63
Қазақстанда тұщы сулардағы, өтпелі және тұзды сулардағы жергілікті
балықтарды 9 отрядқа, 17 тұқымдасқа және 50 туысқа жатқызуға болады,
негізнен ол балықтар Понто-Каспий-Арал және солтүстік-жазықтық
фауналарының комплекстерінің өкілдері. Бірақта III дәуірдің тұщы
суларының және жас таулы-азия комплекстерінің өкілдері де айтарлықтай
орын алады.
Түрлік жағынан салыстырғанда ең көп кездесетіндері шамамен 50% ол
тұқы тұқымдасы (карповые) өкілдері.
Қазақстан ихтиофаунасында кездесетің түрлердің нақты санын айту
қазіргі кезде қыйындау өйткені ихтиологттар жаңа түрлерді уақытына
байланысты әрқалай анықтады. Яғни тәсілдері бірдей болмады. Кейбір
түрлер уақытша жасалған қазір жойылып кеткен су қоймаларында
сипатталды. Дегенмен шамамен айтуға болады Каспий теңізінен басқа
Қазақстан су қоймаларында жергілікті балықтардың 100 шақты түрі және
акклиматизацияланған (жерсіндірілген )20 түрі бар деп айтуға болады.
Қазақстанда кездесетін балықтардың түрлері «Рыбы Казахстана»деген
5 томдық еңбекте сипатталған авторлары проф. В.П.Митрофанов,
Г.М.Дукравец және т.б. Ол еңбектер 1986-1990 жылдары «Наука»
баспасынан шығарылды.
Қазақ тілінде «Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының
қазақша-орысша анықтауышы» кітабы «Қазақ университеті» баспасынан
1999 жылы А.А.Баймбетов және С.Р.Тимирханов шығарды.
Қазақстанда балықтардың шамамен 100 түрі кездеседі деп жоғарыда
айтылды.
Онын
бәрінің
таралуын,
биологиялық
ерекшеліктерін,
өсімталдығын, санын және шаруашылықтағы маңызын толық сипаттаудың
қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондықтан тек шаруашылықтағы өте маңызды
саналатын кейбір туыс өкілдеріне семинар сабақтарында баяндамалар
жасалынып талқыланады. Семинар сабақтарында:
1) қортпа -белуга
2) бекіре -осетр
3) албырт- лосось
4) торта- плотва
5) ақмарқа - жерех
6) қаяз - усач
7) табан балық -лещ
8) сазан - сазан
9) алабұға - окунь
10) көксерке - судак және тағы басқа туыстар өкілдері қарастырылады.
Бұл жерде шаруашылықта маңызы зор бір туыс балықтарын мысал
ретінде сиппатап өтейік. Семинар сабақтарында студенттер осы жоба
бойынша дайындалып баяндамаларын жасауы керек.
Род Cyprinus – Сазан
Сазан Cyprinidae – карповые - тұқытектестер тұқымдасына жатады.
Сазан туысынан Cyprinus carpio - сазан түріне сипаттама беріп өтейік.
Бұрынғы СССР территориясында 3 түрше, ал Қазақстанада 2 түрше
64
кездеседі. Оның бірі Cyprinus carpio aralensis Spitcshakov – арал сазаны.
Қазақстанда (батыс Қазақстаннан басқа) кең таралған Арал су алабынан
басқасына жерсіндірілген. Ұзындығы 40-45 (80) см, салмағы 2-2,5 (22,5) кг.
Кәсіптік түрі Қазақстанда Орал, Каспий және Эмбадан басқа барлық су
алабтарында мекендейді. Ал Орал, Каспий және Эмба су алабтарында
европалық сазан мекендейді. Бірақта Арал сазанының табиғи ареалдары Арал
бассейнімен шектеледі Амурдарья, Сырдарья, Зеравшан, Сарысу және Шу да,
көлдерді (Камышлибалық, Акчатау, Биликоль) су қоймаларын Шардара,
Бугунь және Ыстык-көлді қосқанда.
Басқа
су
қоймаларында
арал
сазаны
жерсіндірілген
және
республикадағы су алабтарына тарау үшін Шу өзенігдегі сазандар
пайдаланылған. Мысалы өткен ғасырдың (XIX) сонында шу сазаны Балхаш
бассейініне жіберілген, ал XX ғасырдың басында Таласс бассейініне жіберілді.
Ал 1930 жылдары сазан Балхаштан Алаколь және Зайсанға, Ертіс бассейніне,
ал 1940 жылдары Нура өзеніне жіберілді. Кейінірек сазан Ишим, Тобол,
Иртыш, Торғай өзендеріне және Ертіс-Карағанды су қоймаларына жіберілді.
Көбеюі, өсуі және жасы.
Арал сазаны 3-7 жылда (2-6) жыныстық пісіп жетіледі.Ареалының
оңтүстігінде солтүстікке қарағанда тезірек пісіп жетіледі. Мысалы ертерек
пісіп жетілуі (2-4 жылда дене ұзындығы 20-25 см болғанда) Шардара су
қоймасында және бүгунде байқалған (Ерещенко, 1970,1972), Балшах көлінде
(Иванов, 1971), Бухтарма су қоймасында (Федоров,1979) арал сазанының
пісіп жетілуіне 4-6 жыл қажет. Соңғы су қоймаларында аталық балықтар дене
ұзындығы 16-30 см болғанда 3-4 жылда пісіп жетіледі, ал аналықтары
ұзындығы 34 см болғанда 5 жылда пісіп жетілетіндігі анықталған.
Сазанның жеке өсімталдығы 12800 ден 2534000 дейін уылдырық болуы
мүмкін (В.П.Митрофанове және т.б., 1986). Сазанның жалпы өсімталдығы
Арал теңізінде және Сырдарья су қоймаларында өте жоғары. Ал Талас, Шу,
Сарысу, Іле өзендерінде өсміталдығы төмен. Бірақта барлық су қоймаларында
сазанның өсімталдығы балықтын денесінің мөлшеріне және жасына тікелей
байланысты екендігі анықталған. Мысалы Балхашта жоғары өсімталдығы 12-
16 жылдары болатындығы дәлелденген.
Арал сазанының өсу қарқындылығы оның мекендеген жағдайына
тікелей байланысты ең алдымен су қоймасында қоректік заттардың болуына.
Арал сазанының жасының жоғарғы шегі Балхаш көлінде (Иванов, 1971) – 19
жас, Арал теңізінде – 17 жас (Никольский, 1940), Боген су қоймасында
(Кузнецов, 1975), Шардарада (Дукравец, 1986) – 15 жас, Алакольде
(Стрельников, 1974) – 13 жас. Қазақстанның басқа су қоймаларында арал
сазанының жасы 10 жылдан аспайды.
Қоректенуі.
Су қоймасының жем-шөптік құрамының жағдайына байланысты арал
сазаны өзінің қоректену спектрін өзгертуге қабілетті. Бірақта Қазақстанның
көптеген су қоймаларында арал сазанының ең унатып жейтін тамағы ол
әсіресе насекомдардың личинкалары, ең алдымен - хиронамадтар. Оларға
қосымша зоопланктон және макрофиттер және де өсімдіктер және жануарлар