Дәріс 1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Жоспары: Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің әлеуметтік мәні. «Білім берудің»



жүктеу 202,17 Kb.
бет47/60
Дата12.07.2023
өлшемі202,17 Kb.
#43124
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Д ріс 1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы р лі Жоспары

Әңгімелесу- мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін, зейінін (т. б. психикалық үдерістерін), таным ерекшеліктерін танып біледі, баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады. Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.
Дәріс-баян- сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.Дәріс-баян әдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын әдістің бірі. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.Дәріс-баянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі, мұғалімнен жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі- оқушылардың өздігінен жаңа білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.Кітап - білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін толықтырыпотырады.
Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптарымен жұмыс істей отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамы-тады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады. Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселелерін ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есінде сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет.
Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен ерікжігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін жандан-дырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.
Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның талаптарын толығымен сақтамайды. Соның негізінде білім мазмұны нашар меңгеріледі.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның саналы көзқарасын және өзіне-өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалім тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.

жүктеу 202,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау