45
оларда эфир майлары болады.Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан облыстарында популяциялары молырақ таралған.М.К.
Кукенов (1990) мәліметтері бойынша Шығыс-Қазақстан облысында бұл
өсімдіктің 100гр құрғақ массасында 2,473-4,72 мл эфир майы болатындығы
анықталған. Ал Жоңғар Алатауында 1,600-2,420 мл алынған. Бұл өсімдіктің эфир
майының құрамында сабинен, пинен, сабинола 10-17
%, сабинолацетат 50%,
цитронилол, гераниол, казцинел, дегидрокумин спирті болатындығы анықталды.
(Горяев, 1952, Горяев т.б 1972)
Қызыл аршадан эфир майларынан басқа биологиялық белсенді заттар: рутин
апитенин, катехиндер бөлініп алынған
ΙΙΙ. Apiaceae- Селдерейлер (Селдерейное) тұқымдасы. Бұл тұқымдаста:
1.
Angelica decurrens ( Аласа аюбалдырған- Дянгиль низбегающии)
2.
Seseli buchtormensе - (Бухтарма либанотисі- Порезник бухтармииский)
3.
Seseli schrenkіanuma - (Шренк либонотусы- Порезник шренковский)
4.
Seseli incfnum - ( Ақшыл либанотус- Порезник седоватый)
5.
Seseli glabratum - ( Тегіс тырнашөп- Жабрица гладкая)
6.
Ferula ovina - ( Ферула стjлбиковая) (+) Бағаншалы сасыр
7.
Ferula dissecta - (Салалы сасыр- Ферула рассечанная )
8.
Ferula anitschkensis - ( Ақышкен сасыр- Ферула акичкенская)
9.
Ferula ferulaeoides - ( Сыпырғы сасыр- Ферула метельчатая)
10. Ferula soongarica – (Жоңғар сасыры- Ферула джунгарская)
11. Ferula kataviensis- (Қаратау сасыры- Ферула каратавская)
12. Ferula diversivittata- (Әрсалалы сасыр- Ферула разнокальцевая)
13. Ferula kelleri- (Келлер сасыры- Ферула келлера)
14. Ferula penninervis- (Тамырлы сасыр- ферула перибожальтое)
15. Ferula tenuisicta- (Жіңішке сасыр- Ферула тонкорассеченная)
16. Tallasia transiliencis- (Іле талассиясы- Талассия зайлийская)
17. Schrenkia involucratа- (Оралған шренка- Шренка обернутая)
18. Athamanta macrophylla –(Іріжапырақты
атаманта
Атамантф
крупнолистая)
19. Heracleum dissectum- (Тілік балдырған-Борщевик рассеченный
20. Cuminum setifolium- (Тікежапырақты құмшөп- Песколюб щетинолистый)
Иллюстрациялық материалдар:
Қазақстандағы негізгі эфир майлы өсімдіктер гербарилері.
1. Сібір самырсыны (Abies sibirica)
2. Шренк шыршасы (Picea schrenkiana)
3.
Қызыл арша (Juniperus Sabina)
4.
Аққышкен сасыр (Ferula ahitschkensis)
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақстандағы негізгі эфир майы өсімдіктер
2. Эфир майлы өсімдіктерін шаруашылықта пайдалану
3.Құрамында эфир майының мөлшері 1
%-дан жоғары өсімдіктер түрлері .
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана Алматы, "Ғылым",
1999, 160с.
46
2. Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н. Лекарственные растения Алматы, Қазақ
Университеті, 2002, 313с.
ДӘРІС 11. БАЛДЫ
ӨСІМДІКТЕР
ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ
Мақсаты: Ара шаруашылығының шаруашылқтағы маңызымен таныстырып,
тозаң, нектар және прополис туралы түсінік беру.Қазақстандағы бағалы балды
өсімдіктермен таныстыру.
Кілттік сөздер: Тозаң, нектар, прополис, протерандия, протерогиния
Негізгі сұрақтар:
1. Ара шаруашылығының шаруашылықтағы маңызы
2. Тозаңдану, тозаң, нектар және прополис туралы түсінік
3. Тозаңдардың химиялық құрамы
4. Егіс даласының бау бақшалардың, орман алқаптарының және
шалғындықтардың бағалы балды өсімдіктері
Азық қорын тиімді пайдалану ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру
шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы Совет үкіметі кезінде кейбір
колхоздарда шаруашылқтағы жалпы табыстың-кірстің 35-50
% ара шаруашылығы
беретін еді. Одан басқа насекамдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен
тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті
20-30
% пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи
фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануға
негізделген. Сондықтан ара-шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу
үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық
ерекшеліктерін білудің маңызы зор.
Көп өсімдіктердің гүлдері қос жынысты бірақта жиі гүлде біздер тек
аталықты немесе тек аналықта көреміз мұндай гүлдер біржынысты деп аталады.
Егерде аталық және аналық гүлдері өсімдіктің бір индивидінде орналасса оларды
бір үйлі ал егерде әртүрлі индивидтерге орналасса екі үйлі деп атайды. Бірүйлі
өсімдіктерге мысалы , асқабақ, емен, қияр сияқты өсімдіктер жатады.
Ал екі үйлі өсімдіктерге Тал (Salix), терек (Populus- Тополь), кенешөп
(Сannabis- канопля), құлмақ (Humulus- Хмель) жатады.
Кейбір өсімдіктердің қосжынысты гүлдерімен қатар біржынысты гүлдері бар.
Ол гүлдердің екі типіде әртүрлі комбинацияда кездеседі. Мұндай өсімдіктер көп
үйлі немесе көп некелі деп аталады. Өсімдіктердің бұл тобына үйеңкінің (Acer-
клен) түрлері, Шаған (Fraxinus - ясень), қарамық (Fagopyrum- гречиха), қауын
(Melo- Дыня), күнбағыс (Helianthus- Подсолнечник) және т.б жатады.
Жеміс тек гүлдерде пайда болады, гүлдерде жемістік болады. Жемістің пайда
болуы үшін аталықта тозаңдар пісіп жетіліп әртүрлі жолдармен, аналықтың
аузына барып түсуі керек.