Дадыбаева Фатима Бекназаровна Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған сабақ



жүктеу 8,64 Mb.
бет27/32
Дата14.05.2018
өлшемі8,64 Mb.
#13339
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Ақылды құмырсқа

Құмырсқа бір тыным тауып отырмайды. Бірде құмырсқа балаларына тамақ іздеп шықты. Оның өткір көзі арықтың арғы бетіндегі тәтті үгіндіге түсті. Арықтың арғы бетіне қалай өтерін білмеді. Малтып өтсе, су ағызып кетуі мүмкін. Құмырсқа өсіп тұрған шиді көрді. Шиді арықтың үстіне құлатып еді, көпір болды да қалды. Ол қатты қуанып кетті. Шидің үстімен арықтың арғы бетіне өтіп, олжасын балаларына арқалап келді.

Міне, тапқыр, ақылды, еңбекқор деп құмырсқаны айт.
Тақтаға жазылатын сөздер мен сөз тіркестері:таным, өткір, көзі, үгінді, олжа, еңбекқор.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. 375-379 жат.

Сабақтың мақсаты:

Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

өткенді қайталау, ережені жатқа айту



ІІІ.Жаңа сабақ Дара және күрделі етістіктер. 375-379 жат.

Етістік деген не? Сұрақтары? Мысалдар келтіру.

Етістіктердің дара және күрделі түрі болады.

Дара етістік бір сөзден тұрады: келді, оқыды, көрді.

Күрделі етістік екі, үш сөзден құралған: келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр.

Оқулықпен жұмыс.

375 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістердің астын сыз. Оларды өзара салыстыру. Не байқадың?

Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр. Қос аққу ұшты. Қос аққу ұшып барады. Айнұр кітап оқыды. Айнұр кітап оқып отыр.

376 - жаттығу күрделі етістікке айналдырып жаз.

Үлгі:

Дара етістік Күрделі етістік

Ұшты ұшып барады

Күреді күреп жатыр

Құйды құйып отыр

Үйді үйіп жатыр

Сүзді сүзіп отыр



Ережені оқу. Хормен оқу, талдау.

Түсінгендерін тексеру:

377 - жаттығу. ТОППЕН ЖҰМЫС



Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құр, олардың қайсысы дара және күрделі етістік екенін айт.

Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.

378 - жаттығу. Дара мен күрделі етістіктерді салыстырып, дәлелде, мағына ерекшеліктерін байқа.

ДАРА КҮРДЕЛІ

Көздеді, ойнап жүр,

көрді келе жатыр

шомылды тоқып жатыр

Бекіту

Дара етістік деген не?

Күрделі етістік дегеніміз не?
Суретке қарап сөйлем құра. Сөйлемнің ішіндегі күрделі етістіктің астын сыз.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Лездеме жауап беруге арналған сұрақтармен пысықтау.

1. Заттың атын білдіретін сөз табы (Зат есім)

2. Көкшетау, Тараз, Алпамыс, Есіл, Құтжол – қандай зат есімдер? (Жалқы)

3. Жылы – жылы сөйлесең, не інінен шығады? (Жылан)

4. Жүрді, келді, барады – қандай сөз табы? (Етістік)

5. – лар, - лер,- дар, - дер, - тар, - тер қандай жалғаулар? (Көптік)

6. Сөз таптарын ата (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)

7. Сынып бөлмесінде кезедесетін жалпы есімдерді ата. (Сағат, парта, орындық, кітап)


Шығармашылығымызды шыңдайық:

Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз.

Сабақтан мен............,

Жаман бала...............

Үлкендерді...............,

Айтқандарын.............
Үйге тапсырма:

379 - жаттығу (сурет бойынша әңгіме құра.) 137-бет



Сабақтың тақырыбы: Етістік түрлерін ажырату 380-384 жат.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, сауатты

жазуға дағдыландыру.

Тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін

кеңейтуге үйрету.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

377 - жаттығу.



Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құр, олардың қайсысы дара және күрделі етістік екенін айт.

Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.

378 - жаттығу. Дара мен күрделі етістіктерді салыстырып, дәлелде, мағына ерекшеліктерін байқа.

ДАРА КҮРДЕЛІ

Көздеді, ойнап жүр,

көрді келе жатыр

шомылды тоқып жатыр

ІІІ.Жаңа сабақ Етістік түрлерін ажырату 380-384 жат.

Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

I топ. Тапқырлар

II топ. Ойшылдар

III топ. Ақылдылар

Әр топ тілге байланысты 3 шумақ өлеңін айтады.

I топ.

Ана тілім – ұраным.



Ана тілім – құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр – әнім.

II топ.


Ардақты ана тілі – туған тілім,

Тербеліп ақ бесікте сезгем үнін.

Мән беріп, қазағымның әр сөзіне

Ой түйіп, жинақтадым терең білім.

III топ.

Қаның, жаның – тіліңде,

Арың, нәрің – тіліңде.

Ұмтыл оны білуге.

Тілден алып ғибрат,

Құлшынасың білімге.



Мағынаны тану кезеңі

I топ.


1. Зат есім дегеніміз не?

II топ.


1. Етістік дегеніміз не?

III топ.


1. Етістіктің дара және күрделі түрін ата

б) «Адасқан сөздер» ойыны.

г) I топ. II топ. III топ.

Дара Күрделі Дара Күрделі Дара Күрделі

сыз... жыр... шақырды...

жүр... би... жауды...

бар... ой... өсті...

тұр... шеге... тазалады...

күл... ұсақ... оқыды...

д) Оқулықпен жұмыс:

380 – жаттығу. (Жұмбақты көшіріп жазып, етістікті табу)

ҚЫЛ КЕҢІРДЕК БАТЫР,

ТАУ КӨТЕРІП ЖАТЫР. (кран)

381-жаттығу (мәтінді оқып, сөйлем ішінен етістікті табу)

ТОТЫ


Тоты-әдемі құс. Ол Африка, Америка және Австралияның тропиктік ормандарында тіршілік етеді.

Тотының аяғы өрмелеуге өте ыңғайлы. Әр аяқтағы төрт саусақтың екеуі алға, қалған екеуі артқа қарай біткен. Тотылардың қанаты да жақсы жетілген. Олар кәдімгідей тез ұшады.

382-жаттығу (сөз құрау, сөйлем құрау)

Айнұр гүлге су құйып жүр.



и) «Ой түбінде алтын бар,

Ойлай берсең табарсың».

***

Ақ түсті бояуы,



Дауылы, бораны

Айналаны орайды,

Ақ түс басып даланы.

383-жаттығу (дара және күрделі етістіктерді салыстыру, мағыналық ерекшеліктерін бір-біріңе түсіндіру)
Оқыды-оқи бастады, оқып отыр, оқып болды.

Тікті-тігіп жатыр, тіге бастады, тіге алады.

Ойнады-ойнап жүр, ойнап кетті, ойнап жүр екен.
Қорытындылау Кестемен жұмыс


Етістік

Дара

Күрделі

Ұшты







Жазып отыр







Кел







Барды







Тұрып кетті








Ойын “ Жалғастыр

оқыды – оқып отыр,

көрді - көріп тұр.

Жинады- жинап жүр

Ойнады-

Күлді-


Келді-

Барды-


Терді-


Үйге тапсырма: 384 – жаттығу.

Ребусты шешу, әңгіме құрау

ЕТІСТІК-қимылды білдіретін сөздер.


Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Дара етістікті күрделі етістікке айналдыру

.385-389 жат.Көшіру диктанты №4 «Мақта»



Сабақтың мақсаты:

Дара етістікті күрделі етістікке айналдыра білуге үйрету, сөйлем ішінен етістікті таба білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыпты жазып, ұқыпты әрі сауатты талдай білуге баулу.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Кеудемдегі күн күлсін,

Бізге шуақ, нұр құйсын!

Мейірімді жан, өзіңмен,

Көңіліміз жайнап құлпырсын!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

384 – жаттығу. Ребусты шешу, әңгіме құрау

ЕТІСТІК-қимылды білдіретін сөздер.
ІІІ.Жаңа сабақ Дара етістікті күрделі етістікке айналдыру

.385-389 жат.Көшіру диктанты №4 «Мақта»

А) Көшіру диктанты Мақта

Мақта – бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта құнарлы топырақты және ылғалды ұнатады. Ол суармалы жерде өсіріледі. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылады. Одан үлпілдек ақ мақта көрінеді.



Тапсырма.

Мәтіннен етістіктерді тап.

Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС:139-140-беттер
385-жаттығу (мәтінді оқып, етістікті табу)
Толқып жатыр, бар, келді, жүз, барма, айқайлады, жүзді, жүзіп барады.
386-жаттығу (дәптерге көшіріп жазып, етістікті табу)

ҚАЗАНДА ШҰЖЫҚ ЖҮР,

ҮШ ШҰЖЫҚ ЖҮЗІП ЖҮР

ШҰЖЫҚШЫЛ ЖҮСІП ЖҮР

ШҰЖЫҚТЫ СҮЗІП ЖҮР

388-жаттығу (топтап жазу)
Не істейді? Қайтеді?

Сыпырады сайрайды

Өсіреді шаңқылдайды

Иіреді ақырады

Емдейді боздайды
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА

389-жаттығу (өлең құрастыру)

...................торғайды

...........қорғайды

...............ойнаймыз

.............ойлаймыз
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
А) Дара етістікті күрделі етістікке айналдыру

Сыпырады

Өсіреді

Иіреді


Емдейді

сайрайды


шаңқылдайды

ақырады


боздайды

Ә)Қысқаша тест

1.Зат есім дегеніміз не?

А)Заттың атын білдіреді

ә)заттың сынын білдіреді

2. Зат есімнің сұрақтары?

А)Кім? Кімдер?

ә)кімнің? Ненің

3. Асан ойнады .Сөйлемнензат есімді тап

а)ойнады

ә)Асан
БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 387-жаттығу (сөйлем құрау)

Күркіреді, сіркіреді, жарқылдады



Сабақтың тақырыбы: Етістіктің зат есіммен байланысы. 395-399 жат.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.

Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

394-жаттығу (суретке қарап, шағын әңгіме құрау)



ІІІ.Жаңа сабақ Етістіктің зат есіммен байланысы. 395-399 жат.

А)КІТАППЕН ЖҰМЫС:

395-жаттығу (мәтінді оқып, етістіктерді табу)

Жер бетіне көк қылтияды. Жан-жануарлардың арқасы кеңіп, жәндіктерге де жан бітеді. Құрт-құмырсқа қыбырлай бастайды. Көктемнің осы сәтіне адамдар да, жан-жануарлар да сағынып жететін сияқты. Әйтеуір балалардың жыл құстарын сағына күтетіні анық.


**МӘТІНДІ ӨЗІҢ ЖАЛҒАСТЫРЫП КӨР!
*Терең ойла!!!

396-жаттығу (берілген заттардың бәріне ортақ қимылды білдіретін сөзді табу)

Адам


Мал ?

Аң


Адамға ғана тән қимыл атауларын ата.

397-жаттығу (кестені толтыру)




ДАРА ЕТІСТІК

КҮРДЕЛІ ЕТІСТІК

Ұшты



Ұшып барады

398-жаттығу (мәтінді оқу, зат есімдер мен етістіктерге талдау жасау)

*ТӨЛЕ бИ туралы мәлімет

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.



Ескерткіштер

Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деген атпен танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырды. Өткен дәуірлерде А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өтті. Әр кезде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, т.б.

Төле биге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялады. Жамбыл облысында Төле би есімімен аталатын елді мекен бар. Оңтүстік Қазақстан облысында бір ауданға Төле би есімі берілген. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында және Астана қаласында Төле биге ескерткіш қойылған. Алматыда, Шымкентте және бірқатар елді мекендерде Төле би есімімен аталатын көшелер бар.
ТӨЛЕ АҚЫЛДЫ, ӘДІЛ БИ БОЛҒАН. ОЛ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ БАСЫН БІРІКТІРДІ: ЕЛДІ ТАТУЛЫҚҚА ШАҚЫРДЫ. ТӨЛЕ БИДІҢ ДАНА ОЙЫ МЕН СӨЗІ БЕРЕКЕ, БІРЛІКТІҢ КӨЗІ БОЛДЫ.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 399-жаттығу

(ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау)


БІРЛІК ТҮБІ-ТІРЛІК.
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау жаттығулары.400-406 жат.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.

Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

399-жаттығу

(ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау)

БІРЛІК ТҮБІ-ТІРЛІК.



ІІІ.Жаңа сабақ Пысықтау жаттығулары.400-406 жат.

Ойын “ Жалғастыр ” оқыды – оқып отыр, көрді - көріп тұр.

400 - жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, етістікті табу.

Жолбарысқа ұқсайды,

Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)

Мысық туралы сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.



Сергіту сәті: Мысық сияқты мияулау.

401 - жаттығу. « Өрмек» өлеңін мәнерлеп оқу, етістікті тауып, байланысын табу, автормен таныстыру.

ӘЖЕМ ӨРМЕК ҚҰРАДЫ.

ӨРМЕК –ТОҚУ ҚҰРАЛЫ.

БҰЛ ҚҰРАЛМЕН ТАМАША

ТОҚЫЛАДЫ АЛАША.
« Өрмек» туралы мағлұмат беру.

Өрмек тоқу – алаша, қап, басқұр, бау және шекпен тоқу үшін екі басы қазыққа керіліп, желісі жер бетімен түзу тартылған, иірілген жіп керілген құрылғы. Ол қайық, серу жіп, қылыш, адарғы, мосы ағаштың көмегімен күзу (күзеу), арқау жіптер арқылы ерсі (ерсі жіп) тоқылады. Тақталы алаша, терме алаша, басқұр әр түрлі боялған түрлі-түсті жіптен, ал шекпен тайлақ жүнінен арнайы оң, теріс иірілген жіптен тоқылады. Өрмекке арналған жіптің аралары ұзындығы 15 – 25 см, 15 – 20 см етіп үш қазыққа іліп, айналдыра төгіп шығады. Содан соң төгілген жіп күзеуге байланады да, одан кейін жіп қазықтар арасына төгіледі. Соңынан өрмектің екі басы керіліп байланады, ал күзу жіп мосы ағашпен керіледі. Сонда ғана өрмек тоқуға даяр болады.

Өрмекші - өрмек тоқитын маман. Өрмек тоқу ерте заманнан келе жатқан қолөнері. Өрмекші жүнді түтеді. Оны шүйкелеп иіреді. Иірілген жіпті бояп немесе бояусыз домалақтап өрмек құрады. Дайын болған өрмекті алдымен бетін күзу жіпке қаратады, күзуге байланған астыңғы, үстіңгі жіпті адарғы арқылы кезек айқастырады, сонан соң арасынан арқау жіпті өткізеді де, арнайы қылышпен соғыи, кайталап тоқи береді. Өрмекші басқұрды, бауды түрлі-түсті боялған жіптен санап теру арқылы өрнекті өрмек бетіне қоса түсіріп отырады.[

402 - жаттығу 3 топтан 3 оқушы шығып, 2 сөйлемнен жазады.

1 оқушы: Күз келді. Күн суыта бастады.

2 оқушы: Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті.

3 оқушы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.



403 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, оны күрделі зат есімге айналдырып, сөйлем құрап жазу.

... оқыды.... емдеді.... тікті.

... секірді.... құйды.... көмектесті.

404 - жаттығу. Сөзжұмбақты шешу, “Қимыл” сөзі шығады.

405 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу.
Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.



Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуын түсіндіру. Түбіт туралы мәлімет беру.

Түбіт – ауыл шаруашылық малдары мен аңдардың жіңішкелігі 25 мкм-ге жетпейтін, жіңішкежүн талшықтары. Биязы жүнді қойлар мен түбітті ешкі тұқымдарының жүн жабындысы түгелдей түбіттен тұрады. Түбіттің басты қасиеттері – жылу сақтағыштығы, көп ылғал сіңіргіштігі, т.б. ескере отырып мата, тоқыма киімдер, кілем, аяқ киім, киіз, т.б. бұйымдар жасауға мүмкіндік береді. Технологиялық және тауарлық сапасы физикалық қасиетін (жіңішкелігі, ұзындығы, беріктігі, серпімділігі, түсі, жылтырлығы, т.б.) анықтайды. Түбіт көбіне ақ, қара, қоңыр түсті болады. Ақ түсті түбітті кез келген түске бояуға болатындықтан, жоғары бағаланады. Түбіттің басқа жүн талшықтарынан (аралық талшық, қылшық, өлі және құрғақ қылшықтар) басты морфол. айырмашылығы – құрамында бос, ауалы кеңістіктің, елеулі өзек қабатының болмауы. Осы ерекшелік түбіттен жіңішке де мықты жіп иірілуін, соған орай, сапалы да әдемі мата, киім-кешек тоқылуын қамтамасыз етеді. Асыл тұқымды биязы жүнді қой, түбітті ешкі шаруашылығында түбіт сапасы мен мөлшері негізгі селекц. белгілердің бірі болып табылады. Осы шаруашылықтардың эконмикалық тиімділігі де елеулі деңгейде түбіт өнімділігінің мөлшері мен сапасына байланысты. Соңғы уақытта әлемдік нарықта “Арнайы талшықтар” деген атпен танымал болып отырған жіңішкелігі 17 мкм-ге дейінгі меринос қой, түйе, альпака, лама және ешкі түбіттеріне деген сұраныс тұрақты түрде артып отыр. Жіңішкелігі 19 мкм 1 кг түбіт 21 мкм түбітпен салыстырғанда 2 есе, ал 17 мкм түбіт 19 мкм түбітпен салыстырғанда 2 есе қымбат. Әлемде ең қымбат түбіт – австралия мериностарының биязы жүні. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Мал шаруашылық және ветеринария ғылым-өндірістік орт-на қарасты Қой шаруашылық ғылыми-зерттеу инстуттының ғалымдары биязы жүнді қойларды өсіру, асылдандыру және ешкі шаруашылық бөлімдерінің ғалымдары арнайы ғылыми жұмыстардың әдістемеліктеріне сай қой, ешкі және өте жіңішке түбітті түз тағылары – жабайы арқар мен иір мүйізді жабайы ешкілерді түраралық будандастыруда пайдалана отырып, жіңішке түбітті мал топтарын шығару жұмыстарын іске асыруды қолға алды.
Арнайы жүргізілген зерттеулер қазақтың жергілікті қылшық жүнді ешкілерінің түбіті сапасы бойынша әлемдік нарық талаптарына сай, бірақ олардың өнімділігі өте төмен екендігін көрсетті. Осыған сәйкес, генотиптік және паратиптік (бағу-азықтандыру) жағдайларды ғыл. негізде жақсарта отырып, түбіт түсімі мен сапасын арттыру ешкі шаруашылық тиімділігін көтерудегі маңызды мәселе болып табылады. Жеңіл өнеркәсіпті бағалы түбітпен қамтамасыз етуде түйе шаруашылығының да орны ерекше. Қос өркешті түйелерден орта есеппен 10 – 12 кг, жіңішкелігі 16 – 20 мкм, дара өркешті түйелерден 3 – 5 кг жүн алынады. Сонымен бірге үй қояндары, басқа да мамық жүнді хайуанаттарды қолда ұстау арқылы да Т. өндіруге болады. Қоян Т-інің жіңішкелігі 15 – 20 мкм, ересек үй қоянынан жылына 700 г-нан астам түбіт алынады. Мамық жүнді аң түбітінің жіңішкелігі 25 – 30 мкм, түбіт оның қысқы түгінен алынады, жазғы жүнінде түбіт болмайды.[1]

Түбіт, түбіт жүн - қой, ешкі, түйе, үй қояны, мамық жүнді аңдар түгінің жіңішке талшығы. Тоқыма өнеркәсібі үшін түбіт жүн талшықтарының ішіндегі ең құнды шикізат. Биязы жүңді қойдың жүні түгелдей түбіттен тұрады. Түбіт, түбітті жүн негізінен ешкі мен қойдан алынады. Биязы жүнді қой түбітінің жіңішкелігі - 15-25 мкм. Жылына бір рет қырқып алынады. Ешкі жүнінің 35% жіңішкелігі - 14-19 мкм түбіттен тұрады. Ешкіні жылына бір рет қырқып түбітін бөлгеннен кейін, оны тек тарап (ешкі басынан - 250-300 г) алады.[1]

Мамық, түбіт жүні - көбінесе ешкілерге қатысы бар, ешкі түбіті меринос жүнінен де биязы. Олардан тоқылган бұйымдар әрі жылы, әрі әдемі шығады. Түбітті ешкілердің түбіті тамызда шығып, күз айларында тез жетіледі. Өте биязылары ұсақ та майда бұйраланып, созылмалығы, мықтылығы, олардың жылу сақтау қасиетін жоғарылата түседі. Ең сапалы, жоғары технологиялық қасиеті бар түбітті Орынбор ешкілерінен тарап алады. Түбітті ешкілерді, екі рет - арасында 16-18 күн салып тарайды. Бірінші тарағанда жамбас, мойын, желкеде қалған түбіт екінші тарағанда жеңіл бөлінеді.[1]

Қорытындылау: - Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадық?

Тест тапсырмалары.

І нұсқа

  1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

А) Қайда?

Ә) Кім? Не?

Б) Неге?

  1. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) мұғалім

Ә) шана

Б) құстар

  1. Нелер? cұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) балықшы

Ә) Айгүл

Б) кітаптар

  1. Оқушы деген сөзге қандай сұрақ қойылады?

А) кім?

Ә) қашан?

Б) не себепті?

  1. Егінші, суаншы, суретші деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?

А) не?

Ә) нелер?

Б) кім?
ІІ нұсқа

  1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

А) Кім? Не?

Ә)Қайда?

Б) Неге?

  1. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) бала

Ә) шана

Б) сауыншы

  1. Кімдер?cұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) қала

Ә) көгершін

Б) оқушылар

  1. Ана деген сөзге қандай сұрақ қойылады?

А) кім?

Ә) қашан?

Б) не себепті?

  1. Балықшы, дәрігер, бақташы деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?

А) не?

Ә) кім?

Б) нелер?
Бағалау.

Үйге тапсырма: 406 - жаттығу.
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №3 «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау.

Сөздерді қатесіз әрі ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Сөйлемдегі затесім мен етістіктің байланысын сызбамен белгілеуге үйрену. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

406 - жаттығу.

(Әңгімені әрі қарай жалғастыр! Құраған әңгімені жазып, етістіктердің астын сызу)

ҚАСҚЫР МЕН ТИІН.

Бірде қасқыр тиіндердің қыста ашықпау сырын білігісі келді.
*Тиін не деп жауап берді?

*Ол қасқырға қандай ақыл-кеңес берді деп ойлайсың?



ІІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №3 «Қыс»

А)СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС:



Қыс — жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең төмен болатын климаттық маусым. Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады. Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1—2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік ендіктерде 6—7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады. Қазақстанның солтүстігінде оның оңтүстігімен салыстырғанда, қыс 1—1,5 айдай ұзағырақ болады.[1]

Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.

Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.



Қыс АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Соныға малды жайып, күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.



жүктеу 8,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау