Да п а л ы қ дүниетаны мы Әрбір ғалы м


ТҮСІНІҚТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР


бет16/94
Дата13.09.2023
өлшемі
#43348
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
b892

ТҮСІНІҚТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
« А Л Л А Н Ы Ң Ө З І Д Е РАС, С Ө З І Д Е РА С»
Б ұл өлеңде Абай Алланы тану проблемасын қозға- 
ған. Қ а з а қ топырағында Абайға дейін Алланы тану мә- 
селесімен ш ұғылданған ойшылды мен білмеймін. Өзін 
сопылармыз деп атаған тақу ал ар (әулиелер) да «Алла 
бір, пайғам бар хақ» дегеннен аспағанға ұқсайды. Неге 
«Алла бір», неліктен «пайғамбар хақ» деп мәселе нақ- 
тылы қойылмаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен та- 
ным арасы аж ы раты лм аған. Абай болса, Аллаға сену 
мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім — діни 
қ ағида, таным — гносеологиялық ұғым. Алғашқысы, діни 
идеологияға негіз болса, 
соңғысы діни философияның 
категориясы. Б ірақ, А ллаға сену және оны тану мәселе- 
лері діни сана ауқымындағы ұғымдар. Сондықтан осы 
проблемалармен айналысқан, пікір айтқан адамдарды, 
біз бұгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз. Олай болса, 
Абайды да діни ойшыл (философ) десек, оны не мадақ- 
таған, не д аттаған емес, нақтылы шындық туралы ай- 
тылған пікір болса керек.
Абай А лланың насихатшысы емес, оны танушы, зерт- 
теуші ойшыл.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас.
Р ас сөз еш уақытта ж ал ған болмас,— деп Абай мә- 
селені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың 
растығына 
айрықша көңіл бөлген. Ақын «рас» деген 
түсінікпен нені айтқалы отыр. Бұл бір мәселе. Сонымен 
бірге А лланың езі ғана рас емес, сөзі де рас дегенде 
нені меңзеп отыр. Бұл біріншіден туындайтын екінші 
мәселе.
«Рас» деген қандай болмасын заттын, құоылыстын 
мәнін, әрі сапалы қ мөлшерін білдіре алатын елшем,
52


Заттыц рас болуы да, болмауы д а мүмкін. А лғ аш к ы да 
рас болып ай қ ы н д ал ған зат, келе-келе мәнсіздене рас 
емеске айналуы ықтимал. Б ір а қ , рас затты ц рас емеске 
өтуі де рас. Д ем ек, растың б ір -ақ мәні бар, ол оньін 
растығы. Б ұ л «рас» ұғымының бір қыры.
«Расты ң» екінші қы ры н а келсек, онда растың рас- 
тығын тану мәселесіне тірелеміз. Б ұ л философ иялық мә- 
селе. Р асты ң растығын тани ал м аса қ , ол жөнінде не ай- 
туға болады. О нда А ллан ы ц б арлы ғы на сенуден өзге 
амал ж о қ. Б ір а қ А бай А лланы рас дегенде, оны ақ и қ ат
деп отырған ж о қ, таны латын мүмкіндік, болмыс ретінде 
қарасты рған.
А байдың өлеңінің екі ж о л ы нд а «рас»-ты үш рет қол- 
дануы тегін емес. Ол өлеңді қабы лдауш ы ны ң ойына өріс 
бергендік. «А лланың өзі де рас емес, сөзі де рас», ал ке- 
рісінше ойланып көрелік. «Алланың өзі де р ас емес, сө- 
зі де рас емес»,— сонда рас не болғаны. Ақылың бар, 
сана-сезімің бар ойлан, түйсін. А лладан өзге қандай 
расың бар. Абай расқа үшінші ж ағы н ан келген. Ол оиың 
тарихи мәнділігі. «Алланың өзі де рас...» осылай өткен 
тарихта болған, к азір д е солай, б о л аш ақт а д а солай бола 
бермек. Р ас бұл мәнінде мәцгіліктің өлшемі. А лла рас, 
демек, ол мәңгілік шындық, оның растығы — мәңгілікті- 
гінде.
«Расты ң» төртінші қыры. Р ас мәңгіліктің әлш емі де- 
дік, б ір ақ болмыста өткінші ж а й л а р да бар емес пе? 
О ларды ң барлығы д а рас. Д ем ек, «рас» дегенде біз 
оның мәңгілігін мойындай отырып, сонымен бірге оның 
өткіншілігін м ойындам асқа болмайды. 
Сонда бүгінгі 
«рас» болған нәрсе, ертең «рас емеске» айналуы мүмкіп 
бе? Ж о қ , рас емеске айналатын нағыз растыц әзі емес, 
ол ад ам д ар д ы ң «рас» пен «рас еместі» аж ы р а т а алма- 
ғанды қтары нан туған, ж а л га н нәрсені «рас» деп қателе- 
сулері. Р ас әм анда рас. Сондыктан А лланыц еш қаш ап 
ж а л ғ а н (рас емес) болуы мүмкін емес.
Абай өз зам ан дастар ы н да, кейінгі ұ р п ақ біздерді 
де А лла туралы жеңіл әңгімеден ау л а қ болуға шақыр- 
ған. Абай ұгымында ол «ақы лға» сыймас шындық, сон- 
ды қтан ол А лла мен Адам арасындағы жалгасты руш ы
күш — м ах аб б ат деген тоқтам ға келгеп.
Дененің барша қуаты,
Өнерге салар бар күшіи.
Жүректіц ақыл суаты,
Махаббат қылса тэңірі үшін.
53


Алланыц растығын Абай м ахаббат арқылы дәлелде- 
мек болған, оның «махабатсыз дүние бос» дейтіні де 
сондықтан.
Сонымен ж ал ған болмайтын рас не дегенге, Абай ол 
Алланың өзі және сөзі дейді. Бұл мәнде «рас» болмыс- 
тың синонимі. Әлемдегі рас, ол болмыс. Болмыс еш уа- 
қытта ж ал ған болмақ емес. Абай дүниетанымында Ал- 
ла — шындық. Демек, шындық рас болса, А лла д а рас. 
Шындық дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, өмір, яғ- 
ни өмірде бар екеніміз, істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз 
рас болса, онда Алланың сөзі мен өзі де рас. Қысқасы, 
шындықты мойындау Алланы мойындау. Бұл Абай гу- 
манизмінің көзі. Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман 
болудың Абай айтқан шарты — адам ға адам ш ы лы қ ж а- і 
сау.
Алла ішімді айткызбай біледі, ойла,
Бендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мү’мнн болсац,
Ойла, айттым, адамдық атып жойма!..
Үшінші ж олдағы «Распенен таласпа...» деп отырга- { 
ны, ақынның Алла сөзіне күмәнданба дегені, себебі, Ал- ] 
ла жолына түссең адам атыңды жоГімайсың. Алла жо- | 
лында болсаң адамдықтан шықпайсың. Абай сонымен 
Алланы абсолют-шындық ретінде ұсынады, ал оның сө- 
і 
зін жеткізушілер туралы өзгеше пікірде. Ол « Зам ана, * 
шаруа, мінез күнде езгерді, оларға кез-кезімен нәби 
(пайғамбар) келді». Міне, осы тұста Абай өзі айтқан 
Алла жолы мен пайғамбар жолының айырығына келді. 
Нәбилер келеді, кетеді, ал Алла — мәңгілік. Нәбилердій. 
келіп-кетуінің себебін Абай диалектикалы қ тұрғыда тү- 
сіндірген. Зам ана, шаруа, мінез болғандықтан үнемі 
өзгеріп отырады. М ұқағали айтқандай: «кереметті өз- 
гертіп кереметтер, керемет ш ақ тағы да кез келеді». Өз- 
гермейтін бір Алла, ол абсолют. Өзгеретін оны танушы- 
лар, оның құдіретіне бас июшілер. Адасатын Алла емес, 
адамдар.
Енді «Алланың сезі де рас...» деген мәселеге нәбиі 
лерге қатысты тоқтала кетейік. Алла «еш жерде өзгер- 
мейтін» мәңгілік рас қалпында қалса, онда неге бірінен 
соң бірі нәбилер келмек. Ойлану керек. Өлеңнің бірінші, 
екінші жолдарында Абай «Алланың өзі де рас, сезі де 
рас. Р ас сөз еш уақытта ж ал ған болмас», деп шегелеп 
тастайды да, үшінші шумақта «Зам ана, шаруа, мінез 
күнде езгерді, оларға кез-кезімен нәби келді» — дейді.
54


Қайшылық бар ма, әрине бар. Бірақ, бұл сырт көзге 
түсер қайшылық. Мәселенің мәніне үңілсек, былай бо- 
лып шықпақ. Алланың сөзі ешқашан өзгермек емес, бі- 
рақ, замана, шаруа, мінез болғандықтан өзгереді. Сол 
өзгерістерге сай «елшемді сөзбен» кез-кезіне орай нәби 
келеді. Егер әр пайғамбар сезі мәңгілік болса, ол нәби 
емес Алла болғаны. Нәбилер Алла сезін жеткізушілер. 
Сондықтан қайшылық Алла сөзінде емес, нәбилер сө- 
зінде. Тағы қайталаймыз, пайғамбарлар сөзі шектеулі.
Мелшерсіз, елшемсіз, шектеусіз тек Алла сөзі, қалған- 
дардың сездерінің бәрінің белгілі мелшері бар. Байқай- 
сыз- ба, ақын «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» — 
дейді. Алла туралы оның растығынан езге сөз айтудың 
еш қажеті жоқ. Ол мінсіз, әңгіме осымен аяқталу керек. 
Пайғамбарға мұндай мінездеме беруге болмайды. Абай 
оны «хақ» — дейді, себебі, ол Алла сөзін сөйлеуші, бі- 
рақ ол да өз кезегімен, Алла емірімен келген, олай бол- 
са оның да өзгеге кезек беруі ғажап емес. Абайдың дінге 
реформа жасау қажеттілігін көре білгендігін осы тұста 
мойындаған жеи. Әрине, «соңғы пайғамбар» деп аталған 
Мұхаммедке мұндай күдік туғызу діннен шығушылық.
Абай Платонның Сократ маған дос, бірақ одан ақиқат 
зор дегеніндей, өзі мұсылман бола тұрып, діннен шығар- 
лық ой айтқан. Себебі, ол данышпан, оның ойлау дең- 
гейі бірден дін шеңберінде шектелуі мүмкін емес. Бұл 
Алла, нәби туралы Абайдың тел көзҚарасы. Ол ешкімді 
қайталап отырған жоқ, оқыған-түйгендерін өлең сөзбен 
өз ой елегінен өткізіп, санасында салмақтап, халқына 
ұсынып отыр. Мұндай ойларды айтудағы жауапкерші- 
лікті Абай жақсы білген, ол Алла туралы сөз жеңіл деп 

отырған жоқ, қайта ұлы тақырыпқа тереңдеп, жаңаша 
ойлау жүйесін жасауға талпынған.
Ислам дінінде иман келтіріп, мұсылман атану үшін 
Алланың бір, пайғамбардың хақтығын мойындау шарт. 
Абай бұл шартты бұзып отырған жоқ: «Алланың, пай- 
ғамбардың жолындамыз, ынтамызды бұзбастың иманы- 
мыз»— дейді. Бірақ, Абай дүниетанымында Алланың ор- 
ны бір басқа, пайғамбар орны бір басқа. Ақын мәңгілік 
туралы, өмір мәні туралы сез қозғағанда тарихта аты- 
есімі бар жеке адамдарды негізге алмайды. Ол мәңгілік 
ұғымдарды қолданады. Олар Алла мен Адам. Нәбилер 
де адамдар. Сондықтан Абай философиясында, эдеттегі 
Ислам дініндегідей Алла — Расул — Адам болып келмей- 
ді, мұнда ортадағы буын жоқ. Абай Алла мен Адам тура-
55


лы айтады. Б ұл діндегі демократия. Адам дамуындағы 
кедергілерді жою. Алла шексіз, оны та н ы м а қ б олсаңөзің- 
ді де шексіз д ам ы та бер, сонда а д ам д ы қ атыңды ж о й м а қ
түгіл, кәміл мұсылман болғандығың.
Абайдың айтуынша, А лла өзінің әр пендесіне шама- 
мен, мөлшермен ізгілік, д а н а л ы қ беруші. Б ір ақ, Алла 
а д ам д ар ға осыларды беріп қан а қоймай, оны гүлденді- 
ріп, ра у а ж (реттеу деген ұғым) беріп, оларды пайдага 
асыру үшін мүмкіндігін берген.
Осы мүмкіндіктерді әр адам қ а л а й ш а іске асырмақ. 
Бұл ж олда олар Алланың растығын мойындай отырып, 
кімдердің соңынан ермек. Ондай ертушілер үшеу: пай- 
ғам б арлар, әулиелер және хакімдер.
Ал, «Кәміл мұсылмандар» осы үшеуінің қайсысының 
соңынан еруі керек. Егер п а й ғам б арл ар мен әулиелер 
айтқанындай қүдайға қүлш ы лы қ ж олына түсіп, өз нәп- 
сілерін пида қылса, дүние ойран болмақ, себебі, «бүлай 
болғанда малды кім бағады, дүшпанды кім тоқтатады, 
киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алла- 
нын пенделері үшін ж а р а т қ а н
қа зы н а л а р ды
кім із- | 
дейді».
Сондықтан «кәміл м ұсы лмандарға» хакімдер қаж ет. 
Олар діни ұстазымыз болмаса да, құдайдын елшісі Мү- 
хаммед пайғамбарымыздың: «Адамның жақсы сы адам- 
ға пайда келтірген адам» — деп айтканы бар. Хакімдер 
қызметі осы бағытта.
Абайдың осы ойлары ортодоксиялық ислам шеңбсрі- ■
нен иіығып жатыр. Ол Алланы танудан адамгершілік, 
ізгілік туралы ойлар тар қатқап . Оны Еуропада гума- 
низм деп атайды.
Абай үғымында Алланы сүю адамның ж еке басын- 
дағы асыл қасиеттерді қастерлеу, адамгерш ілікті негіз- 
гі қа ғи д а ға анналдыру, ал ол үшін ең алдымен өзіңді 
өзің таза л а у ы ң қаж ет. Алланы сүю ізгілікке байланыс- 
ты жол. Өзің күнә ар қа л ап түрып Алланы сүйе алмай* 
сың, алдымен күнәңнан арыл, езінді өзің ластан аршы, 
одан эрі барып х а қ ж олыиа түс. Бұл ж о л ға түссең бо- 
йыңдағы қуатың, 
ақылың, сезімің өріс ал м ақ, санаи 
сәулеленбек. Алланың сүйікті қүлы болуға Абай фата- 
листік мәнде емес, адамның бостандығы үшін ш ақыра- 
ды. Адамның жеке басының бостандығы ол ад ам га тәи 
қасиеттерді д ам ы тқан д а 
ғана 
болатынын ұлы ақын 
ж ақсы түсінген.
56


Абай Алла тануда «Әмір» деген ұғымға мән берген. 
«Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес» дегенде, 
ақын өмірде болмыс заңдылығын айтып отыр. Ал, бол- 
мыс заңдылығын адамдарға танытушылар хакимдер. 
Абайдың хакимдерді діни ұстаз болмаса да қадірлеуі 
сондықтан.
Абай ұғымында Аллаға жетудің жолы көп. Адам ба- 
ласы нәсіліне, дініне қарамастан түптің түбінде тоғы- 
суы, тіл табысуы ықтимал. Ол үшін әлемде хакимдер 
сөзі үстем болып, олар билік жүргізсе, сол заман Алла- 
ның растығын мойындау заманы болмақ.
«ЗАМАНА, ШАРУА, М І Н Е З КҮНДЕ Ө З Г Е Р Д І »
Абай өзгерісті мойындаған. Дүние бір қалыпта тұр- 
майды, ол күнде өзгереді. Неге десеңіз замана, шаруа 
мінезді. Демек, өзгерістің себебі, оның шаруа мінезділі- 
гінде. Мұны қалай түсінуге болады. «Шаруа, мінез» де- 
ген поэзиялық метафора ма, жок әлде себеп-салдарға 
қатысты айтылған философиялық ұғым ба?
Алдымен «өзгеріс» деген сөз мәнін талдап көрейік. 
Қазіргі қ а за қ тілінде студенттерге философиялық дәріс 
бергенде көбінесе «қозғалыс» деген сөзді жиі қолдана- 
мыз. Абайдың бұл өлеңінде «қозғалыс» деген сөз жоқ.
Қозғалыстың түбірі «қозғау» десек, онда Абай қол- 
данған «өзгеріс» деген ұғымға қарағанда «қозғалыс» 
тым қарабайыр түсінік. Неге дейсіз ғой. Қозғалыстың 
түбірі «қозғау» болса, қозғалыстың өзінен-өзі өрбитін 
құбылыс емес, біреудің күші, әлдеиенің әсері арқылы 
болатын таза механикалық сипат алғаны. Ал, бізге ке- 
регі қозғалыс деген ұғымның сыры ішінде болуы, өзінен- 
өзі қозғалыста болуы. Қозғалыс болған соң, ол әманда 
қозғалыста болады. Бұл мәңгілік қозғалыстын сыры өз 
ішінде, адамға беймәлім болатындығын мойындау керек. 
Осы мәнде алғанда қозғалыс дегенге қарағанда Абай 
айтқан «өзгеріс» әлде қайда мазмұнды. Себебі, ақын 
адамзат күнде өзгергенде, замана күнде өзгергенде, күл- 
лі мақұлық езгергенде біреудің ықтиярымен, еркімен 
болып отырған жоқ. Бұл өзгеріс өзінен-өзі болып отыр. 
Абай оның себебін ашпаған. Егер ақын осы ұғымға 
сүңги берсе, өлең емес философиялық трактат жазып 
кетер еді. Абай ақын, ол өз қызметін атқарған. Өзгеріс-
!И8ё2
57


те болатын дүние туралы өлең жазған. Оны түсіну, тү- 
сіндіру біздің міндет.
£ К ү л л і мақүлықтың, заманның, адамзаттың өзгерісте ! 
болуының өз ішкі себебі бар, қысқаша айтқанда, өзгеріс 
деген түрмыс, тіршілікке ынталану. Өмір сүруге талпы- 
ныс. Бұл қасиет табиғаттың өзінің бергені. Демек, Абай 
«өзгеріс» дегенде, оның себебін табиғаттың өзінен тап- 
қан. Өзгерісті ешкім ақылмен жасамайды, ол болмай 
қоймайтын қажетті іс?|Өзгерісті бұлайша қабы лдау — 
оны философиялық ұғым деп мойындау0>ұл бір.
Екіншіден, ақын өлеңді қабылдауда бір ж ұм б ақ 
проблема ұсынады. Ол проблеманың мәнісі мынада. 
Дүниеде өзгеретіндер бар да, езгермейтін де бар. Абай- 
дың мына ойларына назар аударайық:
«Алла өзгермес, адамзат күнде езгерер...»
«... Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф алла еш жерде өзгермеді».
«Күллі махлұқ өзгерер, алла өзгермес...»

жүктеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау