Реферат Тақырыбы: Өндірістік ұйымдастыру Орындаған: Бейсен Дауіржан Тексерген: Қалнұр Ержанқызы Өскемен,2021 Жоспар



жүктеу 59,5 Kb.
бет1/2
Дата21.01.2022
өлшемі59,5 Kb.
#34262
түріРеферат
  1   2
ндірісті йымдастыру


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті

Реферат
Тақырыбы: Өндірістік ұйымдастыру

Орындаған: Бейсен Дауіржан

Тексерген: Қалнұр Ержанқызы

Өскемен,2021

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  • Өндіріс және оның түрлері туралы түсінік

  • Өндірістің әртүрлі түрлерінің ұйымдастырушылық және техникалық- экономикалық ерекшеліктері

  1. Қорытынды

 

1. Өндіріс түрі туралы түсінік

 

Өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды.



Өндіріс түрі  бұл атаулар тізімнің енділігі, ұдайлығы, тұрақтылығы және өнім шығару көлемі көлемі белгілері бойынша ерекшеленетін өндірістің жіктелу категориясы.

Басқаша анықтама: өндірістің түрі  машина жасау өндірісінің, мамандандырылуымен, бұйымдарадың атаулар тізімінің тұрақтылығымен және көлемімен, сондай-ақ бұйымның жұмыс орындары бойынша қозғалыс нысанымен қамтылған техникалық, ұйымдық және экономикалық ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасы.

Өндірістің үш негізгі түрі сипатталады: жеке, сериялық және жалпы.

Өндірістің жеке түрі  бұйымның кең атаулар тізімінің анықталмаған уақыт аралығында қайталанатын немесе тіпті қайталанбайтын және сандарды жасаумен сипатталады.

Өндірістің сериялық түрі  бұйымның шектелген атаулар тізімін кең мамандандырылған жұмыс орындарында белгіленген уақыт аралығы қайталанатын партиялармен жасаумен сипатталады. Бұйымдар сериясы  конструкторлық (немесе технологиялық) құжаттар бойынша, бұл құжатқа өзгерістер еңгізбей жасалынған бұйымдар.

Өндірістің сериялық түрі ірі сериялыққа, орта сериялыққа және ұсақ сериялыққа бөлінеді. Өндірістің ірі сериялық түрі  өзінің сипаттамасы бойынша жалпыға жақындайды, ұсақ сериялық  жекеге.

Дербес түрге тәжірибе жасау өндірісі жатады. Оның мақсаты  бұйым партиясының немесе серияның үлгілерін өндіру, яғни олардың өнеркәсіптік өндірісін игеру алдында зерттеу жұмыстарын келтіру, жетілдіру, бұйымның конструкциясын сынау үшін жасалынады.

 2. Өндірістің әртүрлі түрлерінің ұйымдастырушылық және техникалық экономикалық ерекшеліктері

 

Жеке немесе ұсақ сериялық өндіріс түрінде бірліктермен немесе ұсақ партиялармен жасалынатын өнімдердің көптеген әртүрлілері өндіріледі.



Мұндағы жабдық пен аспаптық жабдықтау  әмбебап. Өндірістің автоматтандырылу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары емес. Автоматтандырылған жабдық ұзақ күйге келтіруді талап етеді. Оны бөлшекке қайта күйге келтіру әр кез ұзақ үзілістермен байланысты. Сондықтан автоматтандырылған жабдықты өндірістің осындай түрлерінде қолдану тиімсіз.

Арнайы жабдықтың жоқтығы кейбір бөлшектердің жоғарғы жоғарғы дәлдігін қамтамассыз етуге мүмкіндік бермейді, нәтижесінде құрастырылғанда жетілдіру жұмыстарының көлемі көбейеді.

Әмбебап жабдықты кең пайдалану және арнайы станоктарды сирек қолдану жеке өндірісте жоғары маманды жұмысшылардың еңбегін пайдалануды талап етеді.

Жұмыс орындарына көлік мұнда шақыру бойынша беріледі, берілген сәтте жұмысшы  әмбебап, оған қандай аспап қажеттігін өзі таңдайды.

Технологиялық үрдістер тікелей цехтарда бөлшектелетіндіктен және анықталатындықтан, ал үлкен атаулы тізімінің орталықтанған жоспарлауы қиындайды, онда зауыт басқармасы аттарынан технологиялық және жоспарлауды басқарудың басым бөлігі жасаушы-цехтарда ауыстырылады.

Үлкен шектермен байланысты өнімнің жоғары еңбек сиымдылығы, жұмысшының жоғарғы мамандығы, материалдардың жоғары шығысы жеке өндірісте өнімнің жоғарғы өзіндік құнын белгілейді.

Жалпы және ірі сериялы өндіріс қатаң шектелген азғантай атаулар тізімінен тар мамандандырылған жұмыс орындарында ұзақ уақыт мерзімінде үздіксіз жасалынатын өнімді көп көлеммен шығарумен сипатталады.

Осындай жағдайлар жоғары деңгейде автоматтаңдырылған арнайы жабдықты кең қолдануды қамтамассыз етеді.

Жалпы өндірістің өлшемі болып, технологиялық үрдістің бағыты бойынша орналасқан, қатаң анықталған, соларға бекітілген операцияларды орындау үшін белгіленген жүмыс орындарының жиынтығы "тасқынды желі" болып саналады.Тасқынды желелердің көптеген әр түрлілері бар. Тасқын операцияларды орындау дағдыларының жылдам қорлануына, өте жоғары еңбек өнімділігіне, кей жағдайларда оның физикалық жеңілденуіне әкеп соғады. Дегенмен ол жұмысшыға қолайсыз әсер етеді, өйткені конвейердің жанындағы жұмыс бір сарынды және бір қалыпты. Толқында тағы басқа кемшіліктер бар.

Жалпы өндірісте аспап тасқынды желілерге топтама, сағат кестесі бойынша беріледі. Үздіксіз көлік басымдырақ.

Өндірістің осындай түрінде зауыт немесе цех өнімнің бір-екі атауын шығарады. Бұл конструкцияларда үйлестірілген және өзара алмасатын өлшемдердің кең қолдануына экономикалық мақсаттылық жасалады. Бұйым ауысымы жаппай өндірісте сирек жүргізіледі және тәртіп бойынша кәсіпорынның немесе цехтың қайта құрылуымен бірге жүреді. Шығару көлемінің көптігі мен конструкциясының жоғарғы түрақтылығы технологиялық үрдістердің жеке жасалуы экономикалық пайда береді. Технологиялық үрдістердің операциялары жеке ауысымдарға дейін сараланады және арнайы жабдықтың көлеміменорындалады.

Технологиялық үрдістердің мұқият жасалуы, арнайы жабдықпен жабдықталу ұзақ дайындауды талап етпейтін тармамандандырылған жұмысшы операторлардың еңбегін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жоғары мамандандырылған жұмысшы реттеушілердің еңбегі кең пайдаланылады. Қол жұмыстарының көлемі кенет кемиді, жетілдіру мен қиюластыру жұыстары шығып қалады. Жалпы өндірістегі технологиялық үрдістер бас технологтың бөлімімен жасалынады.

Өндірістің сериялы түрі  көбірек таралғаны. Бұйымдар атаулары тізімі мұнда  жетерліктей   көп   болады   бұйымдардың   бөлігі    конструкциялық  - технологиялық белгілері бойынша тектес болып саналады. Сериялық өндірістің белгісі  бұйымдардың шығарылуының қайталануы. Бұл бұйым шығаруды көбірек немесе азырақ ырғақты ұйымдастыруды мүмкіндіндіреді. Бірдей бұйымдарды салыстырмалы көп санмен шығару бұймдар мен технологиялық үрдістерді маңызды үйлестірумен жүргізу, бұйымдардың партияларымен шығаруды қамтамассыз етеді, олардың өзіндік күні төмендейді.

Мұнда әмбебаппен қатар арнайы жабдықпен жабдықтау да қолданылады. Орта сериялы өндіріс үшін мақсатты түрде технологиялық үрдістерді толық жасау, операцияны ауысымдар түрінде көрсетумен аяқталады.

Сериялық өндірісте әрбір жұмыс жұмысшы мен жабдықтың уақытының тең бөлігін ғана қамтиды. Оның аяқаталғанынан соң ол басқа операцияны орындайды және соған сәйкес жабдықтары қайта жөндейді. Қайта жөндеу үшін үзілістердің шарасыздығы жұмыс орындарын жүктеуді төмендетеді.

Өндіріс түрі түсінігі жұмыс орнына, бөлімге, цехқа, жалпы кәсіпорынға қатысты. Бір кәсіпорында бір мезгілде бірнеше өндіріс түрлері болуы мүмкін.

Сериялықтан жекеге, сонан соң өндірістің жаппай түрін ауысқанда байқалатыны: а) жоғарғы өнімді үрдістердің қолданылу аумағының үздіксіз кеңеюі, операцияларды орындаудың автоматтандырылуының жоғарылауы;

б) технологиялық жабдық пен арнайы жабдықтың үлесі артуы;

в) өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігі жоғарылауы, өндірістік қорлардың (материялдың және еңбектің) пайдалануының жақсаруы;

г) өндірстік циклдің тиімділігі мен еңбектің ұзақтығы қысқарды.

 


жүктеу 59,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау