Дәріс материалдары дәрістің қысқаша жазбашасы



жүктеу 42,95 Kb.
бет6/8
Дата01.03.2023
өлшемі42,95 Kb.
#41525
1   2   3   4   5   6   7   8
02. Дәрістер - 11.01.2023-13

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право.- М.,2019.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. 2020.
4. Богуславский М.М. Международное частное право.- М.,2018.
5. Международное частное право. Учебник./ Под ред. Г.К. Дмитриевой- М.,2019.
6. Международное частное право: Учебное пособие./ Г.К. Дмитриева., А.С.Довгерт, В.П. Панов., Н.А.Шебанова и др.- М.,2019.
5-дәріс. Халықаралық тасымалдау , халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдау 2- сағат.
Дәріс мақсаты : халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны туралы мағлұмат беру
Жиі қолданылатын сөздер: халықаралық тасымалдау, Теңіз тасымалдауы. Әуе тасымалдауы. Теміржол тасымалдауы. Автокөлік тасымалдауы. Аралас Тасымалдау
Негізгі сұрақтар: Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны. теңіз тасымалдауы
Теміржол тасымалдауы. Автокөлік тасымалдауы. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік
Дәріс тезистері: Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жук жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдылықтармен анықталады.
Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс.
Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.
Сонымен, халықаралық тасымалдау дегеніміз — мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпея жүктерді, жолаушыларды өткізу.
Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудын негізгі белгілері:
- жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
- жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ Халықаралық тасымалдау шарты арқылы халықаралық Тасымалдау деп есептеуге болады;
- халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта қолданылады;
- халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да езара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті Тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.
Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
Жолаушы мен тендеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен тендеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерівде көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады.
Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын үсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отыр-ғызу басталған сәтте және т.с.с.).
Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.
Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық Тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады.
Англосаксондық, француз, неміс құкығы бойынша тек кана тасымалдау шартын жасасқан көлік кұралын меншіктенуші (5һіро^пег-англ; 5һір Нег-неміс; 1е Ьоигйеоіх сіе №үіге-француз). Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» (аппаШге, Кеебег) қатар «фрахтователь» (Ггеіеиг, Үеіігасһег) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды.
1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізідді (ІгапхроПеиг- франц., саггіег-ағыл.; ІгапзроПо\Уіес-поляк-тық.).
«Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы —бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны, тендеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұксат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.

жүктеу 42,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау