Дәріс соңында тапсырма берілген. Сол сұрақтарға, дәріс дәптеріне жауап беріңіз.
1.Тері анатомиясы мен физиологиясы. Тері ауруларының этологиясымен патагенез мәселелері. Тері ауруларының терапиясының қағидалары.
Кіріспе.
Дерматовенерология – терінің қалыпты жағдайын және
патологиясын, анатомиялық құрылымын, физиологиялық
функцияларын және науқас организмнің жалпы жағдайымен
сыртқы ортаның шарттарымен байланысатын патологиялық
өзгерістерін, тері ауруларының алдын алуын және оны емдеуді
оқытады.
Дерматология – дамуы сонау ежелден бастау алатын тері (гр.
derma – тері) туралы ғылым. Мысалы, Қытайдың б.з.д. 2-3-
мыңжылдығына тиесілі медициналық кітаптарында алапес,
қышыма, фавус, ихтиоз, витилиго, тілме, фурункул, безеу
сипатталған. Гиппократ (б.з.д. 460-370 ж.) көптеген тері
ауруларын сипаттап, оларды сыртқы және ішкі себептерге тәуелді
деп, 2 топқа бөлген (сөл бұзылысы теориясы). Ол осы күнге дейін
қолданыста жүрген терминдерді пайдаланған: ұшық, лепра,
алапес, афта, карцинома, эктима, петехия. Римдік ғалым Цельс
(б.з.д. 25 ж) өзінің 8 томдық “De medicina libri octo” трактатының
бірқатар бөлімін тері ауруларына арнаған: сикоз, псориаз, терең
трихофития, алапес және т.б. Ол дерматоз емінде күн сәулесін,
жылы, физикалық жаттығулар қолдануды тағайындаған.
Орта Азияның дарынды оқымыстысы Абу-Али аль Хусейн
ибн-Абдаллах ибн-Сина (Авиценна) күлдіреуік, почесуха,
риштаны сипаттап, проказаны күпсектіктен ажыратқан. Ол өзінің
”Дәрігерлік ғылым каноны” атты әйгілі еңбегінде ертеректе
жазылған қытай, үнді, мысыр елі медицинасына толықтырулар
енгізумен қатар, өз тарапынан да көптеген жаңа заттар енгізді.
Авиценна жазбаларының бірқатары осы күнге дейін өзектілігін
жоғалқан жоқ.
ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫМШАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ
Тері ағзаның күрделі физиологиялық қызметтер кешенін атқаратын сыртқы жамылғысы. Ол белсенді түрде су, минерал, май, көмірсу, дәрумен, энергетикалық сияқты зат алмасу процесстеріне қатысады. Тері көмірсу, токсиндер, айналыстағы иммундық кешендер, антиген мен антидене және басқа да жалпы және тіндік зат алмасу өнімдерінің жинақталған үлкен қоры.Тері ағзаның барлық өмірлік маңызды процестеріне қатыса отырып, келесідей арнайы қызметтерді атқарады: иммундық, қорғаныш, секреторлық, рецепторлық және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |