Ьех Іосі зеІеЬгаІіопів — бұл байлам отбасы құқығында қолданылады, яғни қай мемлекетте неке киылды сол мемлекеттің заңы қолданылады.
Жоғарыда аталған байлам формулалары сәйкес қарым-қатынастардың қолдануға жататын мемлекет құқығымен заңды немесе фактілі түрде байланысын ескереді.Тәжірибеде шетел элементімен шиеленіскен қарым - қатынасты ұлттық құқық ережелеріне бағындыру мысалдары кездеседі бұл ұлттық заңның қолдану шектерін кеңейту, өзінің заңды және жеке тұлға-лардың құқықтарын қорғау мен қызметін жеңілдетуге тырысуымен түсіндіріледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право.- М.,2019.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. 2020.
4. Богуславский М.М. Международное частное право.- М.,2018.
5. Международное частное право. Учебник./ Под ред. Г.К. Дмитриевой- М.,2019.
6. Международное частное право: Учебное пособие./ Г.К. Дмитриева., А.С.Довгерт, В.П. Панов., Н.А.Шебанова и др.- М.,2019.
3 -дәріс . Халықаралық жеке құқықтың субъектілері
4 сағат
Дәріс мақсаты : жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі жеке тұлғаның жеке заңы жайлы түсінік беру
Жиі қолданылатын сөздер: жеке тұлға, домицилия, жеке заң
Негізгі сұрақтар: жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, жеке тұлғаның жеке заңы, . жеке тұлғаның құқық қабілетілігі және әрекет қабілетілігі. Жеке тұлғаның жеке заңын қолдану аясына жеке тұлғаның азаматтық құқықтық мәртебесі, оның құқығы мен әрекет қабілеттілігі, жеке құқықтары, неке және отбасы қатынастары мен мұрагерлік қатынастарға байланысты құқықтары жатады.
Дәріс тезисі: Жеке заң екі вариантта қолданылады: азаматтық заң (ұлт-тық заң) Іех раігіе және тұрғылықты жер заңы Іех ёотісіііі.
Азаматтық заң - бұл жеке тұлғаның азаматтығы болып табылатын мемлекеттің заңына бағынуды айтамыз. Ал тұрғылықты жер заңы - бұл жеке тұлғаның тұрақты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз.
Жеке тұлғаның азаматтық заңы соңғы кездері Еуропа мемлекеттерімен коса алғанда көптеген мемлекеттерде үстемдік түрде қарастырылып келеді. Бұл азаматтық заңның кодданылуына себеп болған 1804 жылғы тарихи Француз Азаматтық кодексі. Онда шетелде жүрген француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі пен азаматтық жағдайы ұлттық, заңымен анықталады делінген. Кейіннен «ұлттық заң» мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде, 1896 жылы Герман Азаматтық заңдарында бекітілді.
Қазіргі кезде Норвегия, Дания, Исландия мемлекеттерінен басқа, латынамерикалық (Куба, Коста-Рика, Панамат.б.)және араб мемлекеттерінде (Алжир, Египет т.б.) азаматтық коллизия кағидасын қолданады. Ал англо-американдық құқықтағы домицилия концепциясы басқа құқық жүйелеріне қарағанда ерекше, себебі ол Рим кұқығына негізделген. Англосаксондық жалпы құқық жүйесі бойынша пайда болу (шықхан тегі) домицилиясы мен (сіотісіі оГогіёіп) және таңдау домицилиясына (сіотісіі оГсһоісе) бөлінеді. Мысалы, некемен туылған балаға әкесінің домицилиясы, некесіз туылғандарға шешесінің домицилиясы тиісті болады.
Таңдау домицилиясын қабылдау үшін тұлғанын ол жерде тұрақты өмір сүру, сонымен қатар, осыған сәйкес ниеті де болуы қажет.
Дж. Чешир және П. Норт бұл тезисті растау үшін екі сот шешімдерін мысалға келтіреді. Біріншіден, шотландиялык азаматтың Үндістанда 25 жыл өмір сүруі, оның келешекте өз еліне қайту ниетінің барлығына байланысты Үндістанның домицилиясын қабылдауы мүмкін еместігі туралы шешімі. Екінші шешімде шықхан тегі Жаңа Шотландия және осы ел домицилиясына ие канадалық тұлға, ағылшын әскери-әуе күштерінде қызмет етумен қатар, осы елде 40 жыл өмір сүруіне карамастан өз елі Жаңа Шотландияға бір кезеңде оралу ниетіне байланысты Англия домицилиясын қабылдаудың мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған.
Осы домицилияға байланысты, өз көзқарасын М. Вольф былай айткан: «кез келген тұлғаның домицилиясын анықтау көп жағдайларда оның азаматтығын анықтауға қарағанда күрделі болады. Себебі, домицилия ниетке байланысты, сондықтан оны дәлелдеу киын. Жалпы, домицилия концепцияларын бір-бірінен әр түрлі мемлекеттер шегінде ғана емес, бір мемлекет ішінде де ажырату күрделі, сондықтан да соңғы кездері халықаралық жеке құқықта жеке заңның аралас жүйесіне өту тенденциясы жүріп жатыр»1. Осыған мысал ретінде тұлғаның жеке мәртебесіне оның аза-маттық заңын қолданатын мемлекеттердің бірі Францияны алуға болады, сонымен қатар некенібұзуда ерлі-зайыптылардың азаматтық заңдарымен қаралады. Ерлі-зайыптылар әр түрлі мемлекеттердің азаматтары, яғни азаматтықтары әр түрлі бол-са, онда олар некені бұзу кезінде екі мемлекеттің құқығына жүгінулеріне тура келеді. Соның негізінде, бір жұбайының карсылығынан неке бүзылмай қалатын жағдайлар болды. 1930 жылы Италияда алғаш рет неке бұзудың шекті жағдайларына рұқсат беру туралы Заң қабылданды. Осындай азаматтық заңға байланысты қайшылықтардың негізінде сот тәжі-рибесі бас нормаларды сақтай отырып (некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылар азаматтық заңдарына бағынады), субсидиарлық коллизиялық норма жасап шығарады: егер ерлі-зайыптылардың жалпы,ортақ азаматтықтары болмаса, онда жеке заңның екінші нысаны - тұрғылықты жер (домицилия) заңына бағынады.
Осыған орай, Латын Америка мемлекеттеріне ортақ азаматтық кағида мен тең дәрежеде домицилия кағидасын қолданатын Бустаманте кодексін қарастыруға болады. Осы кодекстің 7-бабына сәйкес: «Бұл келісім шартқа отырған мемлекеттер өз жеке заңы ретінде домицилия заңын немесе азаматтық заңын қолданулары тиіс». Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігі жеке заңның аралас жүйесіне өтуде. Өйткені, онда реттеудің әр түрлі жолдары қарастырылған. Сондықтан, жеке заңның аралас жүйесіне өту халықаралық жеке құқықтың дамуында үлкен маңызды рөл атқаруда.
Соңғы кездері жеке заңның аралас жүйесі халықаралық жеке құқықтың барлық жаңа кодификацияларында бекітілген.
Мысалы, 1979 жылғы Венгрияның «Халықаралық жеке құқық туралы» Заңында жалпы ереже ретінде бұл Заң «жеке заңды» қолданады. 10-бапка (1) сәйкес: «Адамның құқық қабілеттілігін, әрекет қабілеттілігін және жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ жалпы жеке мәртебесін оның жеке заңына сәйкес қарастыру қажет». Осы заңнамада жеке заңның келесі түсінігі берілген: біріншіден, жеке заң — осы тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің заңы (Іех раігіае), екіншіден, бұл заң тұлғаның тұрақты тұратын мекенжайы орналасқан мемлекеттің заңы (Іех сіотісіііі). Дәл осылай, отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады.
Қазақстанның коллизиялық құқығы да осы жолмен дамып келеді. Әдетте, Қазақстандық құқықта кеңестік кезеңде жеке заңның тұрғылықты жер заңы нысаны кодданылған.
Алғаш рет 1991 жылғы Негізгі заңнамада жеке заң азаматтық заң негізінде қарастырылған: шетелдік азаматтың әрекет қабілеттілігі ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады (160-6. 2 т.). Аталған үрдіс Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексінің «Халықаралық жеке құқық» бөлімінде дами түсті.
ҚР АК-нде «Жеке тұлғаның жеке заңы» атты арнайы 1094-бап бар. Бұл бапта жеке заңды анықтаудың әр түрлі жағдайлары қарастырылған. Осы кодекстің 1094-бабы 1-тармағына сәйкес жеке тұлғанын азаматтық әрекет қабілеттігі ол азаматы нақты отаны болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады. Әдетте, тұлғаның бірнеше азаматтығы, яғни ол екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болған жағдайда, аталған тұлғаның жеке заңын азаматтық заң нысанында анықтау күрделенеді. Бұл жағдайда кейбір мемлекеттер мұндай мәселелерді әр түрлі жолдармен шешеді. Мысалы, Австрия және Түркияның Халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес: «егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса оның жеке заңы болып, «байланысы жакынырақ» мемлекеттің заңы табылады».
Сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттер азаматтық заң жобаларын жасау кезінде жеке тұлғаның жеке заңы азаматтық заңымен анықталатынымен қосымша ретінде келесі ереже қарастырылған: «егер тұлға екі немесе бірнеше мемлекеттің азаматы болып табылса, онда оның жеке заңы ол «жақынырақ байланыстағы» мемлекеттің заңымен анықталады».
ҚР АК-нің 1094-бабы, 2-тармағына сәйкес азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке заңы ол тұрақты тұратын, яғни тұрғылықты жері орналасқан мемлекеттің заңымен анықталады. Осы баптың 3-тармағына сәйкес, босқындардың жеке заңы оларға баспана берген мемлекеттің заңымен анықталады. Сонымен қатар, Қазақстандық құқыққа Қазақстанда әрекет қабілетсіз деп танылған, әрекет қабілеттілігі кеткен не едді деп жарияланған тұлғаларда бағынулары тиіс.
Мұрагерлікке байланысты қатынастар ҚР АК-нің 1121-ба-бына сәйкес мұра қалдырушының соңғы тұрақты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңымен реттеледі.
Халықаралық актілерге көңіл аударар болсақ, Азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы ТМД елдерінің 1993 жылғы Конвенциясы жоғарьда аталған азаматтық мәселелер бойынша қажетті құжат болып табылады. Себебі, бұл конвенцияда алғаш рет көп жақты көлемде құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік және домицилия мәселелерін шешудің жағдайлары қарастырылған. Сонымен, жеке заңның аралас жүйесіне өту халықаралық жеке құқықтың казіргі кездегі дамуына үлкен үлес қосуда.
Жеке тұлғаның құқық қабілетілігі және әрекет қабілетілігі:жеке тұлғаның Құқықтық мәртебесі туралы мәселе әдетте тұлға бір уақытта екі мемлекеттің азаматы болған кезде (қос азаматтық) күрделенеді. Мысалы, әке-шешесі Қазақстандықтар болып табылатын жаңа туылған бала шет елде, яғни бұл ел заңы бойынша өз жерінде туылғандардың барлығын мемлекет өз азаматтарына жаткызатын («іиз зоіі» кағидасы) мемлекет аума-ғында туылған жағдайда. Бұл жерде Қазақстан заңы бойынша Қазақстандық ата-анадан туылған бала Қазақстан азаматы болып табылады («іш 8ап§шпІ8» қағидасы).
Жеке тұлғалардың азаматтық, құқықтық қатынастағы құқықтық жағдайы оның құқықтық, кабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі арқылы анықталады (ҚР АК 1095-6). Бірақ бұл екі қабілеттіліктер кейбір құқық жүйелерінде терминологиясы бойынша ерекшелінеді. Англия мен АҚШ-та құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігі бір терминмен анықталады -«құқық қабілеттілігі»(1е§а! саравііу). Қазіргі уақытта заң әдебиеттері мен сот тәжірибесінде көбіне «пассивті құқықтық қабілеттілік» (разхіүе сара$Ну), яғни ағылшын заңгерлерінің түсінігімен құқықтық қабілеттілік және (асііүе сарасііу), құқық актілерін шығару қабілеттілігі (сарасііу Ғог регГогтапсе оГ 1е§а1 асі) яғни әрекет қабілеттілігі терминдері жиі қолданылады. Франция мен Англияда әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігінің араларында нақты терминологиялык ерекшелік жок. Француз азаматтық кодексінде құқықтық қабілеттілік пен әрекетқабілеттілігі (сарасііу), яғни «қабілеттілік» деген бір ғана терминмен аталады. Сот тәжірибесінде және заң әдебиеттерінде әрекет қабілеттілік (сарасігу сі' ехегсісі) пен құқық қабілеттілігінің (сарасііу сіе ]оиІ55апсе) арасында айырмашылықтар көрсетіледі. Француз және ағылшын құқығынан ерекшелігі, Герман азаматтық құқығында үш термин қолданылады, ол «әре-кет қабілеттілігі» (К.есһІзГаһі§1сеІ), «құқық қабілеттілігі» (Се5сһаГІ5Гаһі§КеіІ) және «деликт қабілеттілік» (Ое1іКІ$Гаһі§1сеіІ;). Деликт қабілеттілік — бұл азаматтардың құқықка қайшы әрекетінің негізіңде келтірілген шығынға азаматтық-құқықтық, жауапкершілікте болу қабілеттігі. Деликт қабілеттілікті әрекет қабілеттілік сияқты жеке жағдайларда қолдану Герман құқығының ерекшелігі болып табылады. Ал Ресей Федерациясында құқықтық, қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен басқа мәміле қабілеттілігі (сделкоспособность) пен деликт қабілет-тілігі (деликтоспособность) терминдері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |