Сабақтың мақсаты: - Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата білуге, оларды мәтіннен таба білуге үйретеді. Етістіктің дара және күрделі болып бөлінетіні туралы ұғымды кеңейту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- Тәрбиелілігі: Оқушылардың логикалық сезімін оятып, әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, татулыққа баулу.
- Дамытушылығы: Сөйлемде жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру. Санатты, көркем жазуға төселдіріп, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін дамыту.
- Сабақтың түрі: Ойын сабақ
- Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жазбаша, түсіндіру
- Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, сөзжұмбақ
- Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
- Сабақтың барысы:
- I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылардың оқу – құралдарын түгендеп, сабаққа әзірлеу.
- - Біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Екі топқа бөлініп, өз білімдерімен сайысқа түседі.
- І топ – Алғырлар
- ІІ топ - тапқырлар
II Үй тапсырмасын тексеру: - II Үй тапсырмасын тексеру:
- 1) Алдыңғы өткен тақырыптарды қамти отырып, үйге берілген жаттығуды әр топтан 3 оқушыға оқыту, талдату.
- 2 – кезең: Миға шабуыл.
- - Балалар, қазір сендермен “Дұрысын тап” деген ойын ойнаймыз. Екі топқа суреттер мен сөздер үлестірілді. Сендер кезектескен түрде тапсырманы орындайсыңдар. Яғни екі топтың балалары жауабы жазылған суреттер мен сөздерді көрсетіңдер.
- Мысалы: Қой маңырайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді. Мысық мияулайды. Әтеш айқайлайды. Ит үреді. Қарға қарқылдайды. Қаз қаңқылдайды. (Осылай зат есім мен етістікті байланыстыру).
3 – кезең: “Сұрақ – бізден, жауап - сізден” деп - 3 – кезең: “Сұрақ – бізден, жауап - сізден” деп
- аталады, яғни мен сұрақ қоямын, 2 топ
- кезек – кезек жауап береді.
- 1) Қандай сөз таптарын білесің? (зат есім, етістік, сан есім, сын есім).
- 2) Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіретін сөздер).
- 3) Зат есімнің сұрақтарын ата (кім? кімдер? не? Нелер?).
- 4) Отан сөзін үш жақта тәуелде.
- 5) Етістік дегеніміз не? (заттың ісін, қимылын білдіретін сөздер).
- 6) Етістіктің сұрақтары? (не істеді? не қылды? қайтті?)
III Жаңа сабақ: - III Жаңа сабақ:
- - Балалар, енді мына сөз жұмбақты дұрыс шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады:
1) Ең нашар баға? - 1) Ең нашар баға?
- 2) Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі?
- 3) Сүттен жасалатын тағам?
- 4) Ең жақсы баға?
- 5) Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөз табы?
- 6) 7 ондық неше болады?
- 7) Зат есімнің сұрағы?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – етістік. (Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жаздыру).
- Екінші сыныпта өткенді есімізге түсірейік.
- Етістік дегенміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Мысал келтір.
- Етістік екіге бөлінеді: - - Етістік екіге бөлінеді:
- Етістік
- Дара етістік күрделі етістік
- оқыды оқып отыр
- айтты айтып тұр
- ұшты ұшып жүр
- Сонымен, балалар, дара етістік, күрделі етістік дегеніміз не?
- Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөзден тұрады, ал дара етістік тек бір сөзден ғана тұрады.
- Мысалдар келтіру:
- І топ дара етістікке 5 сөз айтады.
- ІІ топ дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып айтады.
IV Дәптермен жұмыс: - IV Дәптермен жұмыс:
- “Аяз ата жасайық” ойыны арқылы жаттығуларды орындау.
- 1 – жаттығу.
- Өлеңді түсініп оқы.
- Құс келді.
- Қар су болып жөнелді,
- Қанды дала жалаңаш.
- Күн нұрына кенелді,
- Бүршік атып бар ағаш.
- Келіп көктем құстары,
- Бай – бақшаға ән салды.
- Оларды жас достары,
- Ұя жасап қарсы алды.
Өлеңнен дара етістіктерді бір бөлек, күрделі - Өлеңнен дара етістіктерді бір бөлек, күрделі
- етістіктерді бір бөлек көшіріп жас.
- Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыр және
- оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.
- I топ: көктемгі өзгеріс туралы айтады.
- II топ: көктемгі адам еңбегі туралы айтады.
- Дара етістік Күрделі етістік
- қалды болып жөнелді
- атып жасап қарсы алды
- келіп
- салды
- 2 – жаттығу
- Мәтінді түсініп оқып, тақырып қой. Дара етістіктерді
- күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемді көшіріп жаз.
- Етістіктің қай сөз табымен байланысып тұрғанын айт.
Құстар біздің досымыз. - Құстар біздің досымыз.
- Құстар – табиғаттың бір бөлігі. Олар адамға, табиғатқа көп пайда
- алып келді. Құстар ағаш діңіндегі, егістіктегі зиянкес
- жәндіктермен қоректеніп жүр. Сондықтан оларды қанатты достар
- деп атайды.
- Адамдар құстарға қамқорлық жасап жүр. Оларға қыста
- жемсауыт, көктемде ұя жасап қояды. Қосымша қоректендіріп
- жүр.
- V Сергіту сәті:
- Шеңбер жасап тұрайық,
- Велосипедке отырайық.
- Велосипед айдайық,
- Велосипедтен түсейік.
- Машинаға отырайық,
- Машинадан түсіп,
- Үйімізге барайық.
- 3 – жаттығу.
- Берілген зат есімдерді етістіктермен байланыстырып,
- жалаң сөйлемдер құрастырып жаз.
Өсімдік гүлдеді. Жолбарыс жүгірді. Шырша өсті. Шаңғышы - Өсімдік гүлдеді. Жолбарыс жүгірді. Шырша өсті. Шаңғышы
- сырғанады. Жәндік ұшты. Ақын жырлады. Бөлтірік ұлыды.
- Құрастырылған жалаң сөйлемдеріңнің бірнешеуін жайылма
- сөйлемге айналдырып жаз.
- Көктемде өсімдік гүлдеді. Жолбарыс қатты жүгірді. Шаңғышы
- шаңғымен сырғанады. Далада бөлтірік ұлыды.
- 5 – жаттығу.
- Торкөздегі әріптерді бағдаршаның бағытымен оқы.
- Жуды, жайна, қуан, ерді, ысты.
Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз. - Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.
- Жуып берді, жайнап тұр, қуанып кетті, еріп жатыр, ысып кетті.
- VII Сабақты бекіту:
- “Ой шашырату” (Етістіктің түрлерін, сұрақтарын табу).
- Дара Күрделі
- Не істеді? Қайтті?
- Не қылды?
VIII Сабақты қорытындылау: - VIII Сабақты қорытындылау:
- Салыстыру әдісі:
- Екі немесе
- одан да
- көп сөзден
- тұрады
- Заттың
- қимылын
- білдіреді,
- Сұрақтары
- бірдей
- Тақтаға мынадай 3 адамның суреті ілінеді. - - Тақтаға мынадай 3 адамның суреті ілінеді.
- Бүгінгі сабақ маған ұнады, қызықты өтті, көңілім көтерілді дейтін балалар жұлдызшаларыңды 1 – ші адамның тұсына қойыңдар. - - Бүгінгі сабақ маған ұнады, қызықты өтті, көңілім көтерілді дейтін балалар жұлдызшаларыңды 1 – ші адамның тұсына қойыңдар.
- - Сабақ қызықты да көңілді өтті, дегенмен түсінбеген тұстарым болды дегендерің жұлдызшаларыңды 2 – ші адамның тұсына орналастырыңдар.
- Ал, сабақ мені қызықтырмады, түсінбедім дегендерің болса, 3 – ші адамның тұсына қоюларың сұралады.
- IX Үйге тапсырма:
- 4 – жаттығу. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып, дара және күрделі етістіктерді табу. Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдау.
- X Бағалау.
Тест. - Тест.
- 1) Зат есімнің сұрағын тап:
- а) не істеді? б) кім?
- ә) қандай? в) неше?
- 2) Туынды зат есімді тап:
- а) дәрі б) қызыл
- ә) әнші в) бірінші
- 3) Мына сөйлемнен етістікті белгіле:
- а) біз б) тауға
- ә) саяхат в) жасадық
- 4) Етістіктің сұрағын белгіле:
- а) не істеді? б) қанша?
- ә) кім? в)қай?
- 5) Күрдеоі етістікті тап:
- а) оқыды б) оқиды
- ә) оқып отыр в) оқымады
6) Дара етістік неше сөзден тұрады? - 6) Дара етістік неше сөзден тұрады?
- а) екі б) төрт
- ә) үш в) бір
- 7) Тәуелдеулі сөзді тап:
- а) менің сыныбым б) мен оқушымын
- ә) әдемі бөрік в) көркем қала
- 8) Жалқы есімді тап:
- а) оқушы б) тау
- ә) қала в) Астана
Достарыңызбен бөлісу: |