критерийлерi айқындалды:
технологиялардың нәтижеге бағдарланған бiлiм моделi талаптарына үндес болуы;
технологиялардың оқушының мүддесiне басымдылық беруге бейiмдiлiгi;
технологиялардың оқытудың әдiстемелiк жүйесi компоненттерiн өзара бiрлiкте қамту мүмкiндiгiнiң болуы;
технологиялардың оқу сатыларының кез келгенiнде қолдануға қолайлылығы;
технологиялардың бiлiм сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы;
технологияның оқушы бiлiмiн объективтi бағалауда тиiмдiлiгi, т.б.
Сөйтiп, педагогикалық технологиялар бiлiм сапасын арттырудың маңызды шарты ретiнде бүгiнгi қоғамдық-әлеуметтiк сұранымға сай жетiлдiрiлiп отырылуы тиiс. Бұл орайда оқытуда қоғам мен оқушы мүддесiн қатар қамтитын, мұғалiм шеберлiгiн шыңдайтын, оның нәтижелi жұмыс жүргiзуiне оң әсерiн тигiзетiн технологиялардың көбеюi мұғалiмнiң таңдау мүмкiндiгiн кеңейтiп отыр. Ол оқу процесiндегi кездейсоқтық пен жүйесiздiктен арылуға, оқу материалын тиiстi деңгейде меңгеруге, оқушы бiлiмiн объективтi бағалауға жол ашады.
Бүгінгі таңда П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашивилдің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгілі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал.
Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүніспектің және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Педагогикалық технологияның негізгі элементтері: педагогикалық қарым –қатынас, бағалау, талап, конфликт және ақпараттық әсер ету.
Педагогикалық қарым –қатынас 3 функция атқарады:
баланың қарым –қатынаста «ашықтығы» - оған мектепте, сыныпта сабақта қолайлы жағдайлар туғызу көзделген;
педагогикалық қарым –қатынас балаға деген жанашырлық- мұғалімнің баламен тығыз іс- әрекет нәтижесінде туындайды;
педагогикалық қарым –қатынас баланы көтермелеу саясаты (стимул жасау).
Педагогикалық бағалау дегеніміз- баланың тұтас жеке тұлғасын емес, оның дәл осы сәттегі мінез- құлқын бағалау. Жалпы бағалау дегеніміз, барлық нәрсенің деңгейін, қасиетін, дәрежесін белгілеу. Осы принциптерді педагогикалық бағалауда өз жұмысында шеберлікпен қолдана отырып педагог өз шәкірттері бойында құндылық қарым- қатынастарды қалыптастырады және кемшіліктерді түзетеді.
Педагогикалық бағалау функцияларына- баланың қоршаған дүниеге деген жағымды көзқарасын тәрбиелек, осы жолдағы ұмтылыстарын қолпаштап отыру т. б. жатады. Бұл істе әр баланың өз алдына қайталанбас ерекше тұлға екенін үнемі есте ұстау қажет. Педагогикалық бағалаулардың түрлері- қолпаштау, қолдау, қолдамау, мақтау, материалды қолдау, жазалау, ескерту жасау сөгу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |