Дәріс 1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Жоспары: Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің әлеуметтік мәні. «Білім берудің»



жүктеу 202,17 Kb.
бет46/60
Дата12.07.2023
өлшемі202,17 Kb.
#43124
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Д ріс 1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы р лі Жоспары

2. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдер-мен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу үдерісінде білім берудің қайнар көздерінеқарай қолданылатын әдістер: Сөздік әдістер:түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс. Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелікәдістер:лабораториялық,практикалық,графикалық,әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту үдерісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі.Бұл әдіс оқыту үдерісінде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. В. А. Сухомлинский: "Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..."- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:"Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек".
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. үдерістерін) байланысты да әрекет жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі жәнетехникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну үдерісінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу, ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар қолдану керек.
Түсіндіру- оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгі-лерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеукөп болады.
Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері - оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсіндіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.
Әңгіме- мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданылатын әңгіме.Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен қолданылады.Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу материалының сипатына байланысты болып келеді.

жүктеу 202,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау