Дәріс материалдары дәрістің қысқаша жазбашасы



жүктеу 42,95 Kb.
бет2/8
Дата01.03.2023
өлшемі42,95 Kb.
#41525
1   2   3   4   5   6   7   8
02. Дәрістер - 11.01.2023-13

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право.- М.,2019.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. 2020.
4. Богуславский М.М. Международное частное право.- М.,2018.
5. Международное частное право. Учебник./ Под ред. Г.К. Дмитриевой- М.,2019.
6. Международное частное право: Учебное пособие./ Г.К. Дмитриева., А.С.Довгерт, В.П. Панов., Н.А.Шебанова и др.- М.,2019.
2-дәріс . Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Қайшылықты нормалар
2 сағат
Дәріс мақсаты: халықаралық жеке құқықтағы коллизиялық ереже жайлы түсінік беру., коллизиялық ереженің түсінігі және маңызы сұрақтарын қарастыру
Жиі қолданылатын сөздер: коллизиялық.ереже, Байлам, Императивті ережелер, диспозитивті ережелер
Негізгі сұрақтар: Коллизиялық ереженің түсінігі және маңызы. Коллизиялық ереженің құрылымы және оның түрлері. Байламдардың түрлері мен ерекшеліктері. Байламдарды қолдану ерекшеліктері.
Дәріс тезистері: Халықаралық жеке құқықты реттейтін шетел элементі бар қарым-қатынастарда кейбір кездерде коллизиялық. мәселелер туындайды. Бұл мәселеде кақтығыстағы екі заңның қайсысын қолдану керек екені туралы сұрақты шешу керек. Коллизиялық мәселе - бұл белгілі бір құқықтық, қатынастағы қай елдің заңын қолдану керек екені туралы мәселе. Бұл мәселе халықаралық жеке құқыққа тән ерекшелік болып табылады. Халықаралық жеке құқықта коллизиялық мәселе және оны шешу осы құқықсаласыныңнегізгі мазмұнын құрайды. Халықаралықжеке құқықтың өзіне тән реттеу тәсілдері мен әдістері бар. Азаматтық қарым-қатынастарға қатысушылар арасында коллизиялық, мәселелер туындайды. Мұндай проблемалардың мазмұнында қандай құқық қолдану керек екені туралы мәселе шешіледі, яғни қай мемлекеттің заңын қолдану керектігі мәселесі шешіледі.
Бұл мәселелер белгілі бір коллизиялық ережелер қолдану арқылы шешілуі мүмкін. «Коллизия» (латын сөзінен «соііізіо») — ол қақтығыс немесе қайшылық деген мағынаны білдіреді. Заңдардың коллизиясы деп айтқанда, әр түрлі мемлекеттер арасындағы құқықты таңдау қажеттігін айтады. Құқық коллизиясының екі себебі бар:
— жеке құқықтық. қатынаста шетел элементінің болуы;
— қатынасқа байланысты әр түрлі мемлекет кұқығының мазмұндарының ерекшілігі.
Коллизиялық ереже белгілі бір мемлекетте немесе белгілі жағдайда қай мемлекеттің құқығын қолдану керектігін көрсетеді. Коллизиялық ережөнін қажеттілігі, біріншіден мына мәселеге байланысты: мемлекеттердің құқықтық жүйелері бір-біріне ұксамауы. Бірақ тәжірибе жүзінде қолданылатын құқық мәселесі құқық қолданушыда белгілі бір қиындықтар туғызады, себебі тек қана қандай коллизиялық. ереже қолдануды, қай мем-лекет құқығына сілтеме жасауды, сонымен қатар, шетел құқығы таңдалған жағдайда, істі шетел мемлекетінің заңдарына сәйкес шешіп алу қажет.
Коллизиялық ереженің мақсаты - бәсекелестіктегі екі не одан да көп құқықтық жүйе арасындағы коллизияны шешу және шетел элементі бар қатынастарды белгілі бір құқық тәртібіне бағындыру болып табылады. Бірақ, коллизиялық ереже мәселені мәні бойынша өзі шеше алмайды, ол тек тиісті міндетті қарастыратын материалдық ережеге сілтеме жасайды. Осы тәртіп негізінде мәселе шешіледі. Осыдан коллизиялық ереженің заң әдебиеттерінде «даулы», «сілтемелік» деген анықтамалармен неге қолданылуын байқауға болады.
Сілтеме жасалған материалдық құқықтық ережемен бірге коллизиялық. ереже азаматтық айналым қатысушыларына жүріс-тұрыс ережесін анықтайды. Халықаралық жеке құқық кұрамында коллизиялық және материалдық құқықтық ереженің косылуы, сипаты бойынша біртекті қарым-қатынастарды екі түрлі әдіспен реттеу қажеттілігі негізделеді. Халықаралық келісімдердегі материалдық құқықтық ережемен бірге халықаралық жеке құқық ішіне ішкі заңнамадағы материалдыққұқықтықережелер кіреді. Олар шетел элементі бар азаматтық қатынастарды реттеу үшін арнайы белгіленген. Бұл нормалар-ға жататындар: сыртқы экономикалық, қызметті реттейтін ере-же, инвестициялар режиміне қатысты ережелер, Қазақстан аза-маттарыныңшетелдегі мәртебесін анықтайтын ережелер, Қазақ-стан Республикасында азаматтық, неке және еңбек пен іс жүргізу құқығы аясында шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтық жағдайын анықтайтын ережелер.
Коллизиялық ережеге заңды-техникалық түрғыдан назар аударсақ –бұл халықаралық жеке құқықтағы қолданылатын ең қиын ережелер деп айтуға болады. Бұл мәселе коллизиялық ереженің мазмұнын анықтаудағы белгілі бір ережелерді қарастыруды талап етеді. Бұл ережелер коллизиялық нормаларды тәжірибеде қолдану мәселесін шешуіне көмек көрсетеді.
Коллизиялық ереже халықаралық жеке құқықта қолданылатын күрделі ереже болып табылады. Оның жағдайын тусіну үшін, бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар коллизиялық ереженің құрылымын қарастыру қажет. Коллизиялық ереженің ерекше табиғаты олардың құрылымының және оны қолданудың ерекшеліктерін аддын ала айқындайды.
Әрбір коллизиялық ереже басқа жай құқық ережелерге қарағанда екі бөлімнен тұрады. Коллизиялық ереженің екі элементтен құрылуы екі бөліктен құрылатын гипотеза және диспози-ция немесе гипотеза және санкция жалпы ереженің құрылымына сәйкес келеді. Құқық теориясында әдеттегі үш элементтік құрылым (гипотеза, диспозиция, санкция) тек әрекет ететін құқықты логикалык тұрғыдан талдау арқылы құрылатын логикалық ережені сипаттайды. Ал нормативтік актінің мәтінінде көрініс тапқан, шын мәнінде, нақты құқықтық ереженің екі элементтік құрылымы болады (гипотеза, санкция).
Сонымен, коллизиялық ережөнін құрылымын қарастырайық. Оның бірінші бөлігі коллизиялық ереженің көлемі болып табылады, ол коллизиялық ереженің қандай құқық қатынасында қолданылатыны туралы анықтайды. Мысалы: меншік құқығы, отбасы құқығы.
Коллизиялық ережөнін екінші бөлігі коллизиялық байлам (қағидат, бекіту формуласы) деп аталады. Байлам — бұл тиісті қарым-қатынаста қолданылатын заңға не құқықтық жүйеге нұсқау, яғни қай елдің заңын қолдану қажеттілігін көрсетеді.
Коллизиялық ережелерде кездесетін байламдардың келесі түрлері бар:
Lех Іосі соntгасtus - бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекітілгенін анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бойынша, шартқа қай мемлекетте кол қойылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сырткы экономикалық мәміле бойынша шартқа қол қойған жақтардың құқықтары мен міндеттері қол қойылған жердің заңнамасымен анықталады. Бірақ заң бойынша жақтарға заңды таңдау еркіндігі берілген.

жүктеу 42,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау