Кедейшілік – Әлеуметтік-экономикалық ҚҰбылыс ретінде кедейшілік



жүктеу 331,6 Kb.
Pdf просмотр
Дата27.11.2018
өлшемі331,6 Kb.
#24676


А.Ж. АШИРОВА 

 

КЕДЕЙШІЛІК – ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ 

 

Кедейшілік  –  жеке  адамның,  отбасының  немесе  әлеуметтік 

топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық 

жағдайы,  яғни  өзінің  өмірлік  қажеттерін  қамтамасыз  етуге 

жағдайының  жетіспеуі,  негізгі  тұрмыстық  қажеттіліктерін 

қанағаттандыру  мүмкіндіктерінің  төмендігі  немесе  жоқтығы. 

Кедейшілік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың 

деңгейіне,  қоғамдық  байлықтың  бөлінуіне  байланысты  болатын 

үдеріс  ретінде  қарастырылады.    Оның  пайда  болуының  негізгі 

себептері  –  саяси,  экономикалық  және  демографиялық  жағдайлар, 

саяси-экономикалық  дағдарыс,  жұмыссыздық,  жалақы  мен 

зейнетақының  күнкөріс  минимумынан  төмендігі,  халықтың 

әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы және т.б. 

Қоғамдағы  кедейшіліктің  орны  туралы  зерттеулер  XVIII 

ғасырдан  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысына  дейін  (А.  Смит,  Д. 

Рикардо, Т. Мальтус, Г. Спенсер, Ж. Прудон, Э. Реклю, К. Маркс, 

Ч.  Бут,  С.  Раунтри)  қарастырылса,    ХХ  ғасырдың    орта  шенінен 

бастап,  Кедейшіліктің        мемлекеттің  әлеуметтік,  экономикалық, 

саяси  даму  деңгейіне  ықпалы  жан-жақты  қарастырыла  бастады 

(Ф.А.  Хайек,  П.  Таунсенд  және  т.б.).  Қазіргі  кезде  жаңа 

мыңжылдықтың  басты  мәселнлерінің  бірі  ретінде  кедейшілік 

мәселесі  екендігін  БҰҰ    өз  баяндамаларында  да  атап  көрсеткен 

болатын.  

Кедейшілік  бір-бірімен  өзара  байланысқан  және  бірқатар 

ерекшеліктерге  ие  құбылыс  болғандықтан,  оларды  келесідей 

топтарға біріктіруге болады:  

- Экономикалық  (жұмыссыздық,  төменгі  еңбекақы,  төменгі 

еңбек өнімділігі, саланың бәсекеге қабілетсіздігі);  

- Әлеуметтік-медициналық (мүгедектік, кәрілік, аурдың жоғары 

деңгейі), 

- Демографиялық (толық емес жанұя, жанұядағы басқа адамның 

көмегіне мұқтаж жандардың саны); 

- Әлеуметтік-экономикалық  (әлеуметтік  кепілдіктің  төменгі 

деңгейі); 



- Білімдік-біліктілік 

(білімнің 

төменгі 

деңгейі, 

кәсіби 

дайындықтың жеткіліксіздігі); 



- Саяси (әскери қақтығыстар, еріксіз көшіп-қону); 

- Аймақтық-географиялық (аймақтардың біркелік дамымауы). 

Кедейшіліктің 

асқынуы 


халық 

бұқарасының 

жаппай 

қайыршылануына 



апарып 

соқтыруы 

мүмкін. 

Кедейшілік, 

материалдық  жоқшылық  рухани  кедейшілікке  ұласады.  Мұның 

салдары  елде  түрлі  қылмыстың  етек  алуына,  азғындыққа  апарып 

соқтырады. Кедейшілік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, 

қазір де бар. Жер шары халқының саны 1960 жылы 3 миллиардтан 

көбейіп XXI ғасыр басында 6 миллиард адамды құрап отыр. Соңғы 

30 жылда шектен шыққан кедейшілікте өмір сүретін адамдар үлесі 

екі есеге азайды. Бүкіл әлемде азаматтардың көпшілігі өзін және өз 

отбасын  жеткілікті  деңгейде  қамтамасыз  ете  алатын  жағдайға 

жетті.  Алайда,  халық  санының  артуына  байланысты  мұқтаждықта 

өмір  сүретіндер  саны,  кедейшілікпен  күрес  жөніндегі  екіжақты 

және көпжақты бастамаларға қарамай,  сол күйінде өзгермей отыр. 

Қазіргі  әлемде  кедейшіліктің  сипаты  әртүрлі:  ашаршылық,  таза 

ауыз  судың  және  қарапайым  санитарлық  жағдайдың  жоқтығынан 

жапа  шегуші  балалар,  өз  отбасын  қамтамасыз  ету  мүмкіндіктері 

жоқ ересектер. Мысалы әлемде 1,2 миллиард астам артық адам бір 

күнде бір доллардан кем ақшаға өмір сүруде. 800 миллион адамнан 

аштық зардабын шегуде.  

Кедейшілік  мәселесі  саяси  тұрақсыздықтың,  қақтығыстардың, 

жұқпалы  індеттердің  және  табиғи  апаттардың  және  қоғамның 

әлеуметтік-саяси  құлдырауы  салдарынан  қиындай  түсуде. 

Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, әлемнің көптеген аймақтарында 

кедейшілік  деңгейі  біршама  төмендегеніне  қарамастан,  Африкада 

(әлемнің  ең  кедей  20  елінің  18-і  осында  орналасқан)  кері  үдеріс 

байқалуда.  2000  жылы  әлемдік  қауымдастық  2015  жылы  дейін 

кедейшілікті  жартысына  дейін  қысқарту  міндеттемесін  қойған 

болатын.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  2005  жылы  "Үлкен  сегіздік 

елдері"  Африкаға  қажетті  ресурстарды  бөлу  жөнінде  саяси 

міндеттемелерді қабылдап, оны жүзеге асыру шаралары жан-жақты 

жолға қойылып жүзеге асырылуда.  



Әлемдік  тәжірибеге  көз  жүгіртсек,  онда  кедейшілікті 

анықтаудың  негізгі  үш  тұжырымдамасының  қалыптасқандығын 

байқауымызға  болады.  Олар  мыналар:  абсолютті  кедейшілік, 

қатысты кедейшілік және субъективті кедейшілік.   



Абсолютті  кедейшілік  - 

биологиялық

 

тіршілік  етуді 



қамтамасыз 

ететін 


тұтынушылықты 

ең 


төмен 

деңгейде 

қанағаттандыратын

  немесе  өз  табысымен  тамаққа,  тұрғын  үйге, 

киімге,  жылуға  деген  қажеттілікті  қанағаттандыра  алмайтын 

индивидтің

 жағдайы.

 

Абсолютті кедейлену - 



тіршілік

 етудің негізгі 

көздеріне  ең  төмен  қажеттілікті  анықтайтын 

кедейшілік

  деңгейі 

болып табылады.

 

Әлемдік  Банк  абсолюттік  кедейшіліктің  төменгі  шегі  күніне 



1,25 американ долларынан кем болмау керек деп есептейді.  

Абсолюттік 

кедейшілікке 

қарама-қарсылық 



қатысты 

кедейшілікті  туындатады.  Қатысты  кедейшіліктің  өлшемі  халық 

табысымен  өлшенеді.  Егер  халықтың  табысы  артқанымен,  оның 

бөлінуі  өзгермесе,  онда  қатысты  кедейшілік  бұрынғы  қалпында 

сақталады. Осы жағдайда, кедейшіліктің қатысты тұжырымдамасы 

теңсіздік  тұжырымдамасының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады. 

Дегенмен,  төменгі  теңдік  төменгі  қатысты  кедейшілікті  көрсетеді 

немесе керісінше.  

Қатысты  кедейшілік  тұжырымдамасының  негізін  салған 

П.Таунсенд,  ол  кедейшілікті  қоғам  мүшелерінің  басым  бөлігінің 

экономикалық  ресурстардың  жетіспеушілігі  салдарынан  сапалы 

өмір салтын жүргізуге мүмкіндігінің болмауымен түсіндіреді.  

Қатысты  кедейшіліктің  ауқымы  абсолюттік  Кедейшілік 

ауқымымен  сәйкес  келмейді.  Абсолюттік  Кедейшілік  жойылуы 

мүмкін,  бірақ  қатысты  кедейшілік  үнемі  сақталады  және  барлық 

әлеуметтік  топтардың  өмір  сүру  стандарттары  артқанда 

жоғарылауы мүмкін.  



Субъективті  кедейшілік  –  бұл  индивидтің  өзі  анықтайтын, 

өзінің  көзқарасына  негізделген  кедейшілік  тұжырымдамасы.  Яғни 

индивид  кедей  не  болмаса  кедей  емес  екендігін  өзі  анықтайды. 

Субъективті  кедейшілікті  анықтаудың  көптеген  тәсілдері  бар: 

мысалы,  қанша  адам  өзін  кедей  деп  санайды  немесе  достарының 

қанша  бөлігін  кедей  топтарға  жатқызады.  Кедейшіліктің  сандық 

сипатын  алу  үшін  көп  елдерде  FGT  (Foster  -  Greer  -  Thorbeke 

index)  индексі  қолданылады.  Бұл  нндекс  мыналарды  бағалайды: 

белгілі  бір  критерийден  төмен  табыс  табатын  халық  үлесін




кедейшілікті  жою  үшін,  халықтың  жан  басына  есептегендегі 

жетіспейтін  табыс  деңгейін  көрсететін  кедейшілік  тереңдігін

кедейшілік  тереңдігінің  толық  сипатын  беретін    кедейшілік 

өткірлігін,  өйткені  ол  вариация  көрсеткіші  болып  табылады  және 

кедейшілік  арасындағы  теңсіздікті  немесе  кедейлер  табысының 

деңгейін көрсетеді.  

Кедейшілікті  анықтаудың  әдістері  өте  көп.  Дегенмен, 

Кедейшіліктің  негізгі  көрсеткіштерін  анықтау  үшін  Дж.  Фостер, 

Дж. Гриер және Э.Торбеке ұсынған формула кеңінен қолданылады: 

Мұндағы: P — Кедейшіліктің жалпы көрсеткіші;  



a — Кедейшілік көрсеткішін көрсететін параметр;  

Z

h

 —үй шаруашылығының құрамына байланысты Кедейшілік 

сипаты;  

Y

h

 — h үй шаруашылығының табыс деңгейі; 



q — кедей үй шаруашылығының саны;  

H — үй шаруашылығының  жалпы саны. 

Фостер-Гриер-Торбеке  формуласы  негізінде  кедейшіліктің 

негізгі көрсеткіштері анықталады:  (a = 0); 

 



кедейшілік тереңдігінің индексі (a = 1); 

 



кедейшілік өткірлігінің индексі  (a = 2). 

Жалпы,  кедейшілікпен  күресу  мемлекеттік  саясаттың  басым 

бағыттарының бірі болып саналады.  

Қазақстан  Республикасында  кедейшілікпен  күресу  жөніндегі 

әртүрлі  бағдарламалар  қабылданғанымен,  кедейшіліктің  үлесі 

төмендемей  отыр.  2010  жылғы  мәлімет  бойынша  өмір  сүру 

минимумынан төменгі  табысқа ие қазақстандықтардың саны 2009 

жылмен  салыстырғанда  4,4  пайызға  төмендеген.  Кедейшіліктің 

жоғары  деңгейде  төмендеген    аймақтары  ретінде  Маңғыстау, 

Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарын атап өтуге болады.  

Кедейшілік 

деңгейін 

төмендетуге 

бағытталған 

бағдарламалардың  бірі  ретінде  2011  жылы  қабылданған 

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы. «Жұмыспен қамту - 2020» 

бағдарламасында  көзделген  міндеттерді  іске  асыру  барысында 

2016  жылға  қарай  келесідей  нәтижелерге  қол  жеткізуге  болады: 

кедейшілік  деңгейі  8,2  %-дан  6  %-ға  төмендету;  жұмыссыздық 

деңгейі 5,5 % аспау; жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз 




бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі  33,3 %-дан 26 %-ға 

төмендету және еңбек өнімділігінің қосымша өсімі 20 % құрауы. 

Қорыта  айтқанда,  кедейшілік  мәселесі  ХХІ  ғасырдағы 

жаһандық  сипаттағы  әлеуметтік-экономикалық  мәселе.  Бұл 

мәселені  шешу  әлем  елдерінің  бірлесе  шешім  қабылдауын  талап 

етеді.  Кедейшілік  мәселесін  төмендету  –  кез-келген  мемлекеттің 

халықты сапалы өмір сүруімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 



1. 

Национальный  Отчет  о  человеческом  развитии  Казахстана, 

2009, Астана, с.115. 

2. 


В.С.Сычева.  Измерение  уровня  бедности:  история  вопроса.  - 

СОЦИС, 2008, № 3. с. 22. 

3. 

Глазьев  С.  Неравномерность  процесса  глобализации  -  М.: 



Инициатива, 2008 г. с.113. 

4. 


Е.Гайдар.  Богатые  и  бедные.  Становление  и  кризис  системы 

социальной защиты в  современном мире. Статья первая  -  Вестник 

Европы, № 10, 2009 г. с. 9. 

 

 



жүктеу 331,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау