Ьех 5осіе1а1і5 - бұл заңды тұлғаның ұлтына байланысты байлам. Бұл байлам, егер заңды тұлға бір елде тіркелген болып, екінші мемлекетте жұмыс істеп, ал оның бас органы үшінші мемлекетте қызмет жасаса, сонда оның ұлтын анықтау қажет. Сонымен, заңды тұлғаның ұлтын анықтау үшін осы төрт ілімге, кағидатка сүйенеміз:
1) инкорпорация немесе тіркеу қағидаты — заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады;
2) отырықшылық қағидаты - заңды тұлғаның бас органы қай мемлекетте орналасса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады;
3) қызмет ету қағидаты — заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады;
4) бақылау теориясы — бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңын негіз ретінде алады.
Ьех ҮоІипШік - бұл байлам бойынша шарт жақтары, өз еріктері бойынша бір мемлекеттің заңнамасын таңдауға құқылы.Тараптар қай мемлекеттің заңын немесе қай конвенцияны қолданатын шартта нақты көрсету керек.
Ьех үешіііогіз — бұл байлам бойынша сатушы тұратын мемлекеттің заңын қолдануды қарастырады. Бұл байлам сыртқы экономикалық мәмілелеріне тән.
Ьех геі зііае — бұл коллизиялық қағидат меншік құқық саласында қолданылады. Бұл ереже бір мемлекетте, белгілі бір затқа меншік кұқығын анықтауда көмек көрсетеді. Қазақстанның заңнамасында мүлік қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңнамасымен меншік құқығы анықталады. Бірақ егер мүлік мұра ретінде қарастырылса, онда мұрагердің соңғы тұрғылықты жерінің заңнамасымен реттеледі.
Ьех Іосі сіеіісііі соттіхзіі —бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық жасалған жердің заңнамасына байланысты. Яғни, сот қай мемлекетте зиян келтірілген болса, онда сол мемлекеттің заңнамасымен істі қарастырады.
Ьех Гогі — сот заңы, яғни дау қай мемлекетте қарастырылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Бұл қағидатқа сәйкес сот қатынастағы шетел элементіне қарамастан, өз елінің заңнамасын қолданады.
Ьех регБопаІів — жеке тұлғаға байланысты ереже оның өзі екі түрде қарастырылады:
1) Ьех раігіае — азаматтыққа байланысты заң;
2) Ьех сіотісіііі — тұлғаның тұрақты тұру жеріне байланысты заң.
Достарыңызбен бөлісу: |