Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет17/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92

39
ізгілік мəселеленің мысалы. Пифагор математиканы əуелі мысыр абыздарынан
оқыған. Египеттіктер  сияқты  маңдайына  қызыл  шүберек  тартқан. Элладаны
асырап алған Ежелгі Мысырдың қасиетті білімі туралы айту дұрыс болар.
Египеттанушы  И. Шмелевтің  пікірінше «фундаменталды  заңдарды
тұңғыш  рет  ашқандар  гректер  емес, Ежелгі  Мысырдың  абыздары  гректерден
бір мың жыл алдын ала  қазір ашылып  жатқан құпияларды меңгерген». Египет
математиктері шеңбердің ұзындығының диаметірге қатысы («пи» деп аталған),
тік  жақшамен  есептер, екі  белгісіз  теңдікпен  шешімдерді  ұсынған. Білім
өлшеуден  басталады  десек, осы  тікелей  түрде  ежелгі  египет  өркениетіне
қатысты. Египетте  математиканың  негізі - бірлік  тік  жақша, əлемдік  қордың
жетістігі.
Ежелгі  мысырдың  шығармаларынан «Книга  мертвых», «Тексты
пирамид», «Тексты  саркофагов», «Книга  коровы», «Книга  часов  бдений»,
«Книги  о  том, что  в  загробном  мире», «Книга  дыхания», «Адмуат», тағы
Геродот (б.д.д. VІ-V ғғ.) пен Плутархтың (б.д. І ғ.) «Исида мен Осирис туралы»
шығармаларда. Хорристің үлкен папирусының ұзындығы 45 м. Саяси тұрғыдан
Египет  мемлекетінде  фараон  деспотиясы  болған; абыздар  қасиетті  білімнің
иелері; төменге  сатыдағы  өкілдерге  білімді  жарияламаған; фараон «Күн  ұлы»
болған соң үлкен пирамидада мумия түрінде сақталған; салт арқылы мəйіттері
жерге берілген; қазір 80 пирамида мұра түрінде сақталып жетті.
Бірақ, пирамидалар  саяси  қызмет  атқаруға  арналған; психотехника
арқылы 
халықты 
ұстауға; пирамида 
храмындағы 
биоритмикалық,
энергетикалық 
əсер 
өзгеше 
болады; храм 
стационарлық  алаңның
генерализациясын жасайтын синтезатор, транстың тереңдігін сақтайды.
Хеопс  пирамиданың  қасында  адамның  басынан  жəне  арыстан  денесінен
тұратын  сфинкс  мүсіні  салынған; жалпы  Ежелгі  Мысырдың  рəмізі; ешқайда
қарап  тұрған  сфинксті  түсіну, яғни, түбінде  шексіз  адам  микрокосымын
түсінуге болады.
Құрылыс  өнері, мыс  металлургиясы, ағашты, тасты  өндеу, құмырашы
өнер; египет  шеберлерімен  жасалған  стол  мен  орындықтар  осы  кезге  дейін
өзгермей сақталған; папирус, кендірден мата жасау, теріні өндеу, керамикадан
заттар жасау; əр түрлі түсті бояулар - бəрі мысырлықтардың шаруашылығында
пайдаланған.
Ежелгі  мысыр 
аңыздарында 
көрсетілген 
таразы  шаруашылық
практикасының  ірі  жетістіктердің  бірі; жел  энергиясын  қолданудағы  бірінші
қадам болып желкеннің ойлап шығарылуы ерекше орын алды.
Ежелгі  патшалықтарында  мумия  жасау  практикасында  қолданған
білімдер  түбінде  анатомия  мен  медицинаның  бастаушы  білімдері; көз, тіс,
хирург  мамандарының  пайда  болуына себеп  болды. Ежелгі египет дəрігерлері
анатомия  саласында, қан  айналымы  туралы, ми  адам  денесінің  ортасы  деп,
бассүйектің  трапанациясын  жасаған, тіске  пломба  салған, ветеринарларға
нұсқау берген, химия, медицина салаларында зерттеулер өткізген, хирургияны
дамытқан.
Ежелгі  мысырдың  мифологиясы  жоғары  өркениетпен  негізделген  жəне
жазудың  пайда  болуымен  байланысты. Жазуды  сол  өркениеттің  негізі  деп


40
айтуға  болады. Папирустың  көбісі  əлі  оқылмаған, бірақ  оларды  магиялық
мəтіндерге жатқызуға болады (Гарристің магиялық папирусы).
Жан  Франсуа  Шампильон (1790-1832 жж.) египеттанудың  қалаушысы,
ежелгі  папирустарды  оқуға  кілт  тапқан. Иероглифтер  əуелі  өзіндік  аттар  мен
сандарды білдірген, белгілер бір немесе бірнеше дауыссыз дыбыстардың суреті
жəне дыбыс  белгісі. Бірақ  əр  дыбысқа  оқылмайтын, мағыналы  таңба  берілген,
олар  қиын, оқылмайтын  жазуларды  құрастырады. Тасқа  жазылуда  қолданған
көбінесе, ал  шаруашылықта, əдеби  жəне  ғылыми  кітапты  жазу  үшін  тез
оқылатын  жазу  қолданылады. Астрономия  күн  сағаты  мен  математикалық
географияда  қолданылған; Жер  форма  тұрғысынан  дөңгелек  жəне  кеңістікте
қозғалыста  екендігін  мысырлықтар  жақсы  білген; күнтізбесін  жасаған - жыл
төрт  айдан  тұратын  үш  сезонға  бөлінген, 30 күннен  тұратын  ай  декадаға
бөлінген, жылда 36 декада, жылдың  соңына 5 күн  қосылады. Күнтізбенің
практикалық  себебі  Нил  өзенінің  ағымының  периодикасына  қатысты. Нилдің
ағуы  Сириус  жұлдызының  таңда  шығуымен  белгіленеді; бірақ  мысырлықтар
астрономиялық  пен  күнтізбелік  жылдарды  бір-біріне  сəйкес  келтірмеген;
олардың айырмашылығы 1 сағат, түбінде 120 жылдық қатеге əкелді; Коперник
осы күнтізбені өзінің ай мен планета кестелерінде қолданған. Күнді 24 сағатқа
бөлу мысырлықтардың жаңалығы, египет саны 10 күндізгі, 12 түнгі, 2 қараңғы
сағаттардан  тұрады. Мысырлықтар  аспан  картасын  шығарып, планеталарға
бақылау жасаған.
«Бəрі  халыққа, бірақ  халық  арқылы  емес» деп  Египет  абыздары
білімдерін құпия түрінде сақтаған. Білімге жақындаған адамдар жабық қоғамды
құрған  соң, профандар  оған  кіргізілмеген; ұстаздық  пен  жетекшілік  ғылыми
кадрлерді  даярлауда  жұмыс  қағидасы; генетика  мен  клондық  істе  олардың
білімдері əлі үстемді жəне қызықты, себебі информациялық технология арқылы
қайта жаңғыртуға болады.
3-і  болжау  соңғы  ортағасыр  мəдениетінде  ғылымның  пайда  болуы
туралы. Кейбір мəліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада (ХІІ-ХІV ғғ.)
соңғы  орта  ғасыр  мəдениетінің  өркендеуінде  деп  санаған. Ағылшын  епископ
Роберт  Гроссетест (1175-1253 жж.) пен  ағылшын  францискан  монах  Роджер
Бэконның (1214-1292 жж.) қызметінде  тəжірибелік  білімнің  ролі  басқаша
қарастырылған.
Гроссетесттің «Сəуле  туралы» трактатында  Құдай  туралы  ештеңе  жоқ,
бірақ  Аристотельдің «Аспан  туралы» шығармасынан үзінділер келтірілген. Ол
оның  категориялық  аппаратын  қолданады; Гроссетесті  орта  ғасыр  ғылымның
пионері дейді. Оның қаламымен «О тепле Солнца», «О радуге», «О линиях угла
и фигурах», «О  цвете», «О  сфере», «О  движении  небесных  тел», «О  кометах»
деген  шығармалар  жазылған. Олардың  математикалық  дəлелдемесі  сан
рəмізімен  байланысты: «Форма  ең  қарапайым  түрі  ретінде, ешқандай  мəнге
келмейтін  онымен  бірлікке  теңестіріледі; форма  арқылы  өзгеретін, екі  ұштас
дүниесін  көрсеткен  соң  екіге  тең; форма  мен  материяның  қосындысы  сəуле -
үш; төрт  элементтен  тұратын  əр  аумақ - төрт. Барлық  санды  қосқанда - 10
болады. Сөйтіп, он - бүкіл  əмбебап  аумақтарының  қосындысы». Гроссетест
фактілерді  бақылау  əдісін  резолюция  деп  атайды; дедукцияға  назар  аударады;


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау