Блог дегеніміз не?



жүктеу 325,65 Kb.
Дата12.01.2018
өлшемі325,65 Kb.
#7405

Блог дегеніміз не?
Веблог немесе өзінің қысқартылған нұсқасымен көпшілікке жақсырақ таныс блог дегеніміз не? Блог ретінде бір адам жазған жəй ғана онлайндық күнделік, сондай-ақ редакторлар командасы дайындаған тұтас бір вебсайт айтылуы мүмкін. Блогтардың көпшілігін бір ғана адам жазады жəне олар сол адамның достары немесе отбасы мүшелері оқу үшін арналады. Ал енді біреулері жаңалықтар мен сарапшылық мақалалардан құралған, көпшілік аудиторияға бағытталған баспасөз үні ретінде əрекет етеді. Кейбір блогтардың оқылу деңгейі төмен, ал келесі бір блогтарды күніне жүздеген, кейде тіпті мыңдаған оқырман қарайды.

Блогтар əр түрлі қалыпта жəне түрлі көлемде болуына қарамастан, олардың басым бөлігіне тəн ортақ сипаттар бар:

•Соңғы хабарламалар беттің басында орналасқан кері хронологиялық рет

•Бұрынғы хабарламаларды қарауға мүмкіндік беретін мұрағаттың болуы

•Енгізілген хабарламалар бойынша оқырманның пікір білдіруіне арналған секция

•Əдетте «blogroll» (сілтемелер тізімі) деп аталатын өзге сайттарға жасалған сілтемелер

•Пайдаланушылардың блогқа «жазылуына» мүмкіндік беретін ақпараттың синдикациясы
Блогтардың мазмұны əралуан. Жоғарыда аталып өткендей, блогтардың көпшілігі шын мəнінде жеке күнделіктер болып келеді. Ал басқалары жаңалықтарды хабарлайды немесе сараптайды. Егер олардың көпшілігі саясат мəселелерімен байланысты болса, сондай-ақ жекелеген мүдделерге арналған көптеген блогтар бар. Ал келесі бір блогтың түрлері бұл аталған категориялардың біріне де сай келмейді. Блогтардың негізгі бөлігінің жеке сипатта көрініс табуы, сондай-ақ авторлардың құбылмалы мүдделері мен көңіл күйін бейнелеуі – олардың басым көпшілігінің сипатын анықтайтын бір жайт болып табылады.

Сондықтан, блогтар негізінен алғанда жекелеген сипаттағы вебсайттар болып табылады. Себебі, олардың белсенділігін демеп тұру оңайырақ, олардың беттері жиі жаңартылып тұрады жəне пікірталас пен өзараықпалдастық жасауға молырақ мүмкіндігі бар.


Блогосфера
«Блогосфера» - бұл блогтар əлемін сипаттау үшін жəне оларды Интернет желісінің дербес бөлігі ретінде бөлу мақсатында айтылған термин. Кең мағынасында «блогосфера» мазмұнына қарамастан, əрбір жеке блогты қамтиды. Дəл қанша блог қызмет жасайтынын нақты айту қиын, алайда Technorati (www.technorati.com) атты танымал іздеу қызметінің мəліметі бойынша, бүгінгі таңға дейін (2006 жыл, сəуір) 36.8 миллион вебсайт пен веблог бар екені анықталған. Олардың жинақтаған ақпаратына сəйкес, əр күн сайын 75.000 жаңа блогтар жасалады жəне блогерлер күніне 1.2 миллион жаңа хабарлама енгізіп отырады. Сонымен қатар, Technorati ұсынған бұл көрсеткіш барлық жағдайдың тек бір бөлігін ғана қамтиды. Көптеген миллион өзге де блогтар Technorati бақылай алмайтын тілдерде жəне елдерде жазылады.

Блогосфера, əлем елдері секілді, кішірек қоғамдастықтарға бөлінеді. Оларды да көбіне блогосфера деп атайды. Ресейлік блогосфера бар, ондағы мəліметтер орыс тілінде жазылған, Ресейде орналасқан жəне Ресей жайында баяндалған. Армянтілді блогосфера армян тілінде жазылған, бірақ əр түрлі тақырыпқа арналған блогтардан тұрады. Блогосфера əр түрлі тəсілмен бөлінуі мүмкін жəне əр жеке блог түрлі блогосфералардың бір бөлігі болуы ықтимал. Алайда, əр бөлімнің ішінде шынайы өмірдегі аймақтар мен қоғамдастықтағы секілді, жоғары деңгейдегі өзараықпалдастық орын алған.


Блогкөпірлер

Сонымен қатар, блогтар қоғамдастығы арасында сілтемелік қызмет атқаратын блогтар да бар. Олардың кейбірі бұл қызметті көптеген блогосфералардың ішінде өмір сүре отырып жəне өзараықпалдастық жасау арқылы атқарса, енді біреулері тек осы рөлді орындау үшін жұмыс жасайды. Мінекей, осындай сайттар «блогкөпірлер» деп аталады.

Осы міндетті атқаратын көптеген сайттар бар, бірақ солардың ішіндегі ең үлкені жəне ең танымалы – ол Global Voices Online шығар. Global Voices ағылшынтілді БАҚ елей бермейтін, дегенмен əлемнің көптеген азаматтары үшін зор маңызы бар мəселелерді жариялайды. Бұл сайт технологияның кең түрін қолданады. Олардың қатарына – блогтар, виктер, подкастингтер, фотосуреттер алмастыруға арналған құрылғылар, бейнеблогтар, агрегаторлар мен онлайн чаттар кіреді (Терминдер глоссариін қараңыз). Бұларды пайдаланудың мақсаты – əлемнің барлық нүктесінен көзқарас таныту мен ой талқысын ұйымдастыру. Оның вебсайттары онлайн режиміндегі ғаламдық қарым-қатынас арқылы Солтүстік Американың жəне Батыс Еуропаның арғы жағындағы қоғамдастықтар мен елдерді орталық пікір ордасымен біріктіреді, жетекшілік жасайды жəне дамытады.
Блогтарды не үшін жүргізу керек?
Блогтарды жүргізудің мəні не? Əр блогер бұл сүраққа өзінше жауап береді.

Натан Хамм – Registan.net (www.registan.net)

Мен Registan.net атты өз блогымды 2003 жылы кенеттен туған құлшыныстың ықпалымен іске қостым. Ал Winds of Change атты өзге бір блог ай сайын Орталық Азиядағы жаңалықтар жайлы мəлімет бере алатын біреуді іздеді, ал мен соған волонтер болдым. Мен өз блогымды жүргізуді дəл сол уақытта бастадым.

Мен көптеген уақыт бойы жаңалықтармен айналыстым жəне Өзбекстандағы Бейбітшілік Корпусындағы қызметімді бітіргеннен бастап мына нəрсеге көз жеткізе бастадым: батыстық бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі Орталық Азияда болып жатқан оқиғалар туралы толық емес жəне көп жағдайда нақты емес ақпараттар берген. Өз блогым арқылы мен сол хабарламаларға өз түсіндірмемді айтқым келді, сондай-ақ оған молырақ мағына мен терең сипат бергім келді.

Қазір менің блогтармен айналыса бастағаныма үш жылдың жүзі болды. Осы мерзім ішінде мен тұрақты оқырмандарымды қалыптастыра алдым, өзге авторларды тартып, өз көкжиегімді кеңейттім. Мен тек ағымдағы оқиғаларға қатысты түсіндірме жасап қана қоймаймын, сонымен қатар өзімнің ортаазиялық тарих пен мəдениетіне қатысты қызығушылығыммен де бөлісуге тырысамын.

Мен блогтарды жүргізуді жалғастырудамын, себебі бұл өте пайдалы тəжірибе. Əрине, мен өз блогым үшін жаңа ақпарат жазуға онша ықыласым болмайтын күн жоқ деп айта алмаймын, алайда, жағымды сəттер менің оған оралуыма түрткі болады. Блолгтарды жүргізу маған жазу қабілетімді шыңдауға көмектесті, сонымен қатар болып жатқан жаңалықтармен құлағдар болып отыруға мүмкіндік берді. Ол маған əлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жаңа тұлғалармен танысуға жол ашты. Менің блогым маған керемет мүмкіндіктер ұсынды, тіпті жұмыс табуыма да əсер етті. Сондай-ақ мен қазір де бұрынғысынша өз оқырмандарыммен қарым-қатынасқа түскеннен лəззат аламын жəне ол күн сайын дерлік маған марапат əкеледі. Бəрі осылай болып қала берсе, мен де блог жүргізуді жалғастыра бермекпін.
Вероника Хохлова – Neeka’s Backlog (vkhokhl.blogspot.com)

Мен өз блогымды 2003 жылдың наурыз айында, Иракта соғыс басталған кезде жəне кездейсоқ Salam Pax блогымен ұшырасып қалғаннан кейін іске қостым. Ол кезде мен өзімнің жазушылық бірлестігімнен құтылуға ынтызар болып жүргенмін, себебі олар маған Чернобыль жайлы қалай жазуым керек екенін нұсқайтын немесе «Қылмыс пен жаза» туындысы менің бүкіл жазу қабілетіме шабыт берді деп сенетін ақымақ редакторлармен енді бірге жұмыс жасағым келмеді. Сонымен қатар, менің айналамды қоршап жатқан заттар да көп болатын, олар – жазбалар, орындалмаған тапсырыстар...

2004 жылдың қараша айында мен Украинаға, біздің сайлау жайында жазу үшін жөнелдім. Ол кезде менің жазғандарымды əлі ешкім оқи қоймайтын жəне бірнеше достарым араға уақыт салып маған жауап жазып тұрғанда, бұл жағдай менің көңілімнен шығатын. Одан кейін майдан алаңында шатырлар пайда болды, сосын мен Instapundit [ www.instapundit.com-да орналасқан көп оқылатын американдық блог] атынан сілтеме алдым. Осылайша, қазір мені оқитын аудитория əлдеқайда үлкейді, дегенмен мен ең алдымен, өзім үшін жазуға тырысамын. Дегенмен, мен тұрақты жұмысы жоқ журналист болғандықтан, блог мен үшін журналистке тəн қызметке айналды.

Қызғылт Төңкеріс кезінде бір норвегиялық журналист менен қазір жұмыс жасап жатқан блогым Украинаны əлемге танытуды мақсат ете ме деп сұрады. Мен жоқ деп жауап бердім, себебі, егер əлем Украинаны білмесе, онда ол – тек солардың бас қайғысы. Біз тіпті танылмағандық жағдайымызбен-ақ күн кеше аламыз. Мен халыққа олар мені оқығаны үшін шексіз ризамын. Олар менің қызық деп жазғандарымның ішінен өзіне қажет пайдалы нəрсе таба алатындығына бақыттымын. Сонымен қатар, мен блогты жүргізгенімнің арқасында өте көптеген достар таптым. Міне, дəл осы себептерге байланысты, мен осы жұмысты жасауды жалғастырып келемін.


Ал Сіз ше?

Біздің əрқайсысымыздың айтарымыз жəне өзгемен бөлісеріміз бар. Блогтарды жүргізу біздің Интернет желісіне қолжетімділік мүмкіндігі бар əрбірімізге өзіне маңызды деген жайтты жазуға жол ашады. Оның артықшылығы мынада: егер сіздің айтар сөзіңіз болса жəне ол жайлы үлкен аудиториямен де бөліскіңіз келсе, онда блогтың арқасында сіз ғаламдық қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігіне ие боласыз.

Сізді дəл не қызықтыратыны маңызды емес, бастысы, сіз өз ойлағаныңыз жайлы блог жүргізе аласыз. Соынмен, сіз не жайлы блог жүргізесіз?

Интернет желісіндегі барша азамат үшін ашық болатындығы жəне іздеу жүйелері арқылы оңай табылатындығы блог жүргізудің тағы бір қыры болып табылады. Осының арқасында блог сізге қандай да бір ықпал жасауға мүмкіндік береді. Егер де сізді онлайндық күнделікті иемдену идеясы қызықтырса, онда əрине, бұл сіздің блог атқара алатын іс. Дегенмен, болып жатқан оқиға жайлы – сіздің қалаңыздағы, аймағыңыздағы, еліңіздегі, əлемдегі жағдайлар туралы жазу жəне оған өз жеке пікіріңізді қосу – жуық арада өзге көптеген жандардың да қызығушылығын оятары анық. Əсіресе, егер сіз аз блогерлер жұмыс жасайтын елден жазсаңыз, онда сіздің пікіріңіз бен көзқарасыңыз блогтардан орын алған ғаламдық пікірталасқа қызықты енгізу болады.


Ықпал жасау
Соңғы жылдары дəстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары блогтар мен блогерлерге уақыт өткен сайын өсіп келе жатқан назар аударды. Бұған көптеген себеп бар. Соның бірі, ағымдағы оқиғаны талқылайтын блогтардардың көбі ақпарат жеткізудің толыққанды еместігін алға тартып жəне шынайы емес көзқарасты əшкерелеп, БАҚ-ты үнемі өткір сынға алады. Жоғары деңгейдегі назар аударудың тағы бір себебі, көптеген блогтарда кей бұқаралық ақпарат құралдарына жетісе бермейтін білім мен жағдайдың мəн-жайына қанықтық бар. Блогтар диапазондағы жəне мəнмəтіндегі тілшілер басқаша түсініп қалуы ықтимал маңызды оқиғаларға кілттер ұсынуы мүмкін. Сондай-ақ, көптеген блоггерлер дəстүрлі БАҚ-та жарияланбаған оқиғаларға жұртшылықтың назарын аудартады. Осы орайда олар тегін қызмет көрсететін тілшілер ретінде, айтылмай кеткен мəселеге ден қояды.

Блогтарға БАҚ тарапынан үлкен назардың тууының нəтижесінде, журналистер мен блоггерлер бір-бірімен көбірек жұмыс жасауға кірісті. Ол ресми, не биресми болуы мүмкін. Дербес блоггерлер жəне Global Voices Online сынды ұйымдар блогтар мен дəстүрлі БАҚ арасындағы ынтымақтастықты орнату жолдарын іздейді. Олар бұл ынтымақтастық екі тараптың да күшті жақтарына сүйенгенін қалайды. Блоггерлердің көпшілігі өз блогтарында көтеретін тақырыбын анықтарда баспасөзге сүйенеді. Журналистердің көбі ақпарат алу үшін жəне мəн-жайға қанығу мақсатында блоггерлерге жүгініп келеді. Бұл оларға өз репортаждарының сапасын арттыруға көмектесері анық. Сондай-ақ журналистердің өздері де өзі жұмыс жасап жатқан баспасөз орындары демеп отыратын жеке блогтарын ашып жатыр.


Киллиан құжаттары

Бұл ынтымақтастық орнатылғанға дейін блогтар жаналықтар қандай түрде берілу керектігіне өз ықпалын тигізген. Бұл ықпалдың белгілі мысалы ретінде, 2004 жылы АҚШ-та президенттік сайлау кезінде CBS компаниясының Президент Джордж Буштың Ұлттық гвардиядағы қызметін сынайтын құжаттарға қатысты репортажына деген жауабын келтіре аламыз. Осы репортаж таралғаннан кейін, Power Line (www.powerlineblog.com) жəне INDC Journal (www.indcjournal.com) секілді блогтар құжаттардың растығы жайлы мəселе көтеріп, сарапшылармен олардың пікірін білу үшін байланысқан. Блоггерлер бұқаралық ақпарат құралдарының сапасыз репортаждарына, сарапшылардың ойларын дұрыс жеткізе алмағандығына қарсылық көрсетіп, жылдам əрі сенімді жауап берді. Олардың сыни пікірі мен оқиғаны табандылықпен жария еткендігінің нəтижесінде, CBS өз көрермендерінен кешірім сұрап, осы репортажды дайындауға қатысқан бірнеше қызметкер жұмысынан босатылды.


Блогты іске қосу

Блогты іске қосу жəне өзіңіздің қауіпсіздігіңізге зиян келтірмейтіндей етіп жүргізу жайлы толық ақпарат алу үшін, блогтарды қауіпсіз жүргізу бойынша TOL нұсқаулығына жүгінуіңізді сұраймыз.


Сəтті блог жасау
Блогты іске қосқаннан кейін, оны қалай жемісті қылуға болады? Ол үшін блоггер ең алдымен сəттілік қағидаларын анықтауы керек.

Блогтың сəттілігін анықтаудың көп əдістері бар. Кейбіреулері жетістікті оқырмандар санымен есептейді. Басқалары жетістікті доллар мен центтарда бағалайды. Шынын айтқанда, кейбір блоггерлер ғана өз жұмысында ақша табады, ал көп оқырманы бар блоггерлердің саны тіптен аз. Сонымен қатар, блоггерлердің көпшілігі блогтарын ақша табу үшін немесе оқырмандар үшін іске қоспайды. Жетістік нені білдіретінін əрбір блоггер өзі анықтайды. Осыған қоса блогты сəтті қылатын бірнеше кеңестер бар.



Көршілеріңізбен танысыңыз – əрбір блог қандай да бір электронды хат алмасудың бөлігі болып табылады. Ол сіз тиесілі блогосфераның белсенді мүшесі болуы керек. Мысалы, егер сіз өнер жайлы блог жүргізсеңіз, онда өнер жайлы басқа блогтарды оқып, түсіндірме жасау жақсы болар еді. Сіз оқыған блогты міндетті түрде сілтемелерге қосыңыз. Сонымен қатар, белгілі бір блоггерлерге сіздің блогыңыздың іске қосылғандығы жайлы бірнеше сыпайы хаттар жіберген абзал жəне де оларға сіздің ойыңызша жақсы деген хабарламаңызға сілтеме жасасаңыз болады. Сіздікімен бірдей блогтарды табудың жақсы амалы - Technorati (www.technorati.com) іздеу жүйесін қолдану.

Өз үніңізді табыңыз — Немесе басқаша айтқанда, даралығыңызды сақтаңыз! Əрбір блоггерде барлық жерде қолданылып естілуі керек өзіндік дара үні бар. Өзіңізді қызықтырған жайттар туралы жазыңыз жəне өзіңіздің хабарламаларыңызға даралығыңызды енгізіңіз. Тіпті Моңғолияның салық жүйесі секілді түсініксіз жайттар жайлы жассаңыз да, бұл сіздің хатыңызға даралық сипат береді. Блогтар мен дəстүрлі БАҚ арасындағы ең үлкен айырмашылық, біріншісінде даралықтың болуы, мүмкін содан да адамдар оларды оқығанды ұнатады.

Оны тұрақты түрде жаңалап отырыңыз — Өз оқырмаңдарыңызды жоғалтудың бірден бір себебі – блогыңызды жаңартпау. Бұл сіз блогыңызда күнделікті 10 жаңа хабарлама жазуды міндеттемейді, бірақ та сіз блогты жиі жаңартуға жəне оқырмандардың оған қайтып оралуына ат салысуыңыз керек.

Оны интерактивті етіп жасаңыз — Оқырмандарға түсіндірме пікір жазуға мүмкіндік беріңіз жəне оған өзіңіз де қосылыңыз. Сіздің оқырмандарыңыз сіз байқамаған қызықты ойлар жазатыңызға көзіңіз жетеді жəне оқырмандарға бұл мүмкіндікті бере отырып, сіз өз блогыңызды тұрақты оқырмандармен қамтамасыз етесіз.

Қандай да бір ерекше зат ұсыныңыз — Сəтті блог жасаудың сенімді жолының бірі – басқалары ұсынбағанды ұсыну. Дəстүрлі БАҚ-тағы жаңалықтарға өз түсіндірмелерін беретін блогтар көп болғанымен, өздері жаңалықтар жазатын блогтар өте аз кездеседі. Егер сіз мұны жасай алсаңыз, онда олар басқа жерде таба алмайтын затты ұсыныңыз. Oneworld Multimedia (oneworld.blogsome.com) армян блогындағы Онник Крикорян басқа жерде табылмайтын өзіндік суреттерді, аудармаларды жəне сұхбаттарды жиі енгізеді.
Сəтті хабарлама жазу
Жақсы блогтық хабарлама жазудың сиқырлы формуласы жоқ. Блоггер жазған əрбір жақсы хабарламаға кем дегенде бір нашар хабарлама болады. Сонымен қатар, хабарламаның сан алуан түрлері бар, олардың барлығын қамту мүмкін емес. Оның орнына болып жатқан оқиғаларға қатысты хабарлама жазудың айтарлықтай жақсы формуласы төменде көрсетілген.

Кез-келген жақсы хабарламаның кілті оған құндылық береді. Кейбір блогтар баспасөздің жай ғана көшірмесі болып табылады. Өкінішке қарай, оқырман ол жаналықтарды блогтан оқығанша, оны жария еткен жаңалықтар агенттігі вебсайтынан оқи алады. Екінші жағынан, бұқаралық ақпарат қызметінің жаңалықтарын толықтыратын блогтар, оқырмандарды оларға кіруге ынталандырады. Осылардың барлығын ескере келе, қызықты хабарлама жазудың ықтимал тəсілін ұсынамыз:

• Хабарламаға тақырып тауып алыңыз: хабарламаға тақырып табу үшін əртүрлі вебсайттардағы жаңалықтармен танысыңыз. Мүмкін, біреуінде оқырмандардың назарын аударуға лайық оқиға табарсыз. Немесе өзара жақсы байланысқан екі оқиға табасыз. əлде сіз оқыған құжаттан қандай да бір қателіктер табарсыз.

• Өзіңіздің тақырыбыңызды елестетіңіз: Өзіңіздің хабарламаңызды қысқаша кіріспеден немесе түсіндірме беретін оқиғадан бастаңыз.

• Цитаталаңыз: Өзіңіздің оқырмандарыңыздың назарын аудырғыңыз келген бөлікті хабарламаңызға енгізіңіз.

• Сараптаңыз: Қажетінше енгізілген бөлікке мəн беріңіз. Егер қандай да бір нақты емес жайтті көрсеңіз, сіз цитаталаған бөлікте соны көрсетіңіз. Немесе бұл бөлік сіздің жазғыңыз келген басқа мəселені қозғады ма, жоқ па, əрбір жағдайдың өз ерекшеліктері болады.

Мұндай хабарламалардың бірқатар мысалдарымен танысу үшін, neweurasia (www.neweurasia.net) блогын қараңыз.
Этика
Əділеттілік — субъективті түрді əділ болу, бірақ та сіз өзіңізге қандай құрмет көргіңіз келсе басқаларына да сондай құрмет көрсетуіңіз керек. Бұл сіз басқалардың пікірлерін тыңдап, сіздің жұмысқа қатысты сынды көтере алуыңыз керектігін білдіреді. Өзгелерді тыңдауға дайын болып, сіздің уəжіңіз қандай екенін зерттеңіз.

Транспаренттілік — Өз оқырмандарыңызбен, əсіресе сіздің сеніміңіз бен мүдделер қақтығысы турасында ашық жəне шынайы болыңыз. Мысалы, егер сіз қандай да бір мақсаттар үшін сізге қаражат берген ұйым туралы жазсаңыз, бұл деректі де айтып кетіңіз. Осылайша, егер сіз саяси мəселелерді жиі көтерсеңіз, онда өзіңіздің көзқарасыңызды да жазыңыз. Себебі оқырмандар сізден не күтуге болатынын білуі керек. Бұл сіздің оқырманға өз өміріңіздің əр бөлігін ашу дегенді білдіреді, дегенмен мүдделер шиеленісі ушығатын жерлерде сіз ашық болуыңыз керек.

Тəуелсіздік — Жеке блоггер болыңыз. Сіз шынында не жазылу керек болса, соны жазыңыз, ықпалды мүдделер ықпалына ыңғайланып жазуыңыз бекер болады.

Шынайылық — Тек шын мəнінде болған оқиғалар жайлы ғана айтыңыз. Егер сізде айтылған сөзде күмəн болса, ол туралы айтыңыз. Егер сіз бір нəрсе туралы ойласаңыз, нақтылап алыңыз. Қосымша, қандай да бір оқиғаны жазғанда, сіз білмейтін заттарды көрсетіңіз.

Сілтемелер көрсетіңіз — Мүмкіндігінше сіз еткен материалға, тіпті сіз онымен келіспесеңіз де, сілтеме жасаңыз. Бұл сіздің оқырмандарыңызға өз көзқарасын қалыптастыруға көмектесіп, сіздің дəйектемеңізді күшейтеді.

Бұл ережеге қорытынды ретінде əрқашан дəлел ұсынатыңызға сенімді болыңыз. Сіздің сілтемеңіз электронды түрде болмаса да, қайнар көзді нақтылауға тырысыңыз. Сіздің жазбаңызды күшейту үшін дəлел ұсыну сіздің дəйектеріңізді де күшейтеді.



Қайнаркөзді құрметтеңіз — Егер сіз біреуден сұхбат немесе хабарламада қолдану үшін ақпарат алып жатсаңыз, қайнаркөздің тілектерін құрметтеңіз. Бұл ақпарат көзіне жүгінуге бола ма немесе алынған ақпаратты қалай қолдануға болатыны жайлы анықтап біліңіз. Есіңізде болсын, кейбір жағдайдарда қайнаркөзді құрметтемеу (егер ақпарат байқап істеуді талап ететін сипатта болса) қайнаркөздің жұмысынан айрылуына немесе түрмеге қамалуына əкеп соғуы мүмкін.

Қателіктеріңізді қоғам алдында дұрыстаңыз — Егер өз хабарламаңызда сіз айтқан немесе сіз жүгінген оқиға өтірік болып шықса, бұл қателікті тез арада қоғам алдында дұрыстаңыз. Əдетте, бірінші хабарламаның жаңартылған түрін дереу енгізу керек, сонда алдыңғы жəне соңғы дұрысталған нұсқа бір жерден табылатын болады.

Өсектемеңіз — Басқаларға қатысты жалған немесе арамниетті сөздер айтпаңыз. Егер сіз басқа блоггер немесе қоғамдық қайраткермен келіспесеңіз, оның жеке басына немесе ол туралы өтірік сөз айтпаңыз. Жақсы дəлелденген жəне дəлелді негізделген дəйектер ұсынуға тырысыңыз.
Өзіңізді тəуекелге ұшыратпаңыз!
Əлемнің көптеген бөлігінде блоггерлерге жəне блог жүргізуге онша жақсы ықылас танытпайды. Кей елдерде адамдар тіпті, онлайнда, блогтарда өз пікірін білдіргені үшін түрмеге қамалған. Сондықтан, сізге анонимді, яғни жасырын əрекет жасау керек. Сіз өз тұлғаңызды қорғаңыз жəне блогты қауіпсіз жүргізіңіз! Қауіпсіздікке қатысты көптеген мəселелер саналы ойдың тірлігі болып табылады, алайда, қосымша ақпарат алу үшін сіз блогтарды қауіпсіз жүргізуге бйланысты TOL нұсқаулығына жүгіне аласыз. Онда, сонымен қатар, блогты жасырын енгізудің күрделі амалдары да егжей-тегжейлі баяндалған.
Жиі қолданылатын блоггинг терминдер сөздігі
Агрегатор (Aggregator) —онлайндық қызметтің немесе таңдаулы блогтардың синдикацияланған мазмұнын оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету.

Атом (Atom)—Атом синдикацияланған каналдың белгілі бір типі болып табылады.

Сілтемелер тізімі (Blogroll)— Блогтың үй бетіндегі бағанаға орналастырылатын өзге блогтар мен вебсайттарға жасалған сыртқы сілтемелер тізімі.

Канал (Feed)—Каналдың RSS атомы блогтағы соңғы хабарламаны қамтитын файлды білдіреді.

Пермасілтеме (Permalink)— “permanent link” сөзінің қысқартылған түрі (яғни, “тұрақты сілтеме”). Блогта орналасқан əрбір жеке материалдың ыңғайлы бетбелгі ретінде қолданылатын веб-адресін білдіреді. Подкастинг (Podcast)— “iPod” жəне “broadcast” сөздердің қысқартылған нұсқасы (яғни, “трансляциялау”). Подкастинг RSS жəне Атомның синдикацияланған каналдары арқылы жасалады. Оларға арнайы подкастингтік агрегаторлар арқылы жазулуға болады. Сондай-ақ подкастингтің белгілі бір құрамдас бөлігіне де жəне материалды орналастырудың сəйкес тəсіліне де қатысты болуы ықтимал.

RSS—RSS бұл “Really Simple Syndication” сөздерінің қысқартылған сөзі (“Шындығында да қарапайым синдикация”). Каналдарды синдикациялаудың бір түрін білдіреді.

Синдикация (Syndication) — Синдикация пайдаланушыларды вебсайттың жаңартылуы жайлы хабар етеді. Бұл блогты қолдану кезінде ерекше қолайлы, себебі блогтар жиі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, бұл блогтар мен вебсайттарға блогта орналастырылған белгілі бір материалдарды түбегейлі қайта жаңғыруға мүмкіндік беретін тəсіл болып табылады.

Вики (Wiki)—“Вики” термині Гавайдың “вики-вики” сөзінен шыққан, ол «тез» деген мағына береді. Вики дегеніміз – кез келген қолданушы оңай жəне тез жаңарта алатын вебсайт.
жүктеу 325,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау