Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет16/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92

37
айналды. Зерттеушілердің  пікірінше, антика  ғылымда  салыстырмалықсыздық
феноменімен  соқтығысқан. Иррационалдық  сандар  реттеудің  логикасына
қайшы. Антика  ғылымының  тарихында  салыстырмалықсыздықты  жүйеге
келтіру бірнеше  талпыныс  жасалған. А. Огурцов  айтқандай: «Демокрит өзінің
«Иррационалды  сызықтар  мен  денелер» атты  шығармасында, соңғы
пифагоршылдықтар (ғарыштың  құрылыс  реттілігімен  салыстырмалықсыздық
идеясын) біріктіре алмаған. Сөйтіп, олар математика құрылыстарынан тыс деп
тұжырымдаған».
Бірақ, үйлесімділік, симметрия, реттелген  ғарыш  идеялары  үстемді
болған. Платон  салыстырмалықсыздықтың  түбінде  хаос  онтологиясы  жатыр
деп, математиканың  реттелген  құрылысының  қоғамдық  маңызына  назар
аударады. «Математика  мемлекетті  меңгеруде  келесі  қажеттілігі  бар: жанның
жоғары  құрылысын  құруға, оны  хаостық  жəне  ретсіздік  сезім  əлемінен
алшақтап  реттілік, гармония, симметрия  үстемді, мəңгі  болмыс  əлеміне  бет
бұруға икемделеді», - деген.
Ғылымға  деген  жүйеленген  қатынасты  Аристотельдің  шығармаларында
табамыз. Мысалы, оның «Физика» атты  шығармасында  физиканың
философиясын  табамыз. Аристотельдің  бір пікірінде  айтылған: «Осыған  деген
табиғи  жолдың  қадамы  анық  түрден  анықсызға  жылжыды: бізге  анық  жəне
өзгешенің  табиғаты  бір  емес». Сөйтіп, Аристотель  ғылыми  танымның  ең
маңызды  түрі  тікелей  танылатыннан  түсіну  арқылы  жетілетінге  кешу  дейді.
«Нағыз  еместен» шығуды  Аристотель  кездейсоқтық  деп  түсінеді. Қозғалыс
потенциядан  энергияға, мүмкіндіктен  нақтылыққа  көшу. «Физикада» ол
үздіксіз  идеяны  қарастырады. Ойлаудың  шексіздігін  Аристотель  Ғарыштың
шексіздігінің шарты деп қабылдайды. Перипатетикалық физикада қуыстықтың
мүмкін  еместігі  негізделеді, математика  мен  физика  қатынасында  физикаға
үстемділік берілді. Физика «фундаменталды ғылым», «базистік» деуге болады.
Кеңістік пен уақыттың мəнін анықтауда антика философиясында екі концепция
қалыптасқан: субстанционалды  мен  реляционды (геіагіо — «қатынас»).
Субстанционалды  концепцияның  бастаушысы  Демокрит (кеңістік  мəселесі
бойынша), Платон (уақыт  мəселесі  бойынша), олар  кеңістік  пен  уақытты
өзгеше  жетілген  мəндер, материядан, бір-бірінен  тəуелсіз  деп  ойлаған.
Демокрит қуыстықты нақты, атомдардың қозғалысына ықпал дейді. Демокрит,
Эпикур, Лукреций  Кардның  ілімдері  бойынша, кеңістік  объективті, біртүрлі,
шексіз. Ол  атомдардың  сиғызушысы. Уақыт  мəңгілікке  тең, ол  таза  созылу,
алғашқыдан келешекке ағылым. Уақыт жағдайларды сиғызады.
Аристотель  керісінші  пікірлерді  ұсынды. Реляционды  концепцияның
мағынасын көрсеткен. Қуыстықты жоққа шығарған Аристотель, кеңістік бірдей
емес, ол заттардың тұратын табиғи орны деп тұжырымдайды.
«Уақыт дегеніміз не?» деген сұраққа Аристотель былай дейді: қозғалыста
да, уақытта  да «əуелгі» жəне «содан  кейін» деген  мағынасы  бар. Қозғалыс
арқылы  біз  бір-бірінен  өзгеше «қазірді» анықтаймыз. Уақыт  сол «қазірдің»
қозғалысы, ауысуы, саны, «алғашқы мен соңының байланысы».
Осы екі тенденциялар - болмыстың заттық толуынан өзгеше, объективті,
тəуелсіз, қозғалыстағы  материяның  ішкі  аспектісі. Бірінші  субстанционалды


38
концепция ХХ астам ғасыр үстемді болды: Ньютонның қозғалмайтын, үзіліссіз,
3 өлшемдік кеңістік Демокриттің пікірінің қайталауы; классикалық механикада
кеңістік  пен  уақыт  объективті, ештеңеден  тəуелсіз, бəрін  қамтиды. Ньютон
абсолюттік уақыт «өзгеше, өзінің мəні  бойынша, сыртқы дүниеге  қатысы жоқ,
бірқалыпты созылады, ұзақтық деп аталады».
Кеңістік  пен  уақыт  туралы, Аристотельдің  пікіріне  сай, жаңа  заманда
Лейбниц  пен  Декартпен  дамытылған  ойлар  айқын. Бірдей  қуыстық, таза
ұзақтық  өзгеше, болмыстан  тыс  бастама  ретінде  мүмкін  емес. Кеңістік -
заттардың  тұру  реттілігі, уақыт - бір-бірін  ауыстыратын  жағдайлар.
Объектердің  бойлығы, процестердің  ұзақтығы - бірінші  касиеттер  емес, олар
тартылыс  жəне  қағажыту  күштердің  ішкі  жəне  сыртқы  байланысымен,
қозғалысымен, өзгеруімен  негізделеді. Аристотель-Птолемейдің  геоцентрлік
жүйесі  қарапайым  пікір  мен  тəжірибемен  негізделген. Геоцентризм  ақиқатқа
айналған. «Астрономияның 
əйгілі 
математикалық 
құрылысы» атты
шығармасында  Күн, Ай  жəне  басқа  аспан  денелерінің  қозғалмайтын  Жерді
айналуын  математикалық  есептер  арқылы  дəлелдеме  жалпы  қозғалыстың
математикалық  түрде  есептеуіне  ықпал  етті. Птолемейдің  асторономиялық
кестелері практикалық астрономияда кең қолданған.
Осы  версияның  жалпы  тұжырымына  келсек: философиядан  басқа
ғылымдар 
бастама 
алады. Классикалық
антика
ғылымында
натурфилософтардың  бастаушы  бағдарламасында  құбылыстарды  тұтас  түрде
зерттеуге  ықпал  пайда  болды, ғылымдарды, олардың  пəндері  мен  əдістерін
өзгеше қарастыруға тенденциялар қалыптасты.
2-і  болжауда, антика  ғылымынан ежелгі  түрі - Мысыр өркениеті туралы
айтылады. Б.д.д. ІV мың  жылдықта  Ежелгі  Мысыр  өркениеті  математика,
медицина, география, химия, астрономия  салаларында  терең  біліммен
меңгерген. Ежелгі  Мысырдан  шыққан  құпия, мистикалық  ілімдері  түбінде
Үнді, Парсы, Халдей, Қытай  мен  Жапон; Ежелгі  Грекия  мен  Римнің  біліміне
əсері айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр ең ежелгі түрдің иесі.
Ежелгі  Мысырда 4 мың  жылдық  нағыз  белсенді  даму  кезеңі  болған.
Ежелгі  Мысырдың  шаруашылығының  негізі - ирригациялық  егіншілік  болған.
Мемлекеттің  табиғи-ауа-райы  шарттары, Ніл  өзенінің  ағылуы  түбінде
мысырлықтардың
көзқарастарының
ырғақтылық,
циклдік 
түрін
қалыптастырды. Нил  ағылымдары  топырақпен  қосылып  қан  түсін  шығарып,
жерді  жаратып, өмірді  анықтаған. Осы  мемлекет  өмірінің  тұрақтылығын
негіздеген. Геродот  Мысырды «Нилдің  сыйы» деп  атаған. Ол  Мысыр - Кем
мемлекетінің  грекше  атауы (құпия, жұмбақ). Басқа  мəлімет  бойынша, Кемет -
Қара - Нил жерінің түсі бойынша аталған.
Егіншіліктің  дамуы  жер  өлшеу  геометрияның  дамуына  əкелді. Кейбір
болжаулар  бойынша, Мысырдың  ғылыми  басқа  ежелгі  өркениеттен  алынған
білім (Атлантида). Бірақ олар аңыз түрінде ұсынылған.
Б.д.д. VІ-ІV мыңжылдықтарда  көрсетілген  ежелгі  мысыр  өркениеті
рационалды  тұрғыдан  өзгеше  көзқарас  ұсынады. Мысырдың  географиялық
орны  өзгешелік  пен  бірегейлікті  қалыптастырды. Оны «адамзаттың  сəбилік»
кезеңі деп те айтуға болмайды. Оның күші мен көлемі білімнің қалыптасуында


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау