ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ
Дәрістің қысқаша жазбашасы
1-дәріс. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ 2 сағат
Мақсаты: Халықаралық жеке құқық түсінігі және атауы туралы мағлұмат беру.
Жиі қолданылатын сөздер: халықаралық жеке құқық, мүліктік және мүліктік емес қатынастар, шетелдік тұлғалар.
негізгі сұрақтар: 1-тақырып: Халықаралық жеке құқық түсінігі және атауы
1. Халықаралық жеке құқық құқық саласы жүйесінде.
2. Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары
3.Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары
4. Халықаралық жеке құқықтың құқык саласы ретіндегі мәні
5. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны
Дәріс тезистері: Халықаралық жеке құқықтың спецификалык ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған.
Халықаралық жеке қүқыктың мақсаты — әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды Құқықтық реттеу болып табылады.
Қатынастардың екінші бір тобы — шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқық-тағы сияқты халықаралық жеке құқыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.
Халықаралық жеке құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға Көпіл болу халықаралық жеке құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің каты-суымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқық. нормалары Қазақстаңдағы шетел азаматтарының құқыктык жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлеке-тіндегі жағдайын анықтайды.
Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні Халықаралық өмір-де пайда болатын азаматтық-құқыктық сипаттағы түрлі каты-настар болып табылады.
Халықаралық жеке құқық халықаралық жария құқықпен (не жалпы халықаралық құқықпен) тығыз байланысты. Халықаралық жеке құқық өзбетіндік, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады. Үстемдік етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сүйенсек халықаралық жеке құқық болып табылады.
Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары бір ғанамақсатүшін — әр түрлі саладағы халықаралық кауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін аткаруда. Бұл екеуінің арасындағыортақмүдце: — осы жердегі халықаралық, қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралықжеке құқық жария құқықтық, емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп тұрады.
Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы — олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әр түрлігінде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық кауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туындауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жеке құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.
Халықаралық жария құқықтан халықаралық жеке құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол қатынастардың субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемлекеттер халықаралық жария құқықтың негізгі субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, Халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызады. Ал халықаралық жеке құқықта қатысушылар мемлекет кана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар -бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар - бұл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.
Ендігі жерде халықаралық жеке құқықты халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық шарт халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық жеке құқықта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданыска ұшырайды.
Халықаралық жеке құқықта маңызды орынды (бұл халықаралықжария құқықха барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.
Енді, халықаралық жеке құқықтың мәнін анықтағаннан кейін, оны құқықтық тұрғьсынан алғандағы түсінігіне байланысты пікірлерді қарастырған жен.
Кеңестік дәуірде осы ғылымның дамуының алдында тұрған сұрақтардың бірі халықаралық жеке құқық деген түсінікке байланысты болып табылған. Жалпы жағдайларда, лениндік түсінік — біз ешқандай жекөлікті танымаймыз, бізде бәрі ортақ, сондықтан да, жария құқықтық деген түсінік қолданылуы керек деген де болды. Дегенмен де осы жеке құқық деген сөздің өзі тұтастай алғанда осы ғылымның ішкі мәнін және оның мазмұнын айқындап тұр, ейткені бұл сонау ерте римдік дәуірдегі құқықтарды жеке және жария деп бөлуді арықарайдамытып отыр. Бұны Ульпиниан қалыптастырған болатын, оның айтуынша жария құқық мемлекеттің жағдайына байланысты, ал жеке құқық - жеке тұлғалардың құқықтарына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқықтағы халықаралық деген түсінік қазіргі кездің өзіне дейін даусыз болып келеді. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша халықаралық жеке құқық барынша ішкі құқықпен тығыз байланыста бола отырып, құқық саласы ретінде танылады және ұлттық құқық, жүйесінің бөлігі болып табылады. Ал енді ең соңғы авторлардың қатары құқық деген сөзге өздерінің қарсылығын білдірді, себебі олардың пікірі бойынша халықаралық жеке құқық ол регтеуші функцияны емес, тек қана сілтемелік функцияны атқарушы болып табылады және мұндағы басты орынға коллизиялық ережелер ие деп тұжырымдады.
Сонымен қатар, осы халықаралық жеке құқық, деген түсінікке өзгертулер енгізуге байланысты жұмыстар одан әрі жалғасты. В.М. Корецкий өзінің «Очерки международного частного права» деген кітабында осы пәнді қамтиды деген 50-ден астам пәннің атауын ұсынады. Олардың қатарына келесі пәндерді жатқызуға болады: 1) Халықаралық азаматтық. құқық.; 2) халық-аралық. шаруашылық құқық; 3) жеке құқықтық. қатынастардың халықаралық режимі; 4) Халықаралық жеке құқық; 5) шетелдік құқықты қолдану; 6) Халықаралық құқық кағидаларына сәйкес түрлі мемлекеттердің заңдарын қолдану; 7) мемлекеттердің аумағынан тыс жерлерде құқықты тану; 8) құқықты тану; 9) шет-елдіктердің жалпы жеке құқықтары; 10) бөлектейтін құқық; 11) жеке құқық саласындағы құқық конфликтілерінің теория-сы; 12) құқық конфликтісі т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |