лыптастырған
немесе
бұрынғы мазмұнға үстем е мән
беріп, оларды философиялық деңгейге көтерген. Мыса-
лы, қазақ тілінде «пысық» деген сөз ертеден бар. Бірақ
осы сөзден ж аңа заманға сай Абай әлеуметтік қүбылыс-
ты бейнелей алатьін үғым ж асаған
«Сабырсыз, арсыз
еріншек» деген өлеңінде «пысық» дегеннің кім екенін
тәптіштеп тұрып
баяндаған.
Өкінішке қарай, кейінгі
қиын-қыстау шақта да Абай меңзеген пысықтар шолақ
белсенді, атқа мінерлер, белсенділер өрбіп шыға келді.
Халықты куырып, тоз-тозын шығаратын сол «шолақ
белсенділердің» қандай зам анда өсіп-өніп шыға келеті-
нін ақын керегендікпен болжаған.
Біз ақынның дүниені диалектикалық қабылдауында-
ғы қайшылықты көре білуіміз қажет. Болмыс қайшылы-
ғын мойындау, тану, көркем тәсілмен бейнелеу бір мәсе-
ле де, сол қайшылықтарды шиеленістірмей, шешудің
амалын үсыну бір бөлек әңгіме. Абай өмір қайшылығын
жанмен, жүрегімен сезінген, санасына жеткізген, ал бі-
рақ осы қайшылықтардан шығудың жолына келгенде,
оның өнерге, білімге, адамгершілікке шақырған «үндеу-
леріне» қарап,
оны
ағартушы-демократтар
санатына
жатқызамыз.
Бірақ кеңес өкіметі жылдары «ағартушы», «ағарту-
шылық» деген сездер дің жиі айтылып келгені белгілі.
«Ағартушы» деген ұғымды бұрын қ азақ халқы нақты
мағынада қолданбаған. Бұл орыс тіліндегі «просвети-
44
тель» дегеннің тұп-тура аудармасы, қысқасы, еліктеуден
туған сөз. Мысалы, Абай шығармашылығын алып қара-
саңыз, бұл сөзді таба алмайсыз. Қазақта ойшылдардьі
ғұлама, дана, данышпан т. б. деп атаған. «Ағартушы»
деген сөз болмаған.
«Ағартушылық» ұғымын санамьізға сіңірген боль-
шевизм идеологтары. Себебі, олар өздерін қараңғы қа-
заққа өнер-білім әкелген ағартушылармыз деп жария
еткен. Сонымен қатар олар қазақтар ішінен де ағарту-
шылар іздестіре бастаған. Бұл «Большевизм — халық
қамын ойлаушы саяси ілім» деген түсінік үшін қажетті
дәлел болатын. Сонымен тез арада ағартушылық кон-
цепңиясы жасалып, шығармаларында әділеттілік тура-
лы ой толғаған қазақ ұлдары ағартушылар болып шыға
келді. Бұл «ағартушы» деген түсінікті қайткен күнде де
халыққа қажетті құбылыс екендігін мойындату үшін
жасалған саяси-идеологиялық айла шарғы еді.
Анығында ағартушылық қоғам болмысының заңды-
лығы ретінде аңғарылатын мәдени қозғалыс, оның қоз-
ғаушы күші — ұлттық идея. Ағартушылық деген Батыс
Еуропадан таралғандықтан, мысалға ағылшын, фран-
цуз, неміс ағартушылықтарын алсақ, бәрінің де негізгі
мақсаты — ұлттық идея болғанын еріксіз мойындайсыз.
Ал егер орыс ағартушылығына келетін болсақ, онда
да ұлттық идеяның шешуші күш болғаны бірден көріне-
ді. Бірақ мұнда бұл ағымда айтарлықтай өзіндік ерек-
шелік болды. Ресейдің Батыс Еуропа елдерінің мәдени
деңгейінен төмен, мешеушілікте қалғанының салдары-
нан орыс зиялылары ағартушылықтың екі түрін (үлгі-
сін) қалыптастырған. Оның бірі орыс халқының мүдде-
сіне орай қызмет етуге талпынған ағартушылық та, екін-
іпісі — Батысқа көзсіз еліктеуден туған ағартушылық.
Қазақстанға, өкінішке орай, ағартушылықтың өңі
айналған миссионерлік түрі келіп жетті. Мәселеге неғұр-
лым байыппен қарай білген жағдайда Қазақстанда
ағартушылықтың екі түрі көрініс тапқанын аңғарамыз.
Оның бірі мәдени дәстүрге, заман талабына сай про-
грессивті бағыттағы реформалар жасауға үмтылу, сөй-
тіп халықтың сана-сезімін ояту сияқты қүбылыстар. Бұл
кәдімгі мәдени жүйе бойынша жүргізілетін қажетті ша-
ралар. Қалың бұқараны өнерге, білімге шақыру, өз бо-
йындағы әлеуметтік кеселден, жат қылықтардан арыл-
ту, еркениетке талпыну жолын да басынан өткізеді. Мі-
пе, осы мақсаттағы ағартушылық құп аларлық жағдай.
45
Бір ауыз сөзбен гүйіп а й тқ а н д а , ш ы найы а ғ а р т у ш ы л ы к
дегеніміз — осындай игі ниеттеи ту ғаи әр екет көрінісі.
А д а м д ы к к а , кісілікке б а ст ағ ан а ғ а р т у ш ы л ы к к а з а к
х а л қ ы н д а еж елден үзілм ей келе ж а т қ а н игі дәстүр.
Қ а л ы ц қ а у ы м ға ү л тты қ у ағы зы м ен ж а к ы н ж ы р а у л а р
ш ы ға р м а ш ы л ы ғы негізінен, а ғ а р т у ш ы л ы қ са р ы н д а.
Қ а з а қ ж ү рт ы елдігінен айы ры лы п, басы иіліп, тізесі
бүгілген з а м а н д а а ғ а р т у ш ы л ы қ т ы ң ж о ғ а р ы д а а й ты л ға н
ж а л ғ а н түрі — м нссионерлік келді.
Қ а з а н төңкерісіне дейін христиан дінін у а ғ ы з д а у ғ а
қы зм е т еткен м иссионерлік зр екетін іц бет-пердесі аса
бүркеле қ о й ға н ж о қ. О ған д ә л е л Ы. А лты н сари н н ы н ,
Ильминскийдіц ж әне сол си яқты х а л ы қ т ы а ғ а р т у ғ а кел-
ген баск.а д а орыс оқы туш ы м ү ғал ім д е р ін іц ж үр гізген
ж үм ы стар ы .
Қ а з а н төңкерісінен кейін миссионерлік ж ү м ы с т а р те-
ріске ш ы ғар ы лы п, сы рттай
л а ғ н е т а й ты лған м ен , оның
негізгі болмысы с а қ т а л д ы , б ір а қ енді оны больш евиктер
ж ү р тты ид еологи ял ы қ тү р ғы д ан а д ас ты р у м а қ с а т ы н д а
интернационализм деп бүркемеледі. Сөйтіп Кеңес өкі-
метінің орны ғуы на орай Қ а з а қ с т а н д а ғ ы а ғ а р т у ш ы л ы қ -
ты ң әлгі айтқан екі түрі бірігіп, қосылып кетті. «Миссио-
иерлік» деген
а т а у ж ойы лды , б ір а қ оны н м азм үн ы
бәлендей өзгере қойған ж о қ. Ө згер ген — тек атауы , сырт-
қы түр-түсі ғана. Ендігі ж е р д е х а л ы қ т ы ң кезін а ш с а қ
деген а ғ а р т у ш ы л а р д ы ц ізгі ниеті, үміті с а я с а т к е р л е р д іц
ы қ п ал ы н да кете барды .
А ға р т у ш ы л ы қ ту р а л ы ж а ц а қ а ғ и д а л а р ж а с а л ы п , бұ-
д ан бұлай ол саяси и д е оло ги я л ы қ мәнге ие болды. Ре-
волюциямен еш қаты сы ж о қ а ғ а р т у ш ы л ы қ реполюцио-
нердің и д е ологи ял ы қ қ ұ р а л ы н а ай н алы п кетті. Ш оқан ,
Ы б ы рай, А б а й л а р д ы Кецес екіметі ға л ы м д ы ғы , ұстазды -
ғы, ақы нд ы ғы үшін емес, х а л ы қ т ы ж а қ с ы л ы қ қ а н асихат
ж а с ап , үгіттегені үшін мейлінш е дәріптеп көрсетті. О л ар-
д ы ц тұ ж ы р ы м д а у ы н а қ а р а ғ а н д а А б а й л а р қ а з а қ ха л қ ы н
социализм ге өтуге д а й ы н д а ғ а н а ғ а р т у ш ы л а р . О сы н дай
ш ы нды қты ң өцін ай налд ы р у с а я с а т ы өз нәтижесін берді.
Қ а з а қ х а л қ ы н ы ң басым бөлігі еш күм ә н д а н б а ст а н , Қе-
цес екіметіне, коммунистік п а р т и я ғ а н м ан д ай сенді де,
ад ас у ж о л ы н а түсті. Ақын а й тқ а н д а й , ж а қ с ы м е н ж а м а н -
ды айы рм ады .
Абайды «ағар ту ш ы » дегенде, ол е ш қ а ш а н қ а з а қ қ а
« қ а з а қ ы тұ рм ы стан қолы цды үз, өзге ж ұ р т бол, дініңді,
тіліңді ж ой» деген ж о қ. « Б а с ы ң д а ғ ы кеселді қ ы л ы қ т а н
ары л, та з а р , өзге ж ұ р т қ а қ а р а п , өзінді көр, мініңді түзе»
46
д е д іе м е с пе? Е г е р о с ы н д а й у ағы зД ы а ғ а р т у ш ы л ы қ десек,
больш евнктёр ұ ғ ы м ы н д а ғ ы а ғ а р т у ш ы л ы қ п е н он ы ң үш
қай наса с о р п а с ы қ о с ы л м а й д ы . Ө й ткен і, б о л ь ш е в и к т ер
болса қ а з а қ ы т ұ р м ы с т ы ж о қ қ а ш ы ғ а р ы п , м ұ с ы л м а н ш ы -
лық ұ ғы м д ы , д ін д і т а п т а д ы , тіл ін ж о й д ы , бір а у ы з сөз-
бен а й т қ а н д а , рухы н қ о р л а д ы . Қ ы с қ а с ы , ұ л т б ол ы п өм ір
сүруге б а р ы н ш а кед ер гі ж а с а л д ы .
Ұ лтты қ м ү д д е ге өре с а л ғ а н с а я с а т т ы а ғ а р т у ш ы л ы қ
деуге б о л м а й д ы . С о н д ы қ т а н бұл а ғ а р т у ш ы л ы қ емес, ай-
ла тә с ілм е н ж ү р г із іл г е н , с а я с и б ү р к е м е л е н г ен мнссио-
нерлік с а н а .
А ғ а р т у ш ы л ы қ т а з а и д е о л о г и я л ы қ ұ ғы м б о л ғ а н д ы қ -
тан, А б а й с и я қ т ы б ір т у а р т ұ л ғ а л а р д ы о қы п -ү й р е н у с а я с и
қ а ж е т т іл ік к е а й н а л д ы . Е л у ін ш і ж ы л д а р д а н сексенінш і
ж ы л д а р ғ а дейінгі А б а н т у р а л ы ж а з ы л ғ а н зе р т т е у л е р д ің
көбінде А б а й д ы а ғ а р т у ш ы деп, оны б о л ь ш е в и к т ер ілімі-
нің д ұ р ы с т ы ғ ы н ы ң а й ғ а ғ ы (а р г у м е н т ) р етін д е п а н д а л а н -
ған. С о н д ы қ т а н Қ а з а қ с т а н д а ғ ы а ғ а р т у ш ы л ы қ қ а з а қ ха л -
қын т ә у е л с із д ік к е б а с т а м а й т ы н , керісін ш е, қ ұ л д ы қ с а н а-
ға б ас июге. т ә р б и е л е й т ін х а л ы қ м ү дд есін е к е р е ғ а р
ж у р гізіл ге н с а я с а т .
А ға р т у ш ьтл ы қ ты ң түп мәнісін біл е а л м а й , а қ и қ а т
ж о л ы н д а а д а с қ а н қ а з а қ з и я л ы л а р ы н а к еш ірім ді болуы-
мыз керек. З а м а н н а н асып гыңнан ж о л салу, а н р ы қ ш а
ақы л т а б у ә р к ім н ің қ о л ы н а н келёр іс емес. Б і р а қ со л ай
болуға ты р ы сы п , х а л қ ы н ы ң т а ғ д ы р ы үшін ж ан -тон ім ен
қы зм ет еткен п е р зе н т т е р ім із ж е т е р л ік . О л а р ғ а кеш ірім-
ді болу, б ілу кейінгі ұ р п а қ п а р ы зы . Ә р к ім н ің өз ж е те р
ж ері бар.
У а қ ы т қ а т а ң сы нш ы — көп нәрсені а й қ ы н д а й д ы , уа-
қыт д а н а — көп нәрсені кеш іреді. Б ір а қ , мәселе бүгінгі
:;үнде. А д а с қ а н ы м ы з д ы осы бүгін а ң ғ а р м а с а қ , әлі сағы м
соды нда а л д а н ы п ж ү р с е к , о н д а б ізд ің а л ғ а ұ м ты л ғ а н ы -
мыз қ а й с ы ? А б а й а н тп а п па еді —
Сопда ақын белін буыпып,
Алды-артыпа қаранар.
ДүіГне кірін жуынып,
Көрініп оііға сөз салар,—
деп. Қ а з а қ з и я л ы л а р ы н а «дүние кірінен ж у ы н ат ы н » кез
келген си яқ ты . «Ә д іл ет пен а к ы л ғ а сы н аты п , көрген біл-
генін» ө зім із т у р а л ы е ш кім н ің ы қ п а л ы н с ы з, а н а у айтты,
м ы нау айтты д е м е й -а қ , қ а з а қ т а н у ғы л ы м ы н қ а л ы п т ас -
ты ру п а р ы з ы м ы з . Б із д і ң көптеген қ о ғ а м д ы қ -с а я с и , мо-
дени о й -п ік ір л е р ім із, у а й ы м -т ү с ін ік те р ім із еліктеуден,
47
өзге ілімге табымудан туған. Сондай проблеманың бірі
қ а за қ ағартушылығы туралы тенденцня.
Ағартушылықтан қазақты ң ұтқаны шамалы, негізі-
нен ұтылды, дамудың тығырық жолы социализмге түстік.
Қазір шегініп келеміз. Әлі өзіміз жол айырығына жеткен
жоқпыз. Өзгенің етегіне жармасып, оған еліктеп бөгде
жолға түскенімізден сабақ алар мезгіл жетті, бірақ іс
жүзінде тағы да бір ағартушылықтыц ж а ң а бір түріне
тап келіп отырмыз.
Қ а за қ зиялылары қауымының бір тобы Батысқа
еліктеп, ұлттық дамудың төл езегін шығарып, халықты
тағы да теріс жолға итермелеуде.
Қазақстанда ұлттық идеяға құрылған ағартушылық
ж аң а ғана бой керсетіп келеді. Ағартушылық — ұлттық
сана-сезімді ояту үшін қызмет атқаратын мәдени-саяси
құбылыс. Бүгінде миссионерлік-ағартушылық саясаттың
жемісі айқындалып отыр. Ол ұлттық идеяға қарсы тәр-
биеленіп ескен қ а з а қ зиялылары. Олардың ынтасы — >
Батыс мәдениеті.
Батыс еркеииеті өз аймағы үшін құнды. Батыс — м ұ - 1
сылман рухына келе бермейтін басқаша христиан әлемі.
Батыс мәдениетін білу пайдалы екеніне сөз жоқ. Б ір а қ
бұл тағы да ұлттық дамуды шектеу факторы болып та-
былатынын ескерген жен. Батыспен қ а з а қ мәдениеті
бәсекеге түспеуі керек. Біз ұлттық генофондымызды
(қорымызды) шашып алған халықпыз. Өзімізді өзіміз
танып, дамуымыз үшін уақыт қажет. Халық болып топ-
тасып ес жинау керек. Бар-жоғымызды түгендеп алу
егемен болған елдің атқаратын басты ісінің бірі. Қезінде
көне түркі мәдениетін араб-парсылар әкелген, одан бері
де Қазақстанда орыстардың Шығысқа ж ы лж уы нәти-
жесінде келген христиан мәдениеті үстемдік етіп келді.
Алдағы уақытта осы үрдіс қайталанып жүрмей ме деген
күдіктің ойға келуі заңды.
Қорыта айтқанда, қ а з а қ зиялы қауымыныц алдында
руханн тұрғыдан тағы да жол таңдау мәселесі кесе көл-
денец тұр. Абай: «Адасқанныц алды жөн, арты соқпақ»
дегеи. Адасып жүріп жөн тауып, соңымыздан ұрпағы-
мыз ерсе, өз жолымызды қал д ы рсақ деген пікірдемін.
Әрнне, Анахарсистен Абайға дейін жоғарыда аты
аталғандардан да өзге ғұламалар, ойшылдар, мәдениет
қайраткерлері болған. Бұл өте ауқымды тақырып. Қеңес
өкіметі жылдары біз Абайды өзі өніп-өскен топырағы-
мен зерттей алмадық. Абайдан әрі қарай тереңдесек
түрлі әлемнің тарихына тап боламыз. Ол деген сөз пан-
48
Тюркизм болып шықпак. Большёвизм паитюркизм дёген-
ді өзі ойлап тапты да, оған қарсы күрес ашты. Анығын-
да еш қандай пантюркизм емес, түркі тілдес халы қтарды ң
ортақ мәдениетін, тарихын зерттеуге ынталылар болған.
Бүгінде түркі мәдениетін, оның генезисін зерттеу мүмкін
болған ж а ғд а й да , біз Абай туралы сөзді сонау түпта-
мырдан (генезистен) бастауды жөн көрдік. Бүл тек кө-
ңіл қал ау ы емес, оған мұрындық болған екі мәселе еді.
Біріншіден, екі мың бес ж үз жыл ішінде (яғни Ана-
харсистен Абайға дейінгі аралы қ) үзілмей бізге жеткен
түркі тілі. Әрине, түркі тілі өзгермеді, сол қалпын сақ-
тады деп айту арты қ болған болар еді. Сонымен бірге
түркі тілі жойылып кеткен деп те ешкім айта алмайды.
Бұл бір мәңгілік тілдің бірі. Зам ан ы н да түркілердің өз
әліппесі болған, келе-келе ұмытылған, оның себептерін
жоғарыда айттық. Бүгінде ж а ң а зам ан д а қайта жаңғы-
рып отыр.
Түркі тілінде Рабғузи, Бақырғани, Ахмед Югнаки,
Хайдар Д улати, Ж а л а и р и , Түркістани, ат-Түрки, Ж а м а л
Карши, Қаш қари, Сығнаки, Барш ылығи т. б. өз шығар-
маларын ж азған. Бұл ад ам дар қ а з а қ хандығы немесе
қазақ ордасы ту тіккенге дейін өмір сүрген өнер май-
талмандары.
Тіл мамандарымен таласпаймын, бірақ бір мәселенің
басы ашық. Ол түркі тілі деп жүрген тіліміздің сонау
сақтар заманынан сақталып келгені. Осы тұста ерекше
айтылатын проблема Анахарсис тілін зерттеу. Біз Ана-
харсис түркі тілінде-сөйледі деп болжам (гипотеза) ре-
тінде айтып отырмыз. Ендігі қажетті нақтылы дәлелдер.
Сақтар тілі туралы түркологияда меніңше ж а ң с а қ пікір-
лер белең алып кеткен. Оның ең бастысы сақтар тілін
ирандық тіл тобына жатқызушылық.
Түркі тілінің субъектілерін тарихта әр түрлі атайды:
сақтар, ғұндар, қы пш ақтар т. б.
Екіншіден, жиырма бес ғасыр бойы үзілмей келген
этиостық сана бүгінгі күнге жалғасы п отыр. Теорияда
белгіленген, тарих дәлелдеген шындық сол этнос адам-
дарының тіл бірлігін талап етеді, себебі тілсіз этнос,
яғни адам дарды ң тарихи-әлеуметтік қауымдасуы бол-
майды. Сондықтан этнос пен тіл тарихи бірлікте қауым-
дасады. Түркі тіліне ие болып келген этностар аттары:
сақтар (скифтер), қы пш ақтар (түркілер) содан кейін
түркі тілдес бүгінгі күнгі өмір сүріп отырған халықтар.
Демек, түркі тіліндегі сөйлеген этностар тарихтан мүл-
дем жойылып кетпеген, тек тарихи атаулары өзгеріп
4—443
49
отырған. Қ а з а қ халқы сол түркі әлемінің бір тарауы.
Ал, жоғарыда аты аталған ғүламалар осы этностардың
«өтпелі кезеңдерінде» өмір сүргендер. Олардың бәрі
Ренессанстық тұлғалар. Мысалы, Анахарсис сақтарға
сол кездегі өркениетті қала' Афиныдың мәдениетін, өне-
рін, саяси басқару жүйесін әкелсе, Иоллығтегін түркі
әлемінің ең шарықтау шегінде өмір сүріп, онын өзге
күйге ауысар сәтін, оның себептерін тасқа түсірген. Ол
азаттық қозғалыстың жыршысы. Демек, этностық сана-
ның насихатшысы. Оның болмысы түркі қағанатымен
біте қайнасқан. «Қүлтегін» жырынан «қалың елім...»де-
ген Абай зары естіліп тұр. Сондықтан да біз Анахар-
систен Абайға дейін дегенде өзге ғұлам аларға арнайы
тоқталмадық. Мұнымыз мүмкін дұрыс, мүмкін бұрыс.
Оны кейінгі зерттеушілер анықтар. Себебі, мұның өзі
арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі тақырып.
Біздің мақсатымыз Анахарсистен Абайға дейін де-
ген мәдени-тарихи конңепңияны бір ізге салып, оны
мектеп оқулықтарына енгізу, сөйтіп ж ас үрпақтың 25
ғасырлық рухани, тарихи-мәдени кеңістігімізді игеруіне
қол-айлы ж ағдайлар қалыптастыру.
Араларында 25 ғасыр жатқанмен, Анахарсис пен
Абай дүниетанымында ұқсастық бар. Бұл ұксастықтың
мәні екеуінің де күдік философиясына (яғни скептиңизм-
ге) жақындығы. Анахарсистің скептиктер қатарына жа-
татынын жоғарыда айттық. Ал, Абайға келсек, ол еш-
қашанда ғылым, болмыс, Адам туралы айқын, үғым-
ға жеңіл пікір айтып «көсемсінбеген». Оның, әсіресе
қара сөздерінде жауаптан сұрағы көп. Ол ақылға сын
айтқан. Ақылдың мөлшерін біле білген. Егер де ақыл өл-
шеулі болып, ол арқылы ғаламды тану мүмкін болмаса,
не болғаны? Бұл күдік философиясы, Еуропа тілімен
айтқанда, скептицизм. Бірақ, бұл әншейін күдік, әншейін
бір нәрсені ж оққа шығарушылық емес, ақыл арқылы
ж асаған қорытынды. Тек ақылды жан ғана ақылдың ше-
гін сезіне алады. Сақ ойшылы Анахарсис те, қ а з а қ ой-
шылы Абай да сондай жандар.
Қоғамда ешқашан да ақиқат туралы айқын теория
болмағаны анық, болуы да мүкін емес. Біз көбіне бол-
жамды аксиомалық теория деп қабылдаймыз. Уақыт
оның теріс екенін әманда дәлелдеп, айқындап береді.
Кебіне — теория болжам, болжам — теория болып қа-
былданып, бірінің орнына бірі жүре береді. Сондықтан
да біздің айтып отырғанымыз, әрине болжам, бірақ
оның теорнялық -қызметін атқаруына кім кепілдік бере
50
алады. Теорияны теріске шығаратын да теория. Ондай
теория болмаса біздін айтқанымыз болжамға айналады.
Қысқасы, қалай болса, олай болсын әйтеуір бұл мәдени
тарихи концепция қажетке жарары сөзсіз. Бұл иікірлер
теріске шығарылғаны дәлелденсе, онда біздің ойдың
шындыққа жетуге қызмет еткені. Рас, осы жөн екен,
тек толығырақ зерттелсе деп тілек білдіргендерге бұл
еңбек алғашқы соқпақ.
Енді кітаптың келесі екі бөлімі туралы бірер сөз.
Абайдың өз сөзімен айтсақ, «Абайға әркімніңде бар
таласы». Әрбір зиялы қазақтың Абай туралы пікір ай-
туы түсінікті және орынды. Ақын барша қазақ жұртына
ортақ болғанмен, әркімнің өз Абайы болуы да мүмкін.
Әр адамның, әр ұрпақтыц Абайды өзінше қабылдауына
таң қалуға болмайды. Сананың мазмұны субъектінің тү-
сінігі арқылы айқындалады. Мен де осы түрғыда Абай
шығармашылығын зерттеуге ден қойдым.
Абайсыз қазақ мәдениеті, фиолософиясы туралы сөз
айту мүмкін емес. Сондықтан Абайды тану қазақты та-
ну деген проблемамен өте тығыз байланысты. Бірақ,
ақынды танудың тәсілі қандай болуы керек. Абай тура-
лы айтылған, жазылған жалпылама сөзден көп нәрсе
жоқ.
Мен Абайды тануда өзгеше тәсіл қолдандым. Оның
аты еуропаша герменевтика, арабша — бари ирманийас.
Бұл түсінік туралы ғылым немесе түсінікті түсінудің
тәсілі.
Түсінікті түсіну деген сөз, біреудің ойлау тәсілін
меңгеру. Мысалы, Абай Алла тағала адамзатты ма-
хаббатпен жаратқан дейді. Бұл ақынның түсінігі, біз-
дің міндет осы түсінікті түсіну әрі түсіндіру. Сол себепті
екінші бөлімді «Түсініктер туралы түсініктер» деп ата-
дық. Мұнда Абай өлеңдеріндегі бірден оқырман санасы-
на жол таба алмайтын түсініктерге түсінік беруге талап-
тандық.
Үшінші бөлімді «Сөздер туралы сөздер» деп атадық.
Бұл бөлімде Абайдың қырық бес қара сөзі туралы пі-
кірлер айттық.
Осы екі бәлімдегі айтар түсінігіміз нақтылы Абай
шығармасындағы — бір сезіндегі, не бір өлеңдегі, не
өлеңнің бір шумағындағы, не елеңнің бір жолындағы
түсінікке құрылған. Абайдың айтқандарын өзге ғүлама-
лар пікірлерімен салыстыруды мақсат етпейміз. Біздің
мақсатымыз Абай түсініктері туралы нақтылы түсінік
айту.
51
Е Қ І Н Ш І Б Ө Л І М
жүктеу Достарыңызбен бөлісу: |