Сабақтың тақырыбы: Пысықтау жаттығулары. 370-374 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.
Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
367-жаттығу (сурет бойынша сөйлемдер құрау)
ІІІ.Бекіту сабағы Пысықтау жаттығулары. 370-374 жат.
А) КІТАППЕН ЖҰМЫС:
370-жаттығу (мәтінді оқып, етістікті табу)
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Құстар еш уақытта өз ұяларында ұйықтамайды. Ұяларында олар тек жұмыртқа басарда ғана отырады.
372-жаттығу (ребусты шешу, сөйлем құрау)
ТІРШІЛІК КӨЗІ
Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы ұңғылар орнату арқылы, жерасты сулары да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.
Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты су қоры бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған жерасты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзімінө (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.
Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы “Ауыз су” талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығьш сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған төмендегідей техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:
*су пайдалану жүйелерінің маңызын және сенімділігін арттыру;
*су тазартқыш станцияларында су өңдеу технологиясын жақсарту;
*суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;
*су пайдаланудағы нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.
Су-тіршілік, сусыз өмір болмайды, Ауаны құм, жерді түнек торлайды Бағалай біл байлығыңды, ел-жұртым. Сонда гүлің жайнап мәңгі солмайды. Жер бетінде ең көп таралған зат –су. Глобусқа қарасаң,Жер шарының 4/1 бөлігі көгілдір түске боялған.Ол-су яғни мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. «Табиғаттың көркін ажарландырып ,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су» Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеген. «Судың да сұрауы бар» деп бағалай білген. Жер астында да су бар.Біздің денемізде де су бар.Қанның құрамындағы су бүкіл денеге қоректік заттарды жеткізіп тұрады. Сусыз жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды.Су жоқ болса бөлмедегі гүлдер де өсуін тоқтатады.Тамақ та сусыз піспейді, тазалық та болмайды. Судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді.. -Су қандай зат? ( Сұйық) -Судың түсі қандай? ( Мөлдір) -Суды қай жерлерден кездестіреміз? (көл, өзен, жаңбыр т.б) -Судың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар? -Балалар, біз суды қайдан аламыз. Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген су бізге қалай келіп жатыр? Жер бетінде тұщы сулар аз. Кеңгір су қоймасы туралы түсінік беру Бұл қойма қаланы және мыс өнеркәсібін сумен қамтамасыз етеді. Қойма сумен қала маңындағы шаруашылықтың жерлері суландырылады, сонымен қатар жылу электр станциясын салқындату үшін пайдаланылады. Кеңгір су қоймасы 1940 жылы салына бастады. Бірақ Ұлы отан соғысы жылдарында Оның құрылысы тоқтап,1946 жылы қайта басталды. 1952 жылдың көктемінде Кеңгір су қоймасы іске қосылды. Су қоймасы жауын-шашынмен және Кеңгір өзенінің суымен қорланады.Бірақ, ол да жылдан-жылға азайып келеді. Қане, мына бейне таспаға көз жүгіртіп Топпен жұмыс І топ Судың иісін, түсін, дәмін білдіретін сөздер арқылы сызбаны толтырады
Иіссіз
Су Түссіз
Мөлдір
Дәмсіз ІІ топ Судың қасиетін білдіретін сөздер арқылы сызбаны толтыру
Аққыш
Су Жұққыш
Жабысқақ
Е ріткіш
Табиғатта су үш күйде кездеседі
Судың жай-күйі
Сұйық (су) қатты ( Мұз) газ (бу) Суда еритін заттар І топ көрсетеді 1.Суға қант салу Қант суда еріп кетті.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды.Қант суда жақсы ериді. 2. Суға тұз салып арластыру.Тұз суда еріді.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді. ІІ топ көрсетеді Суда ерімейтін заттар 1.Суға құм салып араластыру .Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбіне шөгеді.Құм суда ерімейді. 2.Стакандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады.Суды біраз тұндырсаң, саз түбінде шөгеді. Саз суда ерімейді.
Ой толғаныс Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды.Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді.Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып,қабырғасы қайысып кетті Неге? Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта суды сорып алып ауырлап кетті
Бес жолды өлең құрастыру І топ Су ІІ топ Бу Шығармашылық жұмыс Ітоп Мақал-мәтел 1.Сулы жер ,нулы жер 2.Бұлақ көрсең көзін аш 3.Судың да сұрауы бар 4.Сыйлап берген су да тәтті 5.Су қадірін шөлдеген білер ІІтоп Тыйым сөздер Суға түкірме Суды бекер ағызба Түнде су алуға барма Суды лайлама Бұлақты былғама Ағынды суға кір жума «Су-тіршілік көзі» тақырыбына Эссе жазғызу
Тест 1.Судың қасиетін белгіле А) мөлдір ә)ақ б) Сұр 2. Суда еритін затты белгіле А) қант ә)тас б)құм 3. Суда ерімейтін затты белгіле А)құм ә)тұз б)қант 4. Су табиғатта неше күйде кездеседі? А)2 ә)3 б)5 5. Судың қатты күйі қалай аталады? а )су ә) бу б)мұз
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА: 373-жаттығу (қай сөз артық!)
АСПАН, КЕКІЛІК, ЖАСЫЛ, ДОС, АСТЫҚ
ӘДЕМІ, ІЗЕТТІ, ҚЫЗЫЛ, ҰЯ, ДӘМДІ
ЖЕТІ,СЕГІЗ, ОН, СҮРГІЛЕДІ, ОТЫЗ
374-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)
Әже, өнер, тоқу, кілем
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 371-жаттығу (сұрақтардың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама №2 «Ақылды құмырсқа»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп жазуға, ұқыпты, таза, қатесіз жазуға дағдыландыру. Балалрды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
371-жаттығу (сұрақтардың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
Гүлнұр үйді (не істеді?) тазалады. Әжем жүнді ұршықпен (не істеді?) иірді. Жанат гүлге су (не істеді?) құйды.
ІІІ.Бекіту сабағы Мазмұндама №2 «Ақылды құмырсқа»
А) Құмырсқа (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.[1] Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар – феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.[2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді.
Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып,
пайда келтіреді.[3]
Ә)Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу. Мәтінге жоспар құру. Мәтінді өз сөздерімен әңгімелеп жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |