Ә)Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.
Қыс
Күн суық. Жерде қалың қар жатыр. Түн ұзарып, күн қысқарды. Үлкен кісілер де, балалар да жылы киім киген.
Демалыста мұз айдынына барамыз. Кейбір балалар шанамен сырғанайды. Мен достарыммен аққала жасадым. (32 сөз)
Тапсырма
1.Етістіктердің астын сыз.
2.Етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сын есім және оның сұрағы. 407-411 жат.
Сабақтың мақсаты:
сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
ІІ.Жаңа сабақ Сын есім және оның сұрағы. 407-411 жат.Көркем жазу
Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік,
Артығын тап
1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.
2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.
3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.
407-жаттығу (Өлеңді оқу, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою)
Сары,қоңыр, жасыл, көк-ҚАНДАЙ?
ЕРЕЖЕ: Заттың сынын, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге ҚАНДАЙ?ҚАЙ? деген сұрақтар қойылады. Көк, әдемі, тәтті, жақсы, үлкен
408-жаттығу (мақалды жазып, сын есімді табу)
Қандай?
Жақсы адам-елдің ырысы,
Қандай?
Жақсы жер-жанның тынысы.
409-жаттығу (сөйлем құрау)
І-топ ЖУАС ІІ-топ ҚАЛЫҢ ІІІ-топ ТЕГІС
410-жаттығу (бағанданғы сөйлемдерді салыстырып, сын есім бар сөйлемді жазу)
ҚОЯН
Оның құлағы ұзын, қысқа құйрығы және жылы жүні бар. Жазда жүні сұр, ал қыста ақ болады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 411-жатығу (Жоспар бойынша әңгіме құрау)
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің зат есіммен байланысы. 412-416 жат.
Сөздік диктант №7
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру.
2) Жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, әдемі жазуға, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру. Ақыл - ойын, логикалық ойнау жүйесін дамыту. Байқағыштыққа, сауаттылыққа, жазу коллеграфичсын жетілдіру.
3) Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
411-жатығу (Жоспар бойынша әңгіме құрау)
ЖОСПАР:
1)Әншімен кездесу.
2)Әншінің әңгімесі және әні
3)Әннің оқушыларға әсері
ІІІ.Жаңа сабақ Сын есімнің зат есіммен байланысы. 412-416 жат.
Сөздік диктант №7
А) Сөздік диктант
Елтаңба, салқын, дымқыл, ырым, терең, тар, жасыл, әдеп, етістік, сабырлы, жұмсақ, шекара, аспан, күрең, таза, тентек, қымыз, ай, сұр, демалыс, ұзын.
Тапсырма.
1.Сын есімдерді тауып астын сыз. (салқын, дымқыл, терең, тар, жасыл, сабырлы, жұмсақ, күрең, таза, тентек, сұр, ұзын)
2.демалыс сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Д- ұяң
Е-жіңішке
М-үнді
А-жуан
Л-үнді
Ы-жуан
С-қатаң
7 әріп, 7 дыбыс, 3 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс, 3 буын
Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 147-148-беттер
421-жаттығу (мәтінді оқып, сын есімді табу)
МҮЙІЗТҰМСЫҚ
Мүйізтұмсық-ірі жануар. Оның мүйізі жіңішке талшықтардан құралған. Алайда мүйізтұмсықтың мүйізі өте қауіпті. Күндіз мүйізтұмсық аяқтарын айқастыра сұлап жатады да, айбарлы дыбыс шығарады. Ал түнде жайылымға шығады.
413-жаттығу (бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу)
Тақтай-жалпақ, қалың, тегіс. Көше-кең, ұзын, әдемі. Көл-терең, көгілдір, ащы. Жылқы-жуас, жүйрік, ақылды. Кесе-кішкентай, әдемі, аппақ.
414-жаттығу (ЗАТТАРДЫ СИПАТТА)
Мынау не?- Алма.
- Түсі қандай?- Қызыл.
- Көлемі қандай?- Үлкен алма.
- Дәмі қандай?- Тәтті.
- Иісі қандай?- Жұпар иісті, жағымды.
- Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер?
- Жақсы, піскен алма.
- Оны сапа дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |