Дәріс Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқаша талдау Мақсаты



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет25/28
Дата15.05.2018
өлшемі0,78 Mb.
#13603
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 

56 


 

 1. 


Мысықтар туысынан терісі бағалылары: 

  1)  Шұбар  мысық  немесе  дала  мысығы – Felis libys Forster, 178.  Шөлді 

аймақтарда мекендеуге бейімделген жабайы мысық.Осы аймақтардағы өзендердің 

бойындағы  тораңғы,  жиде,  жыңғыл,  шеңгел,  қарасора  өскен  ну  тоғайларда 

тіршілік етеді.  

  2) Қамыс мысығы – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.  

Қамыс, қоға мен тал өскен өзен бойындағы тоғайларда мекендейді.  

  3) Сілеусін – Felis Lynx Linnalus, 1758. 

  Таулы  орманды  жерлерде  жатақ  жасап  мекендейді.  Іле,  Күнгей,  Жоңғар 

Алатауларында  бұл  жыртқыштың  саны  едәуір.  Мысықтар  туысына  жататын 

Қарақұлақ – Felis caracul schrebel, 1776, Сабыншы – Felis manul Pallas, 1776 және 

Шағыл  мысығы – Felis margarita Lochl, 1858 сандарының  азаюына  байланысты 

Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген.  

  2. Барыстар туысы – Uncia Gray, 1854. 

  Барыс Uncia Schreber, 1775. 

  Қазақстанда  барыс  оңтүстік,  оңтүстік-шығыс  және  шығыс  аудандарында 

таралуда.  Піскем  мен  Өгем  жоталарында,  Талас  пен  Қырғыз,  Іле,  Күнгей  және 

Теріскей  Алатауларында,  Кетпен  жотасында,  Жоңғар  Алатауы,  Тарбағатай, 

Сауыр және Оңтүстік Алтайда таралған. 

Бұрынғы  кездері  кәсіптік  маңызы  бар  аңдардың  қатарында  болған,  яғни  бұл 

аңның  терісі  дайындалып  тұрған.  Одан  кейін  бүкіл  дүние  жүзінде  саны  азайып 

кетуіне  байланысты  халықаралық  табиғи  қорғаудың    «Қызыл  кітабына » 

тіркелген.  

  3. Қабыландар туысы – Acinonyx Brooks, 1828. 

  Қабылан – Acinonyx jubatus Schrebes, 1776. 

  Қазіргі кезде біздің Республикамызда бұл жабайы мысық жойылып кеткен 

де  болуы  мүмкін.  ХVIII-XIX  ғасырларда  қабылан  Каспий  теңізінің  шығыс 

жағалауымен  Арал  теңізіне  дейінгі  шөлді  аймақта  кездесетін.  Саны  өте  аз 

болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.  

Өзін-өзі бақылау сұрақтары 

1.  Қазақстан  территориясында  сүтқоректілердің,  құстардың,  бауырымен 

жорғалаушылардың  қосмекенділердің,  дөңгек  ауыздылардың  және  балықтардың 

қанша түрлері кездеседі. 

2. Қызыл кітабқа енгізілген насекомжегіштер, жарқанаттар және жыртқыштар 

отрядтары өкілдері 

3. Жыртқыштар отрядының кәсіптік маңызы бар түрлері 

 Ұсынылған әдебиеттер 

1.  Бекенов  А.,  Махмутов  С.  Қазақстанның  аша  тұяқты  аңдарын  қорғау  және 

пайдалану  Алматы, "Қайнар", 1983 ж. 

2.  Бекенов  А.,  Есжанов  Б.,  Махмутов  С.  Қазақстан  сүтқоректілері  Алматы, 

"Ғылым". 1989 

3. Бекенов А. Қазақстанда сирек кездесетін аңдармен құстарды қорғау. 1970 

 

 

 




 

57 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



   Дәріс 13. Кәсіптік  маңызы  бар    Жұптұяқтылар,  тақтұяқтылар  және 

ескекаяқтылар  отрядтары өкілдері. 

Мақсаты:  Кәсіптік  маңызы  бар  жұптұяқтылар  және  тақтұяқтылар 

өкілдерімен және олардың шаруашылықта пайдалануымен таныстыру. 



Негізгі сұрақтар: 

1)  Жұптұяқтылар  отрядының  қуысмүйізділер,  бұғылар  және  жабайы 

шошқалар тұқымдастырының  кәсіптік маңызы бар өкілдері және олардың 

пайдалануы 

2)  Тақтұяқтылар  отрядының  жылқылар  тұқымдасына  кұланның 

Қазақстандағы жағдайы 

3) Ескекаяқтылар отряды өкілі итбалық және оның ерекшеліктері  

  Қазақстанда    жұптұяқтылар  отрядының 4 тұқымдасына  жататын  түрлері 

кездеседі.  

А) Қуысмүйізділер тұқымдасы – Bovidae, Gray, 1821. 

Қуысмүйізділер өкілдерінің кәсіптік маңызы жоғары, олар бағалы шикізаттар 

– ет, тері, мүйіз, тұяқ береді. Қазақстанда бұл тұқымдастың 4 туысына жататын 5 

түрі мекендейді:  



- Газельдер туысынан – Gazella sluinville, 1816.  

Қарақұйрық - Gazella subgutturoza, Guldenstaedt, 1780. Балқаштан  Маңғыстау 

түбегіне дейінгі аралықта кездеседі.  

- Бөкендер туысынан - Saiga Gray, 1843 

Ақбөкен немесе киік – Saiga taturica, Linnacus, 1766. 



- Ешкілер туысынан - Capra Linnacus, 1758. 

Таутеке - Capra sibirica Pallas, 1776. 

Республикамызда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Оңтүстік Алтайда кездеседі.  

- Қойлар туысы – Ovis Linnacus, 1758. 

Арқар - Ovis ammon Linnacus, 1758. 

Сыр  бойы  Қаратауында,  Тянь-Шянь,  Қырғыз  Алатауы,  Шу-Іле  тауларында, 

Іле,  Жоңғар  Алатауларында,  Сарыарқа  тау  жоталарында,  Тарбағатай,  Қалба 

Алтайы, Оңтүстік Алтайда кездеседі. 

Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары – Ovis orientalis Gmelin, 1774. 



Б) Бұғылар тұқымдасы - Cervidae Gray,1821.  

- Бұғылар туысы - Cervus Linnacus, 1758.  

- Марал - Cervus elapus Linnacus, 1758. 

Маралдар  Қазақстан  жерінде  Талас,  Іле,  Күнгей  және  Теріскей 

Алатауларында,  Кетпен  жотасында,  Жоңғар  Алатауы,  Тарбағатай,  Сауыр  және 

Оңтүстік Алтайда кездеседі. Маралдар аса бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін 




 

58 


 

«алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі өте жоғары 

бағаланады.  Одан  пантокрин  дәрісі  жасалынады.  Ол  жүрекке,  қан  айналым 

жүйесіне,  бұлшық  етке,  тыныс  жолдарына,  т.б.  органдарға  әсер  ететін  сергіткіш 

дәрі.  

Шығыс  Қазақстан  облысында  алты  мыңнан  астам  марал  өсірілетін 



шаруашылықтар  бар.  Олар  жылына 5,2 мың  килограмға  дейін  маралдың  жас 

мүйізін  дайындайды.  Бұл  шаруашылықтарда  өсіп  есейген  әр  маралдан 5-5,3 кг 

дейін панта алынады.  

Еліктер туысы – Capreolus Gray, 1821 

Елік - Косуля- Capreolus  сapreolus Linnacus, 1758  

Еліктер  Қазақстанда  Алматы,  Солтүстік  Қазақстан,  Павлодар,  Көкшетау, 

Шығыс  Қазақстан,  Қостанай,  Батыс  Қазақстан  облыстарының  орман-

жоталарында  таралған.  Ертеректе  дәмді  еті  үшін  жыл  сайын 1000-5400 

шамасында  елік  ауланатын.  Қазіргі  кезде  бар-жоғы  әуесқойлық  жолмен 200-250 

елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс былғары жасайды. 

Соңғы  кезде  етімен  қатар  мүйізінде  пайдалана  бастады.  Одан  түрлі  сыйлық 

бұйымдар жасалады.  



Бұландар туысы – Alcer Gray, 1821 

Бұлан - Alcer аlcer Linnacus, 1758 

Бұландар Қазақстанның 10 облысында кездеседі. Әсіресе Жайық, Есіл, Тобыл, 

Елек,  Ертіс  өзендерінің  бойындағы  орман-тоғайларда  көбірек  кездеседі.  Дәмді 

етімен  сәнді  мүйізі  үшін  есепсіз  аулау  нәтижесінде  Қазақстанда  ХІХ  ғасырдың 

аяғында  бұлан  саны  күрт  азайып  кеткен.  Одан  кейін  қорғауға  алу  нәтижесінде 

оның  саны  өсіп, 1972 жылдан  бастап  бұл  аң  арнаулы  рұқсат  қағазы  бойынша 

ауланатын  болды.  Республика  жерінде  бұланның  негізгі  мекендері – қайың, 

самырсын, шырша, қарағай өскен орман алқаптары.  



Құдырлар тұқымдасы – Moschidae Gray, 1821 

Қазақстанда бұл тұқымнан бір туыс – құдырларкездеседі.  



Құдыр туысы - Moschus Linnacus, 1758 

Құдыр - Moschus moschiferus Linnacus, 1758 

Республикамызда  Шығыс  Қазақстан  облысының  таулы,  қылқан  жапырақты 

аудандарында  таралған.  Жалпы  есеп  бойынша  Қазақстанда  шамамен 1000-1200 

құдыр  бар.  Ерте  уақыттан  бері  Шығыс  және  Европа  медицинасында  және 

парфюмер  өнеркәсібінде  құдырдың  «мускус»  бездері  қолданылған.  Соңғы 

жылдары  құдырдың  саны  өте  аз  болғандықтан  Қазақстанда  әуесқойлық  жолмен 

жылына оның 15-20 ғана ұсталады.  

Жабайы шошқалар(қабандар) тұқымдасы – Suidae Gray, 1821 

Шошқалар  немесе  доңыздар  жұп  тұяқтыларға  жататын  орташа  келген 

жануар.Қазақстанның  барлық  облыстарында  кездеседі.  Әсіресе  Алматы, 

Қызылорда  облыстарында  көбірек  кездеседі.  Доңызды  қамыс  құрақты  қопалар 

мен  батпақты  жерлердің  тұрғыны  деп  есептейді.  Іле  Алатауында  олар  теңіз 

деңгейінен 1000 м  биіктіктен 3500 м  биіктікке  дейін  кездеседі.  Жабайы  шошқа 

тұяқтылардың  ішінде  кәсіптік  және  әуесқойлық  жолмен  ауланатын  аңның  бірі. 

Орта есеппен әр доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 шаршы дециметрдей тері және 0,5 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау