Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасы.
Ж.С. Мухаметжанова
Балқаш қаласы №15 жбб қазақ орта мектебі
Математика – информатика пән мұғалімі
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс – тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.
Информатика курсының мақсаты – бағдарламаны пайдалана алатын қолданушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайын бағдарламада (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер базасын құру жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. Соның ішінде, берілгендер базасын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс - әрекетті орындай алатын мүмкіндігін, оларға берілгендер базасын құруды, толтыруды білуді, олардың дұрыс толтырғандығын бақылай білуі, берілгендер базасын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер базасын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту болып табылады. Төменде әріптестеріме іс –тәжірибемді ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты : Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасын құру.
Деректер базасын құруда қолдану дағдысын қалыптастыру.
Деректер базасын пайдаланып оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу.
Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру.
Пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, әңгіме- кеңес.
Сабақтың көрнектілері: Кестелер, тесттер, таратпа материалдар.
Сабақтың құрал – жабдықтары: Дербес компьютер, MS Excel бағдарламасы,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз электрондық кесте MSExcel-де деректер базасын құрып үйрену, оны ақпараттардың түрлерімен жұмыс жасау барысында қолдана алу. ДБ практикада қолданылуы туралы түсінік беру.
2. Өткенді пысықтау.
SIN_kaz электрондық кітабындағы тапсырмаларды орындау. (1-7)
Ауызша сұрақтар:
-Excel терезелеріне шолу
- Кестелердің құрылымы (бағандар, жолдар, ұяшықтар)
- Мәліметтерді енгізу жолдары
-Біртекті автотолтыру мәліметтерімен кестені автоматты түрде толтыру
3. Интерактив тақтаға оқушы шығарып терезенің құрылымдық элементтерін толтырту (алдын ала терезе дайындалады, оқушы тек оның элементтерінің аттарын жазады)
Тест:
І нұсқа
Microsoft Excel – бұл …
кесте түрінде құрылымдалған мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
тамғалық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің ресурстарын басқаратын оның құрылғысы
компьютердің ресурстарын басқаратын жүйелік бағдарлама
Электрондық кесте ... болып табылады.
нөмірленген жолдар мен латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген бағаналардың жиынтығы
латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген жолдар мен нөмірленген бағаналардың жиынтығы
нөмірленген жолдар мен бағаналардың жиынтығы
пайдаланушы еркін түрде атау берген жолдар мен бағаналардың жиынтығы
3. Мына аталғандардан ... Excel бағдарламасындағы ұяшықтың сипаттамасы болып саналмайды.
атау
адрес
мөлшер
мән
Excel бағдарламасы ... үшін пайдаланылады.
мәтіндік құжаттарды әзірлеу
электрондық кестелерді әзірлеу
графикалық кескіндерді әзірлеу
мәтіндік құжаттарды, кестелер мен кескіндерді әзірлеу
Excel терезесі қалай аталады?
Excel кітабы деп
Excel кестесі деп
Excel жұмыс беті деп
Excel жұмыс томы деп
ІІ нұсқа
1. Excel бағдарламасына жаңа парақты кірістіру кезіндегі пернелердің қисынын атап көрсетіңдер .
<Ctrl>+ <Z >
<конецформыначалоформыAlt >+ <Shift >+ <F1 >
началоформы <Ctrl>+ <F>
конецформыначалоформы <Ctrl>+ <1>
2. 2
2.2. 2жлбжапрбап
2. Excel бағдарламасындағы кестенің ең аз құрауышы ... болып табылады.
ұяшық
формула
кітап
дұрыс жауабы жоқ
3. Excel бағдарламасында формуладағы ұяшықтардың адресін ... көрсетеді.
сілтеме
функция
оператор
ұяшықтың атауы
4. Белсенді ұяшық – бұл ... ұяшық.
команданы жазуға арналған
енгізу командасы орындалатын ұяшықтың атауын қамтитын формуласы бар
ұяшыққа тәуелді барына сілтемесі бар болатын формула
енгізу командасы орындалатын
5. Excel бағдарламасының кестесіндегі ұяшықтың ауқымын қалай ерекшелеу керек?
Бірінші ұяшықта шертіп, <Shift> пернесін басу керек және оны ұстап тұрып соңғы ұяшықта шерту керек
Бірінші ұяшықта шертіп, <Ctrl> пернесін басу керек және оны ұстап тұрып соңғы ұяшықта шерту керек
Бірінші ұяшықта шертіп, <Alt> пернесін басу керек және оны ұстап тұрып соңғы ұяшықта шерту керек
d) Түзету – Өту – Ерекшелеу (Пpавка – Пеpейти – Выделить) әрекеттерін орындау керек
Оқушылар тест жазып жатқанда мұғалім тақтадағы оқушының жұмысын тексереді.
Тақтадағы оқушының үлгісі мынадай болады:
Тест жауабын оқушылар бір – бірімен алмасып, интерактивті тақтадағы жауаппен салыстырып, бағалау парағына баға қояды.
5,4,3,2 – алған балаларды қол көтертіп тексеру.
3. Жаңа сабақ. Электрондық кесте MSExcel-де деректер базасы.
Жаңа сабақ екі бөлімнен тұрады. Яғни, оқушылар теориялық бөлімді меңгере отырып, практикалық бөлімді қатар орындайды.
І кезең:оқушыларға өздерінің ІІІ тоқсандағы үлгерімдерін толтырту:
Оқушылар кестені толтырып болғаннан кейін мәліметтер базасының негізгі түсініктері түсіндіріледі
Достарыңызбен бөлісу: |