Дадыбаева Фатима Бекназаровна Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған сабақ


Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі



жүктеу 8,64 Mb.
бет31/32
Дата14.05.2018
өлшемі8,64 Mb.
#13339
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Біз тілейміз бар балаға,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін.

Сусынымыз қанады,

Өнер - білім нәрімен.

Әлемдегі баланың,

Дос боламыз бәрімен

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

451-жаттығу ( тірек сөздер бойынша «Серуенде»

тақырыбына әңгіме құрау)

Оқушы, серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық



ІІІ.Жаңа сабақ Сан есімге –ыншы, -інші жұрнағын жалғау. 452-456 жат.

● Сан есім ----- дара, күрделі

● Сан есім

Есептік, Жинақтық, Реттік, Болжалдық, Топтық, Бөлшектік



Жұмбақты шеш

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

Сан есім

Ережесі: Заттың санын, ретін білдіретін сөздер

Сұрақтары: Қанша? Неше? Нешінші?

Мысалы: Үш, бес, оныншы, тоғызыншы



Сан есім (Мағынасына қарай)

● Есептік сан есім Сұрағы: қанша? неше? Заттың нақты санын білдіреді.

● Реттік сан есім Сұрағы: нешінші? Заттардың реттік санын біл діреді.- ыншы,- інші,- ншы,- нші жұрнақтары арқылы жасалады.
Оқулықпен жұмыс

452-жаттығу (оқу сан есімді табу)

110, 80

453-жаттығу (сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жазу, сұрақ қою)



Үш күн-үшінші күн, екі ай-екінші ай, алты бала-алтыншы бала, жеті ата-жетінші ата, тоғыз пәтер-тоғызыншы пәтер.

455-жаттығу (берілген сан есімдердің сан есім екендігін дәлелдеу)

СЕГІЗ, ТОҒЫЗЫНШЫ, ҚЫРЫҚ, АЛПЫС

456-жаттығу (тірек сөздер бойынша шағын әңгіме құрау)

Ю.ГАГАРИН, 1961 ЖЫЛ, 12 СӘУІР, ҒАРЫШКЕР, ҰШТЫ, ТАҢҚАЛДЫРДЫ

** Юрий ГАГАРИН кім?

Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961). 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955 жылдан Кеңес Армиясы катарында. 1-Чкалов әскери- авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етгі. 1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды. 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышка ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 минуттан кейін Жерге қайта конды. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді ұйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей арала- сып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды. 1968 ж. Әскери-өуе инженерлік академиясын бітірді. 1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты. 1966 жылдан Астронавтика халықаралық академиясының құрметті мұшесі. Ленин орденімен, медальдермен жөне көптеген шет ел ордендерімен марапатталған. Гагаринге Чехословакияның Социалистік Еңбек Ері, Болгарияның Батыры, Венгрияның Еңбек Ері атақгары берілді. Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында). Монинодағы (Мәскеу обл.) Әскери-өуе академиясына, Айдың арғы бетіндегі кратердің біріне Гагарин есімі берілген. 1968 ж. Халықаралық авиациялық федерациясы Ю.А. Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады. Ресейдегі ғарышкерлерді даярлау орта лығы Гагарин атындағы Ресей ҒА- ның ғылыми-зерттеу кемесі, дұние жұзінің көптеген оку орындары, калалар, көшелер мен алаңдар Гагаин есімімен аталады.Мәйітінің кұлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль кабырғасына қойылған.[1]

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1] Биографиясы

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979). 1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

Ғарышқа ұшуы

1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.

1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.

1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.



Марапаттары

Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы «Отан» ордені (1995)

Кеңес Одағының:

«Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)

«Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры) атағы (1988),

«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)

«Ленин» ордені (1988),

«Заслуженный Летчик-испытатель КСРО» (КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990)

«Летчик-космонавт КСРО» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991)

«Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені (1991)


Австрия Республикасының:

«Алтын Крест» ордені 1988)

«Алтын Крест» ордені (1993)

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:454-жаттығу (сөйлем құрау)



Сабақтың тақырыбы: Сандарды сөзбен жазу 457-461 жат.

Сабақтың мақсаты:

1.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың сан есім туралы білімдерін пысықтау, толықтыру,бекіту;

2.Оқушылырдың теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту

3.Адамгершілікке,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу;



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба көк аспан.

Амансың ба достарым,

Амансыз ба ұстазым!

Қонақтарға бұрылып:

Біз Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

I.Бағдарлау–мотивациялық кезең.

Баласына ж2ріп,

Ұрысып жатыр к2лік,

«2леніп, с2ріп,

Алып қапсың 2лік.»

2ншілей 2ңді

Көрсетпе деп ж2рді.

- «Көңілді санамақта» қандай құс туралы айтылған?

- Балалар,құс екеш құстар да балалары нашар баға алса ренжиді екен.Сендер де нашар баға алсаңдар,аналарың ренжиді.Сондықтан жақсы баға алуға тырысалық.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

454-жаттығу (сөйлем құрау)

Торғайлар, көгершіндер

ІІІ.Жаңа сабақ Сандарды сөзбен жазу 457-461 жат.

А)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС. 161-бет

457-жаттығу (өтірік өлеңді оқып, сан есімдерді табу)

ЕЛУ МЕТР ЕСІКТЕН

ЕҢКЕЮМЕН ШАҚ КІРДІМ

ЖҮЗ ҚАСҚЫРДЫ ӨШІККЕН

БІР ҚОЗЫҒА БАҚТЫРДЫМ

458-жаттығу (САНДАРДЫ СӨЗБЕН ЖАЗУ)

Марат 9 тоғыз жаста. Ағасы Мұрат 11 он бір жаста. Ал қарындасы Айгүл 7 жеті жаста.

459-жаттығу (РЕБУСТЫ ШЕШІП, СӨЙЛЕМ ҚҰРАУ)

Алпыс

460-жаттығу (Сөздерге сұрақ қою, не себепті сол сұрақты қойдың дәлелдеу)



Бірінші-нешінші? Алтыншы нешінші? Бес неше? Сексен неше? Тоқсан неше?

ТОППЕН ЖҰМЫС

1-тапсырма:- Бұлар қандай сөздер?

-Дара және күрделі сан есімдер құрастыр

- Олармен сөйлем құрау

Сұрақтар:-Суреттегі адамның көздері неше

-Қойдың аяғы нешеу?

- Аяқтары неше-нешеден орналасқан?

Жарайсыздар,балалар,олай болса сан есім туралы білетінімізді топтастырайық

2-тапсырма Жұмбақтар шешу.

1 - қатар: Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу, жүз, екі жүз, мыңы бар.

Әрқайсысының құны бар. Бұлар нелер? (теңгелер)

2 - қатар: Білімі жетсе шамасы,

Алатын алар аласы. Бір мен бестің арасы. Бұл не? (Мектеп бағалары)

3 - қатар: Үш жүз алпыс бес,

Үш жүз алпыс алты,

Әр жылдағы қалпы. Бұл не? (1 жыл)

ХІ. Жеке жұмыс.

1 - карточка. Сан есімдерді теріп жаз.

2 - карточка. Берілген сандарды сөзбен жаз.

3 - карточка. Қай айда 28 күн бар? Сан есімді тап.(ауызша)

4 - карточка. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.(ауызша)

5 - карточка. 1 жұмыртқа 10 минутта піседі, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (ауызша)



Ұжымдық жұмыс.

ХІІ. Сөздерді сөз таптарына топтастыр.

Жасыл, адам, екі, үшінші, дәмді, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, сексен алты.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

461-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ



Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №1 «Алып кит»

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау.

Сөздерді қатесіз әрі ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Сөйлемдегі сан есімді таба білуге үйрету. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тапсырмалар

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.



Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

461-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ



ІІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №1 «Алып кит»

А) Көк кит (көкшіл кит, немесе блювал, лат. Balaenoptera musculus) - жолақала киттер тұқымдасының теңіз жануары. Жер шарындағы ірі жануар, ұзындығы 33 м, салмағы 150 т, ал жүрегінің салмағы 1 тонна. Денесі, қара-сұр, көкшіл реңді, ақшыл сұр дақтары және мәрмәр өрнекті. Кит мұртының тақташасы қошқыл-қара, биіктігі 1 м дейін, саны 350- 400 жұп. Таңдайы қара. Арқа жүзбеқанаты кішкентай, денесінін артқы бөлігінде орналасқан. Арктикадан Антарктикаға дейін таралған. Азығы, планктонды шаянтәрізділер. Жыныстық жетілуі 4-6 жасында аяқталады, буаздығы 12 аптаға созылады. Солтүстік Атлантика бөлігінде 1960 жылдан бастап оларды аулауға тиым салынған, ал Антарктикада 1965 жылдан және Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде 1966 жылдан бастап. ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[2] Қызықты деректер[өңдеу]

Көк киттің жалғыз бір жүрегінің салмағы — 1 тоннаға дейін жетеді, ал тілінің өлшемі бір пілдің өлшемімен тең.

Ең үлкен

Жануарлардың ең үлкені – көк кит. Көк киттің ұзвндығы – 33 метр, салмағы – 150 тонна. Көк киттің жүрегінің салмағы – 700 кг, тілінің салмағы – 2 тонна. Киттің баласының ұзындығы – 8 метр, салмағы – 6 тонна.




жүктеу 8,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау