Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет18/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92

41
ал екі нəтиженің қосындысын композиция деп атайды.
Роджер  Бэкон  туралы  қызық  мəліметтер  жеткен; ол  су  астында  жүретін
кеме, автокөлік, ұшқыш аппарат идеяларын ұсынған; лабораториялық жағдайда
кемпірқосақты  модельдеуге  тырысқан; пікірден  мəліметтерге, диалектикалық
пікірталастан  практикаға, трактаттан  табиғатқа  көшуге  шақырған; сандық
зерттеулерге, математиканы  кең  түрде  қолдануға  шақырды; оның
шығармаларын отқа жағып, өзін абақтыға жапқан.
Орта ғасырда алхимиктің бейнесі - зертханада эксперимент жасап жатқан,
көптүрлі тəжірибелерінде металдардың трансмутациясы арқылы философиялық
тасты, өмір  эликсирін  шығаруды  мақсат  ететін  зерттеуші. Экспериментті  сол
кезде  бірлік  процестердің  комбинациясы  деп  түсінген. Эликсирдің  негізінде
жасанды  алтын  алынады; сол  кезде  бəрі  металдар  жасалмаған  алтын  деген
түсінік  үстемді  болған; қорғасын  мен  сынап  қосындысын  қыздырғанда  алтын
шығады т.б. эксперименттер жасалған.
Лабораториялық  алхимияның  екі  түрі  болған: саяшылар  жəне  бəрінен
алшақтау  түрі; бірінші - механикалық  эффектке  бағытталған, ал  екіншісі -
тазарту  мен  медитативтік  практикаға. Алхимиктердің  көбі  инквизициямен
жойылған; оның  позитивтік  нəтижелері  фармакология  туралы  трактаттарда
сақталған.
Орта  гасырда  жеті  еркін  өнерлер  болған - тривиум: диалектика,
грамматика, риторика; квадриум: арифметика, геометрия, астрономия, музыка.
Əр  ғалым  осы  ғылым-өнерлерді  меңгеруін  қажет  еткен. ХІІ-ХІІІ  ғғ. араб
ғалымдарының  табиғатты  зерттеу  нəтижелерін  қамтитын  шығармаларының
мəтіндері ашылған; араб сандары қолданған; бірақ ғылымда схоластикалық əдіс
үстемді болған соң, табиғат кең түрде зерттелмей қалды.
Орта  ғасыр  мен  Жаңа  заманның  ғылымдарына  компаративистік
(салыстырмалы) талдау  өткізгенде, негізгі  айырмашылықты  индукция  жəне
дедукциямен  байланыстырады. Орта  ғасыр  ғылымы  Аристотельдің  ізгілігімен
дедукцияны  қолдаған, ал  Жаңа  ғылым (1600 ж.) бастап  бақылау  өткізілген
фактілерден  индукция  əдісі  арқылы  жалпы  принциптерге  жетеді. Дедукцияны
түсу, жайылу принципі деп түсінеді, эманацияға теңдейді.
Орта  ғасырда  ресми  доктринаның  шеңберінде  жазылудың  ақиқаты  мен
сенімі  үстемді. Ақиқат  мəселесінде  Ақыл  өзінің  ролінен  айырылады, табиғат
өзгешелігі  мен  белсенділігін  жоғалтады, Құдай  құдіреті  арқылы  табиғи
реттілікке қарамай өз күшімен қызмет жасайды.
Орта  ғасырдың  теориялық  бағыты  əйгілі  ойшылдардың  мəтіндерінде
анық  көрсетілген. Мысалы, К. Тертуллиан (160-220 жж.) былай  деген:
«философтардың талпыныстары бекер болады, себебі олар өз қызығушылығын
Жаратушы  мен  Жарлық  берушіге  емес  табиғат  заттарына  аударса». Əлде
«философтар  тек  ақиқатқа  тырысады, ал  христиандықтар  оны  меңгерген.
Себебі, басынан  бастап  философтар  данышпандықтан  бет  бұрған, яғни, Құдай
үрейінен».
Құдай  ақиқаттың  билеушісі, солай  болса, «христиандықтар  дүние
стихиясына  берілген  философиядан  алшақтап, жаратушы  Құдай  бойынша
философиялану қажет», - деп Августин жариялаған. Орта ғасырда осыдан басқа


42
көп  дəлелдер  де  келтірілген: ақиқатты  таным  Құдай  жариясыз  мүмкін  емес;
ғылымға көшетін білім тек заттарды меңгеретін ақыл танымы; ғылымды Құдай
ақылына бағындыру қажет. Философтар туралы Августин былай жазған: «Олар
маған «ақиқатқа» жетуді үйретті, бірақ оны мен таппадым. Олар тек Сен жəне
жалпы Сенімен жаратылған заттар туралы да өтірік білім берді».
Логика  өзгеше  орын  алды, себебі, Боэцийдің  пікірінше, «əр  зат
табиғаттын зерттеймін деген, əуелі ойлау заңын меңгеру қажет. Сөйтіп, логика
туралы  керемет  ойлар  бүкіл  біздің  ақыл  күшімізді  осы  ғылымға  арнау  қажет,
содан  кейін  біз  заттар  туралы  нағыз  білімге  жетеміз». Логика  ол  рационалды
философия  деп  түсінген  жəне  оны  табиғат  заттары  туралы  ақиқатты  ашуға
қолданатын қару деп санаған.
Пьер  Абеляр  да  пікірді  дəлелдейтін  ғылым  деп  логикаға  жоғары  баға
беріп, логиканы  əр  сұрақты  қою  процесінде  қажетті  деп, данышпандыққа
ықпал, қойылатын  сұраққа  бірінші  кілт, - деді. Ал, енді  орта  ғасырдың
кредосын  Фома  Аквинский  тұжырымдады: «ақыл  арқылы  біліміне  жететін
философиялық  пəндер  міндетті  түрде  қасиетті  жазудың  ғылыммен
толықтырылуы  қажет. Қасиетті  ілім  дегеніміз  басқа, жоғары  ережелерге
негізделген  жоғары  ғылым; соңғысымен  меңгеретін  тек  Құдай, жəне  соның
рахатына  шомылғандар. Бұл  ғылым - теология, басқа  ғылымдарды  ол  өзіне
бағынышты деп санайды».
Қорыта  айтқанда, орта  ғасырда  ақиқаттың  өзгеше  жəне  шешуші
өлшемдері  қалыптасқан, əсіресе, авторитетке  сілтеме  жасау, ал  орта  ғасыр
мəдениетіннің шеңберінде ол - Құдай.
Қайта өрлеу кезеңінің басында математикаға үлкен қызығушылық болды.
Мысалы, Лука Пачолидің (1445-1509 жж.) «Арифметика, геометрия, пропорция
мен  пропорционалдылықтың  қосындысы» деп  аталатын  шығармасы. Осы
шығармасында  автор  алғашқы  математикалық  білімге  қорытынды  жасайды,
антика  математигінің  Филолайдың «математика  бəрі  заттарға  қатысты  заңның
жалпылығын қамтиды» деген тезисін жаңа күшпен дəлелдейді.
П. Гайденканың  пікірінше: орта  ғасырдың  ғылыми  білімінің  бірнеше
өзгеше  қасиеттері  бар: ереже  түріндегі  комментарий (талдау); жүйелендіруге
жəне классификациялауға тенденция; канонизацияға айналған шығармалардың
барлығы  классификацияны  қолданады; компиляторлық  қасиет, яғни, алғашқы
шығармалалардың ойларын қайталап қолдану; ақиқатқа екі ұштастық берілген
(теология  мен  натурфилософияның), бірінші - ақиқатты  Құдай  жазуымен
байланыстырады, ал  екіншісі - тəжірибе  мен  индукцияны  қолдайтын  табиғи
ақылмен.
В. Соколовтің  пікірінше, сол  кездегі  ғылым  екі  жерде  жинақталған:
университет  пен  суретшілер  мен  мүсіншілер, архитекторлардың  тəжірибе—
эксперименталды шеберханасында. Өнер заттарын шығару практикасы оларды
шеберліктің логикасын математикамен қосуға мəжбүрлейді.
Ұлы  суретші  Леонардо  да  Винчи  қазіргі  табиғаттанудың  пионері  деп
аталады. Оның  зерттеу  кеңістігі  математика, механика, физика, астрономия,
геология, ботаника, химия, анатомия, физиология т.б. қамтиды. Ол тəжірибенің
нақтылығы мен дəлдігіне назар аударып, оны ақиқатты танымның минималды


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау