Дәріс материалдары дәрістің қысқаша жазбашасы



жүктеу 42,95 Kb.
бет5/8
Дата01.03.2023
өлшемі42,95 Kb.
#41525
1   2   3   4   5   6   7   8
02. Дәрістер - 11.01.2023-13

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право.- М.,2019.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. 2020.
4. Богуславский М.М. Международное частное право.- М.,2018.
5. Международное частное право. Учебник./ Под ред. Г.К. Дмитриевой- М.,2019.
6. Международное частное право: Учебное пособие./ Г.К. Дмитриева., А.С.Довгерт, В.П. Панов., Н.А.Шебанова и др.- М.,2019.
4-дәріс. Сыртқы экономикалық мәмілелер
2 –сағат
Мақсаты: Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық мәселелері туралы мағлұмат беру
Жиі қолданылатын сөздер: жеке тұлға, домицилия, жеке заң
Негізгі сұрақтар: Сыртқы экономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы және оның түрлері Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық ережелері және оларды жою шаралары. Англия, германия, ақш және франция қүқығындағы сыртқы экономикалық мәміленщ коллизиялық ережелері
Дәріс тезистері: сыртқы экономикалық мәміле бұл халықаралық құқықтағы ең күрделі, ауқымды және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, бұл кәсіпкерлік құқық аясында жүргізіледі және мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен үлес косады. Тағы бір айта кететін жайт ҚР-ның АК-нде көрсетілген, көзделген шарттардың барлығын қамтиды. Осы себептен де сыртқы экономикалық мәмілелердің тиімділігі және маңыздылығы арта түседі. Бұл коллизиялық мәселенің өзі де қарастыруға тұрарлық мәселе деп түсінеміз. Сонымен қатар, коллизиялық мәселелер, яғни ережелер және оларды жою шаралары, сондай-ақ, тараптардың еркіндік қағидасы және сол еркіндіктің Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелуі, сонымен қатар өзге елдердің құқығындағы сырткы экономикалық мәміленің коллизиялык ережелері қарастырылады. Сыртқы экономикалық қызметтің ішіне мемлекеттердің сыртқы сауда қызметі, Халықаралық инвестициялык, валюталық және қаржы, несие операциялары, өндірістік кооператив және де өзге де қызмет түрлері кіреді. Сыртқы сауда қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады және ол халықаралық тауар, қызмет, жұмыс, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін және оларға деген меншік құқықтары алмасу түрінде жүзеге асырады.
Сыртқы сауда қызметінің субъектілері ретінде оның Қазақстандық және шетелдік қатысушылары танылады. Сыртқы сауда қызметінің Қазақстандық қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңдары негізінде құрылған және сол жерде тұрақты қызмет атқаратын жеке тұлғалар да жатады. Шетелдік қатысушылар ретінде шетел мемлекетінде тіркеліп құрылған және құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі олар азаматы болып табылатын шетел мемлекетінің құқығымен анықталатын шетел азаматтары және құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі тұрғылықты жері бойынша анықталатын азаматтығы жоқ жеке тұлғалар танылады.
Сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттелді.
Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер танылады1. Аталған анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.
Олар:
1) тараптардың бірі шетел тұлғасы болып табылады және басқа мемлекетте орналасуы керек.
2) мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады. Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б. Л.А. Лунц «Сыртқы экономикалық мәміленің түрлері көбеюі, күрделенуі, өзгеруі мүмкін, осыған байланысты сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі тұрақты болуы қиын. Сондықтан, осы көбейтуді, күрделенуді, өзгерістерді қамтитын жалпы анықтама табу керек» деген. Біздің ойымызша, М.С Зыкин сыртқы экономикалық мәмілеге ұтымды анықтама берген. Оның ойынша, сыртқы экономикалық мәміле дегеніміз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында екі мемлекетке орналасқан тұлғалар немесе коммерциялык кәсіпорындар арасында жасалатын шарттар болып табылады. Бұл анықтама сыртқы экономикалық мәмілеге жалпы мінездеме береді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінін 1113-бабы-ның мазмұнынан біз сыртқы экономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз. Олар: сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін пайдалану шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты, қарыз немесе езге де ҚРедит шарты, тапсырма шарты, комиссия шарты, сақтау шарты, сақтандыру шарты, Көпілге алу шарты, айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шарттар. Бұл шарттар сырткы экономикалық мәмілені білдіре алады, егер олар мәміле жасасушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқы экономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты деп айтуға болмайды, олардың қатары өзгеруі мүмкін. Енді осы шарттардың маңыздыларына тоқталсақ:
Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушынын) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін ақша сомасын (бағасын) телеуге міндеттенді.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйға алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттененеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады, не босатуға міндеттенеді.
Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы тендеме жүкті апаратын мекенге жеткізуді және оны тендеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде - тендеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді.
Енді сырткы экономикалық мәмілелерді ішкі мәмілелерден ажырата білу ерекшеліктеріне келсек, олар мыналар:
1. Тараптардың коммерциялык кәсіпорындары міндетті түрде екі мемлекетке орналасуы керек.
2. Олардың екі құқықтық жүйесі болуы керек.
3 Сатып алу-сату шартына байланысты тауарлар бір мемлекеттен екінші мемлекетке ауысқан жағдайда олар міндетті түрде шекараны кесіп өтуі керек.
4 Тараптар арасында дау туындаған жағдайда тараптардың өздері келісім бойынша қай елде, кандай процедура бойынша және қандай тілде қарастыруға болатынын өздері шешеді.

жүктеу 42,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау