Ақылды үй датчиктерінен деректерді шығару бағдарламалары



жүктеу 15,92 Kb.
Дата31.01.2023
өлшемі15,92 Kb.
#41079
Ақылды үй датчиктерінен деректерді шығару бағдарламалары


Ақылды үй датчиктерінен деректерді шығару бағдарламалары
Ақылды үй – әртүрлі жоғары технологиялық құрылғылардың көмегімен адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін құрастырылған тұрғын үй. 
Ақылды үй ғимаратта болып жатқан нақты жағдайларды түсінуге қабілетті және алдын ала әзірленген алгоритм бойынша оларға жауап береді. Бұл ретте адам бір командамен
қалаған жағдайды көрсетеді, ал автоматика сыртқы және ішкі шарттарға сәйкес барлық инженерлік жүйелер мен электр құралдарының жұмыс режимін анықтап,
оны қадағалайды.
Ақылды үй адамның қалауына, тәулік уақытына, оның үйдегі жағдайына, ауа райына сәйкес барлық жүйелердің жұмысын өзі баптайды.
Ақылды үй құру ақылды құрылғылардың болуын көздейді. IoT технологиясы (Заттар интернеті) ақылды үйдің әрбір элементіне (заттарына) және барлық ақылды үйге Интернет кеңістігіне шығуға және басқа заттармен, жүйелермен ақпарат
алмасуға мүмкіндік береді.
Контроллер немесе тақша негізіндегі ақылды үйге арналған заттардың интернет жиынтығы заттар интернетін пайдалану арқылы ақылды үй элементтерін жасауға мүмкіндік береді.
Кез келген ақылды жүйенің ең басты құраушысы – контроллер. Контроллер ақпарат алады және ақылды үйді басқарады. Контроллердің негізгі қызметі – мониторинг, яғни үйіміздегі ауа температурасы мен ылғалдылығы, өсімдіктер үшін топырақтың ылғалдылығы, өрт, су тасқыны немесе пропан газының ауаға таралуы туралы барлық ақпаратты жедел алу.
Ең бастысы, біздің үйіміз үшін алаңдаушылықты болдырмау. Біздің ақылды үйіміз контроллерге қосылған құрылғылардың бірнешеуін талап етеді.
Мониторинг ақпараттарын дисплейге шығару қажет болады немесе жарықдиодты және дыбыс сигналының көмегімен біз үйде болған кезде датчиктердің көрсеткіштерін көру үшін климаттық параметрлердің сыни мәндері туралы хабарлау қажет.
Біздің ақылды үйіміздің электронды құрылғыларын басқару керек. Бұл – жарықтандыру, желдету, өсімдіктерді суару, тұрғын үйді жылыту. Құрылғыларды инфрақызыл арна бойынша үйде отырып басқару үшін ИК-пульт пен ИК-қабылдағыш керек. Тағы бір пайдалы функция – карта қолданып, үйге кіру.
Дат­чик­тер­ді қо­су. Датчиктер кез келген ақылды үйдің негізі болып табылады.
Жүйе тұтастай шешуі тиіс жеке талаптар мен міндеттер тізбесіне қарамастан, осы датчиктерді автоматтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді және басқа құрылғыларға белгілі бір сәтте қосу немесе ажырату қажеттілігі туралы сигнал береді.
Бұл құрылғыларды дұрыс таңдау ақылды үйдің жұмыс қабілеттілігі мен функционалдылығының негізі болып табылады.
Біздің ақылды үйіміздің атқарушы құрылғыларын виртуалды басқаруды Cisco Packet Tracer (https://www.netacad. com) симуляторы көмегімен жүзеге асыруға болады.
Packet Tracer – желілер, киберқауіпсіздік пен Заттар интернеті (IoT) саласында желілерді жобалау мен модельдеудің тегін құралы.
жүктеу 15,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау