51
Прополистің құрамында 50-60
% қарамай (смола), 8-10 % эфир майлары, 30 %
балауыз (Воск) болады.
Прополистің екі типінде антисептикалық қасиеттері бар сондықтан
медицинада күйіктерді жараларды емдеуге пайдаланады.
Қазақ Медициналық институтында туберкулезді және өкпеге суық тигенде
емдеуге прополис майын пайдаланған. Көп жағдайда жәрдем беретіндігі
анықтьалған
Ара шаруашылығын тиімді ұйымдастыру үшін сол региондағы балды
өсімдіктер құрамын зерттеп ол өсімдіктердің гүлдеу календарін білу керек. Осы
мәліметтердің негізінде балды өсімдіктер үзіліссіз гүлдейтіндей жағдай жасауға
болады. Ол үшін балды өсімдіктерді мәдени өсімдіктермен аралас егіп ауыспалы
егістік алқабын жасауға болады. Соның нәтижесінде ара шаруашылығын табысты
шаруашылыққа айналдыруға болады. Аралардың ұшуының оптимальді радиусы 2
км
ге
дейін деуге болады. Дегенмен омарта (аралардың ұялары тұратын жер)
айналасының балды өсімдіктерін 3 км радиусында зерттеу керек мұндай
шеңбердің көлемі 28 шаршы км болады.
Егіс даласының балды өсімдіктері
Ауылшаруашылық дақылдарының ішінде егістік далаларында мынадай негізгі
балды өсімдіктер егіледі.
1) Жармалық мәдени дақылдан – Қарамық (Fagorium -Гречиха)
2) Малазықтық өсімдіктерден – Эспарцет (Onobrychis)
3) Майлы өсімдіктерден – Күнбағыс (Helianthus- Подсолнечник)
4) Иіретін өсімдіктеден – Мақта (Gossypium- Хлопчатник)
5) Эфир майлы және дәрілік өсімдіктерден – Анис (Anissum), Шалфей
(Salvia), Кориандр (Coriandrum)
Бау-бақшалардағы балды өсімдіктер
1) Жеміс ағаштар және жидек бұталар
2) Субтропикалық аймақтың жемісті және басқада бағалы балды
өсімдіктері
3) Бақшалық және көкөністік балды өсімдіктер
Иллюстрациялық материалдар:
1)
Кестелер
- Кестелер. Тозаңның химиялық құрамы
-Әртүрлі өсімдіктер тұқымдарындағы витаминдер мөлшері
- Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1)
Тозаң, нектар және прополис туралы түсінік
2)
Тозаңдардың химиялық құрамы
3)
Негізгі балды өсімдіктерді білу.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана Алматы, "Ғылым",
1939, 110с.
2. Глухов М.М. Важнейшие медоносные растение и способы их разведение
Москва, 1980. 623с.
52
Дәріс 12. Жануарлар және олардың ресурстары
Мақсаты: Қазақстанның жануарлар дүниесі (сүтқоректілер, насекос
жегіштер, қолқанаттылар, кеміргіштер, қоянтәрізділер және жыртқыштар) және
олардың шаруашылықтағы маңызы туралы түсінік беру.
Негізгі сұрақтар:
1. Отанымыздың баға жетпес байлығының бірі - жануарлар дүниесі туралы
түсінік.
2. Сутқоректілер класы немесе аңдар.
3. Насекомжегіштер және қолқанаттылар отрядтарының шаруашылықта маңызы
бар өкілдері.
4. Кеміргіштер отрядының бағалы терісі үшін ауланатын өкілдері.
5. Қоянтәрізділер отрядынан кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын
өкілдері.
6. Жыртқыштар отрядының шаруашылықтағы маңызы бар өкілдері және
олардың биологиялық ерекшеліктері.
Қазақстанның жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Республика
территориясын орманды-дала, дала, шөл-шөлейтті аймақтар кесіп өтеді. Ауа райы
құбылмалы. Табиғат жағдайының булай әр алуан болып келуі Қазақстанда жан-
жануарлардың көптеген түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік тудырады.
Қазақстан
территориясында
омыртқалы
жануарлардың 834 түрі
(сутқоректілердің -178 түрі, құстардың – 488 түрі, баурымен* жорғалаушылардың
49 түрі, қосмекенділердің 12 түрі, дөңгелекауыздылар мен балықтың 104 түрі)
мекендейді. Ал бұған қоса омыртқасыз жәндіктердің шамамен 50 мыңнан аса түрі
тағы бар. Қазақстанда академик Т.Н.Досжанов (1995) мәліметі бойынша тек
сүтқоректілердің 178 түрі таралған, олардың 70-тен астамының кәсіптік маңызы
бар, ал 42 түрінің саны азайып, қорғауды қажет етеді. Сүтқоректілердің арасында
ауыл және орман шаруашылығының зиянкестері, адам мен жануарларға түрлі
аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды көптен кездеседі. Сондықтанда
республика аумағындағы аңдарды ғылыми түрғыдан зерттеу, олардың пайдалы
түрлерін қорғау мен тиімді пайдалану, ал зиянкестерімен күресудің ғылыми
негізін жасау – Қазақстан зоолог-ғалымдарының алдында турған жауапты
міндеттердің бірі.
Отанымыздың баға жетпес байлығының бірі әрине жануарлар дүниесі.
Солардың ішінде құнды тері, дәмді ет, дәрі-дәрмектік шикізаттар беретін түрлері
көп-ақ. Мысалы, проф. А.Бекенов және т.б. (1983) мәліметтері бойынша табиғи
жағдайы әр алуан Қазақстан территориясында бағалы терісі мен шипалы еті үшін
53
аңдардың 50 ден астам түрлері ауланады.
Адамдардың тіршілігі үшін ең маңызды жануарлар тобының бірі ол әрине
сүтқоректілер. Сүтқоректілер – омыртқалы жануарлар қауымның ең жоғарғы
сатыдағы класы. Олардың дене мөлшері де әр алуан. Ең кішкентайы көптісті
жертесердің (Suncus etrus savi) дене ұзындығы 38-45 мм, салмағы – 1,2 -1,7 г
болса, ең ірі хайуанат – көк киттің (Balaenoptera musculus L.) денесінің ұзындығы
33 метрге, салмағы 120 тоннаға дейін жетеді. Су жануарлары – киттер балық
формасында болса, ушуға бейімделген жарқанаттардың алдыңғы аяқтары ушу
жарғағына айналғандықтан қустар сияқты самғайды. Көптеген аңдар денесінің
негізгі формасы – салмағы төрт аяқтарына түсетін денесі жер бетінен көтеріңкі.
Денесі жүнді терімен жабылған. Кейбір түрлерінде терідегі жүн инеге,
қабыршаққа немесе қылтанаққа айналған. Терілері әртүрлі бездерге (сүт, тері,
май және т.б.) бай. әсіресе, жалпы сүтқоректілерге тән ерекшелік балаларын
қоректендіруге арналған сүт бөлетін бездерінің болуы.
Сүтқоректілердің көпшілігі жылы қанды, денелерінің температурасы тұрақты,
қан айналысы араласпаған (артерия қаны вена қанына қосылмайды). Барлығыда
іштей ұрықтанады әрі балаларын тірі туады.
Сүтқоректілердің ішінде зиянды түрлері де бар. Біраз түрлері орман және
ауыл шаруашылықтарының зиянкестері, ал кейбіреулері адам мен жан-
жануарларға ауру таратушылар болып табылады. Сүтқоректілер класының
өкілдері бүгінгі күні өмір сүретін 19 отряді, 118 тұқымдас және 4000–нан астам
түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластан 8 отрядына (1) насекомшегіштер, 2)
қолқанаттылар, 3) қолытәрізділер, 4)кеміргіштер, 5) жыртқыштар, 6)
ескекалқалар, 7) тақтұяқтылар, 8) жұнтүяқтылар) жататын аңдардың 178 дей
түрлері тіршілік етеді (Бекенов және т.б. 1995).
Енді осы аталған 8 отрядқа жататын шаруашылықта пайдаланатын кейбір
түрлеріне тоқталып өтейік (Бекенов және т.б 1995).
1. Насекомжегіштер отряды (Insectivora bowdich, 1821). Бұл отрядқа
жататын аңдар – шағын және орта мөлшерлі қарапайым сүтқоректілер
шаруашылықта маңызы бары жупар тышқан туысынан жупар (Desmana moschata
Linnaeus 1758). Жупар терісі бағалы аң, бірақ саны өте аз болғандықтан оны
аулауға 1920 жылдаң бастап тииым салынған. Қазірде ол қорғауға алынып
Қазақстанның “Қызыл кітабына” еңгізілген оны сақтап қорғау үшін жайық өзені
бойында шағын қорықтар ұйымдастырылған.
2. Қолқанаттылар (Chiroptera blumenlach, 1779). Қолқанаттылар Арктика
және Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңірек таралған әуеде ұшып
тіршілік етуге бірден бір бейімелген сүтқоректілердің өкілдері. Бұл отрядтың
көптеген өкілдерінің ғылым үшін маңызы зор, ал кейбірулері жұқпалы аурулар
таратуға қатысуы мүмкін мысалы қостүсті жарқанат (Verpertilio murinus Linnaeus,
1758), ал кеңқұлақ жарқанат (Nadarida teniotis Raginesgue, 1814) сирек
кездесетіндіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.
3. Кеміргіштер отряды (Kodentia bowdich, 1821) кеміргіштер
Қазақстанда кеміргіштер отрядының бағалы терісі үшін ауланатындарына
мыналарды жатқызуға болады:
1) кәдімгі тиін – Sciarus vulguris Linnacus, 1758