Дадыбаева Фатима Бекназаровна Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған сабақ



жүктеу 8,64 Mb.
бет32/32
Дата14.05.2018
өлшемі8,64 Mb.
#13339
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Ә)Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеу

Алып кит

Дүние жүзіндегі тіршілік ететін жануарлардың ең алыбы – көк кит. Көк киттің алып қаңқасы отыз тонна. Жалпы салмағы жүз жиырма үш тонна. Бұл қырық пілге тең деген сөз. Жүрегінің салмағы сегіз жүз килограмм. Көк киттің ұзындығы үш жүз метр. (38 сөз)



Тапсырма

1.Заттың санын білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.

2.Соңғы сөйлемдегі сөздерді буынға бөл.

Көк кит-тің ұ-зын-ды-ғы үш жүз метр.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:Өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

462-466 жат. Сөздік диктант №9



Сабақтың мақсаты:

Есептік және реттік сан есім туралы толық мәлімет беру арқылы меңгерту, оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.

Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу. Отан сүйгіштікке баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілім.

ІІ.Жаңа сабақ Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.

462-466 жат. Сөздік диктант №9



А) Қызығушылықты ояту.

Сан есім дегеніміз не?

Сын есім дегеніміз не?

САЛЫСТЫРУ ВЕНН ДИАГРАММАСЫ





Ә ) № 9.Сөздік диктант

Отыз, жеті, тоқсан, мың, алпыс, бес, он сегіз, жиырма, алты, елу, қырық, жүз, екі,бір, сегіз, жетпіс, сексен, тоғыз.

Тапсырма.

1.Тасымалданбайтын сан есімдердің астын сыз.

2.Сандарды сөзбен жаз. 4,2,3,11.18,66.

Төрт, екі, үш, он бір, он сегіз, алпыс алты

Б))ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: 162-163-беттер

Ой қозғау

Сан есім мағыналарына қарай есептік және реттік болып екіге бөлінеді.

Мықты болсаң, тауып көр” ойыны

Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін бір бөлек топтастыр.

Бір, алтыншы, жеті, сегіз, бес, он алты, тоғызыншы, бірінші, төрт, жиырма, елу, екінші.

Қанша? неше? нешінші?

Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім деп атайды: екі, алты, жеті.

Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім деп атайды: екінші, алтыншы, жетінші.

Реттік сан есім есептік сан есімге: (– ыншы,- інші,- ншы,- нші) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.



Дәптермен жұмыс

462- жаттығу Мәтінді оқы.



Сан есімдерді теріп жаз, оларға сұрақ қой.

Сан есімдерді салыстыр. Бұлардың бір - бірінен өзгешелігі неде?

463-жаттығу (ҚҰРАМЫНДА САН ЕСІМДЕРІ БАР СӨЗДЕРДІ СӨЗБЕН ЖАЗ) ӨЗДІК ЖҰМЫС

6бақан, дер5, 9құмалақ, с10а, 4бақ

Алтыбақан, дербес, тоғызқұмалақ, сона, төртбақ.

464-жаттығу (неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші?сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек жазу)

Неше? Нешінші?

жиырма екі жетпісінші

тоғыз оныншы

сегіз сегізінші

елу

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ Семантикалық карта



сөздер

есептік

реттік

алпыс







сегізінші







он алтыншы

отыз








қырық







үшінші







екі







үш






БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:466-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)

«Ас атасы-нан»



Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің зат есіммен байланысы. 467-471жат

Сабақтың мақсаты:

Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.

Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.ә) сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру, анық сөйлеуге, ырғақпен айтуға

дағдыландыру.б) сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

466-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)

«Ас атасы-нан»

ІІІ.Жаңа сабақ Сан есімнің зат есіммен байланысы. 467-471жат.

Бақыт – бақыт менде, бақыт сенде,

бақыт – барлық жерде.

Тыныштық – тыныштық менде,

тыныштық сенде, тыныштық барлық жерде.

Бейбітшілік - бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік барлық жерде.

Сергіту сәті: Қара жорға биі.

Көркем жазу. (Сс сегіз, сексен, сегіз жүз)



Оқулықпен жұмыс.

467 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап.



Он бір түйе, бес жылқы,


Екі сиыр, бес ешкі.


Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасаң, бол күлкі. (жиырма сегіз)

468 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

ҚЫРЫҚ ҚҰЛЫП,


ҚЫРЫҚ ҚҰРЫҚ.

ҚҰЛЫП ТА-ҚЫРЫҚ,

ҚҰРЫҚ ТА-ҚЫРЫҚ.
*құрық-деген не?

Шалма — ауыл шаруашылық құралы. Қазақтар берік қайыс немесе арқанның бір ұшын тартқанда ол тарыла түсетіндей етіп байлап, Шалма жасайды. Көшпелі мал шаруашылығы мен айналысқан қазақтар Шалманы асау малды ұстау үшін пайдаланып келген. Малшылар жылқының мойнына Шалма салып, асау малды күшпен тоқтатқан. Асау жылқыларды кейде бұғалық салу, құрық салу, арқан лақтыру арқылы да ұстауды Шалмамен ұстау деп те айта береді. [1]

469 - жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз.

1)Қай көшеде тұрасың?

2)Үйіңнің нөмірі неше?

3)пәтеріңнің нөмірі неше?

4)Отбасында қанша адам бар?

470 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап. Бала санын дәлелде.

Бір апа ,бір қарындас,төрт ұл 1+1+4=6 (баласы бар)

Ойын. «Кім жылдам» үлестірмелі қағаз.

1 мин= cек

1сағ= мин

1тәулік= сағ

1апта= тәулік

1жыл= ай


1ғасыр= жыл

«Менің отбасым.» (Сан есімге байланысты.)



Терме диктант.

Бір үйдің отыз екі баласы бар. Балта ұстаған екі баласы. Төрде отырған апасы бар. (ауыз, тіс, жақ, тіл)



Сабақты қорыту. Тест тапсырмалары

1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қандай? қанша? ә) не? нешінші? б) қанша? неше?



2. Сан есімді көрсетіңдер:

а) бес ә) есептік б) белсенді



3. Сан есім қай сөз табымен байланысaды?

а) етістікпен ә) зат есіммен

б) сын есіммен

4. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

Екінші, бес, алпыс алты

а) сын есім ә) сан есім б) есімді

5. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар

Ер... рет өледі,

Қорқақ... рет өледі.

а) бір, бесінші ә) бір, мың б) бір, көп

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:471-жаттығу «ТУҒАН ЖЕР»

Тақырыбына әңгіме құрап жазу



Сабақтың тақырыбы: Сан есімдерге сұрақ қоя білу. 472-476жат.

Сабақтың мақсаты:

Сан есім туралы алған білімдерін толықтырып, жетілдіре түсу.

Сөз таптарын ажырата білуге, мәнін терең ұғына отырып таным белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін, тілдік қорын дамыту.

Ұжымды жауап беруге дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаздыққа, салауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

471-жаттығу «ТУҒАН ЖЕР»

Тақырыбына әңгіме құрап жазу

ІІІ.Жаңа сабақ Сан есімдерге сұрақ қоя білу. 472-476жат.

А)Өткенді қайталау.

- Сөз таптары туралы алған білімдерімізді қайталап, пысықтап алайық.

- Міне, балалар қандай көрініс көріп отырмыз

- Көктем мезгілі

- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады

- Жаңбыр жауады. Шөптер өседі. Әдемі гүлдер шығады.



Ол үшін мына жерді күн көзін бұлттардан арылтып, әдемі көріністің куәсі болайық!

1 бұлт – Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

2 бұлт - Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

3 бұлт - Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

4 бұлт - Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

- Жаңбырдан кейін аспанда не пайда болады?

- Кемпірқосақ.

- Дұрыс, бүгінгі сабақта кемпірқосақтың әрбір түсіне саяхат жасаймыз. Бір қызығы әр түсте ертегі кейіпкерлері бар. Сол ертегі кейіпкерлерінің тапсырмалары бар. Сендердің білімдеріңді көргісі келеді екен.

Олай болса бірінші «Қожанасырдың» тапсырмасы (көк түс)



Оқулықпен жұмыс: 472 - жаттығу.(Мәтінді оқып, сан есімді табу)

АҚ АРЫСТАНДАРДЫҢ ТАБЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛДАЙ ҒАНА УАҚЫТ БОЛДЫ. ОЛАР ӨТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕДІ. ҰЗЫН САНЫ 70-ТЕН АСПАЙДЫ. БАРЛЫҒЫ ДЕРЛІК ТЕК ХАЙУАНАТТАР БАҚТАРЫНДА ӨМІР СҮРЕДІ. АЛ ТАБИҒИ ОРТАДА ОЛАРҒА ҚАУІП-ҚАТЕР КӨП. БАСТЫ ЖАУЛАРЫ-ӨЗДЕРІНІҢ САРҒЫШ ТҰҚЫМДАСТАРЫ.

**АРЫСТАН- (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, 5 – 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда бір, 1 – 6 күшік табады. 30 – 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.

Арыстан

Арыстан-мысық тұқымдасына жатады.Мысық тұқымдасына жататын жануарлардың ішінде тек арыстан қана топтасып тіршілік етеді,оны прайд деп атайды.Арыстандар өздері мекен ететін жерді зәрімен белгілеп қояды.Ол жерге бөтен жануарлар келсе оларды қуып шығады.



Қоректенуі

Арыстанның абданы (баласы) бір жасқа толмай аң аулауға қатыспайды.Ыңғайлы уақыт болса,жалғыз да аң аулай береді.Қорегін негізінде түнде аулайды. Жемтігін көз ілеспес жылдамдықпен бас салып,бірден қақ айырып жібереді.Ірі сүтқоректерілерімен(бөкен,зебра,мүйізтұмсық және т.б), сондай-ақ құстармен де қоректенеді.



Мекен ететін жері

Арыстан бір кездері Африканың басым бөлігін,Азия мен Еуропаны мекен еткен.Қазір сиреп бара жатқан түр ретінде сахаралық Африка мен Азиядан ғана кездестіруге болады.



Сипаты

Дене тұрқы 2метрден астам,ал салмағы 250келіге дейін жетеді.Құйрығының ұзындығы -1м,ұшында қара түсті шашағы болады.Арыстандар 30-35жыл өмір сүреді.Арыстаннның ақырығы сегіз шақырым жерден естіледі.Арыстандар 12 метрге дейінгі қашықтыққа секіруге қабілетті.



Бір-бірінен ажыратылуы

Арыстанның еркегінің мойны мен кеуде жағында ұзын жалы болады. Ұрғашысы мен жас арыстанның жалы болмайды.



473 - жаттығу.(Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдер қойып жазу)

Асқар .....жаста. Ол ....сыныпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа .....теңге тұрады.



«Қасқыр мен қоянның» тапсырмасы (сары түс) 474 - жаттығу

«Ребус шешу»

Жаздың бір күні, қыстың мың күнін асырайды.



ӨЗДІК ЖҰМЫС: 475-жаттығу (сұрақ қою)

Бір,екі,үш, төрт, бес, алты, жеті

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу

«Білгішбектің» тапсырмасы (қызыл түс)

Мақал мәтелдердегі көп нүктенің орнына жоғалған сан есімдерді тауып жазу.

1. Батыр... рет өледі,

Қорқақ... рет өледі.

2.... теңге ақшаң болғанша,

... досың болсын.

3. Білекті... жығады,

Білімді... жығады.

4. Ел құлағы....

«Алдар көсенің» тапсырмасы (күлгін түс)

«Кім тез табады» ойыны

Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.

К+3+ІК=КҮШІК

ЖЕЛ+90=ЖЕЛТОҚСАН

7+К=ЖЕТІК

1+ҚАЗАН=БІРҚАЗАН

ТҮ+1=ТҮБІР

6+БАҚАН=АЛТЫБАҚАН

ДЕР+5=ДЕРБЕС

8+КӨЗ=СЕГІЗКӨ

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 476-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын өзара салыстыру. 477-481жат.

Сабақтың мақсаты:

Сан есім туралы алған білімі мен білігін оқушылардың есіне толық қалыптастыру, және оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Жан жақты білім беру, және сан есімді өз бетінше жұмыс жасау арқылы меңгерту, білімдерін толықтыру.Тиімді әдіс тәсілдерді пайдалана отырып сөздік қорларын, сана сезімін, ой - өрістерін, дамыту, сонымен қоса қазақ тілінде сауатты сөйлеуге, және шығармашылық қабілетін жақсартуға дамыту.

Бір бірімен ойласып жұмыс жасауға, сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ақыл ой әрекеті, ұжымдық ойлау, бір бірімен достық қарым қатынастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Орнымызға отырып

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

476-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)



ІІІ.Жаңа сабақ Сөз таптарын өзара салыстыру. 477-481жат.

А)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: 166-167-беттер

477-жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу) САН ЕСІМДІ ТАБУ

Сәуле мен Бақыт -дос. Олардың мінездерінде ұқсастық көп. Екеуі де ибалы, тәртіпті. Олар-үздік оқушылар. Сәуле бірінші болып аталса, Бақыт екінші кезекте тұрады. Қос қыздың жұбы жазылмайды.

*ЖҰБЫ ЖАЗЫЛМАЙДЫ- дос

ҚОС-екі


478-жаттығу (САНДАРДЫ СӨЗБЕН ЖАЗУ,) ӨЗДІК ЖҰМЫС

Бес, алты, жеті, он, жиырма, тоқсан, он сегіз, жиырма үш, елу төрт, алпыс алты, жетпіс жеті


479-жаттығу НҰСҚАМЕН (нешінші? Сөйлем жазу)

Екінші бесінші бірінші


480-жаттығу (СӨЗ ТАПТАРЫН САЛЫСТЫРУ)

ЗАТ ЕСІМ- Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

ЕТІСТІК- Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
СЫН ЕСІМ- Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?

САН ЕСІМ- ЗАТТЫҢ САНЫН ,РЕТІН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРДІ САН ЕСІМ ДЕЙМІЗ. САН ЕСІМДЕРЕ ҚАНША? НЕШЕ? НЕШІНШІ? ДЕГЕН СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ: бес, жеті, жүз, екінші, он алтыншы



ҰҚСАСТЫҚТАРЫ:

Сөз таптары


АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ:зат есім атын, етістік қимылды, сын есім сапасын, түсін, сан есім санын, ретін білдіреді Соған орай сұрақтары да әртүрлі

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1. Зат есім деген не?

А) Сынын білдіреді

В) Санын білдіреді

С) Заттың атын білдіретін сөз табы



2. Заттың сынын білдіретін сөздер тобын тап:

А) қалам, дәптер, бала

В) ойнады, күледі

С) әдемі, сұлу



3. Сан есім деген не?

А) заттың қимылын білдіретін сөздер.

В) заттың санын білдіретін сөздер.

С) заттың сынын білдіретін сөздер.



4. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

А) қандай? Қанша?

В) қанша? неше? нешінші?

С) не? Нешінші?



5. Етістік деген не?

А) заттың атын білдіретін сөз

В) заттың қимылын білдіретін сөздер.

С) ) заттың сынын білдіретін сөздер.


БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:481-жаттығу (сұраққа жауап жазу)



Сабақтың тақырыбы: Пысықтау жаттығулары. 482-486 жат.

Көшіру диктанты

5 «Мүйізтұмсық»



Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау. Сөйлем ішіндегі сан есімді табу, сан есімдердің жазылуына мән беру, қатесіз әрі ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

481-жаттығу (сұраққа жауап жазу)

-Кеме не үшін керек?

-Теңізшінің өмірі туралы не білесің?

-Теңіздің тартылғанының зияны бар ма?

-«Су-тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесің?

**Кеме - суда не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да жұмыстарға арналған су көлігі.Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек арқылы қозғалысқа келтірілді. 15-ғасырдан бастап ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме: Англияда 1802 ж., АҚШ-та 1807 ж., Ресейде 1810 ж. жасалды. 19-ғасырдың 2-жартысынан бастап кеме жасауға темір құралымдары кеңінен пайдаланылды.Пайдалану мақсатына қарай кеме азаматтық және әскери кеме болып ажыратылады: 1) азаматтық кемелер — көліктік, кәсіптік, арнайы мақсатқа арналған, спорттық кемелер болып бөлінеді. Көліктік кемелер жолаушылар немесе жүк тасуға арналады. Сұйық заттар (мұнай, бензин, спирт, шарап, сұйытылған газдар, т.б.) тасымалдайтын кемелерге (танкерлер) сұйық заттар құбырлар арқылы құйылады.Қос корпусты (өзара ортақ палубамен біріктірілген параллель корпусты) не қалтқы балансирлі жалғыз корпусты кеме – катамаран деп аталады. Катамаранның жүзгіштігі жоғары және орнықты болып келеді. Оның балық аулауға, жолаушылар және жүк тасуға, спорттық-туристік, т.б. түрлері бар.

Шапшаң жүретін, кішігірім кеме – катер деп аталады. Шапшаң жүретін шағын кеменің бірі – глиссер. Глиссердің тұмсық жағы қозғалыс кезінде су үстінде көтеріліп тұрады да, сырғанап келе жатқан тәрізді көрінеді. Рекордтық глиссерге реактивтік қозғалтқыштар да пайдаланылады.Траулер – балық аулауға әрі оны бастапқы өңдеуден өткізуге арналған бір палубалы теңіз кемесі.



Әскери кеме

Әскери кеме (Военный корабль) — қару-жарақпен жабдықталған, белгілі бір ұрыс міңдеттерін орындауға арналған, әскери басшынық кешенін, өзіне берілген өз мемлекетінің әскери-теңіз туын алып жүретін кеме. Әр түрлі ұрыс міндеттерін табысты орындау мақсатындаәскери кемеге теңізде жүзу кондырғылары мен қару-жарағына сәйкес соққы бере отырып, оның өзі де қарсынастыңсоққысына ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол тиісінше төзімді, суға батпайтын қасиетке ие болуы керек. Ұрыс мақсатына қарай әскери кеме бірнеше түрге бөлінеді.[1] Әскери кемелер – кластарына қарай: ракеталы, торпедалы және ракета-торпедалы сүңгуір қайықтар, ұшақтар мен тік ұшақтарды өзінде алып жүретін, десанттық, мина-тральдік, арнайы тапсырма кемелеріне бөлінеді. Қару құрамына және су ығыстырғыштығына байланысты әскери кемелер рангілерге жіктеледі.[2]Круиздік кеме - туристтік мақсатта жолаушыларды халықаралық бағытта тасымалдайтын кеме.



ІІІ. Бекіту сабағы Пысықтау жаттығулары. 482-486 жат.

Көшіру диктанты №5 «Мүйізтұмсық»

А) Көшіру диктанты Мүйізтұмсық

Мүйізтұмсық – ірі жануар. Оның мүйізі жіңішке талшықтардан құралған. Алайда мүйізтұмсықтың мүйізі өте қауіпті. Күндіз мүйізтұмсық аяқтарын айқастыра сұлап жатады да, айбарлы дыбыс шығарады. Ал түнде жайылымға шығады.



Тапсырма.

Мәтіннен сын есімдерді тап


Ә)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: 167-168-беттер

482-жаттығу (мақалдарды оқу, сан есімдерді табу)

Ер бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.



Қырық кісі бір жақ,

Қыңыр кісі бір жақ.

*ҚЫҢЫР- Көбіне мінезге байланысты қолданылатын қарыспа, қисық, қиқар, қыршаңқы сөздерінің орнына қолданылады. «Нағашысы Тұяқпай қарадан шыққан қыңыр еді, көрдің бе жиенінің қалай қарай тартқанын» (I. Есенберлин, Қаһар.). Сөздің алғашқы мағынасына төркін боларлық тұлғаны ескі шағатай тілінен ұшыратамыз. В. Радловтың сөздігінде «кіңір» жабайы есек мағынасында көрінеді. Қырғыз тілінде де «қыңыр» сөзі қазақ тіліндегідей «қиқар, қырсық» мағыналарын меншіктенеді. Жабайы есек былай тұрсын, қолдағы есектің де қырсықтығы өзіне жүк болғандай. Мінезі өте қырсық, қарыспа адамды жабайы есекке теңеуден «қыңыр» сөзі қалыптасқан.[1]

483-жаттығу (Жұмбақты оқып, жатқа жазу, шешуін табу)



БІР АҒАШТА ОН ЕКІ ҰЯ,

ӘР ҰЯДА ОТЫЗ ЖҰМЫРТҚА. (он екі ай, отыз күн)

484-жаттығу (ребусты шешу, сөйлем құрау)

БЕСЕУ,


Нешеу?

БІРЕУ, ЕКЕУ, ҮШЕУ, ТӨРТЕУ, БЕСЕУ, АЛТАУ, ЖЕТЕУ

485-жаттығу (екі сызбаны салыстыру)

Жеті...................інші Жеті..............еу


Сегіз....інші сегіз.....еу

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

№1-тапсырма СӨЗДЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЮ, КЕСТЕГЕ ОРНАЛАСТЫРУ
Бүркіт, күн, жасыл, бес, оқыды, жеті, үлкен, жазушы, қырық, барды, әдемі, үйренді


Кім?не?

Не істеді?

Қандай?

Қанша?

Бүркіт

Күн


жазушы

Оқыды

Барды


үйренді

Жасыл

Үлкен


әдемі

Бес

жеті


қырық

№2-тапсырма Әр сөз табы нені білдіреді?

ЗАТ ЕСІМ

ЕТІСТІК


СЫН ЕСІМ

САН ЕСІМ


№3-тапсырма (ҚАЙСЫСЫ АРТЫҚ?)

Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді



Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір

Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу

Ұшырды, жазды, келмекші, ойланды, аң

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

486-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ)



Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің тексер. Тест.

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Сөз таптарын қайталау, еске түсіру, сөздерді сөз таптарына топтай білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

486-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ)



ІІІ.Бекіту сабағы Өзіңді өзің тексер. Тест.

А)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 169-170-171-172-173-беттер

№1-тапсырма СӨЗДЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЮ, КЕСТЕГЕ ОРНАЛАСТЫРУ
Бүркіт, күн, жасыл, бес, оқыды, жеті, үлкен, жазушы, қырық, барды, әдемі, үйренді


Кім?не?

Не істеді?

Қандай?

Қанша?

Бүркіт

Күн


жазушы

Оқыды

Барды


үйренді

Жасыл

Үлкен


әдемі

Бес

жеті


қырық

№2-тапсырма Әр сөз табы нені білдіреді?

ЗАТ ЕСІМ

ЕТІСТІК


СЫН ЕСІМ

САН ЕСІМ


№3-тапсырма (ҚАЙСЫСЫ АРТЫҚ?)

Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді



Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір

Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу

Ұшырды, жазды, келмекші, ойланды, аң

№4-тапсырма СҰРАҚТАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН СӨЙЛЕМ ҚҰРАП ЖАЗУ

Кім?не істеді?

Кім?неше?не?не істеді?

Не?қайтті?

№5-тапсырма СӨЗ ТАПТАРЫНА ТОПТАП ЖАЗУ

Күнделік, құрт, мөлдір, мың, алтыншы, жиналды, ірімшік, кенші, пайдаланды, жаман, ұмытпайды, шаңқылдайды, кең, ащы, екі

ЗАТ ЕСІМ


ЕТІСТІК

СЫН ЕСІМ


САН ЕСІМ

№6-тапсырма СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП, СӨЗДЕРДІ ОҚЫ

Ақ лақ маңырады. Кішкентай лақ секірді. Сары балапан шоқыды.

ҚАНДАЙ? НЕ? ҚАЙТТІ?

№7-тапсырма РЕТІМЕН ЖИНАСТЫРУ

1)Зат есім 1)сын есім 1)сан есім 1)етістік

2)зат 2)сапа 2)сан 2)қимыл

3)кім? не? 3)қандай? 3)неше? 3)не істеді?

4)мысық 4)тәтті 4)он 4)жүгірді

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1.Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

А)қашан? В)кім?не? С)неше?қанша?

2.Зат есімнің көпше түрін

А)өсімдік В)кітап С)ағаштар

3.Жалқы есімді тап.

А)құс В)Абай С)орман

4.Жалпы есімді тап.

А)Тараз В)Іле С)қайың

5.Етістік нені білдіреді?

А)заттың қимылын, іс-әрекетін

В)заттың санын, сынын

С)заттың мөлшерін, көлемін

6.Етістіктің сұрақтарын тап.

А)қалай?қашан? В)не істеді?қайтті? С)кімдер?нелер?

7.Күрделі етістікті тап.

А)жазды В)көрді С)оқып отыр

8.Дара етістікті көрсет.

А)сүзіп жатыр В)оқып отыр С)ойнады

9.Сын есім нені білдіреді?

А)заттың түрін, түсін, сапасын

В)заттың қимылын, іс-әрекетін

С)қимылдың қашан, қайда болғанын

10.Сын есім қай сөз табымен байланысады?

А)етістікпен В)сан есіммен С)зат есіммен

11.ҚАЛЫҢ сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап.

А)жіңішке В)жұқа С)жуан

12.Сын есімнің сұрағын тап.

А)неліктен? Қалай В)қандай?қай? С)қайтті?неғылды?

13.Қайсысы сын есім? А)дала, құм В)ертең, биыл С)жүйрік, әдемі

14. НЕШІНШІ? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А)жетінші В)тоғыз С)жиырма

15.Сан есім қай сөз табымен байланысады?

А)етістікпен В)зат есіммен С)сын есіммен

16.Сан есімнің сұрағын тап.

А)кім?не?кімдер?нелер? в)неше?қанша?нешінші? С)қалай?қашан?

17.Сан есімді тап. А)елік, емен В)елу, жетеу С)бүгін, ертең

БАҒАЛАУ ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:Өткенді қайталау



Сабақтың тақырыбы: Әдемі сөйлеу- әдептілік.

Сабақтың мақсаты:

тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Ауызша және жазбаша сөйлеу дығдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Жаңа сабақ Әдемі сөйлеу- әдептілік.

Әңгіме-ертегі: «Баяғыда Үсен деген бала болыпты. Бірде ол көршінің Қанат деген баласының ойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіген кейіп танытып, ішінен бір нәрсені күбір-күбір етіп айтып, Қанатты ертіп үйіне кетеді. Міне, қызық! Бағанадан бері батырсынып тұрған Үсеніміз лезде көзден ғайып болды. Мұны өзі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. Ренжіген Үсен үйіне келіп, ешкімге ұстатпайтын тік ұшағын далаға алып шықты. Тік ұшақты Ұланға да, Серікке де ұсынды. Олар көрмегендей, естімегендей сыңай танытты. Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бір-ақ түсінді. Отыра қалып жылады. «Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерді тыңдаймын. Мен бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!» Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетті. Үсенді бұрынғы қалпына келтірді.



Пр.сұрақ:Үсен неге көзге көрінбейтін бала болып қалғысы келмеді?

*Шығармашылық тапсырма: ЫМ, ҚИМЫЛ АРҚЫЛЫ өз сыныбының жетістіктерін жеткізу



Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Ойын. «Кім тапқыр»

Мақал мәтелдің түсіп қалған санды орнына тауып қою керек.

..... атасын білмеген жетесіз.

..... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

...... ала болса ауыздағы кетеді.

...... түгел болса төбедегі келеді.

ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС:

Жұмбақ құрастыру

Алма,лимон, қант, тұз, қарындаш, дәптер, кітап

*СИПАТТАП ЖАЗУ

Ағаш, гүл, көгершін, жылқы, тасбақа


*ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖАТҚА АЙТУ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:өткенді қайталау


Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №2 «Шұбат»

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Сөздерді, сөйлемдерді қатесіз жазып, сөйлем ішінен тасымалданбайтын сөздерді таба білу және сөздерге дыбыстық талдаулар жасай білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №2 «Шұбат»

А)Шұбат- түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.

Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам организмінің С витаминiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, витаминдерге өте бай.[1]

Әзiрлеу

Әзiрлеу технологиясы да қымызды әзiрлеу технологиясына ұқсас. Шұбаттың сапасы көбiнесе ұйытқыға байланысты. Шұбаттың ең жақсысы - күштiсi болып табылады. Шұбат та қымыз секiлдi әлсiз - тәулiк iшiнде - жетiле бастаған, орташа - екi тәулiктiк және - үш тәулiктiк болып бөлiнедi.

Шұбат дайындау үшін суытылған түйе сүтін сүзіп, 30—35°С-қа дейін салқындатып, емен кеспекке құйып өндірістік ашытқы салып піспекпен 20—30 мин араластырып, 3—4 сағат ашытады. Бұл кезде құрамындағы күрделі заттар жай заттарға айналып, қышқылдылығы көтеріліп, ішіндегі казеин іріп тұнбаға түседі. Тұнбадағы казеинді майдалау үшін шұбатты араластырып отырады. Әр сауыннан алынған сүтті шұбаты бар кеспекке құйып жақсылап піседі, ал ашыту процесі 20—25°С температурада 10—20 сағатқа созылады. Ашыған шұбатты ыдыстарға құйып, 10— 12 сағат бойы салқындатып сауда орындарына таратады. Бір тәулік бойы ашыған шұбат — әлсіз, екі тәулік ашыған шұбат — орташа, ал үш тәулік бойы ашыған шұбат — күшті деп аталады. Ашытқы әсерінен түйе сүтіндегі сүт қанты ыдырайды, сүт қышқылының, спирттің, көмір қышқылының жаңа қосылыстары түзіледі, витаминдердің мөлшері молаяды.[2]

Ерекшелігі

Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499 – 528 ккал болса, Шұбатта 789 – 991 ккал болады. Шұбат құрамында май, әртүрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау облысы Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған. Бұрын қазақтар қою түйе сүтiн шәйға қосып iшкен, оның үстiне түйе сүтiн олар сиыр сүтi ретiнде пайдаланды. Шұбаттан басқа, қазақтар түйе сүтiне басқа да жануарлардың сүтiн қоса отырып түрлi сүт тағамдарын өндiрiп шығарған. Мысалы: сүзбе (қатық), құрт.







Түйенің сүті

Шұбат

Қышқылдық

18°

28°

Майлылық

4.3 %

4.3 %

Лактоза

2.75 %

1.32 %

Құрғақ заты, майдың басқасы

8.2 %

6.6 %

Минералды заттар

0.86 %

0.75 %

Этил спирті




1.1 %

Аскорбин қышқылы

5.6 %

4.8 %

Ә)Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру

Шұбат

Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын – шұбат.Мұны қымыран деп те атайды.. Оның түйе сүтінен жасалатын барша жұртқа белгілі. Шұбат та қымыз сияқты ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйып сақталады, пісіледі. Шұбат қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы, әрі қою болады, ұзақ сақталады. (42 сөз)

Тапсырма

1.Соңғы сөйлемнен тасымалданбайтын сөздердің астын сыз.

2.Шұбат сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Ш-қатаң дауыссыз

Ұ-жуан дауысты

Б-ұяң дауысты

А-жуан дауысты

Т-қатаң дауыссыз

5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:Өткенді қайталау



Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп 487-493жат.

Сабақтың мақсаты:

Дыбыс және әріптің айырмашылығын ажырата отырып, жаттығулар орындату. Дыбыстардың түрлерін есте сақтау, сөздерді қатесіз жаза білуге дағдыландыру



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Күн шуағын таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

ІІ.Жаңа сабақ Дыбыс және әріп 487-493жат.

Қырық қырықтықшы

Қырық қырықтықпен

Қой қырықты

Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады?

Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.

- Оқушылар бізге не естіліп тұр?

- Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.

- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі.

- Әріп дегеніміз не? Әріп – дыбыстың жазбаша таңбалануы.

Дыбыс түрлері нешеу?

487- жаттығу. Мәтінді оқу (у әрпі бар сөздерді табу, кестеге жазу)

Дауысты дауыссыз

Қуанды Сәуле

су Таулы

шомылу Бау-бақша

серуендеу суару

488-жаттығу У әрпін қосып сөз жасау

Жуу, суу, буу, сауу, жауу, ауу

ТОППЕН ЖҰМЫС:

1-топ 489-жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін табу

Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден (кірпі) и-дауысты, й-дауыссыз

2-топ 491-жаттығу Өлеңді оқып, жатқа жазу

Биік таулар, жапан дала

Гүл жазира, көл, теңіз

Әдемі ғой қашанда

Біздің туған өлкеміз

И,У ӘРІПТЕРІНІҢ АСТЫН СЫЗУ

3-топ 492-жаттығу БҰЛ ҚАНДАЙ СӨЗ, ҚАЙ ӘРІП?

Қос бүйірлі шөміштің

Бір әрпін кеміттім.

Шошындырар ел-жұртты

Дұшпан дерлік сөз шықты (ожау-жау)

Бір әріпті тағы да

Қысқарттым мен алдым да

Жаңа бір сөз құралды

Ол-балықшы құралы (ау)

Әріп сырын ұқпақпын

Және бірін қысқарттым

Шошындырар ел-жұртты

Қорқынышты сөз шықты (у)


*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА

«СИҚЫРЛЫ ТІЗБЕК» (у,й,и)

Шуақ-қуырдақ-қиын-науа-айна-айдар-рауан-ну-уық-қайрақ

** Логорифті оқы.

Көңіліміз ақ,

Қуанатты шақ.

Жерге қонды ұшақ,

Қарсы ал, жайып құшақ.


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 490-жаттығу (көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу

Сабақтың тақырыбы: Ю,я әріптерінің емлесі. 494-501 жат.

Көшіру диктанты №6 «Сағыныш»

Сабақтың мақсаты:

1. Я, ю әріптерінің дұрыс жазылу және айтылу ережелерін қайталап, оларды сөйлем ішінде дұрыс жазуға үйрету, дыбыстық талдауды қатесіз жасауға дағдыландыру.

2. Оқушының сөздік қорын толықтыру, сауаттылығын нығайту, каллиграфиясын жақсарту.

3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

490-жаттығу (көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу

Биыл бидай бітік шықты. Біз шие теруге бардық. Мұрат досына кітап сыйлады. Қорғауға алынған аң-құстарды аулауға тыйым салынған.

ІІІ.Жаңа сабақ Ю,я әріптерінің емлесі. 494-501 жат.

Көшіру диктанты №6 «Сағыныш»

А) Тақырыбы: «Сағыныш» Мақсаты: Диктантын жаздыра отырып, оқушы білімін тексеру.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Білімдерін тексеру:Диктант тақырыбын тақтаға жазу.Ережелерді еске түсіру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Сағыныш

Бірде апама еріп қалаға бардым. Қала маған қатты ұнады. Театрға, саябаққа бардық. Бір апта солай өтті. Мен енді ауылды сағына бастадым. Ауылғы келдім. Мұнда маған бәрі ыстық боп көрінді. Достарыммен құшақтасып көрістім. Мен үшін туған ауылым – ең ыстық мекенім. ( 39сөз)

Тапсырма:


  1. 1-2 сөйлеміндегі етістіктің астын сыз.

2. «Туған ауылым» дауыссыз дыбыстарды тап.

Ә)Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына не жазылады?

Сөзде йу дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына қай әріп жазылады?Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, қай әріп жазылады?

Білімді меңгерту. Сызбамен жұмыс. Я- /й+а/, Ю- /й+у/ Жазылғанда я, ю әріптері жазылады. Айтқанда йу, йа дыбыстары естіледі.

- Қане, оқушылар я, ю дыбыстары естілетін сөздерді айтайық. Осы дыбыстар сөздердің қай жерінде орналасқан?

- И – қысаң, езулік, дыбыстың әрпі. Ол жазуда ый, іи дыбыстарының тіркесін де белгілейді: быйыл-биыл, қиын, кійім-киім, кійіз-киіз. Сондықтан и әрпі жуан сөзде, жіңішке сөзде де жазылады.

Орыс тілінен кірген сөздерде и әрпі жалаң дыбысты белгілейді: кино, домино, машина т.б.

Ескерту: Бұл ережеге бағынбай жазылатын сөздер сый, тый және олардан жасалған туынды сөздер: сыйла, сыйластық, тыйғыз, тыйымсыз.

У – дифтонг дыбыстың әрпі. Ол дауысты у және дауыссыз у әрпін де таңбалайды, жуан сөзде де, жіңішке сөзде де жазылады.

У әрпі дауыссыз дыбыстың әрпінен кейін жазылғанда, ол дауысты дыбыстың әрпі болып, буын құрайды: қулық, қуан, сулық, туған т.б.

У әрпі дауысты дыбыстың әрпінен кейін жазылғанда, ол дауыссыз дыбыстың әрпі болып табылады: тау, жау, таугүл, тауқымет т.б.

Етістіктің у дыбысына аяқталып, оған тұйық етістіктің –у қосымшасы жалғанса, етістік қос у әрпімен жазылады. Мысалы, сауу, туу, қуу, жуу.

Э, ё әріптері орыс тілінен кірген сөздерде, орыс тілі арқылы шет ел тілінен кірген сөздерде жазылады. Қазақтың байырғы сөздерінде жазылмайды: экскурсия, ёлка, экс-чемпион, эпиграф, актёр т.б.

Ю әрпі қосынды й+у дыбыстарын таңбалайды.

* байырғы сөздерде қолданылады: аю, баю, қою, жаю сыю т.б.

* орыс тілінен кірген сөздерде ю әрпі жазылады: гипюр, глюкоза, юбка, юнкер т.б.

Я әрпі й+а дыбыстарының тіркесін таңбалайды.

* қазақ тілінің байырғы сөздерінде я әрпі жазылады: таяқ, қоян, аян, қияқ, саяси т.б.

Оқулықпен жұмыс:

494-жаттығу (ю, я әріптері қандай дыбыстардың орнына жұмсалған?

АЮ, ОЮШЫ, КӨРКЕЮ, ПИЯЗ, ЗИЯН, МИЯ ю=й+у я=й+а

495-жаттығу (орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу)

ӘКЕМ ШӨП МАЯЛАДЫ. КӨКТЕМДЕ ӨЗЕН СУЫ МОЛАЯДЫ. Ғ -ҰЯҢ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС. ӘЛИЯ-ОЗАТ ОҚУШЫ.

Шығармашылық жұмыс. 496-жаттығу (қай сөздерге у әрпін қосқанда ю болады?)ЖИЮ, КИЮ, ҮЮ, ҚОЮ, ЖАЮ

Сергіту сәті.

«Есіктегі құлыпты,

Аша алмадық қиналдық.

Сартылдаттық құлыпты,

сыртылдаттық құлыпты.

Әрлі-берлі қозғадық, ойнадық та ойладық Міне, құлып ашылды»

498-жаттығу (өздік жұмыс) Өлеңді оқып, өздеріне ұнаған аңды сипаттап жазу АЮ, ҚОЯН

499-жаттығу. Сөзжұмбақ құрастыру (пияз, қария , тақия, ұя, қоян)

500-жаттығу. Ребусты шешу ХАЙУАН (әңгіме құрау)

ӨЗДІК ЖҰМЫС:

Я әрпі дауысты дыбыстан кейін келген сөздерді бір бөлек, я әрпі и әрпінен кейін келген сөздерді бір бөлек жазу.

Жая, мая, сая, аяз, аяқ, таяқ, шаян, қоян, ұя; мия, сия, қия /Қосымша тапсырмаларын орындау/

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ Біз бүгін қандай дыбыстар туралы өттік? Я, ю дыбыстары қай дыбыстардан құралған? Дыбыстық талдау жасағанда қалай жасаймыз?

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:497-жаттығу (көп нүктенің орнына и, я, ю әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
жүктеу 8,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау