*БІЛГЕНІҢ АРТЫҚ БОЛМАС..
Құмырсқалар топтанып өмір сүреді. Олардың өмір сүретін ортасын, яғни илеуді бұзуға болмайды. Халқымызда осындай ырым бар. Және де бір тәуліктің ішінде илеудегілер он мыңнан отыз мыңға дейін зиянды жәндіктерді жоятын көрінеді. Егістігіңіз болса, бұл – таптырмас көмек. Кейінгі кезде құмырсқа жейтін халықтардың да барын көріп жүрміз. Мысалы, Азияның оңтүстігінде тұратындар мен мексикалықтар сөйтеді. Бұл елдерде құмырсқадан арнайы тағам да әзірленеді.Құмырсқа жайлы қызық деректер өте көп. Күнделікті өмірде өзінен екі есе дәнді арқалайды да жүреді, тыным таппайды, өте бейнеткеш. Сезім мүшелері қатты дамыған. Егер жерде он дән жатса, оны көрген құмырсқа өзімен бірге тағы он серігін ерте келеді екен. Неге он дейсіз ғой? Себебі дән де он емес пе?! Топта «жауынгерлер» және «жұмысшылар» болады. Аналық тұрғыда қабілетсіздері илеудегі жұмыстарды атқаратын көрінеді. Соңғы кезде құмырсқаның сөйлейтіндігі жөнінде де айтылып қалып жүр. Бұл олардың да өз тілі барын көрсетсе керек.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 158-жаттығу (тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау)
ЦИРК, АКРОБАТ, ШАБАНДОЗ, КЛОУН, КӨРСЕТЕДІ, ӨНЕР, БАР.
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Мәтінге жоспар құру.
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндерді оқып, мәтінге ат қою, мәтіндерге қысқа жоспар құруға дағдыландыру. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін түрлерін құрастыра білу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
158-жаттығу (тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау)
ЦИРК, АКРОБАТ, ШАБАНДОЗ, КЛОУН, КӨРСЕТЕДІ, ӨНЕР, БАР.
ІІІ. Жаңа сабақ Мәтінге жоспар құру.
А) Мәтін түрлерін атап айту.
Ә)Кітаппен жұмыс
159-жаттығу (оқу, қысқаша айту)
Ізетті бала.
160-жаттығу (көшіріп жазу)
Рұқсат етіңіз, мархабат етіңіз, мүмкін болса, ренжімесеңіз, мақұл, қалауыңыз білсін.
Мына кітапты көруге ...............(рұқсат етіңізші!)
ЖЕКЕ ЖҰМЫС: 161-жаттығу (сөйлем құрау)
Мүмкін болса, мақұл
*ТОППЕН ЖҰМЫС
162-жаттығу (мәтінді оқу, кімнің ақылды екенін дәлелдеу)
Кім ақылды?
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
1-жаттығу «мәтінді оқып ат қою, жоспар түзу)
Бал арасы
Жоспар:
1.Бақытжан атасының аулына барды.
2. Гүл шырынын жинаған аралар
3.Атаның ақылды сөзі
2-жаттығу (жұмбақты жатқа жазу)
*Мәтіннің қай түріне жатады? Сипаттау
**ТОППЕН ЖҰМЫС 3-жаттығу (тірек сөздерді және тақырыпты пайдаланып мәтін құрастыру.
«Аурудан аяған күштірек»
Сейіт, арба, соғып кету, аяғының сынуы, сынықшы, таңдану, шешесі, жаны ашу.
5-жаттығу (сипаттау мәтінін құрстыру)
дәмі
түсі
түрі
6-жаттығу (Мәтінді түсініп оқу, мысалды әрі қарай құрастыру)
Қаз қалай қалғиды?
*Мысалды әрі қарай жалғастыру.............
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 163-жаттығу (Шығарма жазу)
«Әдепті бала-арлы бала»
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем 164-168 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
1.Сөйлем туралы түсінік беру, мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем болып бөлінетіндігін түсіндіру.2. Сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту, мәнерлеп, түсініп оқуға төселдіру.3. Оқушыларды әдептілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
163-жаттығу (Шығарма жазу)
«Әдепті бала-арлы бала»
ІІІ. Жаңа сабақ
- Ерте - ерте, ертеде бір Сөз деген патша болыпты.Оның отауы Синтаксис деп аталдыСөздер бір- бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі
толықтырып тұрыпты.
Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар. Сонымен бүгін біз, сол еліне шығамыз. Онда қыс айы, енді біз жылы киініп, шаңғыға отырып жолға шығайық.
- Сендерге сәт сапар тілеймін!
- Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін.
1 тапсырма: Орманда бізді жыл құстары қарсы алды.
Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа
Жұмбақтардың шешуін тауып, әріптерінен сөз құрастыру
Күндіз – түні жүреді
Сырғымайды бір елі.
Тәтті, тәттінің іші қатты,
қаттының іші тәтті.
Жарана жағасын, аман-сау боласын
Қанаты жоқ – ұшады,
аяғы жоқ - қашады
Ти десем, тимейді,
тиме десем, тиеді
Отқа жанбас, сұға батпас
- Балалар, қандай сөз шықты ?
Сөйлем
164-жаттығу (Сөйлемдерді салыстыру)
ҚАЙСЫСЫ СӨЙЛЕМ? Неліктен?
Сөйлем Аяқталған Сөйлем Сөйлемнің соңына
ойды бас әріптен нүкте, леп белгісі,
білдіреді басталады сұрау белгісі қойылады
Сөйлем айтылу сазына қарай үшке бөлінеді:
Хабарлы
Сұраулы
Лепті
165-жаттығу ТОППЕН ЖҰМЫС
(жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазу)
Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.
166-жаттығу (берілген сөздерден сөйлем құрап жазу)
Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Ақан шанамен сырғанады. Ол байқаусызда шанадан айрылып қалды. Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
***ЖҰППЕН ЖҰМЫС
167-жаттығу
(сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқу. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әртүрлі екенін дәлелдеу)
Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 168-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем 169-174 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға сөйлем,оның хабарлы , сұраулы түрлер туралы толық түсінік беру;мәтін құра білуге ,мәтінді ажыратуға ,сөйлемдердің түрлерін айыра білуге үйрету;жұппен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету. 2.Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеу,шығармашылық ,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту. 3.Оқушыларды жеке тұлға екенін түсіне білуге,ұқыптылыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың түрі :жарыс,ертегі сабақ.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Қуанамын мен де,
Өзін көрсетеді.
Қуанасың сен де,
Жанындағы досын көрсетеді
Қуанайық достарым,
Бір-бірінің қолдарынан ұстайды.
Арайлап атқан күнге ! ( Қолдарын жоғары көтереді.)
. Тілек айту.
-Мен өзіме және өзгелерге ашық аспан тілеймін.
-Мен өзіме және өзгелерге нұрлы күн тілеймін.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
168-жаттығу 63-бет (Ребусты шешіп, әңгіме құрау)
Қыс қызығы
ІІІ.Жаңа сабақ
.Қызығушылығын ояту. --сөзжұмбақ құрастыру.
1.Сәлем алып алыстан,
Туысыңнан,таныстан,
Келетұғын .... /хат/
2.Мәтіннің атауы қалай аталады?тақырып.
3. Мәтіннің әрбір бөлімі қалай аталады? Абзац
4.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады? Бас
5.Аппақ,аппақ,ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып.
Ол не? қар
6.Еліміз тәуелсіздік алған ай? Желтоқсан.
7.Аяғыма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
Бұл не? Шаңғы.
-Тігінен қандай сөз шықты? ХАБАРЛЫ
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. «Сөйлем» сөзіне кластер құру.
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем неден құрылады?
-Сөйлем қалай басталады?
-Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
-Сөйлемнің соңына нүкте қойылса ол қандай сөйлем екен?
Мағынаны ашу.
1.Суретпен жұмыс ,мәтін құрастыру.
- Мәтен неше сөйлемнен құрылған?
- Әр сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілерді қойдыңдар?
2 .Сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз.
1. Алма, алмұрт, өрік. 2.Асқар аулада кітап оқып отыр. 3.Аспанда тырналар ұшып барады. 4.Құмырсқа, дән, алды, тауып.
- Қайдай белгілермен сөйлемді тауып алдыңдар? –Олар қандай сөйлемдер? Осы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңдар.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс. 170-жаттығу (Мәтіннің тыныс белгісін қойып, жазу, мәтінге ат қою)
Бұлбұл.
Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
171-жаттығу (сөздерді бөлек жазу)
Әйелдер киімі: сәукеле, орамал, жаулық, қамзол, шәлі, шекпен.
Ерлер киімі: жейде, күпі, құлақшын, ішік.
172 –жат. Сөйлем құрастыру.
Орамал, құлақшын, қамзол
173-жаттығу (дәптерге)
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үй тапсырмасы. 174-жаттығу (әңгіме құрап жазу)
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем 175-179 жаттығу
Көшіру диктанты №2 «Табиғат тәрбиесі»
Сабақтың мақсаты:
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан - жақты ойлауға үйрету, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
174-жаттығу (әңгіме құрап жазу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.
ІІІ.Жаңа сабақ Сұраулы сөйлем 175-179 жаттығу
Көшіру диктанты №2 «Табиғат тәрбиесі»
а) Кіріспе әңгіме.
- Балалар, тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып тұр? Кім оқиды? (сұрақ - жауап әлемі)
- Тағы қандай әлемдер болады деп ойлайсыңдар? (ертегілер, хайуанаттар, құстар, кітаптар, балалар, сиқырлар, т. б.)
- Бүгін сабақта сұрақ - жауап әлеміне саяхат жасаймыз.
1 -: - Сенің атың кім?
2 -: - Нешінші сыныпта оқисың?
3 -: - Сабақтарың нешеде басталады?
4 -: - Сабақтан бос уақытта не істейсің?
Сұрақтар: - Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
б) Осыны тірек - сызба арқылы көрелік.
Оқулықпен жұмыс. 175 - жаттығу
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?
Көшіру диктанты №2 «Табиғат тәрбиесі»
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір - ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.
Табиғат тәрбиесі
Біз төбе болып үйіліп жатқан құмырсқаның илеуіне келдік. Құмырсқаның бірі кіріп, бірі шығып, құжынып жүр. Бәрі қимыл, әрекет, қауырт іс үстінде.
Көке, мынау не төбешік? – дедім
Бұл – құмырсқаның илеуі.
Илеу деген не?
Илеу құмырсқаның үйі, мекені деген сөз.
Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
Иә, бір үйде тұрады.
Олар тату тұра ма?
Тату болмаса, бір үйде тұра алмаған болар еді ғой.
ТАПСЫРМА
1.Сұраулы сөйлемнің астын сыз.
Достарыңызбен бөлісу: |