Емдік тамақтандыру – көптеген дерматоздарға әсер ететін маңызды фактор. Бұл әсіресе, этиологиялық факторы тағамдық затпен байланысты аллергодерматоздарға қатысты. Тағамдық рационнан сол тағамды алып тастау аурудан айығуға не ауру симптомдарын бәсеңдетуге әкеледі.
Дерматологиялық ауруларды жалпы емдеу қағидалары:
тиімді диагностика – тиімді ем негізі;
жедел ағымды, әсіресе созылмалы дерматоздардың тиімді емі тек қана науқасты жанжақты тесергенде ғана (этиологиялық және патологиялық) мүмкін болады;
ем науқастың жасын, анықталған висцеральды патологияларды, препараттарды көтере алу мүмкіндігін, сатысын,
дерматоздардың түрін ескеретін, жекеленген болуы қажет;
тағайындалатын ем кешенді, мақсатты бағытталған, барлық қолданылатын дәрілердің фармакодинамикасын есепке алатын болуы керек;
емнің жемістілігі науқасқа қажетті режим (қоршаған ортаны тазалау, атап айтсақ аллергендерді жою, тиімді тамақтандыру және басқалар) қалыптастырумен қамтамасыз етіледі.
көп жағдайларда жалпы ем сыртқы еммен қосарланып жүргізілуі керек. Соңғысы да, рефлекторлы және резорбтивті, жалпы әсер етеді.
ЖЕРГІЛІКТІ ЕМ
Жергілікті ем жалпы ем сияқты әрқашан индивидуальді қарым-қатынасты қажет етеді. Жергілікті емнің сәтті өтуі дерматозды ағымын (жедел, жеделдеу, созылмалы), процесс сатысын (өршу, стационарлы, кері дамушы), зақымдалу орны мен тереңдігін дұрыс бағалауға, тағайындалмақшы дәрінің фармакологиялық қасиеті, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін, концентрациясы мен дәрілік түріне байланысты.
Жалпы ереже: неғұрлым қабыну процесі жедел болған сайын, соғұрлым қабынуға қарсы әрілік заттар мен олардың дәрілік түрі де беткей әсер етуі керек. Ерітінді, опа, қоймалжыңдар пастаға қарағанда беткейірек, ал паста майлар мен компреске қарағанда беткейірек әсер етеді. Дәрілік заттың құрамындағы концентрациясын білу де маңызды. Әсер ету тереңдігін жоғарылау ретімен былай орналастыруға болады: опа, ерітінді, қоймалжың, паста, май, компресс, желім, бұластыр, лак.
2.0 Студенттің білімін бағалауға арналған тапсырма:
Осы сұрақтарға нақты жауап жазу.
1. Тері ағза ретінде. Терінің негізгі функциялары.
2. Эпидермистің құрылымы. Дерма құрылымы. Тері асты безінің
құрылымы мен функциялары майлы тін.
3. Терінің қосымшалары. Шаш, шаш фолликулалары жəне олардың
патологиясы.
4. Терінің қосымшалары. Тері бездерінің құрылымдық ерекшеліктері мен
патологиясы. Тырнақтардың құрылысы мен патологиясы.
5.Жұқпалы тері аурулары.
6.Тұқым қуалайтын дерматоздар.
7.Жыныстық жолмен берілетін аурулар.
8.Дерматологиялық науқастарды клиникалық тексерудің ерекшеліктері.
9.Тері ауруларын диагностикалаудың зертханалық əдістері.
10.Тері ауруларын сыртқы емдеу принциптері.
3.0. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер
: 1. Дерматовенерология: учебник / Под ред. А.В. Самцова, В.В. Барбинова. – 3-е издание, перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2016. – 432 с.
2. Дерматовенерология: нац. руководство + СД / Под ред. Ю.К. Скрипкина, Ю.С. Бутова, О.Л. Иванова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. – 1024 с.
3. Кожные и венерические болезни: учебник / Под ред. О.Л. Иванова. – М.: Шико, 2011. – 480 с.
4. Уайт Г. Атлас по дерматологии / Г. Уайт; пер. Н.Г. Кочергин. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 384 с.
Достарыңызбен бөлісу: |