Дәріс соңында тапсырма берілген. Сол сұрақтарға, дәріс дәптеріне жауап беріңіз



жүктеу 1,84 Mb.
бет2/15
Дата11.09.2023
өлшемі1,84 Mb.
#43316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
дерма 1 лекция

VI
1-сурет. Тері құрлысы
I – эпидермис:
І 1 – мүйізді қабат;

2 – шыны тәріздес қабат;


6 3 – дәнді қабат;
4 – тікенек тәрізді қабат;
ІІ 7 5 – базальды қабат.
II – дерма:
ІІІ V 6 – емізік тәріздес қабат ;
7 – торлы қабат.
III – тері асты шел майы;
IV – тер безі;
ІV V – шаш фолликуласы;
VI – май безі
Тері дененің барлық жауып тұрып, табиғи тесіктер маңында кілегей қабаттарға ауысады. Ересек адамның терісінің жалпы аумағы 1,5-ден 1,8м2 құрайды. Тері адам денесінің сыртқы жабын мүшесі.
Теріні 3 бөлімге бөлуге болады (1-сурет):

  • эпидермис (epidermis);

  • дерма (derma);

  • тері асты шел майы (subcutis), немесе гиподерма

(hypodermis).
Эпидермис (тері беті) – терінің көпқабатты сыртқы бөлігі. Ол бір-бірінен клеткаларының көлемімен, пішінімен, сондай-ақ қызметімен ерекшеленетін 5 қабаттан тұрады. Оның қалыңдығы ең нәзік жерлерінде (қабағында) 0,04 мм, ең дөрекі жерлерінде (алақан, табан) 1,6 мм-ге дейін барады. Эпидермис 5 қабаттан тұрады:

  1. базальды қабат (stratum basale) табылады;

  2. тікенекті (stratum spinosum) қабат;

  3. түйіршікті (stratum granulosum) қабат; 4. жылтыр (stratum lucidum) қабат;

5. мүйізді (stratus corneum) қабат.
Дермамен шекаралас базальды мембрананың үстінде орналасқан призмалық және цилиндрлік клеткалардан тұратын бірқатарлы базальды қабат жатыр. Базальды мембрана осы клеткалардың төменгі полюсінен шыққан протоплазмалық өскіндерден түзіледі. Бұл өскіндер дерма мен эпидермисті өзара берік байланыстырады.
Базальды қабаттың үстінде цитоплазмалық өскіндері бар клеткалардан тұратын 3-8 қатарлы тікенекті эпидермоциттер қабаты орналасқан. Клеткааралық ең берік байланысты десмосомалар (desmosбайланыс, soma – дене) қамтамасыз етеді, екі клетка бір-бірімен тығыз байланыспен қосылып, олардың цитоплазмасына кіріп терең бойлайтын көлденең жатқан талшықтардың түйіндерімен жабысқан. асыратын өзектер жүргізе отырып, клеткалардың байланысын қамтамасыз етеді.
Тікенекті қабат клеткаларының цитоплазмасында кератиносомалар немесе Одланд денешіктері бар, онда оларды лизосомамен жақындастыратын мына ферменттердің белсенділігі анықталған: қышқыл фосфатаза, нуклеозидфосфатаза, эстераза.
Тікенектіден кейінгі түйіршікті қабат 1-3 қатар, ал табан мен алақанда 3-4 қатар клеткадан тұрады. Тері беткейіне жақынырақ орналасқан клеткалар ромб тәрізді, ал тереңірек жатқан клеткалар цилиндр және шаршы тәрізді пішін алады.

жүктеу 1,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау