Бактериальді фактор. Патогенді микроорганизмдер іріңді аурулар, тері туберкулезі, лепра, лейшманиоздың, т.б. себебі болып табылады. Ал вирустар көпіршікті және белдеме теміреткі, өткірұшты кандилома, сүйел, контагиозды моллюскті туғызады.
Патогенді саңырауқұлақтар түрлі кератомикоз, дерматомикоз және терең микоздарды шақырады.
Жануар паразиттері (қышыма кенесі, сәйгел – овод) теріге еніп, сонда өсіп дамуы немесе шағу арқылы (бит, маса, кене, қандала) қышыну, тіпті пиодермияға әкелуі мүмкін.
Эндогенді этиологиялық факторлар әралуан. Оларға ішкі ағзалардың аурулары, әсіресе бауыр, асқазан ішек жолдары, зат алмасудың, эндокриндік және нерв жүйесі, гемопоэз, тамыр жүйесі, бұзылыстары, генетикалық факторлар және т.б. жатады.
1 КЕСТЕ. БІРІНШІЛІК ЭЛЕМЕНТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ
Біріншілік элемент
|
Сипаттамасы
|
Өзгеруі (мүмкін болатын екіншілік элементтер)
|
Дақ (1сурет)
|
Терінің шектелген аймағында терінің түсінің өзгеруі. Тері деңгейінен жоғары шығып тұрмайды, қуысы жоқ, із қалдырмай жазылып кетеді немесе тұрақты сақталады. Эпидермистегі, дермадағы,
|
Қабыршақтар, екіншілік пигментті дақ
|
|
гиподермадағы өзгерістер нәтижесі.
|
|
Күлдіреуік
|
Терінің деңгейінен жоғары шығып тұратын, тез пайда болып, тез жойылып кететін, терінің емізікше қабатының ісінуінен пайда болатын, қуыссыз элемент.
|
Екіншілік элементтері болмайды.
|
Папула
|
Теріден жоғары шығып тұратын, ізсіз жазылып кететін қуыссыз элемент. Эпидермисте немесе дермада пайда болады.
|
Қабыршақ, екіншілік пигментті дақ, лихенизация, жарықтар.
|
Төмпешік
(tuberculum)
– 2-сурет
|
Терінің деңгейінен шығып тұратын, тыртық қалдыратын немесе тыртықтық атрофия қалдырып жазылатын, қуыссыз элемент. Дермада немесе гиподермадан байқалады.
|
Қабыршақ, жара, қабық,тыртық, тыртықтық атрофия, кейде вегетация
|
Түйін
(nodus) –
3-сурет
|
Терінің деңгейінен шығып тұратын, тыртық қалдырып немесе ізсіз жазылатын қуыссыз элемент.
Гиподермада байқалады.
|
Жара, қабық, тыртық, екіншілік пигментті дақ
|
Көбікше
(vesicula) –
4-сурет
|
Шектелген, қуысты, диаметрі 0,1–0,5 см құрылым, із қалдырмай жазылады. Эпидермисте дамиды.
|
Эрозия, қабық, қабыршақ, екіншілік пигметті дақ.
|
Сулы
(күлдір) бөртпе
(bulla) –
5-сурет
|
Диаметрі 0,5 см-ден артық қуысты элемент, терінің деңгейінен шығып тұрады. Ізсіз немесе тыртық қалдырып жазылады. Эпидермисте немесе
|
Эрозия, қабық, қабыршақ, екіншілік пигметті дақ, кейде вегетация.
|
|
дермада пайда болады.
|
|
Пустула (іріңді бөртпе)
|
Ішінде іріңі бар қуысты, терінің деңгейінен шығып тұратын эпидермисте немесе дермада пайда болатын, элемент
|
Қабық, эрозия, пигментті дақ, ойық жара, тыртық, вегетация.
|
Екіншілік морфологиялық элементтердің сипаттамасы 2кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |