Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет60/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92

130
дамиды, ал, философияда  бəрі  басқаша. Философияда  барлық  ғылымдарға,
басқа  рухани  тəжірибеге  эмпириялық  негіз  ретінде  редукцияландырылмасада,
онда  адамзаттың  рухани  тəжірибесінің  жиынтығы, қоғамдық  сананың  барлық
түрлері  қамтылады. Философия  ғылым  емес, бірақ, анықтамалар  мен
объективтілік, себептілік, жалпы заңдарды шығару оған (тəн). Философия өнер
емес, бірақ, бейне  оның  қабылданған  гносеологиялық  категориясы, метафора
мен  интуицияны  кең  қолданады. Философия  дін  емес, бірақта, мəн  əлеміне
асып кетіп, сезім-сезімнен тыс материалдармен жұмыс жасайды.
Ғылымда  құндылық - адамдық  аспект  екінші  орында  тұрады. Таным
объективті - тұлғасыз. Ғалымның  эмоциясы, сезімі, мотивациясы  ғылымды
қызықтырмайды. Ғалым - жаратушы  ешқандай  жауапкершілік  пен
жүктелмейді. Философия  үшін  теориялық-танымдық  аспект  пен  бірге
құндылық  мəселелері  де  қажетті. Протагордың  айтуынша «Адам  бүкіл  заттың
өлшемі», философия  қазіргі  жағдайда  да  құндылық  өлшеміне  өзінің мөлшерін
ұсынады. Ғылыми  жаңалықтардың  тағдырымен  бірге  ол  оның  құндылық
салдарына  да  назар  аударады; абсолюттік  құндылық  ретінде  адам  өмірін
жариялайды. Жаратушы, тұлға  ойшылдың  кім  екендігі  зерттеу  процесінде
қажетті. Философиялық  шығармашылықта  адам  өзіне  үңіледі. Ойшыл  өзіне
сəйкес орнын іздейді. Дүниенің жаңа қырларын іздейді. Солай, философияның
əр  жүйесі  авторлы, бұл  жерде  ұлы  тұлғалардың  рөлі  үстемді. Философия -
интеллектуалды  қызметтің  бір  түрі  болған  соң  əрқашанда  басқа  əйгілі
ойшылдармен сұхбатта болуды қажет етеді (Платон, Аристотель т.б.).
Философияда  маңызды  жəне  анық  түрде  ұлттық  элементті  көрсетеді.
Неміс, ағылшын, орыс, қазақ т.б. философиялар бар; бірақ неміс, ағылшын т.б.
физика, химия  т.б. жоқ. Н.И. Кареевтің  пікірінше «əр  ұлт  жалпы  адамзат
ғылымға өзінің идеясын енгізуге құқығы бар, бірақ ғылымды тек осы мақсатқа
келтіруге қақысы жоқ».
Философияны  ғылым  деген  атаумен  шектеуге  бола  ма? Философия
тарихынан  бізге  мəлім, философияны  ғылым  түрінде  анықтаған  Огюст  Конт.
Нақты  ғылымдар (физика, химия, биология) - нақты  қоршаған  ортаның
позитивтік нақты суретін салса, ал бір-бірінен үзілген фрагменттерден ғылыми
суретті салатын философия.
Ф. Энгельстің  пікірінше «философия «ғылымның  ғылымы»» деген
атағынан бас  тарту  керек. Ғылыми  көзқарас басқа, ғылымнан жоғары тұратын
философияны  қажет  етпейді. Əр  ғылымның  алдына  жалпы  заттар  мен
құбылыстардың  жүйесінде  қандай  орын  аласың  деген  сұрақ  қойылғанда, сол
жалпы  байланыс  сонда  бұзылады. Сонда, алғашқы  философиядан  ойлау  жəне
оның  заңдары  туралы  ілім - формальды  логика  мен  диалектика  қалады.
«Басқаның бəрі табиғат пен тарих туралы жағымды ғылымға қатысты»? - деген.
Ғылым  мен  философия  арасындағы  қатынасты  анықтау  үшін
ғылымдылықтың  мөлшерін  анықтау  қажет. Оларға  қатысты: бақылауда
қайталау; білімнің интерсубъективтілігі; тəжірибенің қайталануы. Осының бəрі
философияға  лайық  емес. Ғылымда  бəріне  ортақ  əдістермен  бəріне  ортақ
ғылыми нəтижелер пайда болады.
Сонымен  бірге, философия  мен  ғылымның  тарихи  қатарластар  дамуы


131
айқын. Философия  мен  ғылым  натурфилософия, космология, онтология
аумақтарында  болмыстың  негізін  тануға  бағытталған  адам  интеллекті, «бір
жіптің  бөлігі». Филипп  Франктің  пікірінше, осы  жіптің  бір  жағы - бақылау
арқылы  танылатын  негіздер. Ганс  Рейхенбахтың «Ғылым  философиясының
пайда  болуы» деген  шығармасында  айтқан: «ежелгі  жəне  орта  ғасыр
философияда  көзбен  көру  мен  бірге «ақылмен  көру» деген  бар. Қалай  біз  түр
мен  түсті  қөзбен  көреміз, сонша  біз  ақылмен  идеялар  мен  жалпы  заңдарды
көреміз. Физикалық  заттар  бар  болған  соң  біз  оларды  көреміз; сонша  оларды
ақыл  көзімен  көруге  де  мүмкін. Сөйтіп, тікелей  сезім  таныммен
интеллектуалдық  интуиция  аралығындағы  аналогия  өзінің  ежелгі  бастамасын
Аристотельдің көзқарасында табамыз. Сезім өзінің сезімдік заттарына қатысты
шындық болса, солай интеллект зат туралы елеске сəйкес». Фома Аквинскийде
былай  деген: «Сөйтіп, интеллект  заттардың  мəні  бойынша  өзін  алдайды, ал
сезім өзінің объектісіне қатысты алданбайды».
Ғылымдылық  деңгейі  неден  тұрады? Ғылымның  фундаменті: тəжірибе,
логика, сынау. Ғылыми  білім  дүние  туралы  өзіне сəйкес  бейне  ұсынады; адам
ғылым  арқылы  ақиқатқа  жақындайды; сенім  саналы  түрде  субъективті
қажеттілікпен  негізделген  ақиқатты  қабылдау  болса, ғылыми  білім
объективтілік пен универсалдылығымен жалпылыққа тырысады.
Ғылыми  білімнің  түрі  көп: фундаменталды, қолдану, эксперименталды,
теориялық. Бірақ  ғылыми  білімнің  бəрі  бір  стандартқа  сəйкес  болады. Заң,
теория, ереже  шектілікті  негізсіз  ақиқатты  емес. Білімді  білімсіздіктен
ажыратуға  шектілікті  негіз  заңы  логикалық  мөлшер  ретінде  қолдалынылады.
Басқа  мөлшері – пəндік-практикалық  қызметі, ақиқат  туралы  пікірталасты
практикалық жазықтыққа шығарады.
Ғылым - нақты  дүниені  заңдылыққа  бағынатын, себептелген  табиғи
жағдайлар  мен  процестер. Ғылым  физика  мен  химияның  заңдарына  бағынып,
табиғи реттілікке шақырады.
Осы  мөлшерлерге  философия  да  бағынады ма? Философия  теорияларың
тəжірибе немесе эксперимент арқылы тексеруге мүмкін емес, себебі, олар тұлға
мен автордың көрінісі.
Философияның ұсынған ғылымдылық мөлшері:
- зерттеудің пəндік аймағы;
- сол пəнге сай категориялық жəне анықтама аппаратын шығару;
- сол пəнге қатысты фундаменталды заң шығару;
- көп фактілерді түсіндіретін қағидалар мен теорияларды ашу.
Осы мөлшерлер арқылы философияны ғылым деп атауға бола ма? Оның
пəні - «адам мен əлем» деген жүйедегі жалпылық; мəндіктің бастамасы; қазіргі
философия  сол  мəндіктің  стихиялық-аяқ  асты, статистикалық  біліммен
камтылатын қалыптасу ерекшелігін байқайды.
Философия  ғылым  сияқты  құбылыстың  иесі: субъект, объект, таным
əдістері, болжаулы  нəтижелер; оның  субъектісі  трансценденттік  аумаққа
жетеді, категориялары  ең  жалпы  жəне  қажетті  болады; нəтижелері  тек  нақты
рефлексиядан  өтпей, бүкіл  қоғамға, адамзат  құндылығына  қатысты  жағынан
саралады.


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау