65
5 ТАҚЫРЫП.
ҒЫЛЫМИ
РЕВОЛЮЦИЯЛАР.
ҒЫЛЫМИ
РАЦИОНАЛДЫҚ
Дəріс мақсаты: Ғылым динамикасын, ғылымдағы дəстүр мен
жаңашылдықтың қатынасын көрсету. Ғылым дамуында ізгілік қағидасы жəне
ғылыми теориялардың арақатынастық мəселесін ашу. Ғылым дамуын
түсіндіреті əр түрлі жолдарды қарастыру: континуизм, эволюциялық теория,
дисконтинуизм, «эпистемологиялық қопарылыс теориясы», ғылыми төңкеріс
анықтамасы. Жаңа теориялық-методологиялық идеялар мен əлемнің ғылыми
көріністердің өзгерісіне тоқтау. Ғылыми парадигма мен синтагманың
анықтамасын беру. Синергетиканың философиялық мəселелерін көрсету.
Ғылым динамикасы, ғылымда дəстүр мен жаңашылдықтың қатынасы
Ғылым феномені жəне де оның даму заңдылықтары осы уақытқа дейін
қызықты мəселердің біріне жатады. Ғылымды теориялық жəне эмпириялық
жақтарынан зерттеген. Əр ғылымда өзгеше ережелер мен қағидалар
ұсынылғанмен бəріне ортақ заңдылықтар бар екендігі айқын. Тек ХХ ғ. аяғында
ғылым дамуының философиялық тұжырымдамасы толық құрастырылды деп
санауға болады; оған ықпал еткен Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Ст. Тулмин,
П. Фейерабенд, М. Полани т.б. Өзекті болған соң ғылым философиясының
сұрақтары осы уақытқа дейін əр түрлі мамандардың назарын өзіне тартады.
Əуелі төрт ұғымға анықтама берейік.
Дəстүр - ұрпақтан ұрпаққа жалғаса алатын əлеуметтік пен мəдени
мұраның элементтері. Ғылымда дəстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы
қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол
ғалымдар арасында бір дəлелденген теорияның, ережелер мен нормалардың
адекваттік түрі бойынша қабылдау келісімі, конвенциясы. Дəстүр ғылымда
шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға
арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм
сол себепте
дилетантизм мен білімсіздікке жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым»
өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун. Бірақ, дəстүр əрқашанда жаңалыққа
да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан
басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, əдет пен икем
қайта өндірілу керек.
Жаңашылдық - материалдық пен рухани сфералардағы жаңалықтар.
Жаңалықтар өздері екіге бөлінеді: 1. коррекция жасайтын, ескі дəстүрдің
кейбір түрлерін өзгертеді; 2. жаңа дəстүрді енгізетін. Əр салада екіншісі қиын
қабылданады. Келесіде ол өзінің қолдаушыларын тауып дамиды. Сөйтіп
концептуализация арқылы (ғылыми ортада айқын жарияланған соң) ол өзі
дəстүрге айналады, білім жүйесінде өндіріледі. Жаңа идеялар дəстүрлі
терминология тілінде жарияланады немесе жаңа ұғымдарды енгізеді.
Ғылым философиясында сандық тұрғыдан жаңашылдықтар мен