Тері қосымшалары (шаштар, тер және май бездері).
Шаштың түзілуі эмбриональды дамудың 2-і айдың аяғы 3-і айдың басында жүреді. Эпидермис аймағында шаш қапшықтарына айналатын базальды-клеткалық өскін пайда болады. 4-5-ші айларда үлпек шаш (lanugo) түріндегі бастапқы өскін шаштар барлық тері жамылғысына, алақан, табан, ерін, сүт бездері емізіктері, кіші жыныс ерні, ер жыныс мүшесінің басынан басқа жерге, тегіс жайылады. Шаштың тері беткейінен шығып тұратын бөлігі серіппе, ал дермаішілік бөлігі түбірі деп аталады. Серіппенің тері беткейіне шығатын аймағында ойыстану – (воронка) бар..
Шаш үлпек тәрізді, қысқа (қас, кірпік, мұрт, сақал, гениталий аймағы шаштар) және ұзын (бастың шашты бөлігі) деп бөлінеді. Шаш жай өседі. Күнделікті шаш шамамен 0,3-0,5 мм-ге ұзарады. Көктем, жаз айларында шаш тезірек өседі.
Тырнақ туындылары эмбриональды дамудың 3-ші айында басталады. Алдымен тырнақ астаушасы түзіліп, сол аймақтың эпителийі қалыңдап, дәнекер тініне ауысады. Тырнақ астаушасының эпителиальды бөлігі – матрицадан тығыз, шағын түзіліс – тырнақ түбірі түзіледі. Тырнақ пластинкасының әрмен қарай дамуы пластинканың өзі, сондай-ақ тырнақ астаушасында жүретін кератинизация үрдісіне байланысты. Тырнақ пластинкасы сыртында жылтыр қабықшасы бар (lamina externa) тығыз жабысқан мүйізді пластинкадан құралған.
Тер бездері 2 түрде кездеседі. Жай тер бездері немесе мерокринді (эккринді) және апокринді деп бөлінеді.
Эккринді тер бездерінің (glandulae sudoripare) құрылымы түтікті, секреция түрі мерокринді. Олар клеткалардың осмос және диффузия үрдістері қатысуымен өтетін секреторлық қабілетіне байланысты бөлініс түзеді. Гистохимиялық зерттеуде тер бездерінің құрамынан РНК, қышқыл фосфатаза, карбоксилаза, эстераза, энергетикалық алмасу ферменттері белсенділігі табылған.
Апокринді тер бездерінің (glandulae apocrinicae) мерокринді тер бездерінен айырмашылығы бөліністі клетка заты көмегімен бөледі. Сондықтан, клеткалардың бір бөлшегі әлі де сылыну сатысында болады.
Май бездері (glandulae sebacea) секреторлы клеткалардың май метаплазиясымен жүретін және секрецияның галокринді түрі тән күрделі альвеолярлы түзіліс. Клеткалардың ажыратылуы орталығынан басталып, прогрессивті түрде май везикулдарының жинақталуымен сипатталады. Бұл жасуша мен ядросының дезинтеграциясына, клетка қабығы жыртылып, бөліністің май өзегі арқылы бөлінуін туғызады.. Тер және май бездерінің бөлінісі терінің биохимиялық, иммунды және физиологиялық қызметтерінде маңызды роль атқарады. Терінің физиологиялық функциялары
• Қорғаныштық:
механикалық – қысымға, созылуға, соғылуға және т.б. қарсы тұру;
күн сәулесінің зақымдау әсерінен қорғау;
терінің электрлік токқа қарсы тұруы;
химиялық және инфекциялық агентердің енуіне қарсы әсері;
Рецепторлық – орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) беріліп, сезімге айналатын қоршаған ортаның әсерін қабылдайтын кең рецеторлық аймақпен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |