Дәріс материалдары дәрістің қысқаша жазбашасы



жүктеу 42,95 Kb.
бет8/8
Дата01.03.2023
өлшемі42,95 Kb.
#41525
1   2   3   4   5   6   7   8
02. Дәрістер - 11.01.2023-13

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право.- М.,2019.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. 2020.
4. Богуславский М.М. Международное частное право.- М.,2018.
5. Международное частное право. Учебник./ Под ред. Г.К. Дмитриевой- М.,2019.
6. Международное частное право: Учебное пособие./ Г.К. Дмитриева., А.С.Довгерт, В.П. Панов., Н.А.Шебанова и др.- М.,2019.
7-дәріс. Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық меншік
Мақсаты: Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау және патент құқығының түсінігі мен мазмұны
жайлы мағлұматтар беру.
Жиі қолданылатын сөздер: патент, зияткерлік меншік,интеллектуалдық меншік, өнертабыс, өнеркәсіп үлгісі
Негізгі сұрақтар: Патент құқығының түсінігі мен мазмұны. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері. Өнертабыстар өнеркәсіптік үлгі
Тауар таңбасы. Қазақстан республикасының аумағында Интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін Халықаралық конвенциялар. Патент жүйесін қалыптастыратын халықаралық құқық органдары. Қазақстан республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнама.
Дәріс тезистері:
Қазіргі танда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеннен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конституцияларында бекітті.
Жоғары денгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалык өсу «Қазақстан—2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі.
Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік; активтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалык, өсудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалык және технологиялык базасын құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Бұл Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003—2015 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға кол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарынқорғауадам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен Көпілдіктерінің бірі.
Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарынқорғаусаласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен БИМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық, бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарынқорғаутүжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият —бұ лелдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте1.
Нарықтық экономикада кандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе — тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі танда «ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау — өндірушінің өз қолымен» деген ұранды ұстауы маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялык қызметті дамытуы табылады.
1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық Көпілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялык жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс ар-кылы интеллектуалдық. меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді.
Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі арзаң, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін калып-тастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда.
Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардын саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992—2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық, және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар'.
1. Патенттердін саны кебейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.
Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға Халықаралық, сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкіл дүниежүзілік интеллектуалдық меншіктіқорғауұйымы (БИМҰ) Конвеииясының 2-бабында
«Интеллектуалдық меншіктің» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарларына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, фирмалык атаулар мен коммерциялык көрсеткіштерге, кара ниетті бәсекелестікке қарсы корғану, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркеменер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. ҚР АК-нің 961-бабында жүйелендірілген тізілім берілген.
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерінқорғаужәне құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті түрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патентиеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.
Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлык куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.
Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қойылған бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген.
Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтыққорғаупринциптері түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті1.
1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның құқықтық реттелуін Қазақстан Республикасының Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және УҚРаина да қолдады1.
Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің келімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақ-талуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық қорғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.
Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін бері-леді оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің патентке қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады.
Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді.
Қазақстан бір өнертабысқа екі қорғау құжаты - заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады.
Бұл екіқорғауқұжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право.- М.,2019.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. 2020.
4. Богуславский М.М. Международное частное право.- М.,2018.
5. Международное частное право. Учебник./ Под ред. Г.К. Дмитриевой- М.,2019.
6. Международное частное право: Учебное пособие./ Г.К. Дмитриева., А.С.Довгерт, В.П. Панов., Н.А.Шебанова и др.- М.,2019.
жүктеу 42,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау