«КӨП КІТАП К Е Л Д І А Л Л А Д А Н , ОНЫҢ, ТӨРТІ...»
Алла мен Адамның арасындағы елшіні ислам діиіндс
пайғамбар деп атайды. Қүранда есімі аталған пайғам-
барлар көп, бірақ Алладан арнайы кітап түскен нәбн
саны тертеу. Олар: Мүса, Дәуіт, Иса және Мүхаммед.
Ж аратуш ы д ан ең алғаш келген кітап — Таурат. Қү-
ранның Исіра сүресінің екінші аятында былай ж азы л-
ған: «Мүсаға біз таурат жібердік. Ол Исраил әулетте-
ріне жолбасшы кітап еді. «Менен бөтен ешнәрсені Тәңір
етіп табынбаңдар» деп ж азы лған онда Исраил әулетте-
ріне» (Қүран Кәрім. Алматы, 1991, 236-бет).
«А дамзаттын бәрін сүй бауырым дёп».
68
Екінші кітаптың аты— Забур. Ол туралы Құранның
«Сәба сүресінің» 10-аятын қараңыз. «Дәуітке біз ықы-
ласымызбен ізгіліктер (П ай ғам барл ы қ Забур кітабын,
таулардың және қүстардың бағыныштылығын, темірді
балқыту, одан сауыт ж а с а у сияқты), зоискьеттер, сый,
тілек тілеген сендер оған үн қ о сы ң д ы р ,^ -ает ік . Ол тас-
бик тартқанда темір балқып кететін б о ^ ш х
Үшінші кітап — Інжіл. Бұл кітаптың түсу себебін
Алла т ағал а өз атынан «Хадис сүресінде» айтқан: «Аны-
ғында біз пайғамбарларды
айқын мүғжизалармен жі-
бердік және
олармен бірге адамдар арасында әділет
таратсын деп кітап, заң түсірдік (25 аят).
Біз Нуһті, Ибрагимді шын пайғамбар етіп жібердік.
Пайғамбарлықты және кітапты олардың әулеттеріне
сыйладық. О лардың ішінде дұрыс жол тапқандары бар.
Бірақ, көпшілігі тәңірді тәркі етті. П айғамбарларымыз-
ды одан соң да үзбей жіберіп түрдық. Кейін Мәриям-
ұлы Иса келді. Оған Інжілді бердік (27 аят).
Төртінші кітап — Құран. Мұсылманның қасиетті кі-
табы Құранның түсуінің нақтылы себебі бар. Ол «Мағи-
да сүресінде» айтылған: «Алла деген Мәриямұлы Иса
ғой» деушілер, сөз жоқ, кәпірлер...» (72 аят).
«Алла—үш тәңірдің біреуі ғана деушілер мүлде кәпір
болды. Тәңір— біреу, одан басқа Құдірет жоқ...» (74 аят).
Мәриямүлы Иса, тек көп пайғамбарлардың бірі ға-
на, одан бүрын да т алай пайғамбар өткен.
Христиан дінінде Иса құдай деп танылған. Христиан-
дар үш тәңірге сенеді: Құдай-әке, қасиетті-рух, құдай-
үлы. Бүл ж ағд ай д а Исаның анасы Мариям да Тәңір ре-
тінде қабылданады.
Құранда .күдай біреу, ол — Алла. «Құран адам бала-
сын ескертуші кітап. Сол арқылы Алланың бірлігін біл-
сін, ақыл иелері содан тағылым алсын (Қараңыз: «Ибра-
гим сүресі», 52 аят»), деп жазылған.
Қүранның түсуінің қажеттілігі туралы бірнеше сү-
релерде айтылған, мысалы «һижір сүресінде»: «Құран-
ды шынында біз түсірдік және оны қорғайтынымыз да
рас (9 ая т). Сенен бүрынғыларға д а алдынғыларын
бөліп-бөліп пайғамбарлар жібергеніміз анық (10 аят).
Ал олар келген пайғамбардың қайсысын болса да мас-
қаралауд ан танбады (11 аят). Мұның өзі күнәһарлар-
дың жүрегіне біз салған әдет (12 аят). Олар пайғамбар-
ларға сенбейді, бұл да бұрыннан қалған әдеттер» (13
аят).
69
Осы ой «Нақыл сүресінде» де қайталанған. «Ей, Мұ-
хаммед! Құдай ақы, сенен бұрынғы әулеттерге де шын-
дығында (пайғамбар) жібергенбіз. Бірақ, оларға шай-
тан өз істерін сүйкімді көрсетті...
Адамдардың таласып-тартысатын нәрселерін түсін-
діру үшін және иман айтатын қауымға тура жол көрсет
ту үшін біз саған Қүран түсірдік» (65 аят).
Мұхаммедтің не айтып уағыздайтынын да Алла та-
ғаланың өзі айтқан. «Сен айт: Алланы жалғыз де (1
аят). Алла — мәңгілік (2 аят). Ол тумаған да туылма-
ған (3 аят). Оған ешбір тендес жоқ» (4 аят).
Бұл айтылған аяттарда Алланың басты-басты сипат-
тары атап көрсетілген. Олар мұсылмандықтың негізгі
ұғымдары.
Алладан келген кітап көіг, олай болса тағы да кітапі
түсуі мүмкін бе деген сүрақ та орынды.
Құранда Мұхаммед ең соңғы пайғамбар, бірақ Абай
ұғымында нәбилердің келуі тоқталмақ емес. Бұл идея
мазмұны жағынан реформаторлық «таза дінді» аңсау-]
дан туған. Абай ақиқат мәселесіне келгенде ешқашанда;
бір сенім, бір дін саласында қалмаған. Ол Алланың кі-
таптарына да осындай көзқараста болған. Алладан түс-і
кен әрбір кітап ақиқатқа жөн сілтеу, бағыт беру. Алай-
да, жол көрсетіп, бағыт анықтауда да заман шылауына
орай адасушылық болуы да заңды. Ондай жағдайда
Алла келесі нәбиге келесі кітабын жібереді. Алладан
көп кітап келгеннің себебі сол.
Ал, Құраннан кейін Алладан тағы жаңа кітап түсе
ме, жоқ па дегенге мен әзірше жауап бере алмаймын.
Оған әзірше алғышарттар жоқ. Қітап жоғарыда әдетте
нәбиге (пайғамбарға) түседі.
Пайғамбарды
аңсау идеясы бар. Ол XX ғасырдың
басында пайда болды. Қезінде Сүлтанмахмұдтың «Ғай-
са кім?» деп сұрақ қоюы да сондықтан.
Пайғамбарды аңсау оның келуіне қажеттілікті ту-
ғызады. Ондай қажеттілік әзірше жоқ, бірақ пайғам-
барлықты аңсау бар. Ол өткен замандардың санасының
дәстүрі.
Әдетте дәстүрдің өміршеңі де, уақыт өткен сайын
маңызы кете бастайтыны да болады. Бүл дәстүрді қай-
сысына жатқызуымыз керек. Оны мерзімді кезінде ай-
тармыз. Біздің білетініміз пайғамбарлар әманда «өтпелі
кезеңде» келетіні. Ондай заманның нышандары бар. Бі-
рақ, пайғамбарлыққа қажеттілік жоқ. Мүндай қоры-
тындыға келіп отырғанымыз, пайғамбарлықтың екі мәні
70
бар. П а й ғ ам б ар л ы қ міндетті түрде сенімге негізделген
іс. Адамның пай ғам барға сенуі оның еркіне тұсау бол-
мақ. Асылы
адам адамға табынудан тыс болғаны дұ-
рыс. Адамға табынып, одан пайғамбар, тіптен, қүдай
жасауға тырысқандықтан адамзаттың жетіскені шама-
лы. П айғам бар да адам, бірақ ол Алла атынан сөйлеу-
ші, адам мен Алла арасындағы елші. Мәселе, сонда осы
Алла мен адам арасындағы елшілік керек пе? Әр адам-
ның өзі-ақ Алла жолын өзі тапса қалай болар еді. Абай
осындай бағыт ұстаған ойшыл, бірақ бәріміз Абай бола
алмайтынымыз тағы бар. Сондықтан Алла сөзін жеткі-
зуші адамды (нәбиді) қ аж ет етеміз. Нәбиді қа ж е т ету-
шілік озық ойлыларға ж а т қылық. Ол көпке керек.
П айғам бар дегеніміздің өзі қоғамдық санада рефор-
ма жасауш ы ойшыл. Мұндай ойшылдар болмаса тағы
да болмайды. Қөпке тек ел басшысы емес, ой кәсемі,
данышпан да керек. Сондықтан қазіргі заман пайғам-
бары тек т аза ойшыл болса, оны ел басшылары қабыл-
дамайды.
Себебі,
данышпан
қоғамдық ел басқару
жүйесіне ащы сын айтатын адам. Мүндай сынды саяси
ж ағд ай көтермейді. Бұл бір.
Екіншіден, ел басқару ісінде данышпан адам болуы
ықтимал ма деген мәселеге келсек, менің айтарым пай-
ғамбардың ел басшысы болуы екі талай іс. Себеп, әкім-
шілік жүйенің өз логикасы ба'р. Бұл жүйенің қалыптас-
қан қағида, принциптері бар. Мұның бәрі даналықтың
логикасымен дәлме-дәл келмейді. Ел басқару саяси іс.
Оның қыры мен сыры әманда даналықты қаж ет ете бер-
мейді. Саясаттың нақтылы тарихи кезеңдегі тіршілік
қамына сай жүруі заңды. Д а н а л ы қ (пайғамбар) болса
мәңгілікке қатысты. Ол күнде әзгеріп, адамзатты апат-
қа, қайғы-қасіретке бастамауы керек.
Бізге казіргі заманға керегі қалыптағы, түсініктегі
пайғамбарлы қ емес, ғүлама ойшылдар, Абай айтқан
хакімдер керек. Олар ешкімге де сеніп бас имейді және
өзгелердің де ©здеріне құлдық ұрып, сенуін талап етпей-
ді. О лар адамның ойлау еркіндігіне мүмкіндік қана
жасайды,
бағыт үсынады. Олардың айтқанын қабыл-
д ау немесе қ аб ы лдам ау әркімнің ез жұмысы.
Абай А лладан келген кеп кітаптардың мәніне зер
салып, ой қозғағанда
айтары осы мәнде деп түсінем.
Өйткені, Абай үшін Алла мәңгіліктің есімі де, ездеріне
арнайы кітап түскен пайға>мбарлар өткінші. Оның нә-
билер кез-кезімен келген деп түжырым жасауы пайғам-
71
б а р л ы қ ты болмы сты ң өзгерісіне орай б о л аты н қ ұ б ы л ы с
деп түсінгені. Б ұл биік түсінік.
П а й ғ а м б а р (нәби) қ а н ш а м а д а н а бол ған м ен , өзінен
соң келетінге қ а р а ғ а н д а ш ектеулі ж а н . Ш е к т е у л ік н ә - |
бидің
кемш ілігі емес, оның а д а м (пенде) екендігінің
көріні'сі әрі з а м а н кеңістігінің м үмкінш ілігінен т у ғ а н . Г
Әр з а м а н н ы ң өз п а й ға м б а р ы бар. Осы ж а й д ы ескерген
\
Абай
п а й ғ а м б а р л ы қ қ а
өз
т а р а п ы н а н
сын
а й т қ а н [
ойшыл.
Аб айд ы ң осы та л д а н ы п оты рған өлеңін м ұқи я т о қ ы - 1
ған ж а н менің
а й тқан п ікірлерім е қ ұ л а қ қ а ғ ы с ж а с а р |
деген тілектемін.
«О С Ы Ж Ұ Р Т Е С К Е Н Д І Р Д І Б І Л Е М Е Е К Е Н ? »
Ескендір та қы р ы б ы ,
б ы л а й ш а а й т қ а н д а , А б ай з а - 1
маны ны ң өзінде-ақ әбден ж а у ы р л а н ғ а н көне әңгім е еді. I
Ш ы ғы с пен Б а т ы с т а
бірінде Ескендір,
бірінде А л е к - 1
сандр болып көптеген ш ы ғ а р м а л а р ғ а өзек болған. О с ы н -1
д а й
ж а ғ д а й д а
Ескендір
ту р а л ы т а ғ ы бір ш ы ғ а р м а 1
ж а з у д а ғ ы
А б ай д ы ң
м а қ с а т ы не еді. Б е л гіл і әңгімені 1
қ а й т а л а п , поэма «қүр асты ру» а қ ы н ғ а ж а т дәстүр. Т ал- 1
ға м п а з, э с те ти к а л ы қ м ұ р ат ы биік ақы н кіш ігірім нәр- I
сеге б ы л ға н б а с а
керек-ті. Ө зге ш ы ғ а р м а л а р ы си яқты ]
бұл поэма д а а қы нн ы ң ж ү з ойланып, мың то л ғ а н ғ а н ы - 1
нак туғаны анық. Сонда ақы н н ы ң са н а төркініндегі ж е - I
текші ой не болды екен? Осы ақы н « ж ұ м б а ғы н » ш еш у I
үшін поэм аны ң тұңғы ш ж о л ы н а н а за р с а л а й ы қ . «Осы
ж ұ р т Ескендірді біле ме екен?» — ж о л соңы нда с ұ р а қ
белгісі. Д ем ек, Абай көңілі бір нәрсеге күпті. Л о г и к а -
л ы қ тәсілді қ о л д а н ы п
«Осы ж ұ р т Ескен д ірд і біле ме
екен?» дегенді м ы нанд ай м азм ұн а р қ ы л ы қ а р а с т ы р с а қ :
«Осы ж ұ р т Ескендір тур ал ы ш ы н ды қты біле ме екен?».
Б ұ д а н Ескендір
ту р а л ы көп ш ы н д ы қты ң б ол ған ы ай- 1
қ ы н д а л а д ы . А л а й д а , а қ ы н ға Ескен д ір т у р а л ы өзге шын- ]
д ы қ т а р д ы ң қ а ж е т і ж о қ , оған ж ұ р т білетін, ,яғни, қ а з а қ
х а л қ ы білетін
ш ы нды қ қ а ж е т .
А бай « ж ұ р т» дегенде
әлем х а л ы қ т а р ы н емес, н а қты л ы өз х а л қ ы н айтып отыр.
Б ұл ж е р д е екі мәселенің басы а ш ы л ғ а л ы ігұр. Бірінш і-
ден, Ескендір ту р а л ы ж ұ р т т а ( қ а з а қ х а л қ ы н д а ) қ а н д а й
ш ы нд ы қ бар, екіншіден, осы ш ы н д ы қ неліктен ақы н д ы
қ а н а ғ а т т а н д ы р м а й д ы . Егер х а л ы қ с а н ас ы н д а ғ ы Ескен-
дір ту р а л ы ш ы нд ы қ А б а й д ы қ а н а ғ а т т а н д ы р с а , ол поэма-
сын «осы ж ү р т Ескендірді біле ме екен» деген с ұ р а қ т а н
б а с т а м а с еді. Осы екі мәселеге қ ы с қ а ш а т о қ т а л м а қ п ы з .
72
Ескендір туралы шындық жұрт (халық деген мән-
де — Ғ. Е.) санасына негізінен екі жолмен келіп қалып-
тасқан. Бірі ислам дінімен байланысты болса, екіншісі
Шығыс поэзиясы арқылы енген.
Ислам дінінде, атап айтқанда Құранда Ескендір пай-
ғамбарлар санатында. Діни кітаптарда: .хадис, тәпсір-
лерде Ескендірді — Зұлқарнайын немесе «Қос мұйізді»
деп мифтік персонажға айналдырған. Ескендірдің Құ-
ранға қалайша пайғамбар болып енгені бөлек әңгіме, ал
оның Зұлқарнайын немесе «Қос мүйізді» атануы тура-
лы мынандай аңыз бар. Ескендір жан-жағына соғыс
ашып, көрші елдерін жаулап ала бастағанда өзін ха-
лықтарды бүрын қанап келген патшалардан азат етуші
деген лақап таратады. Осы лақапқа Египет басшыла-
ры сеніп, оны көптеген жылдар бойы елді езіп-жаныш-
тап келген ирандықтардан азат етуші деп қарсы алады.
Бірақ, ол үшін Ескендір қан жағынан Египет фараонда-
рына туыс болуы шарт еді. Қөп үзамай ондай қауесет те
тарап кетеді. Ескепдір Филипптің баласы емес екен. Ма-
кедонияның патшасының ханымы Олимпиадамен күйеуі
Филипп үйде болмаған күні Египет кұдайы Амон-
ның (Амон Ра) кейпінде Египет фараоны Нектанеба
II жолығысады. Ескендір сонда туған болса керек. Осы-
лай заңдандырылғаннан кейін Ескендірді құдай етіп,
оған Зүлқарнайын деген атақ берген. Себебі Египет
қүдайы Амон Ра-ның ікос мүйізі болған деседі. Қалыи-
тасқан дәстүр бойынша, ол кезде Египетке фараон бол-
ған адам Күннің баласы, яғни Амон Ра-ның баласы.
Міне, осы атақпен Ескендір Қүраннан орын алған. Осы
сюжетке !қүрылған халық арасында аңыздар, ертегі-
лер көп.
Діни түрғыдан келсек, Ескендір жағымды персонаж.
Ол пайғамбар, ол әулие, ол әділ патша. Міне, халык
санасында
Ескендір Образы еткен ғасырда осындай
мәнде болған.
Тарихи парадокстің бірі Ескендір парсылармен со-
гысып, 'олардың дінн орындарын талқандауына қара-
мастан діни аңыздарда ол Иран патшасы Дарий III
Кодоманның баласы болып шығады. Сонымен, не керек,
кысқаша айтқанда, Ескендір діни кітаптарда, әсіресе
Қүранда тарихи тұлға ретінде бейнеленбеген. Ол миф-
тік, аңыздық герой.
Ескендір өзін қүдай, пайғамбар санауы Ислам діні
түгіл Христиан діні қалыптаспаған кезден бүрын бол-
ған. Ол жөнінде Лүкпанның «Александр немесе жалған
пайғамбар» деген еңбегінде де мағлұмат бар. Бұл еңбек
шамамен жыл санауымыздың 150— 180 жылдары жазыл-
ған.
Ескендірдің құдай, пайғамбар атануы Ислам дінінен
бұрын болғанмен, бізге оның Зұлқарнайын болып жетуі
Құранға қатысты.
Абай осы «Құрандағы шындыққа» қарсы шығып
отыр. Ол Ескендірді пайғамбар деп мойындамақ түгіл,
оның өз туған әкесінен безген (оның себептері бар —
Ғ. Е.) опасыздығын басып ашып:
«Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш,
қызғаншақ адам екен»,— дейді.
Абайда Ескендір жағымсыз кейіпкер. Ол мақтаншақ,
ол қызғаншақ, бүл пайғамбарға лайықты немесе қүдай
сүйетін қылықтар емес. Мүндай адамнан жирену керек.
Міне, Абайдың үлылығы осы жерде. XIV ғасырдың екін-
ші жартысында қазақ түрмысында ауылда жатып алып
«Қүдай сөзіне» (қүдай сөзі — қүран сөзі деген бар) қар-
сы шығу дегеніміз діннен шығудың нақ өзі. Мұндай
«ғайбат сөз» үшін талай ғүламалар жаза тартқан. Абай
болса халық санасына түбегейлі езгеріс енгізуге әрекет
жасаған.
Кейбіреулеріміз Абай елевдерінде, қара сәздерінде
де «Алла» туралы кеп жазған, ол оның Ислам дініне
деген ынтасы, сол дін ауқымынан шыға алмағандығы
десіп жүрміз. Өте үшқары пікір. Абайдың мұсылман-
дығын әлі қажымай-талмай зерттеу керек. Бұл ешкім
бармаған тың тақырып. Абайдың Алла туралы ой-тұ-
жырымы Ислам діні ауқымынан әлде қайда асып тұр
десек артық айтпаспыз.
Ескендір образы қазақ даласына көркем мәдениет
арқылы молынан тараған. Шығыс поэзиясының дүл-дүл-
дерінің Ескендір туралы қалам тартпағандары кемде-
кем. Олардың шығармалары қазақтарға ежелден мәлім.
Атақты Әбілқасым Фирдауси қазақтар қүмарта оқыған
«Шахнамасында» Ескендірді парсы патшасы Дараптың
баласы етіп, оны Меккеге барғызып, мұсылман етіп қоя-
ды. «Ескендір-нәме» деген атпен Низами де дастандар
жазған. Бұл дастандарды жұрт білген-білмегенін айту
қазір қиын. Бірақ сол дастандардағы сюжеттерді қазак
ақын-жыраулары жырлағандары анық. Шығыс клас-
сиктері Ескендір туралы жазғандарында бірін-бірі то-
лық қайталап жатпаған, оған Ескендір туралы сансыз
аңыздар мүмкіндік те бермеген. Ескендірдің жаулап
алмаған жері жоқ, нендей ғүлама жандармен жүздесіп
74
сүхбаттасқан, соның бәрі әр шығармаға өзек бола бер-
ген. Мысалы, Ннзами шығармаларында Ескендірді үнді
ғұламасымен әңгімелестіре, тізе теңестіріп қояды, соны-
мен бірге ақын Ескендір жорығының қайшылықты жа-
ғын да суреттеген. Әрине, әр ақын Ескендірді 'өзінше
жырлаған, ол басы ашық мәселе, ал ең қызығы неліктен
Шығыстың түгел дерлік ұлы ақындары Ескендір тақы-
рыбына қайта-қайта бұрыла берген. Соның ең соңғысы
Абай. Бүл мәселе турасында да ғалымдар арасында әр
текті топшылаулар баршылық.
Ескендірдің мифтік персонажға айналып, аса ірі
ақындардың қиялына түрткі болуына тағы бір себеп,
оның өмірден өте жас шағында өтуінде ме деп ойлай-
мын. Тарихтағы Александр — Ескендір біздің жыл
санауымызға дейінгі 356 жылы туып, 323 жылы өлген.
Бар-жоғы 33 жас өмір сүрген. Грек жүрты қырыққа
келген адамды акмэге келді, қазақша айтқанда «ақыл
толтырды» деп санаған, ал Ескендір болса акмэге жет-
пей кеткен. Отыз — орда бүзатын жас, ақыл тоқтататын
жас емес. Сондықтан Ескендірдің есеюі, грекше айтқан-
да, акмэге толуы өз өмірінде емес, кейінгі ойшылдар-
дың, әсіресе, ақындардың үлесіне тиген. Шығыс ақын-
дарына Ескендір бейнесі гуманизм табиғатындағы қай-
шылықты ашу үшін қажет болды. Ескендір өте қайшы-
лықты тарихи түлға. Әкесінің орнына патша болған соң
Ескендір бойында қанішерлік, жауыздық, басқыншылық
әбден күшіне енеді. Бала күнінен алған тәрбие қанішер
Ескендір бойынан ара-түра жылт етіп көрініп, сөніп
отырса керек. Ал осы нәрсе кейін аңызға айналып, Ес-
кендірді жағымды жан етіп көрсетуге негізгі себеп бо-
луы әбден ықтимал.
Шығыс ақындарын Ескендірдің тарихи нақтылы
тұлғасы қызықтырмаған. Олар көбіне әлемге тарап кет-
кен Ескендір туралы аңыздарды негізге алған. Бұл
көркемдік тәсіл. Сонымен Фирдауси, Низами, Жәми,
Ахмедилер Ескендір үшін емес, керісінше, Ескендір бұ-
' лар үшін қызмет еткен. Реті келгенде айта кеткен жен—
дәл осындай жағдайға XX ғасырдың басында Ғайса —
Христос образы да ушыраған. Революцияның қайнаған
кезінде Александр Блок «Он екі» деген поэма жазып,
шығармасын он екі адам бастап келе 'жатқан Христос
деп аяқтайды. Осы кезеңдерде Сұлтанмахмұт Торайғы-
ров «Ғайса кім?» деген өлең жазған. Бертін келе Ғайса
бейнесі Михайл Булгаковтың «Маргарита және Шебер»,
Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида», Ю. Домбровскийдің
75
«Қажетсіз заттар» романдарында шығарма идеясына |
арқау болған.
Азамат баласының өтпелі дәуірінде «Ғайса кім?» де- |
ген сияқты сұрақ әманда туып отырса керек. Осындай
сұраққа жауап іздегенде Шығыс ақындарына қолайлы
бейне Ескендір болғанға ұқсайды.
Адам баласының санасы қайшылыққа толы. Қезінде
дін өзіне қажет «тұлға» іздегенде өз заманынық озық
ойлы адамы Ғайса-Христостан «құдай» жасап алса, ал
керісінше, жауыз патша Ескендірден бір заманда Ислам
діні пайғамбар, Шығыс ақындары ғаділ әмірші жасап
алды. Абай осы қайшылықтарға қарсы шыққан. Тарих-
қа ғаділ көзбен қарау Абай үшін басты міндет. Абай-
дың сыншылдығының бұл бір ғана көрінісі.
Абай ұстаз тұтқан Навои, Фирдауси аруақтарына
сиына отырып, олардың жасаған Ескендір образына
түзету енгізеді. Ақын олармен, былайша айтқанда, шы-
ғармашылық сайысқа түседі.
Абайда атаққа, абыройға, беделге бас ию деген
мүлдем жоқ. Бұл тегі ұлы адамдарға тән қасиет болса
керек. Ақын тек өзінен бұрынғы қазақ ақындары Шор-
танбай, Дулаттарға ғана сын көзбен қарап қоймай, әуел
баста пір түтқанмен Гете, Байрон, Пушкин, Лермонтов-
тарға да сыншылдық көзқараспен қараған. Бұл мәселе-
ні алда бөлек әңгіме етпекпіз. Ескендірге қатысты Фир-
дауси, Низамилерге де ақын сыншылдықпен келген.
Абай дәл біздей көп оқымағанымен, оның бізге қара-
ғанда ойлау еркіндігі әлдеқайда мол болған. Бізде
нағыз ойлау тәуелсіздігі деген болды ма? Бір жағынан
таптық сана мүддесі, екінші жағынан түрпайы атеизм
санаға, қиялға еркіндік берді ме? Біздің ақынды бү-
гінгі күнге дейін жарытып түсінбей жүргеніміз де сон-
дықтан. Бізде дайын қалыпқа салып ойлау әдет болып
келді. Қазақ ғалымдары үшін қалыптың екі түрі бола-
ды: бірі — рухани мәдениетті маркстік-лениндік тұрғы-
да талдау, бағалау, оған сыймай жатқан жерлерін сылып
тастау да, екіншісі — орыс ғалымдарының төл рухани
мұраларын зерттегенде жасаған із-соқпаларға, қысқасы,
дайын схемаға салып талдау және бағалау, оған сыймай
жатқан жерлерін тағы да сылып тастау. Осы екі дерттен
әлі күнге арыла алмай келеміз. Оның басты себебі —
қазақ үлтын, оның рухани мұрасын зерттейтін төл тео-
риясы жоқ. Ал Абай заманында мұндай дерттер болма-
ғандықтан ақын өз пікірін жасқанбай айта алған. Ол
Құранға да, Шығыс классиктеріне де сын айта алады.
76
жүктеу Достарыңызбен бөлісу: |