаптар - есептік кестелер бар беттердің бір мұқабаға бірігуі. Кітаптардың беттері басынан соңына дейін номерленеді. Кейбір маңызды кітаптар қосымша жіппен байланып, мөрмен бекіліп, мынадай жазба жазылады: "Бұл кітапта осынша бет номерленіп, тігілді", сонымен қоса жауапты адамдардың қолдары болады.
Кітап беттеріндегі ақпаратты тез табуы үшін, оның басында немесе соңында мазмұны болады немесе арнаулы алфавиттік көрсеткіш беріледі. Кітаптар көбінесе типографиялық тәсілмен басылып шығады.
Қазіргі бухгалтерлік есеп тәжірибесінде есеп регистрлері ретінде кітаптар шектеулі түрде қолданылады. Бұл оларда көптеген жетіспеушіліктердің болуымен түсіндіріледі. өйткені кітаппен бір мезгілде бір-ақ адам жұмыс істей алады да, есептік жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға кедергі келтіредіжәне жекелеген (бос) есеп регистрлерін талап ететін есепті автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.
Бірақ, сонда да кітаптар бухгалтерлік ақпаратты сақтаудың қауіпсіз құралы болып табылады. Кітап формасындағы есеп регисгрлеріне мысал ретінде касса кітабын, материал қалдықтарының кітабын және әртүрлі тіркеу журналдарын айтуға болады.
Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан). Бос беттер жұмысқа өте, қолайлы, есептік жұмысшылар арасында еркін ауысып отырады, пайдалануы өте қарапайым.
Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.
Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.
2.Регисгрлардағы жазбалар түрлеріне қарай, олар хронологиялық және жүйелік болып бөлінеді.
Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.
Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады. Жүйелік регисгрдің нақты мысалы Бас кітап бола алады.
Сонымен, қазіргі бухгалтерлік есепте есеп регисгрлері ретінде бос беттер, карточкалар және кітаптар пайдалынылады. Олардың өзіндік айырмашылықтары мен жетіспеушілікгері және артықшылықтары бар. Есеп регистрларын таңдау құқығы бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына байланысты.
Бухгалтерлердің тәжірибесінде есеп регистрларында және басқа да есеп берушіліктерде қате мәліметгер жазып қою жағдайлары кездеседі. Бұл кезде қатені тауып алып қана қоймай, қтелік кеткен регисгрді де іздеп, қатенің мәні мен сипатын анықтау керек.
Қатені іздесгірудің көп тараған тәсілі регисгрдегі жазбаларды толықтай тексеру. Бұл тәсілдің мәні мынада: есеп регистрлеріндегі жазбалар құжаттармен бірізділікпен салыстырылады. Мұндай тексеруде қате жазба табылады.
Тәжірибеде қатені табудың басқа да тәсілдері қолданылады. Есеп деректерін өзара салысгырып тексеру негізінде қателерді жылдам анықтауға болады.
Қателік табылғаннан кейін, оны түзету жүргізіледі. Есеп жазбаларындағы қатені дұрыс түзету нақты есеп ақпаратын алуға мүмкіндік береді.
Қате жіберудің сипаты әр түрлі болады: қосарлы жазу принциптерінің бұзылуы, шоттар байланысгарындағы қателіктер, яғни шруашылық операция сомасы қажетті шотқа емес, басқасына түсіпкетеді. Сондықтан есеп регисгрларындағы қателіктерді түзетудің бірнеше тәсілдері бар.
Корректуралық әдіс - есеп регисгріндегі қателік жиындарды шығармай тұрып анықталады. Қатені тузету дұрыс емес жазбаларды сызып тасгап, дұрыс түзеткен адам "түзетілгені дұрыс" деп жазып, қолымен тастайды. Дұрыс жазба сызылып таталған қате жазбаның үстіне немесе мүмкін болатын жерде жазылады. Көп санды сомаларды түзеткенде бір сан ғана қате болса да, барлық сан сызылып тасталып, устіне дұрысы жазылады.
"Қызыл сторно" әдісі (теріс сандар әдісі).
Бұл әдіс тек соманы ғана емес, шотгар байланысын да өзгерткенде қолданылады.
"Қызыл сторно" әдісінің мәні мынада: шоттардың қате байланысы сторноланады (қызыл сиямен жазылады), яғни алынып тасталады, ал оның орнына дұрыс жазба жазылады.
Қатені түзетуді осы тәсілмен жүргізгенде бір мезгілде екі жазба жасалады: алдынғы қате жазу (шоттардың дұрыс емес байланысы) - қызыл сиямен, ал жаңа жазба (шоттардың дұрыс байланысы) - кәдімгі сиямен.
3. Бухгалтерлік есеп көптеген регистрлерде жүргізіледі. Есептік ақпарат үшін әр түрлі кітаптар, карточкалар, журнал ордерлер, тізімдемелер және жеке беттер бірізділікпен қолданылады. Осының өзі бухгалтерлік есептің әр түрлі формаларының қалыптасуын талап етеді.
Бухгалтерлік есептің формасы – есеп үрдісін ұйымдастыруды, шаруашылық операцияларды тіркеудің әдістемесі мен техникасын және синтетикалық, талдамалық есептердің байланысын көрсететін есептік регистрлардың жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп формасының бірін екіншісінен ажырататын белгілер төменде көрсетілген:
қолданылатын регистрлардың саны, олардың бағыты мен мазмұны және сыртқы түрі;
синтетикалық және талдамалық есептің хронологиялық жүйелік регистрларының өзара байланысы;
есеп регистрларына жазбаларды түсіру тәсілдері мен бірізділігі;
бухгалтерлік есепте автоматтандыру құралдарын пайдалану деңгейі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есеп формаларын өзінің салалық ерекшелігі, мен қызметінің масштабына, шаруашылық шарттарына қарай таңдайды Бухгалтерлік есеп формаларының қайсысы болмасын ақпаратты жоғары дәрежелі дәлдікпен өңдеп, есеп берушіліктерді жылдам дайындуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда қолданылатын есеп формасы олардың құрылымынан, қызмет түрі мен техникалық және компьютерлік жарақтануынан тәуелді. Таңдалған есеп формасы кәсіпорынның есептік саясатының құрамдас бөлігі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Құжат айналымы жөнінде не білесіз?
Құжаттау дегеніміз не?
Оперативті басқару құқығы деген не.
Бухгалтерлік есепт іжолға қоюдың тәсілдерін ата?
Еесп регистрлері жөнінде не білесіз
Құжаттардың жіктелуінің ерекшелігі?
Түгелдеу дегеніміз не?
Бухгалтерлік есеп формалары дегеніміз не
Тақырып 4. Қаржылық есеп берудің бір түрі – бухгалтерлік баланс.
Дәріс жоспары: (4сағат)
Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері.
Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа тигізетін әсері
Бухгалтерлік баланстың түрлері.
1. Кәсіпорынды басқару шаруашылық құралдарының тиімділігін және сақтығын бақылау мақсатында бөлігі бір мерзімге құрамы және шамасы жөнінде ақпараттар қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік баланс көмегімен алады.
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалпй өлшемде топтастыруды білдіреді.
«Баланс» термині латын сөздерінен bis – екі рет және lans – таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен олардың көздерін жалпылау кесте көмегімен жүзеге асырылады, ол да баланс деп аталады. Сонымен қатар бұл әдіс бухгалтерлік қорытынды есеп жүйесіндегі негізгі форма. Шаруашылық операцияларын толық жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорындар белгілі бір көлем мен дәрежеде қорлар етеді. Құралдар мен құралдардың қорлану көздерінің жалпы көлемі ақшалай өлшеммен жинақталып, белгілі бір мерзімі қарай топтастырылып қортындыланады.
Баланс есі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі. Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең
құралдар = капитал + міндеттемелер.
Мұндай теңдісті баластық теңдеу деп атпйды. Бұл теңдік кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты көрсетпейді, бірақ та балансты құруда қателіктер жіберілмесе әрқашанда, сақталады.
шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары. Баланс активінде орналасқан баптар активті, он пассивінде орналасқандары, пассивті деп аталады.
Баланс активті мен пассивінің жиыны баланс валютасы деп аталады. Төменде бухгалтерлік баланстық шартты формасы көрсетілген.
Актив Пассив
Шаруашылық құралдарының құрамы
|
Сомасы, теңге
|
Құралдардың қалыптасуының қайнар көздері
|
Сомасы, теңге
|
|
|
|
|
Баптарды, бөлімдерге таптастыру экономикалық белгі бойынша жур-і.
Баланс бабы бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Баланстың біртектес баптары топтарға біріктіріледі, он топтар – бөлімдерге. Баланс баптарын топтау негізінеү Бухгалтерлік есеп 2 (Стандартына) “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептерді негізгі ашулары” 13 қараша 1996 ж. №3 ҚР-сы бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген стандартқа сәйкес келесіндей принциптер енгізілген.
баланстың актив баптары үшін-активтердің әрекет ету мерзімі;
баланстың пассив баптары үшін-пассивтердің қалыптастыру және оларды жоюдың мерзімдері принципі.
Шаруашылық субъектінің балансы келесіндей бөлемдермен көрсетілген актив:
ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, яғни жер, ғимараттар мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, жіктеуге сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері; жинақталған тозуы, аяқтамлмаған күрделі құрылыс;
Материалдық емес активтер; амортизация кезеңі, әдісі және есеп беру кезеңіндегі есептен шығарылуы көрсетіле отырып; гудвим, патенттер, тауар белгілері және т.б.
ұзақ мерзімі инвестициялар: еншілес серіктестіктерге инвестициялар; тәуелді заңды ұйымдарға инвестициялар; басқа ивнестициялар егер олардың (бастапқы құны) баланстық құнынан өзгеше болса, ағымдағы құны көрсетіле отырып.
ұзақ мерзімі дебиторлық қарыз: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер, негізгі шаруашылық секіртестік пен оның еншілес серіктестіктері арасындағы ішкі топтық операцилар нәтидесінде пайда болған дебиторлық қарыздар; акционерлік қоғамның қызметкерлерінің дебиторлық қары; басқа да дебиторлық қарыздар;
алдағы кезең шығындары.
Ағымдағы активтер. Ашылуға тиіс мына баптарды қамтиды: өңдеу өткізу мерзіміне тәуелсіз түрде тауарлық - материалдық қардлар; бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін алдағы кезең шығындары; ақша қаражаттары; қысқа мерзімді қаржылыө инвестициялар: бір жыл ішінде алынатын дебиторлық қарыз; а,ымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер; алынуға тиісті жаттар; алынған вексельдер; негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес секіртестіктері арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық қарыз, басқа да дебиторлық қарыз.
Пассив:
меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша төлеген капитал, қосымша төленбеген капитал ( нег. құралдарды, инвестицияларды қайта бағалау сомалары), резервтік капитал, бөлінбеген табыс (зиян).
ұзақ мерзімі міндеттемелер: қамтамасыз етілген несиелер, қамтамасыз етілмеген несиелер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің бір-біріне беретін несиелері, кейінге қалдылырған салықтар.
ағымдағы міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиіс шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады.
Осы көрсетілген бухгалтерлік баланстың активі мен пассивін орналастыру тәртібі (кәсіп) барлық меншік формалары кәсіпорындары және экономиканың салалары үшін қолданылады сақталады. Айырмашылықтар баланстың жалпы валютасында баптардың үлес салмақтарында байқалуы мүмкін. Өнеркәсіптік өндірістік балансы активінде үлкен үлес салмақты «Негізгі құралдар» және «Шикізат пен материалдар» алады; ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – «Жер», «Аяқ-талмаған өндіріс», сауда ұйымдарында «Тауарлар» бабы алады.
Бухгалтерлік баланс өзінің экономикалық мазмұны бойынша кәсіпорынның шаруашылық құралдарының және олардың қалыптасу қайнар көздерінің жағдайы туралы белгілі бір күнге есеп берушілік міндетті формаларының бірі болып табылады. Ол бір айдың, бір кварталдың, жартыжылдың, бір жылдың жиындық мәліметтерін бейнелейді.
2. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде әртүрлі әрекеттер болады, олар кәсіпорын мүлкі мен оларды көздерінің өзгерісін тудырады.
Мүліктер мен олардың көздерінің өзгерісін болдыратын шаруашылық әрекеттер мен оқиғалар шаруашылық операциялар деп аталады.
Шаруашылық операцияларының әсерінен мүлік өзгереді, ал он бухгалтерлік баланста көрсетілетін болғандықтан, оның әсерін баланс та өзгереді.
Мысалы, ай ішінде келесіден шаруашылық операциялары жүзеге асқан.
Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін кассаға е.а. шотынан ақша түсті – 145 000 теңге.
Банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді – 180 000 теңге.
Алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды – 80 000 теңге.
Кассадан еңбек ақы берілді – 140 000 теңге.
Сөйтіп, шаруашылық операциядардың нәтижесінде баланаста келесіндей өзгерістер болады:
1.
|
Активті А + және А - А = П
|
Активтігі бір бол көбей еді, ал екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
|
2.
|
Пассивті П + және П - А = П
|
Пассивтің 1 бабы кқбейеді де, екіншісі сол сонаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
|
3.
|
Көбею Жағына активті пассивті А + және П + А = П
|
Бірдей санаға активтегі де, пассивтегі де баптар көбейді. Баланс валютасы да сол сонаға көбейеді.
|
4.
|
Азаю жағына активті пассивті - және П - А = П
|
Активтегі және пассивтегі баптар бірдей сонаға азаяды. Баланс валютасы сол сомаға азаяды.
|
+Кез келген шаруашылық операцияның нәтижесінде баланс А–і мен П-ң тепе-теңдігі әрқашан сақталады.
3.Бухгалтерлік баланстың бірнеше түрлерін көрсетуге болады.
Баланс – брутто – реттеуші баптарджы қамтитын баланс, сомалары құралдардың іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтауда б. ж-қ байланысы бар басқа баптар сомаларынан алынып тастады шегеріледі. реттеуші баптарға негізгі қаржылардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизация сын т.б. жатқызуға болады.
Баланс – нетто – (немесе тазартылған баланс) бұл реттеуші баптар жоқ баланс. Бұл балансты пайдалану кәсіпорынның қаржылық жасдайын талдауда тиімді. Мұндай баланстың мәліметтердің иелігіндегі шаруашылық қаржылардың нақты сомасын сипаттайды.
Бастапқы баланс – есепті кезеңнің 1-күніне жасалатын баланс.
Қорытынды баланс – есепті кезеңнің соңғы күніне жасалатын баланс.
Болуші баланс - бір-бірінен тәуелді бірнеше кәсіпорындардың жеке к/орға құрылымдық бөлімдерге немесе бір кәсіпорынға бөлінуі кезінде жасалатын баланс.
Жою баланс - шаруашылық субъектінің жойылуы кезінде жасалатын баланс.
Қазіргі уақытта ішкі, сыртқы және мамандандырылған баланстар құру тәжірибесі жүзеге асырылады.
Ішкі балансты к/о-ң оның филиалдың, құрылдық бөлім қызметін қарык-қ талдау, жоспарау, басқару және бақылау үшін қолданады.
Сыртқа баланс сыртқы пайдаланушылар үшін жасалады. Ол сыртқы пайдаланушылар үшін ең басты толық нақты ақпарат қайнар көзіб/т. Мұндай баланстың мазмұны, құрылымы, көқрсету тәртібі сыртқы пайдаланушыға сол елдің заңдылығымен, шаруашылық субъекттинің есеп саясатмен және пайдаланушының талаптарымен анықталады. Балансты мемлекеттік және салық органдарына, банктерге, қол биржаларына көрсетеді, бұқаралық ақпарат құралдарына, арнауы анықтамаларға жариялайды.
Мамандандырылған баланс нақты пайдаланушылар тобы үшін жасайды, м-ы. инвесторлар үшін. Оны құрудың мақсаты баланстың қандай да бір бөлігін жан-жақты ашып көрсету. Мұндай баланс ішкі, сондай-ақ сыртқы болуы мүмкін.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Бухгалтерлік баланс дегеніміз не?
Бухгалтерлік баланстың қандай түрлері бар?
Бухгалтерлік баланс баптары даган не?
Баланс көрсеткіштері өзгерісінің қандай түрлерін білесіз?
Бухгалтерлік балансқа деген екі түрлі көзқарас мәні?
Баланс қандай бөлімдерден тұрады?
Тақырып 5. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі.
Дәріс жоспары:(4 сағат)
Аударылған жолдағы ақшалай қаржылар есебі
Банктердің арнаулы шоттардағы және валюталық шоттардағы ақша қаражаты
Есеп айырысу шоты мен кассалық операциялар есебі.
1. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалар арсында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:
есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйыидар мен жеке тұлғаларға;
бюджеттік шоттар-Қазақстан Респбуликасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
Корреспонденттік шоттар- корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.
Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем патсырмасы, чектер, аккредетивтер, төлем-талап-тапсырмалары, көлікпен пен темір жолмен есеп айырысу жөніндегі жиынтық талаптар.
Ақша қаражаттары мен есеп айырысу арасындағы шартпен айқындалады.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары:
Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу
Субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс , тиімді пайдалануды бақылау.
Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Аударылған бірақ кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақша қаражаттары болып саналады.
Ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:
Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.
Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанция
Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген авизасы.
Кәсіпорының ұйымның бухгалтериясы аударған ақшалардың банктердегі есеп айырылысуы немесе басқа тиісті шоттарға дер кезінде түсуін, есепке алынуын бақылап отыруы керек.
2. Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, арнаулы шоттардағы ақшалар және басқалай ақшалай қаржылар есептелінеді.
Мұндағы Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шарушылық субьектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Аккредитивтердің «өтелінген» және «өтелінбеген» - деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бөлінеді.
Шетелдік валюта – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша бірліктері.
Курс (бағам) – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеп отыратын екі ел ақша бірліктерінің өзара қатынасы.
Курстық айырма – бұл екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы курстың өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы.
3. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын немесе субьекті банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш
кәсіпорынның, субьектінің құрылуы жайлы құжат , жоғарғы органдардың кәсіпорын, ұйымды құруы жайлы шешімдердің көшірмесі
кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарлары қол таңбасын қойған, кәсіпорын мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және де т.б.
Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын немесе субъекті банк мекемесіне құжаттар табыс етуі қажет. Негізгі есеп айырысу құжаттары: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чектері, төлем талап тапсырмасы, салық және кеден органдарының инкассалыќ үкімі және тағы басқа құжаттар.
Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдарының, шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақша қаражаттарын саќтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталады. Кассадағы орындалған барлық операциялар кассалық кітапқа тіркеліп отырады және кітапты касса қызметке жүргізеді. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге болмайды.
Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
Ақша қаражаттарының сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің касссасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен-сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға әрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Субъект өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Ең аз мөлшерден тыс нақты ақшаны субъект есеп айырысу шотына қоса есептеу үшін банк мекемесіне өткізуге тиіс.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Ақша қаражаттары есебінің мақсаттары.
Аккредитив дегеніміз не?
Курстық бағам ұғымына анықтама беріңіз?
Есеп айырысу шоты операциясы қалай жүргізіледі?
Кассадағы есеп жүйесі қандай болады?
Тест сұрақтары.
1. Белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес қолма-қол ақшамен есеп айырысу қай мекемен жүргізілуі тиіс: (А)
А ҚР Ұлттық Банк.
Б ҚР Қаржы Министрлігімен
В Фирмалармен
С Банктермен
2. ... – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субьектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгенің дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы: (С)
А банк имитенті
Б чек
В вексель
С аккредитив
3. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар есеп айырысу қай жылдан бері қолданылып келеді? (Б)
А 1930ж
Б 1931ж
В 1949ж
С 1969ж
4. Аккредитивтердің екі түрі: (Б)
А мерзімді және мерзімсіз
Б шартты және шартсыз
В өтелген және өтелмеген
С кері шақырылатын және кері шақырылмайтын
5. Қай шотта чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі? (А)
А 422 Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар
Б мердігерлер мен есеп айырысулар
В аккредитивтер ақшалай қаржы
С валюталық шоттар
6. Кәсіпорын мен ұйым, мекемелер чек кітапшаларын алу үшін банк мекемесіне не береді? (Б)
А арыз
Б өтініш
В чек
С жеке куәлік
7. ҚР Ұлттық банк мекемесі белгілеп отыратын екі ел ақша бірліктерінің өзара қатынасы. (В)
А шетелдік валюта
Б валюта
В курс
С курстық айырма
8. Екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы курстық өзгеру салдарынан болатын айырма сомасы. (А)
А курстық айырма
Б нақты ақша
В кассадағы валюта
С шетелдік валюта
9. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды касса берместен бухгалтерлер қызметкерлері қай құжатқа тіркеп жазады: (Б)
А кассалық шығыс ордер
Б тіркеу журналы
В кассалық кіріс ордер
С ведомсқа
10. Кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал – ордердің ведомсында, ал шығысы бойынша қай құжатта жүргізіледі: (А)
А №1 санды журнал-ордерде
Б тіркеу журналында
В №10 журнал-ордерде
С №11 журнал-ордерде
Тақырып 6 Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есеп.
Дәріс жоспары: (4 сағат)
Меншікті капиталдағы өзгеріс.
Пайданы бөліп тарату әдістері
Капиталдан түскен пайданы бөліп тарату.
Қаржылық қорытынды есептегі көрінісі.
Субъектінің мүлкінің құрамы айналыстағы және айналыстан активтер болып екіге бөлінеді. Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
Жарғылық капитал;
Резервтік капитал;
Бөлінбеген пайда.
Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік коперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қоғамның акцияны сатып алатын мүшесіне ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.
Акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза пайдасы есебінен резервтік капитал құрады.
Шаруашылық субьектісінің қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелінетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы» болып табылады.
Бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесіне сәйкес серіктестіктің қаржы – шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысын негізінен үш бөлікке бөлуге болады:
қатысушылардың капиталына дивидендтер (оны салынған капитал үшін проценттер түрінде де қарастыруға болады);
қатысушылардың көрсеткен қызметі үшін берілетін компенсация (қатысушының еңбек ақысын жатқызуға болады);
коммерциялык тәуекелділіктен алынатын табыс (шаруашылық қызметтен алынатын табыс).
Табыстың мұндай үшке бөлінуі, қатысушының серіктестікке қанша
салым салғандығын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Серіктестің қатысушыларының барлығы жарғылық капиталға теңдей бөліктермен үлес қосқан болса, серіктестіктің қаржы - шаруашылық қызметі барысында бірдей уақыт жұмыс атқарып, олардың әрқайсысының басқару қабілеттері бірдей болатын болса, онда табыс пен зиянның әрбір қатысушыға тең мөлшерде бөліп таратылуы әрине әділ болып саналады.
Алайда, қатысушылардың әртүрлі көлемде үлес қосуы және олардың әрқайсысы кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметі барысына түрлі деңгейде өздерінің басқарушылық, іскерлік қабілеттерін сіңірген болса, онда әрине сәйкесінше табыс пен зиянның қатысушылар арасында бөліп таратылуы теңдей бөліктермен жүзеге асырылмауы тиіс.
2. Халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде пайданы (таза табысты) бөліп таратудың негізгі үш әдісі ажыратылады:
тағайындалаған (тіркелген) пропорция бойынша;
салынған капиталының көлемі бойынша;
еңбек ақының мөлшері және капиталдан алынатын проценттердің
көлеміне байланысты тағайындалған нормалар бойынша.
Тағайындалаған (тіркелген) пропорция бойынша пайданы (таза табысты)бөліп тарату әдісі. Бұл әдіс бойынша әрбір қатысушының табысты бөлуде алатын үлесі құрылтай құжаттарында алдын – ала белгіленеді.
Мысалы: Бекжұманова Гүлсара мен Әлжанова Жансая 2001 жылдың 3
қаңтарында киімтазалау қызметін көрсетумен айналысатын “Гүлжан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды делік. Кәсіпорынды құру кезінде жасалынған құрылтай құжатында, екі жақтың келісімімен, алынатын табыс төмендегідей қатынаспен бөліп таратылды: Гүлсара 55 пайыз және Жансая 45 пайыз. 2001 жылдың нәтижесі 100000 теңге таза табыспен аяқталды.Салынған капиталының көлемі бойынша пайданы (таза табысты) бөліп тарату әдісі.
3.Егер қатысушылардың салған капиталдарының үлесі әртүрлі болып, капиталдың бір бөлігі кәсіпорынға табыс әкелуге үлкен ықпалын тигізіп, ал екінші бір бөлігі аз ықпал тигізетін жағдайда салған капитал бойынша табысты бөліп тарату әдісі пайдаланылады.
Мысалы: 2001 жылдың қаржылық нәтижесі 100000 теңге таза табыспен аяқталды делік, ал Гүлсара мен Жансаяның салған капиталы бойынша қозғалыс келесідей болды:
Гүлсараның капиталы – 3.01. – 75000;
Жансаяның капиталы – 3.01. – 65000;
1.08. – 10000
Достарыңызбен бөлісу: |