Сабақтың жоспары: Литосфера және оның шекарасы Жер бедері, оның классификациясы



жүктеу 49,24 Kb.
бет1/6
Дата15.12.2023
өлшемі49,24 Kb.
#44722
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
7-13 дәрістер жалпы жертану


7 дәріс тақырыбы: Литосфера жайлы жалпылама мәліметтер. Жер бедері жайлы түсінік


Сабақтың жоспары:

  1. Литосфера және оның шекарасы

  2. Жер бедері, оның классификациясы

1. Литосфера — жер қабығы (грекше: λίθος — тас және σφαίρα — шар, сфера) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.


Қазіргі кезде, Жердің қабығы алты негізгі литосфералық плиталардан – Евроазиялық, Африкалық, Үнді-Австралиялық, Тынық мұхиттық, Америкалық және Антарктикалық плиталардан тұратыны анықталды. Олардың араларында кішігірім плиталар орналасқан. Бұл плиталар салыстырмалы түрде тұрақты. Себебі олар тұтқыр жабысқақ мантияның үстінде сырғып қозғалады. Мантияның заттары терең қабаттардағы жоғары температуралардың әсерінен болатын конвекциялық ағыстардың нәтижесінде үнемі қозғалыста болып тұрады.
Плиталар арасындағы шекаралар геологиялық белсенді аймақтар болып саналады. Олардың біреулері бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалып жатса, екінші біреулері бірінің үсітіне бірі шығып, үшіншілері жан жаққа жылжып, тағы да басқалары бір - біріне қарама қарсы бағыттарда қозғалып жатады. Тап осы Пангеяның палеозой эрасынын соңындағы құрылысы литосфералық плиталардың шекараларында жер сілкінулер мен вулкандар атқылауы байқалады.
Литосфералық плиталардың ажырау жылдамдықтары әртүрлі, мысалға: Атлант және Тынық мұхиттың солтүстік бөліктерінде бұл жылдамдық жылына 2-2.5 см. болса, Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде 10-12 см – ге тең.
Геологтардың мәлімдеуі бойынша, осы тектоникалық белсенділіктің жоғары кезеңдерінде магматизм де жоғарылайды. Вулкандардан бөлінген жыныстардың жастарын анықтау арқылы қысқа миллиондаған жылға ғана созылған тектоникалық-магмалық кезеңдердің анағұрлым ұзақ, 150-500 млн жылға созылған салыстырмалы тыныштық күйдегі эралармен кезектесіп отыратындығы дәлелденді. Жердің алғашқы миллиард жылындағы тіршілігі (катархей эрасы) туралы ешқандай геологиялық мәліметтер жоқ. Болжамдар бойынша, катархей эрасында базальтты лавалар атқылаған.
Континенттердің мезозой эрасының ортасындағы күйі күшті вулкандар нәтижесінде алғашқы атмосфера, мұхит және мұхитқа ұқсас жер қабығы пайда болған. Шөгінді жыныстардың граниттену процестері бұдан 3.5-2.7 млрд жыл бұрын болашақ континенттердің ядроларының түзілуіне себеп болған.
Келесі кезеңде, бұдан 2.7-1.7 млрд жыл бұрын жер қабығының гранитті-гнейсті қабаты және ертедегі платформалар пайда болған. Қазіргі кезде олар он түрлі блок түрінде– Европалық (Орыс), Шығыс Сібір, Қытай-Кореялық, Таримдік, Үндістандық, Африко-Аравиялық, Солтүстік-Америкалық, Оңтүстік-Америкалық, Австралиялық және Шығыс-Антарктикалық болып сақталған.
Бұдан 1.5 млрд жыл бұрын Мегагея атты суперконтинент пайда болған, ол қазіргі Бүкіләлемдік мұхиттың 2/3 бөлігін құрайтын бір ғана мұхитпен қоршалған болатын. 1.4 млрд жыл бұрын Мегагеяның бөлінуі нәтижесінде жаңа қозғалмалы қабаттар пайда болып, платформалар шөгіп, теңіз құрылықты баса бастаған.
Көнебайкалдык магмалық кезеңде (0.57-0.52 млрд жыл бұрын) Оңтүстік-Америкалық, Африко-Аравиялық, Үндістан, Австралиялық және Антарктикалық платформалар оңтүстік суперконтинент – Гондвананы құрады, бұл кезде Европалық және Солтүстік-Америкалық платформалар теңіздермен шектелген болатын. Каледон тектоникалық-магмалық кезеңінде (0.46-0.41 млрд жыл бұрын) Евразия, Солтүстік Америка және Гренландия Гондванадан Палео-Тетис мұхиты арқылы бөлінген біртұтас суперконтинент - Лавразияны құрады. Лавразияға 0.33-0.23 млрд жыл бұрын азиялық платформалар қосылды, кейіннен Солтүстік – Батыс Африка Солтүстік Америкамен қосылып Палео – Тетисті мүлдем жауып тастады, ал өз кезегінде Гондвана мен Лавразия Пангеяны құрды.
Пангея 90 млн жыл тіршілік етіп, мезозойдың соңына қарай (230-67 млн. жыл), яғни 170 млн жыл бұрын ыдырай бастады.
Литосфералық плиталардың қозғалу жылдамдықтарын ескерген есептеулер бойынша, енді 250 млн жылдан соң материктер қайтадан қосылып, солтүстік полюсте аса ірі суперматерик құруы мүмкін деп жорамалдауға болады.
Жер қабығының қалыңдығы онша емес: 10 км-ден (мұхиттардың түбінде) 80 км-ге дейін (тау өркештерінің астында).
Жер қыртысында – литосфераның жоғарғы бөлігінде – 90 химиялық элемент табылған, оның тек 8 ғана кең таралған және 97,2% құрайды. А.Е. Ферсман бойынша, олар келесідей таралған: оттегі – 49%, кремний – 26%, алюминий – 7,5%, темір – 4,2%, кальций – 3,3%, натрий – 2,4%, калий – 2,4%, магний – 2,4%. Бұл элементтердің ішінде оттегі мен кремнийдің маңызы зор. Элементтер күрделі химиялық қосылыстарды – минералдарды түзеді. Минералдардың жалпы саны 2000 жақын, оның ішінде тек 400-500 түрі ғана кең таралған.
Тау жыныстары және минералдар магмалық, шөгінді және метаморфоздық болып бөлінеді. Магмалық жыныстар жер қыртысында жатқан зат массасының 95% құрайды. Шөгінді тау жыныстары Жердің беткі қабатында қалыптасады. Шөгінді жыныстар қалдық, сазды, химиялық және органогендік болып бөлінеді.
2. Материктер мен мұхиттардың жер бедері екі негізгі формаға бөлінеді: таулар және жазықтар.
Платформалар жер қыртысының тұрақты аз қозғалатын облысы және тектоникалық қозғалыстардың аздап ауытқуымен сипатталады. Платформалар жер қыртысының қозғалмалы бөліктерінде – геосинклинальдарда қалыптасады. Сондықтан олардың құрылысы күрделі болып келеді және екі құрылымдық қабаттан тұрады: төменгі - кристалды және қатты метаморфоздалған тау жыныстарынан тұратын қатпарлы кристалды фундамент, жоғарғы – шөгінді қабат. Платформаның фундаменті жер шарының әр түрлі бөліктерінде әр түрлі тереңдіктерде жатады. Мысалы, Мәскеуде кристалды фундаменттің тереңдігі 1680 м, ал Каирда – 1050 м.
Жер шарының бір қатар бөліктерінде кристалдық фундамент жер бетіне шығып жатады. Платформаның мұндай бөліктері қалқан деп аталады. Мысалы, Орыс платформасындағы Балтық және Азов-Подольский, Сібір платформасында Алдан, Солтүстік-Америка платформасында Канада қалқаны.
Платформаның төмен түскен, шөгінді қабатпен жабылған бөлігі плита деп аталады. Мысалы, Орыс плитасы, Батыс Сібір және Тұран.
Геосинклиналь – жер қыртысының қозғалмалы бөлігі. Жердегі құрлық бедерін екі үлкен топқа бөлуге болады: жазық-платформалы облыстар; таулы (орогендік) облыстар.
Жазық-платформалы облыстар құрлықтың 64% алып жатыр. Олардың жер бетінде таралуында симметрия байқалады: олардың бірі –Солтүстік, екіншісі – Оңтүстік жарты шарда орналасқан.
Солтүстік жарты шарда – Солтүстік-Америка, Шығыс-Еуропа және Сібір жазығы облыстары; Оңтүстікте – Оңтүстік-Америкалық (Бразилия), Африка-Аравиялық, Австралиялық. Платформалық жазықтарда ойпаттар мен қыраттар, үстірттер, таулы үстірттер және жоғары көтерілген массивтер болады. Жазық-платформалы облыстар: аласа – абсолюттік биіктігі 100-200м, биік – биіктігі 400-1000м болады.
Таулы облыстар құрлықтың 36% алып жатыр. Таулар екі типке бөлінеді: жас және көне таулардың орнында қайта көтерілген таулар.
Жер бедерлері формасы (морфометриялық классификациясы) бойынша планетарлы, мегаформалы, макроформалы, мезоформалы, микроформалы және наноформалы болып бөлінеді. Планетарлы формалар жүз мыңдаған километр квадрат жерді алып жатады. Планетарлы жер бедерінің формаларына материктік беткейлер, мұхит табаны, орта-мұхиттық жоталар жатады. Мегаформалар он мыңдаған километр квадрат ауданды алып жатады. Оларға материктердегі таулы елдер, жазықтар, мұхит табанындағы ірі ойпаттар жатады.
Макроформалар мегаформалардың бөлігі болып табылады. Олардың ауданы 1000 км2. Макроформаларға қандайда бір таулы елдің жекелеген жоталары, ойпаттар, ірі өзен аңғарлары жатады.
Мезаформалар километр квадратпен өлшенеді, оларға сайлар, жыралар, бархандық қырқалар жатады. Микро- және наноформалар – жер бедерінің ең кіші формалары. Мысалы, микроформаларға карстық воронкалар, жағалық жалдар, ал наноформаларға – шалғынды төмпешіктер жатады.

8 дәріс тақырыбы: Морфоқұрылым және морфомүсін


Морфоқұрылым – рельефтің ірі формалары: олар эндогендік және экзогендік процестердің өзара әрекеті нәтижесінде, ең алдымен тектоникалық қозғалыстардың әсерінен пайда болған мегаформалар мен макроформалар. Олар жекелеген жоталар, үстірттер, қыраттар және т.б. Олардың қалыптасуы Жердің неотектоникалық даму кезеңдеріне сәйкес келеді.


Морфомүсін – климаттық жағдайлармен тығыз байланысты экзогендік процестердің әсерінен қалыптасқан шағын рельеф формалары. Морфомүсіндердің жасы төрттік кезеңге сәйкес келеді.
Генетикасы жағынан геотектура мен морфоқұрылымдар морфотектоникалық рельеф категориясына бірігеді, олардың пайда болуы негізнен эндогендік процестерге байланысты.
Тектоникалық қозғалыстар уақыттағы және кеңістіктегі бағыты мен интенсивтілігі бойынша әр түрлі сипатқа ие. Бағыты бойынша горизонтальды және вертикальды, көрініс беру жылдамдығы бойынша- жылдам (жер сілкінісі) және баяу (ғасырлық), уақыты бойынша ежелгі, жаңа және қазіргі болып бөлінеді.
Ұзақ уақыт бойы, геологияда фиксистік көзқарастың басым болуына байланысты рельефтің қалыптасуында негізгі ролді вертикалық қозғалыстар атқарады деп келінді. Вертикальды қозғалыстар жер бетінің планетарлық рельеф формаларының қалыптасуына негіз болды.
Мобилизм идеясының дамуына байланысты горизонтальды қозғалыстарға деген көз қарас артты. Неомобилистер рельефтің ірі формаларының қалыптасуында горизонтальды қозғалыстар негізгі ролді атқарады деп есептейді.

9 дәріс тақырыбы: Құрлықтағы ағынды сулар әрекетінен қалыптасқан бедер пішіндері.


Тау массасының еруіне және бұзылуына байланысты қалыптасқан бедер типтері.



жүктеу 49,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау