Жамбыл Əсем
Биология 2-курс
7-апта
Дамуында бұзылуы бар балалардың іс-əрекет ерекшеліктері
Ақыл-ойдың кем жағдайында жалпы психикалық жетілмеу, іс-əрекеттің
мақсатының, түрткісі мен орындалу жолдарының сапасын нашарлатады.
Əсіресе, бастауыш сынып оқушылары өз мақсаттарына сəйкес əрекет ете
алмайды. Айталық, күрделі тапсырманы орындау барысында, оның
шартын толық ұғынып алмайды, орындаудың жалпы жоспарын қҧрмайды.
Балалар берілген нҧсқаудағы талаптар мен шарттарды
ескерместен,
бірден орындауға кіріседі.
Жалпы алғанда, бұл балалардың іс-əрекеттерінің мақсатты жағы
бұзылады, сондықтан, тапсырманы орындауда дҧрыс бағдар жасай
алмайды, қате немесе жартылай тҥрде орындайды, кезіккен қиындықтарға
адекватты қарай алмайды, алынған нəтижені сын көзбен бағалауға
дəрменсіз: оқушылар тапсырманы орындауға алдын-ала нҧсқау алмастан,
талдаусыз, жоспарсыз жəне нəтижеге жету жолында таңдап алынатын
əдіс-тəсілдерсіз, құралдарынсыз–ақ, бірден кірісе бастайды.
Іс-əрекет барысында, оны орындау тəсілдерінің қате болатынына кӛздері
жетсе де, олар ешнəрсені ӛзгертуге тырыспайды, жаңа тəсілдерін
іздестірмейді. Тағы бір ерекшелік, балалар өткен тапсырманы орындау
барысында
алған
тəжірибелерін,
келесі
тапсырманы
орындауда,
бҧлжытпай пайдалануға бейім.
Тапсырма орындау барысында кездескен қиындықтардан, балалар тез бас
тартады, ӛзіне таныс, жеңілдеу тапсырмаларды орындаудағы тəсілдерін
қолдануға тырысады, сөйтіп, өздерінің ой еңбегін жеңілдетеді. Бірақ,
оқушылар өз жұмыстарының нəтижелерін бағалауға қҧлықсыз.
«Бастауыш сыныптарда оқитын ақыл-ойы кем балалардың іс-əрекеті
оларды қоршаған ситуацияларға тəуелді. Көп жағдайда, балалар
импульсивтілік танытады, ӛз мінез-қҧлықтары мен тəртіптерін бақылай
алмайды. Олардың қандай да бір іс-əрекеттер жасау ынтасының аз
мерзімді екендігі туралы деректермен қатар, кейде аффективті, санадан
тыс тҥрткімен орындалатын іс-əрекеттері кейде ұзағырақ, мерзімге
созылатыны белгілі болған. Баланың дұрыс тəрбиесі мен оқуы, тҧрақты
ынта мен тҥрткінің орнығуымен, яғни мақсатқа сай жҥзеге асады.
Жоғары сынып оқушыларының іс-əрекет тҥрткілері, əсіресе, практикалық
негіздегі іс-əрекеттердің тҥрткілері, едəуір тҧрақты болып саналады.
Ақыл-ойы кем балаларға тəн белгі – ол тапсырманың шарты күрделенген
сайын, оны дұрыс орындау деңгейінің тӛмендей бастауы, бҧл олардың ой
еңбегіне қабілеттерінің деңгейімен тҥсіндіріледі. Ой еңбегі адам
əрекетінің ең кҥрделісі болып табылады, ол белгілі бір уақыт мерзімінде
орындалған жҧмыстың санымен жəне сапасымен ӛлшенеді. Оның негізгі
көрсеткіштері,
жұмыстың қарқыны (жауап қайтарудың латентті
кезеңдерінің ҧзақтығы немесе реакция жасау жылдамдығы) жəне
жұмыстың сапасы (жіберілген қателер саны) болып саналады.
Ақыл-ойы кем балалардың психикалық ҥдерістері, ебедейсіздікпен
сипатталады, ал бҧл ой əрекеті тəсілдерінің қайта құрылуын қиындатады.
Интеллектісі төмен балалардың жұмыс істеу қабілетінің нашарлауының
себептерін қарастыра отырып, зерттеушілер олардың кӛңіл бӛлетін
кедергілер болған жағдайда, кəдімгі реакция жасау жылдамдығының
тӛмендеп кететінін анықтаған. Таңдау реакциясы басты болып есептеледі,
мысалы, объектінің тҥсі немесе шамасы сияқты, бір белгі бойынша
реакция жасау. Бҧл жҥзеге асып жатқан ҥдерістердің баяулығын, басқа
ерекшеліктерін кӛрсетеді» .
«Бала онтогенезінде, яғни балалық шағында, əр жас кезеңіне сəйкес,
жетекші іс-əрекет тҥрлерінің дер кезінде, дҧрыс қалыптасуы, орасан зор
маңызға
ие,
себебі,
олардың əрқайсысының ішінде, басқа бір
іс-əрекеттердің пайда болуы, саралануы, дайындығы жҥзеге асады.
Жетекші іс-əрекет, баланың əлеуметтік жəне психикалық дамуында елеулі
орын алады, сондықтан оның жасқа сай қалыптасуы, баланың қалыпты
дамуға сай екендігінің немесе керісінше, ауытқуы болатынынын басты
кӛрсеткіші болып табылады.
Психикалық дамуы жалпы жетілмеген балаларда, жетекші ісəрекеттердің
барлық тҥрлерінің кеш пайда болуы мен кеш орнығуы бҧған дəлел.
Сонымен қоса, олардың іс-əрекет тҥрлерінің сапалық жəне қҧрылымдық
жақтары, қалыпты дамып келе жатқан қҧрбыларымен салыстырғанда,
едəуір нашар болатыны белгілі» .
Ақыл-ойы кем баланың ӛмірінің алғашқы жылында–ақ, осы жасқа сай
жетекші іс-əрекет тҥрінің қалыптасуында, яғни сəбидің тікелей
эмоционалды қарым-қатынасында, орта немесе ауыр дəрежедегі бҧзылуы
кӛзге тҥседі: ересек адамдарға қызығушылығы жоқ немесе тез жойылады,
осы
кезеңде
коммуникативті
қҧралдары
(жымиюы,
дыбыстық
реакциялары, қимыл-қозғалыс реакциялары) ӛте жҧпыны немесе мҥлде
жоқ. Жетекші іс-əрекеттің толық, жан-жақты жетілуі дамудың келесі
кезеңіне бастайтынын ескерсек, ақыл-ойы кем баланың барлық жетекші
іс-əрекеттерінің динамикасы мен сапасы, олардың жасқа сай даму
қалпынан
артта
қалатынына
айғақ
болады.
Ең
қарапайым
заттық-манипуляциялық, практикалық іс-əрекет, мектеп жасына дейінгі
балалардың ең жылдам меңгеретін ісі. Осы іс-əрекет тҥрі ынтаны
туғызады, балаға тҥрткі болады. Ӛкінішке орай, ақыл-ойы кем балалардың
бҧл, іс-əрекет тҥрі, айтарлықтай қиындықтар тудырады, ӛзіне-ӛз қызмет
ету элементтері дҧрыс орындалмайды.
Ақыл-ойы кем балалардың балалық кезеңінің ӛзінде, қарапайым
тҧрмыстық дағдыларды толық игеруіне кедергі жасайтын, моторика
дамуындағы ауытқулар болады. Балалар алдында ілулі тҧрған ойыншыққа
қолын созуды, отыруды, тҧруды, қозғалып жҥруді едəуір кеш меңгереді.
Қимыл-қозғалыс саласының баяу дамуы, баланың қоршаған ортамен
танысу мҥмкіндігін тӛмендетеді. Бҧл балалардың қимыл-қозғалыстары
ебедейсіз, икемсіз, координациялары нашар, тым шапшаң немесе
импульсивті болып келеді. Сəбилік жастан есейген соң, кӛпке дейін
ыдыс-аяқты дҧрыс пайдалана алмайды, тамақты тӛгіп, шашып, ҥстін
немесе айналасын ластайды.
------------------------
Мектеп жасына дейін, мақсатты, ұзақ уақыттық дамыту жұмыстарына
қатыспаған көптеген ақыл-ойы кем балалар, ӛздігінен киініп-шешіне
алмайды, ӛз заттарына ие болмайды, жинастыра білмейді. Əсіресе,
тҥймелену мен бəтеңкенің бауын байлау қиынға соғады. Бҧл дағдыларға
балаларды арнайы балабақшаларда ҥйретеді.
Қимыл-қозғалыстағы икемсіздік, жҥгіруде, секіруде, басқа практикалық
іс-əрекеттерде айқын кӛзге тҥседі. Мысалы, жүргенде, аяғын сүйретіп
басады, секіруге біртіндеп барып үйренеді т.б. Жалпы моториканың нашар
дамуы, барлық іс-əрекет тҥрлерінде бар: суреттерінің сҧлбасы анық емес,
сызықтары қисық.т.б.
Кез келген іс-əрекет түрлерін дамытуда, балаға жағымды эмоционалды
жағдай жасаған жӛн, жаттығулардың жҥйелілігі мен мерзімді қайталануы
нəтижеге қол жеткізеді.
Қалыпты дамып келе жатқан балалар ҥшін мектепке дейінгі жастағы
жетекші іс-əрекет – ойын. Ал ақыл-ойы кем балалар ҥшін, ойын мҧндай
маңызды рӛлді атқара алмайды. Ойынның ішінде, əсіресе сюжетті–рӛлдік
ойындар, баланы дамытушы маңызға ие. Ақыл-ойы кем балалар болса,
ойынның бҧл тҥрін ӛздігінен меңгере алмайды, егер арнайы ҥйретпесе,
олар ойыншықпен манипуляция жасау сияқты, қарапайым сатыда қалып
қояды. Тек мектеп алды жаста ғана, тəрбиешінің кӛп еңбектенуінің
нəтижесінде сюжетті-рӛлдік ойындардың элементтері қалыптаса бастайды.
Ақыл-ойы кем балалардың ойындарына тəн белгі – ол шынайы ӛмірді
сипаттайтын, нақты мазмҧнның болмауы. Мысалы, ҧл бала машинаны
бӛлменің бір шетінен екінші шетіне дейін, бостан-босқа сҥйретіп жҥреді,
машина болып, гҥжілдеген дыбыс шығарады, бірақ əрекетінде мазмҧн
жоқ, машинамен бір жерге бару, бірнəрсе тасу, біреуді мінгізіп алу тəрізді
ой болмайды, əрекеті стереотипті сипатқа ие болады. Сирек жағдайда,
балалар 2-3 болып бірігіп ойнайды, бірақ жылдам жалығады, ӛзара керісе
бастайды, ойыншыққа таласады. Егер ақыл-ойы кем бала, сау баламен
ойнайтын болса, онда тек бағынышты рӛлді атқарады, тіпті ӛзінің жасы,
сау баладан 1-2 жас ҥлкен болса да, соның айтқанын орындайды.
Айталық, балалар қарапайым сюжеттік ойын ҧйымдастыратын болса, бҧл
бала кӛмекшінің қызметін атқарады – бір нəрсені əкеледі, апарады, ҧстап
тҧрады т.б.
Нəтижелі іс-əрекет түрлерінен ең көп зерттеліп- қарастырылғаны –
ақыл-ойы кем балалардың сурет салу əрекеті.
Ақыл-ойы кем балалардың сурет салу əрекеттері, ӛзіндік ерекшеліктермен
қалыптасады.
Олардың
суреттерін
ӛзіндік
белгілеріне
қарай,
диагностикалық мақсатта пайдалануға болады. Балабақшада немесе ҥйде
арнайы ҥйренбеген балалар, кӛпке дейін тек шимайлаумен айналысады,
тек мектеп алды жасына жеткенде ғана, сюжетті суреттер салуға кӛшеді.
Бҧл суреттерде кӛру арқылы қабылдау кемшілігі, ойлау мен есте сақтау
қабілеттерінің тӛмен деңгейі, қол моториасының жетілмеуі
айқын
байқалады. Балалар адамды қҧс тəрізді етіп, басы мен аяғын ғана
бейнелейді, кейде адамдардың 4 аяғы болады, ҥйлердің іші «кӛрініп
тҧрады», əйтсе де, бала ӛз жұмыстарына эмоциямен қарайды, жоғары
бағалайды, басқаларға мақтанышпен көрсетеді.
Егер балаларды балабақшаларда сурет салуға арнайы ҥйретсе, мүлдем
басқа нəтижеге қол жеткізуге болады, демек, ерте жастан коррекциялық
жұмыс жүргізу, балалардың əлеуетті мҥмкіндіктерін ашуға болады.
Мектеп алды жасқа жеткенде, ақыл-ойы кем балаларда, мектепте оқуға
психологиялық дайындық қалыптаспайды, яғни оқу əрекетіне бастайтын
ынта мен ерік, танымдық жəне əлеуметтік негіздер жҥйесі қалыптаспайды.
Ақыл-ойы кем балалардың психикалық жетілмеуі, жүйелі сипатта
болғандықтан, бҧл категориядағы балалар
мектептегі жҥйелі оқуға
мүлдем дайын болмайды, сондықтан, арнайы мектепте немесе баланың
тҧрғылықты
жеріндегі
мамандар
мен
əлеуметтік-психологиялық,
əдістемелік жағдайларға сəйкес, интегративтік бағытпен оқытылуы тиіс.
Интеллектуалды жəне жеке тҧлғалық жетілу кемшілігіне орай, ақыл-ойы
кем балалар мектепке бару туралы мəселесні ойламайды. Ал, ересек
адамдардың айтуымен білсе де, бҧл болашақ туралы сирек, кездейсоқ
ассоциацияларға байланысты ғана сӛз етеді. Мектепте оқу перспективасы,
бҧл балалардың ӛмірінде елеулі орын алмайды.
Сөйте тұра, мектепке бару – бала өміріндегі маңызды кезең, оған дайын
болу
қажет. Жалпы баланың мектепке
дайындығының басты
компоненттеріні бірі – ынта, ал ақыл-ойы кем балаларда, бҧл сапа ӛте кеш
пайда болады. Кӛп жағдайда, ақыл-ойы кем балалардың басым бӛлігі,
арнайы мектептерге жалпы мектептерден ауысып келеді. Себебі,
ата-аналар мамандардың нҧсқауларына қарамай, балаларын ең алдымен,
жалпы
мектептерге
орналастырады.
Мектептегі
нашар
ҥлгерім,
мҧғаліммен, балалармен қақтығыстар, балада мектеп туралы жағымсыз
кӛзқарастар қалыптастырады. Кейде, ата-аналардың ӛздері, баланың
мҥмкіндігін нақты бағалай алмайды.
Оқудың
алғашқы
жылында,
баланың
мектепте
баруы,
сыртқы
эмоционалды
бояумен
əсіреленеді.
Біртіндеп, оқу материалының
қиындығына, кездескен сəтсіздіктерге қарай, баланың мектепке деген
кӛзқарасы нашарлайды, ал жоғары сыныптарда танымдық қызығушылық
біржола жоғалады. Кейде, жоғары сыныптарда оқушылардың еңбек пəніне
деген қызығушылығы ғана сақталуы мҥмкін.
Баланың оқуға деген дҧрыс кӛзқарасын қалыптасыратын факторлардың
бірі – оқушыға ынта жасайтын педагогтың бағалауы. Баланың оқуға деген
қызығушылығы
мен
дҧрыс
кӛзқарасында,
мҧғалім
беделінің
(мейірімділігі, балаларды тҥсіне білуі) рӛлі айрықша. Сонымен бірге,
оқушының жеке қасиеттері ӛзіндік маңызға ие.
Тəрбиелеу мен оқыту, еңбекке баулу мəселесі сау балалар ҥшін
қаншалықты маңызды болса, ақыл-ойы кем балалар ҥшін соншалықты
қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы кездегі жетістікке жетуге деген
тҥрткі соншалықты жабайы: ол тапсырманы басқалардан бҧрын, əрі
жақсы аяқтауға ҧмтылады. Біртіндеп, тҥрткі мен ынта кҥрделене тҥседі.
Балалар орындалатын жҧмыстың пайдасын, маңызын, қажеттілігін ҧғына
бастайды. Еңбек тҥрткісін жоғарылатуда, қоғамдық, ҧжымдық бағалаудың
маңызы зор: қоғам ҥшін қажет жҧмысты орындау немесе тамаша бҧйым
жасау – баланың еңбекке кӛзқарасын ӛзгертеді, ынталандыра тҥседі.
Ақыл-ойы
кем
балаларға
арналған
кӛмекші
мектептердегі
оқу
бағдарламасы, оларға белгілі бір білім кӛлемін беріп қана қоймайды,
сонымен бірге психикалық жəне дене бітімдік даму кемшіліктерін
коррекциялауды,
тҧлға
ретінде
қалыптастыруды,
қоғамға
интеграциялауды жəне кəсіби білім беріп, еңбек жолына даярлауды
кӛздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |