ЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ
ЖАҢА ТАЛАПТАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП
АТТЕСТАТТАУ
Оқытушы кадрлардың жоғары біліктілігі білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты болып табылады.
2013-2014 оқу жылынан бастап «Педагог қызметкерлерді аттестаттау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 22.01.2010ж. №16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31.03.2011ж. №119 бұйрығы өз күшін жойды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 28.08.2013 ж. № 8678 тіркелген «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестатаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м. а. 07.08.2013 ж. № 323 бұйрығын педагог кадрларды аттестаттаудың негізі деп санауға болады.
Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер 2 кезеңде аттестаттаудан өтеді:
біліктілік тестілеу;
қызмет қорытындыларын талдамалық жинақтау.
Тестілеу сұрақтарының саны 60:
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу – 20 сұрақ;
педагогика және психология негіздері – 20 сұрақ;
пәндік білім негіздері – 20 сұрақ.
Тестілеудің жалпы уақыты 150 минутты құрайтын математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерді қоспағандағы, жалпы тестілеу уақыты 120 минутты құрайды. Дұрыс жауаптар негізгі пән бойынша кемінде 70%, педагогика және психология негіздері бойынша – 50%, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша – 50% болса, тестілеу нәтижесі оң деп есептеледі. Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірілмей қайта тестілеуден өтеді.
Мыналар:
- ұзақ уақыт бойына еңбекке жарамсыздығынан айырылу (2 айдан аспайтын);
- жүктілігіне және босануына, бала күтіміне байланысты демалыста болу;
- мамандығы бойынша шетелде іссапарда болу дәлелді себептер болып табылады.
Қайта тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді. Педагог қызметкерге тестілеуді өткізу күні тестілеу рәсімін өткізуге 2 апта қалғанда хабарланады. Тестілеу облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бекіткен кестеге сәйкес 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өткізіледі. Білім беру ұйымдарының педагогтары өз еркімен өтініш негізінде мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге үміткер болады.
Екінші біліктілік санатына:
- жоғары оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
- орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
- өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл өтілі бар тұлғалар;
- деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар үміткер болады.
Бірінші біліктілік санатына:
- ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, қа ауысқан, 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі және магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар;
- облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстар, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
- облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорт жарыстарының, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтан) қатысушыларын даярлаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
- облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
- деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар үміткер болады.
Жоғары біліктілік санатына:
- Республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпмадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорт жарыстарының, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтан) қатысушыларын даярлаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
- Республикалық немесе халықаралық деңгедегі кәсіптік конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың, әртүрлі қатысу нысандарының (күндізгі, сырттай, қашықтан) қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
- облыстық немесе республикалық немесе халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
- аралық аттестаттау кезінде магистр, философия докторы (PhD), сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесін алған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
- ЖОО-дан, біліктілікті арттыру институтынан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, төрт жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
- магистр, философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі немесе сабақ беретін мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, төрт жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлағалар;
- деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарда біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар үміткер болады.
Өзгерістер педагогтардың келесі санаттарына:
- деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарда біліктілікті арттырудан өткен тұлғаларға;
- ЖОО-дан, біліктілікті арттыру институтынан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, төрт жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғаларға;
- білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан магистр, философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі немесе сабақ беретін мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар, төрт жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғаларға;
- өзінің педагогикалық тәжірибесін облыстық немесе республикалық немесе халықаралық деңгейде жинақтаған тұлғаларға;
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орынын бітірген және бір жылдан аса педагогикалық қызмет өтілі бар тұлғаларға қатысты болады.
Оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады (аталған бұйрықтың 23-тармағы).
Білім сапасының ауқымды бөлігі педагогикалық құрамның сапасымен анықталады. Ақыр аяғында оқушылардың білім алу жетістіктерінің нәтижелері педагогтардың біліктілігі мен шеберлігіне, олардың педагогикалық және кәсіптік қасиеттеріне байланысты болады.
БЕКІТІЛГЕН
ҚР Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 22 қаңтардағы N 16 бұйрығымен
«Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау Ережесінен» №29 тармақша
29. Аттестациялық комиссия қарауына келесідей құжаттар ұсынылады:
ЖОҒАРЫ санат – қызыл түсті папка болуы қажет;
БІРІНШІ санат – көк түсті папка болуы қажет;
ЕКІНШІ санат – жасыл түсті папка болуы қажет.
1)Нотариуспен немесе колледждің кадрлар бөлімінен расталған аттестациядан өтуші барлық педагогикалық қызметкерлердің міндетті ұсынылатын құжаттары:
-педагогикалық қызметкерлердің біліктілік санатын алуға немесе бекітуге жазған өтініші (өз қолымен анық жазылады);
-нотариуспен немесе колледждің кадрлар бөлімінен расталған жеке куәлігінің көшірмесі;
- нотариуспен немесе колледждің кадрлар бөлімінен расталған білімі туралы диплом көшірмесі;
- нотариуспен немесе колледждің кадрлар бөлімінен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- нотариуспен немесе колледждің кадрлар бөлімінен расталған бұрын біліктілік санаты тағайындалған куәлік көшірмесі;
- нотариуспен немесе колледждің кадрлар бөлімінен расталған мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы құжаттар көшірмесі;
- нотариуспен немесе колледждің кадрлар бөлімінен расталған қосымша пәндер бойынша курстан өткендігі туралы құжаттар көшірмесі (берілген пән бойынша аттестациядан өтушілерге);
-нотариуспен немесе колледждің кадрлар бөлімінен расталған мадақтаулар (мақтау қағаздары, алғыстар, алғыс хаттар);
-үлгі бойынша аттестациялық бетті электронды түрде ҒОӘК тапсыру.
2)Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі біліктілік талаптарына сәйкес бас директордың ҒОӘЖЖ орынбасарымен келісілген және бас директордың ОІЖ орынбасарымен бекітілген аттестациядан өтуші педагогикалық қызметкерлердің қызметін талдау үшін материалдар:
-ҰБК кестесі – егер Сіз жетекші болсаңыз – бас директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен расталған.
-педагогикалық тәжірибе туралы материалдар (сабақтардың нұсқаулығы, білімін жетілдіру бойынша оқу-әдістемелік құралдар). Жұмыстар дәрежесі бар өкілдермен рецензияланған болуы керек.
-шығармашылық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, педагогикалық оқуларға қатысқандығы туралы;
-іздену тәжірибе жұмыстарына қатысқандығы туралы;
-оқу-әдістемелік кешендерін, оқу бағдарламаларын зерттеуге, дайындауға қатысқандығы туралы;
-әдістемелік бірлестік жұмыстарына шығармашылық топ жұмыстарына қатысқандығы туралы;
-тәрбие жұмыстары мен ұйымдастыру жұмыстарымен қатысқандығы туралы;
-студенттердің оқудағы және тәрбиелік шаралардағы, пәндік олимпиадалардан, конкурс, жарыстар, сайыстардың жеңімпаздары туралы;
-педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік құзіреттілігін бағалау материалдары: пікірлер, студенттер мен ата-аналардың сауалнама қорытындысы.
Аттестациядан өтетін мұғалімдермен жұмыс жоспары Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби құзіреттілік деңгейіне сәйкестігін анықтау, педагогтардың өз біліктіліктерін көтерулеріне жағдай жасау. № Іс-шара атауы Мерзімі Жауапты Нәтижесі 1. Аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспарын талқылау, бекітуге ұсыну. 25.08.13 А.Т.Хамитова ӘК –те қарау 2. 2013-2014 оқу жылына эксперттік топ, құру аттестаттау комиссиясының құрамын қайта бекіту 02.09.13 А.Т.Хамитова бұйрық 3. Біліктілік арттыру курстарына жіберу жыл бойы А.Т.Хамитова Бірлестік жетекшілері сұраныс 4. Тәжірибе тарату, басылымдарға мақалалар жариялауын бақылауға алу жыл бойы А.Т.Хамитова Бірлестік жетекшілері басылым беттеріндегі мақалалар көшірмесі 5. Аттестаттау жұмысына дайындық шаралары, аттестаттау бұрышын әзірлеу 07.09.13 дейін А.Т.Хамитова бұрышты безендіру 6. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің сабағына қатысу кестесін бекіту 05.09.13 дейін А.Т.Хамитова кесте 7. №1 аттестаттау комиссиясының отырысы 1.Аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспарымен таныстыру. 2.Аттестациядан өтетін мұғалімдермен түсіндірме- дайындық жұмыстарын жүргізу (ереже, бұйрықтармен таныстыру) 29.10.13ж. Аттестаттау комиссиясының мүшелері №1 хаттама 8. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің сабағына қатысу 18.11- 25.12.13 Аттестаттау комиссиясы мүшелері Эксперттік топ №2 АКО анықтама 9. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің құжаттарының әзірленуіне басшылық жасау, портфолиоларын тексеру 28.11.13ж. Аттестаттау комиссиясы мүшелері Эксперттік топ №2 аттестаттау комиссиясының отырысы анықтама 10. № 2 аттестаттау комиссиясының отырысы 1.Мұғалімдердің портфолиоларын тексеру қорытындысы 2. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің сабағына қатысу қорытындысы 26.12.13 Аттестаттау комиссиясының мүшелері Бірлестік жетекшілері №2 хаттама 11. Аттестациядан өтетін жоғары және бірінші санатқа мұғалімдерінің шығармашылық есебі 08.01.14 Аттестациядан өтетін мұғалімдер №3 педкеңес 12. II санатқа өтетін мұғалімдердің 06.01.14ж. Аттестациядан №3 ҒӘК шығармашылық есебі өтетін мұғалімдер 13. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерді қалалық шығармашылық есеп беру жұмыстарына дайындау 01.02.14ж. бастап А.Т.Хамитова дайындық жұмыстары 14. № 3 аттестаттау комиссиясының отырысы Мұғалімдерді аттестаттаудың ІІ кезеңінен өткізу, аттестатталушы қызметінің педагогикалық қорытындыларына аналитикалық талдау қорытындысы 15.03.14ж. Аттестаттау комиссиясының мүшелері Эксперттік топ №3 хаттама 15. Аттестатталушы мұғалімдер жұмысын басқармаға ұсыну сәуір А.Т.Хамитова құжаттарды ұсыну Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік. Балалар өлең оқиды. Ұстаз болу- жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы. Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан, Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі” атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең … Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын. 2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика – математика» факультетінен «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес М. Шәменов ауылындағы №34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік көмек алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Менің шәкірттерім Серәлі Нарбота 2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын, ал аудандық пәндік ғылыми жоба жарысында Жақсылық Жұлдызай І орын иеленді. Осы мамандықты таңдауыма математика пәні мұғалімдері Байқожаев Болат ағай мен анам Дәулетбайқызы Шынардың еңбегі үлгі болды. Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт. Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан – жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт. Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын. Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Жастарды шетелдерде оқытуға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқулықтар білім беру ісіне ене бастады.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/1380-teacher.html#read?Like
© www.ZHARAR.comЭссе "Мен мектепке дейінгі ұйым әдіскерімін"
Жарияланды 30-03-2014, 21:14 Категориясы: Бала-бақша
Мен мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен күлкісінен нәр алу.
Мен өз қызмет жолымды №33 орта мектепте тәлімгер қызметінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екен сезіндім.
Ал қазір мен «Мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін». Әдіскер болу - жәй ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында әдіскер мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын ағамыз М. Жұмабаев айтқандай «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» - деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.
Педагог маманымен дәрігерді салыстырып көрелік. Дәрігер баланы тексеріп алмай, диагноз қойып қателесуіне құқысы бар ма? Жоқ құқысы жоқ. Сол сияқты педагог маман да баланы алдын ала зерттеп алмай оған тәрбиелеу мен дамыту әдістерін қолдана алмайды.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Балабақша педагогтары Республикалық «Өрлеу», «Нұр болашақ» ғылыми зерттеу орталықтарының ұйымдастырған жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне ендіріп те үлгерді.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата - аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған.
Біздің балабақшада төмендегідей формада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары жүргізіледі
1. Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру.
2. Түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру. Оған ата - аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеу.
3. Ғаламтодан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтармен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар кеңестер өткізіп отыру.
4. Шығармашылық топ құру. Балабақшадағы оқу тәрбие процесіне қатысты заманауи технологияларды ендіру жолдарын қарастыру. Бұл топқа білікті педагог кадрлар кіреді.
Білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп берілген. Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, жан жақты ізденіп ақпараттар алып, оларды балабақша тәжірбиесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіремін.
Ақын М. Жұмабаев өз еңбегінің бағыт бағдарын былайша аңғартады; «Алдыма бір кітапты қойып алып, желге бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдардың пікірін тыңдап алуға ұмтылдым» деп, ақын осылайша айтса, мен өзімнің әріптестеріме жаңа инновациялық тұрғыда әдістемелік көмек бере отырып, алдымен оларға рухани қуат, мейрімділік, шыдамдылық, кешіре білу, қызметтестеріммен тең жағдайда сырласу, әр кадрдың мүмкіндіктеріне сену, ойларын тыңдау қасиеттерім арқылы мен өз балабақшамның жұмысын жетілдіріп, мәртебемді көтере алатындығыма сенемін.
Менің әдістемелік қызметімнің нәтижелігі өз педагогтарымның өзін - өзі тануға ықпал жасау. Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен бақыт.
Өз ісінің шебері атану үшін не керек? Әрине білім, міндетті түрде - мейрімділік, жылы жүрек, баламен мамандығына деген сүйіспеншілік.
Менің өмірдегі ұстанымым
• көмек сұрағандарға көмек беру.
• өз сезімімді жасырмай, оны бақылай алу
• өзгелердің пікірін сыйлай білу
• тыңдай білу, тыңдата алу
• жаңалыққа жақын жаңашыл әдіскер болу
Өз сөзімді қорытындылай келе, жаңашыл әдіскер қандай болу керек? - деген сұраққа жауап бергім келеді
Жаңашыл әдіскер
• әдіскер - технолог
• әдіскер – педагог
• әдіскер – зерттеуші
• әдіскер – эксперт
• әдіскер – аналитик
• әдіскер басқарушы
Ең бастысы баламен өз мамандығын сүйетін жан болуы керек.
Эпилог орнына
Егер менің сиқырлы таяқшам болса, сол таяқшаммен жер бетін мейрімді жандарға толтырып, науқас жандарды ауруынан айықтырып, қызметтестерімнің жалақысын көбейтер едім. Сол кезде адамдар бақытқа бөленер еді.
Бірақ бақытты болу үшін сиқырлы таяқшаның болуы міндетті емес.
Ол үшін өзіңді сүйе біл, жақындарыңды сыйлап, қадірлей біл, әрбір өткізген шуақты күнді бағалай біл.
Ең бастысы өмірдің тамаша екендігіне сен!
Кері қайту
Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»
Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.
Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.
Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі абырой мен
Атқаруға үлесімді қосу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдадым. Қазақ тілі қашанда құдіретті, қасиетті тіл. Қазақ тілі қазақтың ұлы ақыны Абайдың, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтардың, дауылпаз жырдың Құлагері Ілиястың, сұлу сөздің иесі Сәкен мен Мағжанның тілі. Тіл – ғасырдан ғасырға, заманнан заманға жеткізетін халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет-көркем шежіресі, тарихы. Х.Досмұхамедұлы айтқандай, «Тілінен айырылған жұрт-жойвлған жұрт». Мектеп пен баспананың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолдаудан қалған тіл-бақытсыз тіл. Ол ел-сорлы ел, тәуелсіздігі тілдің тәуелсіздігімен тікелей байланысты және тіліміздің тағдыры-өзіміздің тағдырымыз. Сондықтан да ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілімізді өзіне лайықты шыңына қондыруға үлесімізді қоссақ игі. Бұл туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы азаматтық, әрі перзенттік парызымыз деп білемін.
Қазақ тілі мен әдебиеті –баланың жүрегіне, бойлай еніп, оның рухани өрісін болжай алатын пән. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы мақсатым – бала қиялын қияға өрлетер ғажайып ертегілер, шыншыл да сыншыл аңыз-әңгімелер, ерлікті дәріптеген батырлар жыры, шынайы махаббатты мұрат еткен әсерлі ғашықтық жырлар, өткір де өміршең шешендік сөздер арқылы халқымыздың рухани құндылықтарын бойына сіңірген, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын, жас жеткіншекті тәрбиелеу. Әрине шәкірттерім әдеби шығармаларды оқу арқылы халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінгі өмірін таниды. Сүйікті кейіпкерлердің арасындағы достығы мен сүйіспеншілінен, патриоттығы мен еңбеккорлылығынан, адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып, жақсысына жаны сүйсініп, жаманынан жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты іздене біледі. Дайылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт.
Достарыңызбен бөлісу: |